Өнеркәсіптік меншік саласында



жүктеу 2,55 Mb.
бет1/7
Дата21.12.2017
өлшемі2,55 Mb.
#5106
  1   2   3   4   5   6   7




№ исх: 10-2/460 от: 23.05.2017

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2017 жылғы «__» __________

№__ бұйрығына 1-қосымша


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына 1-қосымша


«Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне

құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:

1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы) және оның филиалы;

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.


2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:

1) өтініш берген кезден бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:



Өтінішке қоса берілген шарт материалдарында сараптама жасауға төлемді растайтын құжат болмаған жағдайда, өтінім берушіге шот қойылады. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама ұйымына төлем түскен күннен бастап есептеледі.

Төлем өтініш берілген кезде немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. Бір ай мерзімде төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтініш берілмеді деп танылады.

Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу ол жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысымен бірге жіберіледі.

Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізу мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге, мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.

Портал арқылы өтініш берген кезде – айрықша құқықты басқаға беру туралы шарттың мемлекеттік тіркелгендігі туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).

Сараптама жасау ұйымының қызметтері үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығымен белгіленген мөлшерде төлем алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).

Шарттарды тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.

8. Жұмыс кестесі:

1) Көрсетілетін кызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.

3) порталда –Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек куту тәртібімен көрсетіледі;

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) шарттың титулдық парақпен жабдықталған және қазақ және орыс тілдерінде орындалған төрт данада шарттың түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.

Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.

Өтінім және өзге де қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Заңды тұлғалардың аты мен атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, егер олардың қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған нұсқасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.

Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты тіркеуге (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалған шарттың түпнұсқасының электрондық көшірмесі қоса беріледі. Шарттың данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.



Шарттың электрондық түпнұсқасының көшірмесінің орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімнің электрондық көшірмесі ұсынылады.

Өтініштің және өзге де қажетті құжатардың электрондық көшірмелері қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері, олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларының электрондық көшірмелері бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.

Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы Сингапур шартына қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) өтініш;

2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данадағы түпнұсқасы. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.

Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;

4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;

5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.

Өтініштің және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.

Селекциялық жетістіктерге айрықша құқықты басқаға беру туралы тіркеуге өтінім берген жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына құқықты беру фактісін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірмелер ұсынылуы мүмкін.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты порталға тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған шарттың түпнұсқасының электрондық көшірмесі. Шарттың данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.



Шарттың түпнұсқасының электрондық көшірмесінің орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;

3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;

4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімнің электрондық көшірмесі ұсынылады.

Өтініштің және басқа да қажетті құжаттардың электрондық көшірмелері нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.

Селекциялық жетістіктерге айрықша құқықты басқаға беру туралы тіркеуге өтінім берген жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына құқықты беру фактісін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірме ұсынылуы мүмкін.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың ЭҮТШ арқылы төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

Қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.

10. Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуден бас тартуға негіздеме болып табылады:

1) оған қатысты шарт жасалатын тауар таңбасының тіркеу қолданысының тоқтауы және оны қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығы;

2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;

3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы.

Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуден бас тартуға негіздеме болып табылады:

1) оған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының тіркеу қолданысының тоқтауы;

2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша үш айлық мерзімде уақытылы жауаптың ұсынылмауы;

3) Сараптама ұйымының сұрау салуына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттардың болмауы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды

адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану

тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарға шағымды қоса тіркейді.

Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып

қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сараптама ұйымының ресми сайтында www.kazpatent.kz орналастырылған.

14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

«Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік

объектілеріне құқықтарды басқаға беру

туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

Мемлекеттік кіріс комитеті Астана қаласы бойынша

Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша

Мемлекеттік кіріс басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесi.

БСН – 081240013779

ЖСК – KZ24070105KSN0000000

БСК – KKMFKZ 2 A

Бенефициар банкі – «Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі.

КБЕ-11


Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118

Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін

Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк

деректемелері


Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Ұлттық зияткерлік меншік институты»

республикалық мемлекеттік кәсіпорны


Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,

Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс



БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы

ЖСК

БСК




"Нурбанк" АҚ

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX




"Казкоммерцбанк" АҚ

KZ489261501148407000

KZKOKZKX




"Қазақстан халық банкі" АҚ

KZ386010111000288323

HSBKKZKX




"Цеснабанк" АҚ

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA




"АТФБанк" АҚ

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA




"Сбербанк" АҚ еншілес банкі, Астана қаласы

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA




«ForteBank» АҚ филиалы, Астана қаласы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA



«Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік

объектілеріне құқықтарды басқаға беру

туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Ұлттық зияткерлік меншік институты»

республикалық мемлекеттік кәсіпорны


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау