Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ:
Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні алу үшін
1.
Жұмысыңызды сақтаңыз.
2.
Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
4.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
5.
Компьютерді қатты жерде төңкеріңіз.
6.
Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
7.
Өзіңіз жақтағы қатты диск ұясымен қатты диск қақпағының екі бұрандасын (1) босатыңыз.
8.
Қатты диск қақпағының (2) сол жағын көтеріңіз, одан кейін қақпақты жоғарыға көтеріп, сол
жаққа (3) жылжытыңыз да, алыңыз.
9.
Қатты дискіні компьютерге бекітетін үш бұранданы (1) алып тастаңыз.
10.
Қатты дискідегі ілгектерді (2) ұстап, қатты дискінің кабелін (3) жүйелік тақтадан
ажыратыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
27
11.
Қатты дискіні (4) қатты диск ұясынан шығарып алыңыз.
Қатты дискіні орнату
Қатты дискіні орнату үшін
1.
Қатты дискідегі ілгектерді (1) ұстап, қатты дискіні (2) қатты дискінің орнына енгізіп, оның
орнына орналастырылғанына сенімді болу үшін қатты дискіні басыңыз.
2.
Қатты дискінің кабелін (3) жүйелік тақтаға жалғап, оны компьютерге бекітетін үш
бұранданы (4) олардың орындарына салыңыз.
3.
Қатты диск қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралаңыз.
4.
Қақпақты (2) жабыңыз.
28
Бап 5 Күтім
5.
Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды (3) бұрап қатайтыңыз.
6.
Батареяны орнына салыңыз.
7.
Компьютердің оң жағын жоғарыға қаратып аударыңыз.
8.
Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
9.
Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
29
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде оның астыңғы жағында орналасқан бір жад модулінің бөлімі болады.
Компьютердің жад сыйымдылығын бос кеңейту жад модулінің ұясына жад модулін қосу немесе
бастапқы жад модулінің ұясындағы бар жад модулін жетілдіру арқылы кеңейтуге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Электростатикалық разряд (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ:
Екінші жад модулін қосқанда, қос арна теңшелімін пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей болуын тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
1.
Жұмысыңызды сақтаңыз.
2.
Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
3.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
4.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
5.
Компьютерді қатты жерде төңкеріңіз.
6.
Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
7.
Жад модулі бөлімінің бұрандаларын босатыңыз (1).
8.
Жад модулі бөлімінің қақпағын компьютерден алыс көтеріңіз (2).
30
Бап 5 Күтім
9.
Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
a.
Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.
b.
Жад модулінің жиектерінен ұстап(2), оны ұясынан сыртқа жайлап тартыңыз.
c.
Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық разряд өтпейтін
контейнерге салыңыз.
10.
Жаңа жад модулін енгізу үшін
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.
Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз жəне жад модулін қисайтпаңыз.
a.
Жад модулінің түйіскен жиектерін (1) жад модулі ұясының құлақшасына туралаңыз.
b.
Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад
модулінің ұясына орныққанша басыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
31
Достарыңызбен бөлісу: |