Қопа ауылдық округінің әкімі М.Б.Байтақтың "Қопа ауылдық округінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы" есебінің тезистері
Ауылдық округ тұрғындары 4 елді мекендерде және малшы шаруа қожалық қыстауларында орналасқан. Халықтың жалпы саны 1236 адам.
Ауылшарушылығы саласы: Округ бойынша 35 шаруа қожалығы, 2 кооператив бар. Әр түрлі ауруларға қарсы профилактикалық жұмыс, малдарды бірдейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес толық аяқталды. Мал шаруашылығымен айналысатын ауылшарушылық құрылымдары мен жеке тұрғындар қолында 4122 бас ірі қара мал, 15886 баc қой ешкі, 1188 бас жылқы, 481 түйе өсірілуде. Құлан бағдарламасы бойынша «Нұр Айбек » шаруа қожалығы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы несие алды, қазіргі таңда қаражат толық игеріліп жұмыс жасауда.
Көркейту, санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстары: Елді мекендерді көркейту бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол бақылау шотына 2016 жылы түскен қаражаттан 1) Көше жарықтандыруға – 130,0 мың. 2) Санитарлық тазалыққа – 268,1. Ол Айрық елді мекенінен 15 рейс, Қопадан – 15 рейс, ал Ебейтіден жаңа полигонға 60 рейс күл қоқыс шығаруға кетті. 3) Банерге – 56,0 мың, 4) абаттандыруға – 80 мың екі су скважинасы Клуб үйі мен әкімшілік ғимараттарына қазылып берілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша биыл аудан әкімінің ықпалымен 1 200 000 теңгеге Ебейті Клуб үйіне жылу жүргізілді.
Тұрғындардың әлеуметтік хал – ахуалын жақсарту, жұмыссыздықты жою бойынша: Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам тұрақты жұмыстарға орналастырылды. Үш жас маман «Жастар бағдарламасымен» жұмыс жасады. Жыл бойында ақылы қоғамдық жұмысқа 12 адам жолданды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 5 жас жұмыс жасады. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ебейті аулының тұрғыны Орынова К, мал басын көбейту үшін 3.500 000 тенге, Ебейті ауылының тұрғыны Саркулов Айбар мал басын көбейту үшін 2.500 000 теңге, «Тней» шаруа қожалығының басшысы Жаманов Нұрмұхамбет 600 000 теңге малдану мақсатында несие алып шарушылығын өркендетуде.
Білім, денсаулық сақтау саласы бойынша: Округте 1 орта, 1 негізгі, 2 бастауыш мектеп, 2 шағын орталық қызмет етуде. Мектептердегі оқушылар саны 209, балалар бақшасындағы тәрбиенелушілер саны 50, шағын орталықтардағы балалар саны 25. Жалпы білім сапасы қанағаттанарлық, түлектердің ҰБТ бойынша орта балы 76,5 % Өткен жылмен салыстырғанда 5 балға жоғары .
Қопа ауылдық округінде 1 дәрігерлік амбулатория, 3 ФАП жұмыс жасайды. 1жоғары білімді амбулатория меңгерушісі, 7 медбике жұмыс жасайды. Тұрғындар 100 пайыз флюрографиядан өтті. Ағымдағы жылы 30 нәресте дүниеге келіп, 13 адам дүниеден озды.
Мәдениет саласы бойынша: Округте 1 клуб үйі, 3 кітапхана халыққа қызмет етеді. Ебейті клуб үйінде 2 адам, Ебейті кітапханасында 3 адам, Қопа кітапханасында 1 адам, Айрық кітапханасында 1 адам жұмыс жасайды.
Әлеуметтік сала бойынша: 2015 жыл бойынша Қопа орта мектебіне 180,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2017 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер:
1. Қопа орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу.
2. «Ебейті - Сағыз» көтерме жолын компания арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Азаматтардың арыз шағымдарымен жұмыс: 2016 жыл ішінде Қопа ауылдық әкімі аппаратына 3 арыз шағым түсіп, толықтай қанағаттандырылды.
Қоғамдық тәртіп:
Қопа ауылдық округінде бір учаскелік полиция жұмыс жасайды. Тұрғын үймен,кабинетпен,телефон,жылумен қамтылған Өз алдына автокөлігі бар. 2016 жылға қылмыс тіркелген жоқ, Өткен жылы 5 қылмыс тіркелген. Толтырылған хаттама 86,өткен жылмен салыстырғанда 8 хаттамаға аз. Айыппұл 38,өткен жылмен салыстырғанда 8 хаттамаға аз.
Алдағы кездеде Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында және облыс,ауданәкімінің тапсырмаларымен, міндеттемелерін басшылыққа ала отырып, бұдан әріде белесенді жұмыстар жүргізе беретін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |