Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» МБ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері
Қабылдаушы:
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
|
Мекенжайы:
|
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс
|
БИН:
|
020940003199
|
КБЕ:
|
16
|
КНП:
|
859
|
Банктің атауы
|
ЖСК
|
БСК
|
|
"Нурбанк" АҚ
|
KZ8584905KZ006015415
|
NURSKZKX
|
|
"Казкоммерцбанк" АҚ
|
KZ489261501148407000
|
KZKOKZKX
|
|
"Қазақстан халық банкі" АҚ
|
KZ386010111000288323
|
HSBKKZKX
|
|
"Цеснабанк" АҚ
|
KZ98998ВТВ0000358095
|
TSESKZKA
|
|
"АТФБанк" АҚ
|
KZ87826Z0KZTD2008449
|
ALMNKZKA
|
|
"Сбербанк" АҚ еншілес банкі, Астана қаласы
|
KZ14914012203KZ0047J
|
SABRKZKA
|
|
«ForteBank» АҚ филиалы, Астана қаласы
|
KZ1096503F0007611692
|
IRTYKZKA
|
|
«Өнеркәсіптік үлгіге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан № 1-ӨҮ
Кіріс нөмірі №
|
(21) Тіркеу №
|
(22) Берілген күні
|
Басымдығы
|
Түскен күні
|
| Өнеркәсіптік үлгіге
Қазақстан
Республикасының
патентін беру туралы
ӨТІНІШ |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс
|
Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім берушінің (берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз).
(71) Өтінім беруші (берушілер)
(Толық аты немесе атауы және тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіледі.
Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты мекенжайы туралы деректер 97 коды бар бағанда көрсетіледі)
|
ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер ол белгіленген болса)
|
|
ҰЗМИ-ға өтінім берілген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады.
өнеркәсіптік үлгінің басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз).
Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінімді (өтінімдерді) беру (Заңның 20-б. 2-т.)
Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ -ға неғұрлым ерте берілген өтінімді беру
Заңның 20-б. 5-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бастапқы өтінімді беру
(өтінім нөмірі _______________, берген күні _________________)
Неғұрлым ерте берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-б. 3-т.)
|
Бірінші, неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің №
|
басымдық сұралған күн
|
(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)
|
|
(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы
|
(98) Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты-жөні)
Телефон: Ұялы телефон: Факс:
|
(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық атауы, тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім берушінің (берушілердің) өкілі (толық аты немесе атауы, мекенжайы)
|
Қоса берілетін құжаттар тізбесі
|
1 данадағы парақ саны
|
Дана саны
|
Өтінім беруге және патент алуға құқықтың туындау негізі (құжатты ұсынусыз):
заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады
жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі
автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықты қайта беруі
мирасқорлық құқық
(ҰЗМИ мөртаңбасының орны)
|
өтінішке қосымша
|
|
|
өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы
|
|
|
бұйым кескіндемесінің жиынтығы
|
|
|
сызба (лар) және өзге де материалдар
|
|
|
өтінімді берудің төлемі туралы құжат
|
|
|
төлем мөлшерін азайтуға
негіздің бар-жоғын растайтын
құжат
|
|
|
бірінші өтінімнің (өтінімдер) көшірмесі (көшірмелері) (конвенциялық басымдық сұралған кезде)
|
|
|
өтінімнің шетел тіліндегі құжаттары
|
|
|
патент сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын сенімхат
|
|
|
басқа да құжат (көрсетілсін)
|
|
|
|
|
|
(72) Автор (лары) (толық аты көрсетіледі)
|
(97) Елдің атауы және егер ол белгіленген болса, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы
|
Патентті алу құқығын қайтадан берген автор (лар)- өтінім беруші (лер) және/немесе
автор (лардың) қол (дар)ы
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы «__» __________
№__ бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 7-қосымша
«Пайдалы модельге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) және оның филиалы;
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткен соң, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялайды, қызмет беруші патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы өтінім бергені үшін белгіленген мөлшерде төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда, төрт айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды сараптама ұйымының сұрау салуы не хабарлауы бойынша ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезінде бірінші өтінімнің көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында, алты айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда, алты айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап қайтару мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, он екі айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушының патентті беруге дайындағаны үшін төлемді және патентті бергені үшін мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжатты ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын уақытқа ұзартылады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қайтару.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық, қағаз түрінде.
Пайдалы модельге өтінімді өнертабысқа өтінімге ауыстырған жағдайда мемлекеттік қызметтер кейін «Өнертабысқа патент беру» стандартының ережелеріне сәйкес ұсынылады.
Портал арқылы өтінішпен жүгінген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсете отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Егер, қызмет алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, соның ішінде сараптама жасау ұйымының көрсеткен қызметі үшін төлем туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және(немесе) қалпына келтіру туралы өтініш хатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Сараптама ұйымының қызметтері үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлем алынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Пайдалы модельге патент бергені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бажды және сараптама ұйымының көрсететін қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымы үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
3) портал үшін – тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтінішпен жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішпен жүгінген кездегі мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сараптама ұйымына жүгінген кезде:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне патент беру туралы белгіленген нысандағы үш өтініш;
2) оны жүзеге асыру үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін пайдалы модельдің сипаттамасы – 2 дана;
3) пайдалы модельдің мәнiн білдіретін және оның сипаттамасына толық негізделген формуласы– 2 дана;
4) сызбалар– 2 дана;
5) реферат – 2 дана;
6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхат;
7) өтінім бергені үшін төлемді растайтын құжат;
8) төлемнің мөлшерін азайтуға арналған негіздемені растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, орта білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) оны жүзеге асыру үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін пайдалы модель сипаттамасының электрондық көшірмесі;
3) пайдалы модельдің мәнiн бiлдiретiн және сипаттамасына толықтай негізделген оның формуласының электрондық көшірмесі;
4) сызбалардың электрондық көшірмесі;
5) рефераттың электрондық көшірмесі;
6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхаттың электрондық көшірмесі;
7) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, өтінімді бергені үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
8) төлемнің мөлшерін азайтуға арналған негіздемені растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, орта білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлері үшін – кәсіпорын жарғысының электрондық көшірмесі).
Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлеу туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
қызмет берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздеме мыналар болып табылады:
1) өтiнiмнің пайдалы модель ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болуы;
2) өтінім берушінің өзі ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлерді қамтығаны немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге қатысы жоқ ұсынысты да сипаттайтын немесе оған қатысты пайдалы модель бiрлiгi талаптарының бұзылуымен байланысты қарастыру жүргізiлмегенi туралы оған хабарланғаннан кейiн пайдалы модель формуласын өзгертпеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтінішпен жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтінішпен жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішпен жүгінуді өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасауы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы – (1414), 8 800 080 7777.
«Пайдалы модельге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |