Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін Справочное руководство ноутбука НР (НР ноутбугы үшін анықтамалық
нұсқаулықтан), анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен жəне
берілген мəліметтерден қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1.
Компьютерді қосыңыз.
2.
WLAN құрылғысының қосылғанын тексеріңіз.
3.
Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан желі
белгішесін нұқыңыз.
4.
Қажет желіні таңдаңыз.
5.
Подключение (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6.
Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажет жабдық:
●
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет қызметі провайдерінен
сатып алынған жылдамдығы жоғары Интернет қызметі
●
Сымсыз жол жоспарлағышы (бөлек сатылады) (2)
●
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ:
Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет қызметі
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
ЕСКЕРІМ:
Сымсыз қосылысты орнату кезінде компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышының
қадамдастырылғанын тексеріңіз. Компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышын қадамдастыру
үшін, компьютерді жəне сымсыз жол жоспарлағышын өшіріп, қайта қосыңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Бұл желі құрылғыларының саны ұлғая түскенде, Интернетке кіретін қосымша сымсыз жəне
сымды компьютерлерді желіге қосуға болады.
Сымсыз желіге қосылу
17
Сымсыз жол жоспарлағышының параметрлерін реттеу
Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағышы немесе
Интернет қызметі провайдері (ISP) арқылы берілген ақпаратты қараңыз.
Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар. Windows
жүйесінің құралдарын желіні орнатуға пайдалану үшін Пуск (Бастау) > Панель управления
(Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне Интернет) > Центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы)
> Настройка нового
подключения или сети (Жаңа қосылыс немесе желіні орнату)
> Настройка новой сети (Жаңа
желіні орнату) пəрмендерін таңдаңыз. Одан кейін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Жаңа сымсыз компьютеріңізді жол жоспарлағышына онымен қамтамасыз етілген
желілік кабель арқылы бастапқыда қосу ұсынылады. Компьютер Интернетке сəтті қосылғаннан
кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN желісін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз.
WLAN желісін қорғау туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугы
үшін анықтамалық
н
ұсқаулықты қараңыз.
18
Бап 3 Желіге қосылу
4
Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар
●
Пернетақтаны пайдалану
●
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
Пернетақтаны пайдалану
f1
мен
f12
пернелеріндегі белгішелер əрекет перне функцияларын білдіреді.
ЕСКЕРІМ:
Қолданылатын бағдарламаға байланысты
fn
жəне əрекет пернелерінің бірін басу
сол бағдарлама ішінде арнайы төте жазуды ашады.
Əрекет пернесі мүмкіндігі зауытта қосылған. Егер бұл мүмкіндік Setup Utility құралында
ажыратылса, тағайындалған функцияны іске қосу үшін
fn
жəне əрекет пернелерін басу қажет.
Функция
Əрекет пернесі немесе жылдам перне
fn+esc
Жүйе жабдығының бөліктері жəне жүйедегі BIOS (негізгі кіру-шығу жүйесі) нұсқасының нөмірі
туралы ақпаратты көрсету үшін,
fn+esc
(1) жəне (2) пернелер тіркесімін басыңыз.
Пернетақтаны пайдалану
19
Функция
Əрекет пернесі немесе жылдам перне
Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер
үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау орталығын ашу үшін,
f1
пернесін басыңыз. Анықтама жəне қолдау орталығы да компьютер жұмысын тексерулерді,
автоматты жəне бірлесіп əрекет ететін ақаулықтарды жою, шешімдерді түзету, жүйені
қалпына келтіру үрдістері мен қолдау орталығына сілтемелерді береді.
Экранның жарықтық деңгейін қадамдар бойынша кішірейту үшін
f2
пернесін басып ұстап
тұрыңыз.
Экранның жарықтық деңгейін қадамдар бойынша ұлғайту үшін,
f3
пернесін басып ұстап
тұрыңыз.
Компьютерге қосылған дисплей құрылғыларының арасында экран кескінін ауыстырып қосу
үшін,
f4
пернесін басыңыз. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне
басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды.
f4
пернесі компьютерден бейне ақпаратын қабылдайтын
басқа да құрылғылар арасында кескіндерді ауыстырып көрсете алады.
Ықшам дискінің алдыңғы жолшығын, DVD немесе BD дискісінің алдыңғы бөлімін ойнату үшін,
f5
пернесін басыңыз.
Аудио ықшам дискісінің жолшығын, DVD немесе BD дискісінің бөлімін ойнату үшін,
f6
пернесін
басыңыз.
Ықшам дискісі, DVD немесе BD дискісін ойнатуды тоқтату үшін,
f7
пернесін басыңыз.
Аудио ықшам дискісінің келесі жолшығын немесе DVD не BD дискісінің келесі бөлімін ойнату
үшін,
f8
пернесін басыңыз.
Үндеткіш дыбысын қадам бойынша төмендету үшін,
f9
пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
Үндеткіш дыбысын қадам бойынша жоғарылату үшін,
f10
пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
Үндеткіш дыбысын өшіру немесе қайта қалпына келтіру үшін,
f11
пернесін басыңыз.
Сымсыз мүмкіндікті қосу немесе өшіру үшін,
f12
пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз қосылысты орнату үшін,
сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Қолданбаны жылдам іске қосу пернелерін пайдалану туралы ақпарат алу үшін
Пернелер 8-бетте
бөліміндегі (2) мен (6) аралығындағы нұсқауларды қараңыз.
20
Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар