2.2 Эпопеядағы әйелдер образы және кедей жатақтар лық сипаты, жнсы
«Абай жолында» еңбекшіл халық өкілдерінің жарқын бейнелері бар.
Бұлардың іс-әрекетін, үміт-арманын, қоғамдағы орнын көрсету — романда
жетекші сарындардың бірі. Қарапайым халықтың қайнаған ортасын таныстыру, мұңы мен сырын сездіру, жүрек түкпіріндегі тілек-талабын айту
эпопеяның бір жарқын сипаты. Халықтың шынайы өкілдері Дәркембай
мен Базаралы тұлғалары неғұрлым толыққанды бейнелер қатарына жатады. Абайдың халықпен тығыз байланысы осы секілді адамдармен тілектес, пікірлес болуынан да айқын көрініс береді. «Абай жолында» жүйелі көтерілген тақырыптың бірі өнер адамдарының тағдыры, өнердің қоғамдық
қызмет, мұратын көрсету мәселесі. Жасында Барлас, Шөже секілді ақындардың өткір шыншыл сөздеріне, тапқырлығына, батылдығына қатты
қызығып, өшпес тағылым алған Абайдың солардың дәстүрін құрмет тұтып
өткен шығарманың көп тарауларында жанды көрініс береді. Кейіннен орыс
әдебиетінің асыл үлгілерін оқып, еркін нәрленген кезде Абайдың сөз өнерінің
қоғамдағы орны мен міндеті туралы түсінігі тереңдей түседі. Ол өзінің
шығармаларында ақын-суреткердің алдына қойылатын биік талаптарды
мүлде жаңаша көтерді. Халықтың мұңын шақпағын, үмітін айтпаған, шындықты көрсетпеген өнер тұл деп білді. Осы саладағы көп міндетті
болашақ өнерлі жастар орындар деп сенді. Романда Абай үлгісімен өнер
жолын құрған жастардың қызықты бейнелері жасалған. Бұл қатарда, Әбіш,
Дәрмен, Мағаш, Кәкітай, Мұхаметжан тұлғалары көзге түседі. Дарынды
ақын Дәрмен Абай дәстүрін дамытып, қатал заманның қайырымсыз билерін әшкерелейтін, жастардың бас бостандығын мадақ ететін дастан жазады. Абайдың балалары Мағаш пен Әбіш те халықтың перзенті болуға талаптанған ақылды, тәрбиелі, талантты жастар тобында шоқтықтанып
көрінеді. Олар - орыстың демократиялық мәдениетін ұлт тұтқан, халқына
қызмет етуді мұрат еткен жастар.
Бірақ, пәле тудырам деушімін алысуға шықтым. Біліп қойыңыз, ардан,
аяныштан аттаған жыртқыш жауыз болса, оған қарсы мен де әкемсіз-ақ шыға
аламын. Аянбастан, өкінбестен алыса білемін» [16;174] деп жігерлі жауап береді.
Дәркембай: «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?» - деп, әшейін аузымен орақ орып, қол қусырмайды, сол күштіге қарсы бел шеше тіктесіп те қалады. «Орта жасқа келген, зор денелі адамды» [17;69] .
Әйел-ана ма, жар-жұбай ма, бұла-бойжеткен бе... Әйтеуір, қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы - бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында турады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер - тип; әркімнің қашанғы таныс-бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафхатқа толы Зере - әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдан, сабырлы ақыл иесі Ұлжан - аналардың үлгісі; «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан - алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі. Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты әйел кейіпкерлері бар. Романның бұларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Әйел-ана ма, жұбай ма, бойжеткен ба, әйтеуір қиянаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын іс-әрекетін, сыр-сезімін қимыл-қылығын дәл, терең нәзік суреттеуге келгенде шебер алдына жан салмайды. Сонда әр кейіпкер – тип. Сонда ар-ожданы тап-таза иманнам құйылғандай мейірімділікке толы Зере әжелер үлгісі, салқын қанды, сабырлы ақыл иесі Ұлжан аналардың үлгісі, «Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» [21;55] бар сырымен назын Абайға ғана құпия баян ететін, «Ақ еті атқан таңдай» ару Тоғжан – алыстан арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының белгісі.
« - Әруақ қолдасын, жолың болсын, Абайжаным!» — деп маңдайынан иіскеп тілек айтады. Бұл жерде ананың балаға деген сүйіспеншілігі мен мейірімділігі көрінеді. Осы тұста Ұлжан жайлы да айта кетуді жөн көрдім.Ұлжан Абайды шақырып алып, аттандырады да кеңесін айтады:
« - Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі— күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлемеңді түзу бер... Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айрылма» [22;112] - деп, ақылын береді. Ақынның нағашы жұртынан алған үлгі-өнегесі де аз болмаған. Арғысы атақты Битен мен Шитен, бергісі әйгілі шешен, әзілқой, тапқыр, мысқылшылдар - Қантай, Тонтай, Жонтайлар. Ұлжанның әкесі Тұрпан - Тонтайдың інісі екенін анықтап жазған дұрыс болар еді"/1,138/. Ғалымның аз ғана түзету сөзінен Абайдың анасы туралы бірсыпыра мағлұмат алып қаламыз.Ұлжан Тұрпанқызының тарихи бейнесі "Абай жолы" эпопеясында шынайы, әрі соншалықты тартымды сомдалған. Абайдың өмірбаянын жазған шақта да Әуезов Ұлжан мен оның шыққан әулеті Бертіс биден бері қарай тоқтала келіп: "Ұлжанның әкесімен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай орта жүзге қалжыңымен тегіс аты жайылған, белгілі, мысқылшыл тапқыш, күлдіргілер болған"[23;45],- деп Шаншарлар руының бір-екі мінезін тілге тиек ететіні тағы бар.
Бұл әулеттің тілінің өткірлігі сондай "Шаншардың қулары келе жатыр", - десе жұрт дүркіреп қашатын болған.Ұрылар тонап кетіп, келесі жазында ауыл аралап жүрген Тонтайдың керегеде ілулі тұрған өз тымағын көріп, менен қашып көрген рахатың осы ма, күні-түні шаң басып, керегеде ілулі тұрысың мынау деп тымағын жерге атып ұрып, қамшымен сабап үй иесін жерге кіргізгені туралы, ал өмірінің соңында "жазыла-жазыла қожа-молдалардан ұят болды, енді өлмесем болмас" деп ащы сынмен күлкісі тиылмай дүниеден өткен жаны жайсаң, тілі мірдің оғындай тарихи тұлғаның әр сөзі, әр қылығы ел есінде жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.Ұлжанның туысы Мауқай деген әнші, күлдіргі, сөзге шебер адамның Абайдың жас кезінде ақынның жанында болған деген деректер бар. Мауқай туралы Р.Тоқтаровтың "Абайдың жұмбағы" романында ол Абайды жөргегінен тәрбиелеуші бірден-бір тәрбиешісі ретінде суреттеледі қараңыз: . Өмірі жайында нақты деректер сақталмаған Шаншар тобының бір өкілі - Мауқайдың Абаймен байланысы туралы сөз болашақта болмақ.Ұлжан да қалжың сөзге ұшқыр болғанымен, салмақтылыққа бағып көп әжуаға бара бермеген. Бұл біріншіден өз бойындағы әйелге тән ұстамдылықпен байланысты болса, екіншіден Құнанбайдай ел басқарып отырған көсем, сөз ұстап отырған шешенмен жарыса шығуды жөн деп таппаған ақылды қазақ әйеліне тән қылықтан болса керек. Әйтсе де, іште жатқан өнер шіркін анда-санда жарқ етіп шығып, ел есінде қалып қоятыны да бар. Ағалары сияқты Ұлжан анамыз да өлер алдында Майбасар қайнысының "өлу деген қалай екен?", - деген орынсыз сұрағына: "...ата сақалың аузыңа түскенше ақыл кірмеген сені көрдім, мен өліп көрді дейсің бе?", - деген шымшыма жауабында парасаттылықтың, биіктіктің белгісі жатыр. Дәл осы бір уытты қалжың айту Абайдың бойына да мол сіңген. Әуезовтің: "Абайдың сөзіндегі салқын ақыл әкеден, ащы тілді мысқыл шеше жағынан деуге де бола ма дейміз"[24;84],- деген болжамы ақиқаттан алыс жатқан жоқ.Абайдың өзі жасынан әзіл өлеңге үйір болып «Кім екен деп келіп ем түйе қуған» деп басталатын, немесе «Майбасарға» арналған бері қарай талай әзіл - қалжың, арты ащы ирония, сарказмға баратын көптеген туындыларын келтіруге болады...
Бұл жайында "Абай жолындағы" оқиғалардан қанықпыз.Сол кездегі ата дәстүр бойынша Ұлжанның бар баласы өз қолында тәрбиеленбеген. Әуезовтің айтуынша үлкен ұлы Тәңірберді жас кезінде Өскенбай бидің қолында болса, Ысқақ Күңкенің тәрбиесінде болған. Абай мен кенже інісі Оспан Зере мен Ұлжанның тәрбиесінде болып, Абай жасынан бір ауыл боп отырған Құнанбайдың үшінші әйелі Айғызбен өз үйінің ортасында жүріп Телқара атанғаны белгілі.Жалпы Абай тәрбие алған ел аналарының есімдерін әріден бастауға болады. Сонау Абайдың төртінші атасы Айдостың әйелі Айпара сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем болған. Кейіннен төрт рулы ел болған төрт баласының бүгіні мен ертеңі төрт-ақ ауыз сөзге сыйғызған аузы дуалы ел анасы.Бертінгі Құнанбайдың қарындасы Тайбала өзінің ешкімге ұқсамас өрлігімен, ақылдылығымен қалыңдық боп түскен елінде сыйлы болады. Құнанбайдың асырап алған баласы Ізғұттыны бала етіп еліне жіберген тосын шешімі ел аузында сақталған. Аз ғана сөзі "Абай жолы" арқылы жеткен Сары апаң дейтін ақынжанды анамыздың тәлімі Абайға аз әсер етпегені анық. Деректерге жүгінсек: "Сары апаң - Тобықты ішінде Тоғалақ, Тайсоймас дегеннің қызы. Уақ елінің нашар адамына атастырылып, күйеуімен екі жылдай тұрған соң, бір тоқтысын сойып, ауыл ақсақалдарын жинап былай депті:
- Мен аруақты сыйлап келдім. Екі жыл тұрдым, енді басыма рұқсат берсеңіздер екен. Төркініме барып, мал жиып алып, мына күйеуіме қалың төлеп, әйел алып беріп, содан соң кетем, - депті.
Сонда ақсақалдар әрі ойлап, бері ойлап, ақырында рұқсат беріпті. Сары апаң айтқанын орындап, күйеуіне әйел алып беріп төркініне келіпті. Осыдан кейін Сары апаң күйеуге шықпапты. Ел ішінде суырып салма, тапқыр, айтқыш болып құрметке бөленген адам"[25;49]
Құнанбай мен Бөжейдің арасы ашылып кеткен кезде Бөжей дүние салып, Құнанбайлар көңіл айтуға келгенде Бөжей жақ оның қыздарының аузына:
Арғы атасы Ырғызбай,
Айыпқа берді бір қызды-ай.
Жүйріктігі құландай
Шұбарлығы жыландай, -
деген жоқтау өлеңді салғанда, осы Сары апаң:
Мына да қарлар не дейді,
Жақсыдан жаман көбейді.
Асыл туған ұрпағын
Ұрлап та көмдің Бөжейді, -
деп сөз қарымын қайтарған екен.
Жігітектің ішінде Қожыкен деген көксау шал дөңнің басында отырып өліпті. Сол кезде осы Жігітектің ішіндегі Түлкібайлар: Қожыкенді жерге таласып жүрген Тоғалақтар (Сары апаңның руы) ұрып өлтірді, - деп қыздары дауыс айтыпты. Сары апаң сонда тағы да:
Қожыкен деген көксауың,
Кісіден өлгенге ұқсауын.
Апиын беріп өлтіріп
Екі де қардың қақсауын, -
деп жауап қайтарыпты. Тобықты ішіне сіңген ноғай Ысқақ бай Сары апаңа, мен туралы айтшы дегенде Сары апаң іркілместен:
Қазаннан келген пұшығым,
Қаңғырып келген күшігім.
Қаңғырғаның құт болып,
Түлкіден болды ішігің, -
депті. Сонда Ысқақ:
- Апатай, ар жағын айтпай-ақ қой, - деп, иығына түлкі ішігін жауыпты. Ақындық өнері бір басына жететін Сары апаңның өлең мұрасы бізге жетпеді. Әйтсе де тамшыдай сөз тармақтарынан ол кісінің қандай адам болғандығы байқалып-ақ тұр. "Күтсеңдер, Сары апаңды күтіңдер", - деген сөзді Әуезов эпопеяда Құнанбай аузына тегіннен тегін салмаса керек.
Қорытынды
Осы ғылыми жұмысты қорытындылай келе, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы толық мәлімет беріп, автордың прозалық ерекшеліктеріне тоқталып, оған мән бере білсек, онда біздің мақсатымыздың орындалғаны.Жоғарыда айтып кеткендей, Мұхтар Әуезовтың ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын құрметтеуі, Отан сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүріне, шығармаларына талдау жасалды. Қорытып, тұжырымдап айтсақ, Мұхтар Әуезовтың көркем прозасы, соның ішінде әсіресе «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақ әдебиетіне көптеген жаңалық қосты. Солардың негізгілері қатарында шығарманың реализмі артуын, қаһарманның мінез-құлқын, даралық келбетін нақтылы талдауды жетілдіргені, табиғат көріністерін кейіпкердің көңіл күйіне орай жанды суретке айналдыру шеберлігін, әдеби тілді байытуын айту керек. Әлеуметтік құбылыстарды адам характерінің ерекшелігімен тығыз байланыстыра көрсету - кемелденген әдебиет белгісі. Осы өрнектерді мол да жүйелі дәстүрге айналдырып, жазушы әдебиетіміздің дамуында тұтас дәуір тудырды. Мұхтар Әуезов алғашқы әңгімелері мен повестерінің өзінде-ақ адамның ішкі өмірін, көңіл толқынын әсемдеп суреттеуге ұмтылды. Жазушы шеберлігі кейіпкер портретін жасаудан да көрінеді. Көркемдік шындық мұраты каһарман пішінін жанды әрекет, қозғалыс үстінде айкындауды талап етеді. Реалистік әдебиетте портреттің өзінен де адам мінезін елеулі өзгешелігі аңғарылуы керек. Осы талап «Абай жолында» аса шебер орындалған. Мұнда кейіпкер түр-пішінін сипаттау түрлі үлгіде беріледі. Кейде жазушы қаһарманның сырт кескінін толық келтірсе, енді бір тұста кейбір белгісін атап өтумен шектеледі. Ал қаһарманның бет-жүзіндегі, бойындағы ерекшелікті екінші бір адамның көзімен бағалату - суреткердің жүйелі қалыптастырған әдісі. Сондай-ақ , портретті түрлі жағдайда қайталап, әрбір қырынан толықтыра отыру да кездеседі.
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы бейнелік жүйесі» тақырыбындағы ғылыми жұмысына арналған күнделігі
№
|
Тақырыбы
|
мерзімі
|
жауапты
|
1
|
ОҚМУ университетінің филология факультетінің оқытушыларымен ғылыми жұмыс туралы кеңесу, тақырып таңдауға бағыт-бағдар алу.
|
04.03. 2015
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
2
|
Кітапханада ғалымдардың еңбектерімен танысу.
|
27.03. 2015
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
3
|
Тақырыпқа байланысты әдебиеттермен, газет-журналдармен, интернет желісімен жұмыс жүргізу.
|
25.04. 2015
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
4
|
«Абай жолы» роман-эпопеясын зерттеушілердің пікірлерімен танысу.
|
06.05. 2015
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
5
|
М.Әуезовтің шығармашылығымен толық танысу.
|
05.04. 2016
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
6
|
Тақырып бойынша нақты материалдарды іріктеу.
|
06.05. 2016
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
7
|
Ғылыми жобаны мектепішілік конференцияда талдау.
|
15.07.2016
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
8
|
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлерді даралау.
|
20.08. 2016
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
9
|
Ғылыми жобаны компьютерде теріп, слайд жасау.
|
29.08.2016
|
Дүйсенова К.А.
Пердебек Б.Т.
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Серік Қирабаев «Революция және әдебиет» Алматы «Жазушы»
2. Нұрқатова А. «М.Әуезов шығармашылығы» 1965 жыл.
3. Қаратаев М. «Мұхтар Әуезов» 1967 жыл.
4. Бердібаев Р. «Қазақ тарихи романы».1979 жыл. 3-136 беттер.
5. Бес ғасыр жырлайды. І том. – Алматы, 1981 жылы.
6. Бес томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы, 1983 жылы.
7.Бейімбет Майлин / / Қаратаев М. Дала жұлдызы , – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1982 жылы.
8. Жұмалиев Қ. Жайсаң жандар. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1969 жылы.
9. Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 1968 жылы.
10.Қазақ поэзиясының Құлагері. / / Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1970 жылы.
11. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1976 жыл.
12. Осы жүйрік ақын. / / Дербісалин Ә. Мезгіл және қаламгер. – Алматы, «Ғылым» баспасы, 1968 жыл.
13. Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай. / / Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы, «Жазушы» баспасы, 1991 жыл.
14. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. - А., 1970, 163-1676.
15. Әуезов М. Абай жолы.- А., 1961, 1-т., 383-803 б.
Достарыңызбен бөлісу: |