Қазақстанда сүттің өнеркәсіптік өндірісі қарқын ала түсуде



жүктеу 369,88 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.11.2018
өлшемі369,88 Kb.
#20439


 

 

 



16.01.2015    

Қазақстанда сүттің өнеркәсіптік өндірісі қарқын ала түсуде. 

 

Алматы  облысында  780  бас  ІҚМ  ұстауға  шамаланған  «Медеу  коммерц»  ЖШС  жаңа  ірі 



тауарлы  сүт  фермасы  іске  қосылады.  Жобалық  қуатына    шыққан  соң,  мұнда  жылына  6000 

мың литр тауарлы сүт өндіру жоспарлап отыр. 

 

Бүгінгі  таңда  Қазақстан  ішкі  нарықтың  қажеттілігін  қамтамасыз  етуге  жеткілікті  сүт 

өндірмейді.  Қазіргі  заманауи  технологиялар  бойынша  тұрғызылған:  өте  сүтті  асыл  тұқымды 

малы  көп,  малды  байламай  ұстайтын  және  сүтті  өнеркәсіптік  өндіретін  ірі  тауарлы  сүт 

фермаларын  (ТСФ)  құру  арқылы  сүтті  өнеркәсіптік  өндіруді  дамыту  мәселесін  шешу.  Тек 

осындай  тәсілдеме  ғана  сүтті  жыл  бойы  бір  қалыпты  өндіруге  мүмкіндік  беретін  болады. 

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  жеңілдікті  талаптарда  қаржыландыру  ұсына  отырып,  осындай 

фермаларды құруға ынталандырады.  

 

Қазіргі заман талабына сай қазақстандық ТСФ бірі  – Алматы облысындағы  «Медеу коммерц» 



ЖШС.  Жобаға  салынған  инвестицияның  жалпы  көлемі  3  602   млн.  теңге  құрайды.  Оның 

ішіндегі  «ҚазАгроҚаржы»  АҚ  салған  қаражаты  2 995  млн.  теңге  (83%),  қарыз  алушының 

меншікті  өз  қаражаты    -  607  млн.  теңге  (17%).  Жоба  бойынша  лизингке  голштино-фриз 

тұқымының  780  бас  ІҚМ,  мал  ұстауға  және  сүтті  қайта  өңдеуге  арналған  технологиялық 

жабдық  сатылып  алынған,  бұзау  қорасымен  бірге  сиыр  қоралар    мен  көмекші  қора-жайлар 

тұрғызылған,    сондай-ақ  жемшөп  өндірісіне  керекті  ауыл  шаруашылығы  техникасы  сатылып 

алынған.   

«Медеу коммерц»  ЖШС келесідей мемлекеттік қолдау шараларын алды:  

 

асыл  тұқымды  аналық  малдар  ұстауды,  жемшөп  қоспалары  мен  ветеринариялық  дәрі-



дәрімектерді субсидиялау бойынша; 

 



құрама жемдер мен сүтті субсидиялау бойынша; 

 



жемшөп өндірісін субсидиялау бойынша; 

 



инвестициялық субсидиялар 

 



тамақ  өнеркәсібінің  қайта  өңдеу  кәсіпорындары  үшін  салық  жеңілдіктері 

(пұрсаттылықтар). 

 

Қазіргі сәтте ТСФ 2013 жылдың желтоқсан айында әкелінген 200 бас малдан тұратын бірінші 



партиясынан сүт алуда. 2014 жылдың желтоқсан айында келіп жеткен 580 бас малдан тұратын 

екінші  партиясы  биылғы  жыл  ішінде  бірқалыпты  бұзаулай  бастайды.  Малдарды  ІҚМ  ұстау 

саласындағы  жоғары  білікті  мамандар    Голландия  және  Канада  мамандарының  берген 

кеңестері  бойынша  бағып  күтеді.  «Медеу  Коммерц»  ЖШС-де  сүт  өндірісінің  аяқталған  циклі 

құрылған:  фермадан  басқа,  мұнда  алаңы  2000  га  жемшөп  алқабы  мен  сүтті  қайта  өңдеу  цехы 

бар.  


 

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ тауарлы сүт  өндірісі саласында  барлығы жалпы сомасы 38 млрд.  артық 

теңгеге  33  жобаны  мақұлдады,  оның  ішіндегі  компанияның  қаржыландыру  үлесі  27  жарым 

млрд.  теңгені  құрайды.  Тауарлы-сүт  фермаларының  жиынтық  жобалық  қуаты  шамамен 

жылына 150 мың тонна сүт. 

Жалпы,  бүгінгі  күні  «ҚазАгро»  Ұлттық  холдингімен  39  млрд.теңгеден  астам  сомаға  сүт 

тауарлы фермаларды құру бойынша 34 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Олардың жиынтық 



өндірістік қуаттылығы жылына 158,9 мың тонна сүт және сүт өнімдерін құрайды. Осы тұрғыда 

1,1  мың  жұмыс  орындарын  құру  көзделген.  Қазіргі  уақытта  жалпы  құны  34,4  млрд.теңге 

сомасына  27  жоба  іске  қосылды,  оның  өндірістік  қуаттылығы  146,7  мың  тонна  сүт  пен  сүт 

өнімдерін құрайды.  

Бұдан  бөлек  сүт  тауарлы  фермаларды  дамытуды  қолдау  мақсатында  және  ҚР  АШМ  сүт 

шаруашылығын  дамыту  бойынша  мастер-жоспарларына  сәйкес  республикада  200  бас  ІҚМ 

арналған  ірі  СТФ  және  50  мен  100  бас  ІҚМ  арналған  шағын  СТФ  құру  жоспарланған. 

«ҚазАгро»  холдингінің  еншілес  компаниясы  –  Ауыл  шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры 

2014 жылдың қыркүйегінде 50 және 100 бас ІҚМ арналған шағын СТФ дамытуға несиелендіру 

бағдарламасын  жүзеге  асыруды  бастады.  Осыған  орай  «Ырыс»  бағдарламасының  шарттары 

жасалып,  бекітілді.  2014  жылы  осы  бағдарлама  арқылы  1 034,5  млн.  теңге  сомасына  26  жоба 

қаржыландырылды, берілген қаражат арқылы 224 адам жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек 2015 

жылы 2 850,0 млн.теңгеге 80 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.  

Қазіргі уақытта «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржыны жалпы құны 311,8 млрд.теңге 

сомасына 480 жобаны құрайды /15 мың жұмыс орнын құрумен/. 223,5 млрд.теңге сомасына 365 

жоба іске қосылды немесе 76% /11,5 мың жұмыс орнын құрылды/. 

Алматы  облысы  АӨК-не  байланысты  2014  жылы  «ҚазАгро»  холдингі  компаниялар  тобымен 

АӨК қаржыландыруға 18,2 млрд.теңге

 

көлемінде сома бағытталды.  



Алматы  облысы  бойынша  инвестициялық  қоржында  60,4  млрд.теңге  сомасына  61  жоба  бар, 

олардың  пайдалануға  берілуімен  2070  жұмыс  орындарының  құрылуы  жоспарлануда.  Оның 

бүгінгі  күні  жалпы  құны  43,3  млрд.теңгеге  42  жобасы  іске  қосылды,  1998  жұмыс  орнымен 

қамтылды. 

Облыстың  АӨК  субъектілерін  қолдауға  «ҚазАгро»  Ұлттық  холдингі  құрамындағы 

компаниялармен  2014  жылы  1744,3  млн.теңгеге  15  несиелік  серіктестер  қаржыландырылды, 

2383,8 млн.теңге сомасына 860 шағын несиелер берілді. 

 

Анықтама үшін: 



«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  –  ҚР  Үкіметінің  қаулысымен  1999  жылы  құрылған  компания. 

Негізгі  мақсаты  –  ауыл  шаруашылығы  тауар  өндірушілерінің  қаржы  қаражаттарына, 

сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық 

жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық 

секторын  дамытуға  қолдау  жасау.  «ҚазАгро»  ұлттық  басқарушы  холдингі»  АҚ 

құрамына енеді. 

 

«ҚазАгро»  Ұлттық  басқарушы  холдингі»  АҚ  құрамына  кіретін  акционерлік 

қоғамдардың  инвестициялық  активтерін  тиімді  басқару  жолымен  агроөнеркәсіптік 

кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.  

Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, 

«Аграрлық  кредит  корпорациясы»  АҚ,  «ҚазагроӨнім»  АҚ,  «ҚазАгрогарант»  АҚ, 

«ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді. 

 

 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз  хатшысы 

Зүльфия Темірғалиева 

+7 7172 58 04 11 (жұм.) 

+7 702 631 60 62 (ұялы) 

z.temirgaliyeva@kaf.kz

 

жүктеу 369,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау