- Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде орналасуы;
- Атом құрылысы ;
- Табиғатта кездесуі ;
- Биологиялық рөлі
- Физикалық қасиеттері ;
- Алынуы ;
- Химилық қасиеттері ;
- Қолданылуы;
- Қосылыстары;
- Білімдерін тиянақтау;
- Есептер;
- Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде орналасуы
- 3 периодта
- ٧ топ, негізгі топшада
- Фосфор сыртқы энергетикалық дейгейінде 5 электрон бар.Ең жоғарғы тотығу дәрежесі + 5.
- Атомдағы электрондардың орналасуы
- +15P)2е )8е)5е
- Электрондық формуласы:1s2 2s2 2p6 3s2 2p3
- Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі.Мысалы,фосфарит және апатитте кальций фосфаты Ca3(PO4)2түрінде болады.Қазақстанда Жамбыл облсындағы Қаратау маңында фосфорит кенінің мол қоры бар екені 1935 жылдан белгілі.Қазір Қаратау бассейні негізінде ”Жаңатас байыту комбинаты” жұмыс істейді.Ақтөбе облыснда фосфорит кен орын игеру жоспарланып отыр.Осы кен орындары негізінде фосфорды өңдейтін зауыттар Таразда,Шымкентте және Ақтөбеде бар.
Биологиялық рөлі - Фосфор алғаш өсе бастаған өсімдіктерге аса қажет.Өсімдік тұқымында өте көп.Фосфор жетіспесе өсімдіктің өсуі баяулайды.Өсімдік фосфорды топырақтан алады,дәніне,сабағына жинап адамға,жануарға азық болады.Сөйтіп,топырақтың фосфоры азаяды,сондықтан топыраққа фосфор тыңайтқыштарын:суперфосфат,преципитет шашады.Оларды өсімдік тамыры арқылы сіңіріп жасушаларында жинайды.
Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түр өзгерісін түзеді.Оның маңыздылары ақ және қызыл фосфор.Ақ фосфор улы және тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді.Оның буымен демалуға болмайды.Ақ фосфорды шыны ыдыста су астында сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды.Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға ,ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады.Қара фосфор аз кездеседі - Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түр өзгерісін түзеді.Оның маңыздылары ақ және қызыл фосфор.Ақ фосфор улы және тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді.Оның буымен демалуға болмайды.Ақ фосфорды шыны ыдыста су астында сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды.Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға ,ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады.Қара фосфор аз кездеседі
- 1.Ақ түсті кристалдық зат,тығыздығы 1,83 г/cм3
- 2.Қараңғыда жарқырайды.
- 3.Кәдімгі жағдайда 30- 40ºC температурада ауадағы оттекпен тотығады.
- 4.От алғыш қауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.
- 5.Суда ерімейді,(CS2)күкірткөміртекте ериді.
- 6.Өте қауіпті,улы.
- 7.44ºCта балқиды,280ºCта қайнайды.
- 1.Аморфты зат,кристалды емес,тығыздығы2,20 г/см3
- 2.Қараңғыда жарқырамайды.
- 3.Ауадағы оттекпен 260ºC- та тотығады.
- 4.Отқа қауіпті емес.Қыздырғанда от алады.
- 5.Суда да,күкірт көміртекте (CS2)де ерімейді.
- 6,Улы емес.
- 7.400ºC-та балқиды
- Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи фосфатты электр пеште Si2 мен C қосып қыздырады.Бөлінген фосфордың буын су астында ақ фосфор түрінде бөліп алады.Реакция теңдеуі
- 2Ca3(PO4)2+6SiO2+10C=P4+6CaSiO3+10CO
- Бөлініп шыққан фосфор буы салқындатылып , қатты
- куйге аударылған фосфор, судың астына жиналады
- Фосфор тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.Тотықсыздандырғыш ретіңде оттекпен және белсенді бейметалдармен реакцияға түседі.
- 1.Фосфор оттекте жанып,пентаоксид түзеді:
- 4Pº+5Oº2 =2P2O5
- 2.Фосфор металдармен фосфоридтер түзе әрекеттеседі.
- 3Caº+2Pº=Ca3 P2 Кальций фосфиді
- 3Znº+2Pº=Zn 3 P 2 Мырыш фосфиді
- 3.Фосфор хлормен
- әрекеттесіп,фосфор үшхлоридін және 300ºC-та фосфор пентахлоридін түзеді.
- 2P+3Cl2=2PCl3
- 2P+5Cl2=2PCl5
- 4.Фосфор сутекпен тікелей әрекеттесіп,фосфин түзеді.
- 2P+3H2=2PH3
- 5.Күрделі заттармен әрекеттесуі.
- 5KClO3+6P=3P2O5+5KCl
- Шырпының басын қорапқа үйкегенде,қызыл фосфор бертолле тұзынан от алып,тез тұтанады.
- ауыл-шаруашылық зиянкестерімен күресу үшін
- Жарылғыш заттар алу үшін (ақ фосфор)
Қосылыстары: - Фосфордың оттекті қосылыстары.
- P2O5-ақ түсті ұнтақ зат.Кәдімгі жағдайда ылғал тартатын қасиетіне сәйкес оны газдар мен сұйықтарды ылғалдан құрғату үшін қолданады.P2O5 қышқылды қасит көрсетіп,сумен,сілтілермен және негіздік оксидтермен реакцияға түседі.
- Фосфор қышқылы.Сумен фосфор P2O5 әрекеттескенде,судың мөлшеріне қарай әртүрлі фосфор қышқылдары түзіледі.
- P2O5+H2O=2HPO3 Метафосфор қышқылы
- P205+2H2O=H4P2O7 Дифосфор қышқылы
- P2O5+3H2O=2H3PO4 Ортофосфор қышқылы
- Фосфор қышқылдарының ішіндегі аса маңыздысы,ортофосфор қышқылы H3PO4,оны көбіне фосфор қышқылы деп те атайды.
- Физикалық қасиеттері.Фосфор қышқылы-түссіз кристалды,улы емес зат.Суда жақсы ериді.Фосфор қышқылы орташа қышқыл қатарына жатады.
- Алынуы.Лабораторияда P205-ке су қосып,фосфор қышқылын алуға болады:
- P2O5+3H2O=2H3PO4
- Өнеркәсіпте кальций фосфатына күкірт қышқылын қосып қыздыру арқылы алады.
- Ca3(PO4)2+3H2SO4=3CaSO4 +2H3PO4
- Фосфор қышқылы суда ерігенде,сатылап диссоцияцияланады:
- H3PO4 H++H2PO-4 Дигидрофосфат ион
- H2PO4- H++HPO-24 Гидрофосфат ион
- HPO-24 H++PO-34 Фосфат ион
Cұрақтар: - 1.Фосфордың алотропиялық түр өзгерістері ....., ....., ......
- 2....фосфор өте улы,.....,..,..... фосфор улы емес.
- 3.Фосфор ...... элементі.
- 4.Фосфордың сутегімен қосылысы ...... деп аталады.
- 5.Фосфор қышқылының тұздары.......деп аталады.
- 1.Массасы 3,1г фосфорды жағу үшін оттектің қандай көлемі (қ.ж) қажет болатынын есептеңдер.
- 2.Массасы 12,4г фосфордан фосфор v оксидінің неше грамы түзілетінін табындар.
- 3.Массасы 34,5г бертолле тұзы фосфордың қанша зат мөлшерімен әрекеттесе алады?
- Шығарылуы:
- 3,1г x л
- 4Р + 5 O2 = 2P2O5
- 4моль 5моль
- 31г/моль 22,4г/моль
- 124 г 112л
- 124г ----------------112л
- 3,1г-----------------x л
- х= 3,1* 112\ 124=2,8л
- Шешуі:
- 12,4г xг
- 4Р + 5 O2 = 2P2O5
- 124 г 220г
- 12,4г ----------------хг
- 124г-----------------220г
- х= 12,4* 220\ 124=22г
-
- 3.Берілгені:
- m (КСIO3)=34,5г
- Шешуі :
- 34,5г xмоль
- 5KClO3 + 6P=3P2O5+5KCI
- 314,5 г 6моль
- 34,5г ----------------хмоль
- 314,5г-----------------6моль
- х= 34,5* 6\ 314.5=0.6моль
Достарыңызбен бөлісу: |