“Ағымдағы әдепкі диаграммалар және бұрынғы диаграммалар” бетте 55
IBM Cognos Analytics - Reporting қызметі 10.1.0 нұсқасындай жаңа әдепкі диаграмма
технологиясын иеленеді.
Өзара байланысты тапсырмалар:
“Ағымдағы әдепкі диаграмманың ось шкаласын өзгертіңіз”
Әдепкі бойынша IBM Cognos Analytics - Reporting қызметі диаграммадағы сандық
осьтер үшін минималды және максималды шкала мәндерін автоматты түрде
анықтайды Мысалы, табыс мәндерін көрсететін Y-осінің ось ауқымы нөл доллардан
миллион долларға дейін болуы мүмкін. Диаграмманы түсінуге оңай қылу үшін ось
кеңейтімін немесе ауқымын теңшей аласыз.
Бұрынғы диаграмманың осьтерін теңшеу
Сіз ось белгілерін және ось сызығын теңшей аласыз.
Процедура
1. Диаграмманың Y-осін не X-осін таңдаңыз.
2. Осьтің белгілерін жасыру немесе көрсету үшін Қасиеттер тақтасында Ось белгісі
қасиетін орнатыңыз.
3. Ось сызығы құсбелгісін таңдаңыз.
4. Сызық түсі басып және аталған осі сызығына түсті таңдаңыз.
5. Ось сызықтарын жасыру немесе көрсету үшін Қасиеттер тақтасында Ось
сызығы қасиетін екі рет басыңыз және Ось сызығы құсбелгісін таңдаңыз немесе
құсбелгіні алып тастаңыз.
6. Қасиеттер тақтасында ось сызығының түсін, мәнерін, биіктігін өзгерту үшін Ось
сызығы қасиетін екі рет басыңыз.
Ағымдағы әдепкі диаграмманың ось шкаласын өзгертіңіз
Әдепкі бойынша IBM Cognos Analytics - Reporting қызметі диаграммадағы сандық
осьтер үшін минималды және максималды шкала мәндерін автоматты түрде
анықтайды Мысалы, табыс мәндерін көрсететін Y-осінің ось ауқымы нөл доллардан
миллион долларға дейін болуы мүмкін. Диаграмманы түсінуге оңай қылу үшін ось
кеңейтімін немесе ауқымын теңшей аласыз.
Келесіні әр бір сандық осьтер үшін көрсете аласыз:
v
ауқымның ең үлкен және ең кіші мәндерін
v
автоматты ось кеңейтімінде нөлді қосу не қоспауды
v
егер диаграммадағы мәндер өте үлкен ауқымды қамтыса логарифмдік кеңейтімді
қолдану не қолданбауды
v
негізгі және қосымша тор сызықтары қаншалықты жиі кездесу керектігін
Логарифмдік кеңейтімдер көрсетіп жатқан деректердің бірі басқалардан әлдеқайда
кіші не үлкен болғанда немесе мәндер арасындағы пайыздық көрсеткіш не қатынас
айырмашылықтары маңызды болғанда пайдалы бола алады.
Логаритмдік шкала Есеп беру қызметінде мәннің күшіне көтерілген 10 негізгі мәнін
көрсетеді. Мысалы, 10 - 1-дің логарифміне ие, себебі 1-дің дәрежесіне көтерілген 10 -
10-ға тең, 100 - 2-нің логарифміне ие, себебі 2-нің дәрежесіне көтерілген 10 - 100-ге
тең т.с.с.
Мысалы, келесі диаграмма қалыпты масштабты қолданады:
96
IBM Cognos Analytics - Reporting Нұсқа 11.0: Пайдаланушы нұсқаулығы
Бұл диаграммада Y-осі 400,000,000 біркелкі бөлінген аралықтары бар 2,000,000,000
дейінгі мәндерді көрсетеді. Алайда, Сыртқы Қорғаныс бағаны басқа бағандардан
кішкентай болғаны сонша, оларды салыстыру қиынға соғады.
Төмендегі диаграмма логарифмдік кеңейтімді пайдаланатын алдыңғы диаграммамен
бірдей диаграмма:
Бұл диаграммада Y-осі әлі де табыс мәндерін көрсетеді, бірақ аралықтар
экпотенциалды артқан логарифмдік кеңейтімді көрсетеді. Енді сіз барлық өнім
тізімдерін салыстыра аласыз, себебі өнім тізімдерінің ешқайсысы басқаларға
қарағанда жоғары не төмен мәндерге ие емес.
Логарифмдік кеңейтімдер мәндер арасындағы пайыздық көрсеткіш не қатынас
айырмашылықтары маңызды болғанда да пайдалы бола алады. Мысалы, егер
Сурет 16. Қалыпты осьтер аумағы бар диаграмма
Сурет 17. Логарифмдік осьтер аумағы бар диаграмма
Бөлім 5. Диаграммалар
97
жоғарыдағы логарифмдік кеңейтім диаграмасы 2011 жылдың деректерін көрсетсе
және сіз оған 2012 жылдың деректерін түсті жолақтардың екінші жиынтығы ретінде
қоссаңыз, 2011 жыл табысы мен 2012 жыл табысының арасындағы айырмашылықты
көре аласыз. Логарифмдік кеңейтімде Y-осіндегі мәндер арасындағы
айырмашылықтар әр жолақ үшін бірдей пайыз көрсетеді. Сондықтан егер 2011 және
2012 жылдардың деректері әр өнім тізімі үшін бірдей қашықтықпен ерекшеленсе,
сіздің табысыңыз әр өнім тізімі үшін бірдей пайызға өскен деп қорытындылауға
болады. Бұл қалыпты кеңейтімде таза болмайды.
Процедура
1. Диаграмманың Y-осін не X-осін таңдаңыз.
2. Сипаттар бөлімінде Жалпы параметрінің астындағы Ось аумағы сипатын екі
рет нұқыңыз.
3. Бұл ось үшін ең үлкен мәнді орнату үшін Максимум түймешігінің астындағы
Қолмен параметрін басып, одан кейін Қолмен өрісінде ең үлкен мәнді жазыңыз.
Ескерту: Ең үлкен мән ретінде оң да, теріс те мәнді пайдалана аласыз.
4. Бұл ось үшін ең кіші мәнді орнату үшін Минимум түймешігінің астындағы
Қолмен параметрін басып, одан кейін
Қолмен өрісінде ең кіші мәнді жазыңыз.
Ескерту: Ең кіші мән ретінде оң да, теріс те мәнді пайдалана аласыз.
5. Бұл оське нөлді қосу үшін Нөлді қосу құсбелгісін таңдаңыз.
6. Бұл оське логарифмдік кеңейтімді пайдалану үшін Логарифмдік кеңейтім
құсбелгісін таңдаңыз.
Ескерту: Егер сіз логарифмдік кеңейтімді
пайдалануды таңдасаңыз, диаграмма
тұтынушыларыңыз кеңейтім логарифмдік екендігін білетінін ось тақырыбына
немесе диаграммадағы жазбаға осы мәліметті қосу арқылы тексеріңіз.
7. Негізгі тор сызықтары мен таңбалардың орнын орнату үшін Негізгі аралық
параметрінің астындағы Қолмен түймешегін нұқып, Қолмен өрісінде негізгі тор
сызықтары мен таңбалар арасындағы қашықтықты енгізіңіз.
Негізгі тор сызықтары мен таңбалар арасындағы қашықтық сол ось бірліктерімен
өлшенеді. Мысалы, егер ось доллардағы табыс болса, Қолмен өрісінде доллар
мәнін жазыңыз.
8. Негізгі тор сызықтарын қосу үшін әр негізгі тор сызықтары арасындағы қалаған
қосымша тор сызықтарының санын Қосымша аралықтар саны өрісінде енгізіңіз.
Өзара байланысты түсініктер:
“Ағымдағы әдепкі диаграммалар және бұрынғы диаграммалар” бетте 55
IBM Cognos Analytics - Reporting қызметі 10.1.0 нұсқасындай жаңа әдепкі диаграмма
технологиясын иеленеді.
Өзара байланысты тапсырмалар:
“Ағымдық әдепкі диаграмманың осьтерін теңшеу” бетте 95
Сіз ось белгілерін, ось сызықтарын және қосымша мен негізгі бөліктерді теңшей
аласыз.
“Ағымдағы әдепкі диаграммада тор сызықтарын көрсету” бетте 99
Сіз өзіңіздің осьіңіздің тор сызықтарына сәйкес келетін диаграмма өңіндегі өзгермелі
түстердің тобын көрсете аласыз.
Диаграммадағы Тор сызықтарын көрсетеді
Құрамында оңай оқылатын осьтер бар диаграммада деректерді жасау үшін көлденең
және тік тор сызықтарын көрсете аласыз. Осьтегі негізгі және қосымша
аралықтарына арналған тор сызықтарын көрсете аласыз.
98
IBM Cognos Analytics - Reporting Нұсқа 11.0: Пайдаланушы нұсқаулығы