«Өнер көзі-халықта » Бегалиева Гульшат Шынболатқызы. 1970 жылы 13 тамызда дүниеге келді



жүктеу 4,55 Mb.
бет2/2
Дата25.11.2017
өлшемі4,55 Mb.
#1847
түріСабақ
1   2



1.Канваға тігіп үйрену.

2.Нұсқау карта

Айқаспа кесте тігістерінің түрлерін әр оқушы өз қалауы бойынша таңдап орындайды.



І тәсіл:көлденең тігу.

ІІ тәсіл:тігінен тігу.

Кестеленген бұйымның күтімі.

1.Оны суға салып қайнатуға болмайды.

2.Жылы суда жуу керек.

3.Жуғаннан кейін сығып,5-6 минут түкті орамалға орап қою керек.

4.Дымқыл күйінде астар жағынан үтіктеу керек.

 Айқас тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.


Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді.
Кестелеу технологиясы.

1.Мата дайындау.

2.Суретті белгілеу.

3.Суретті матаға көшіру.

4.Бұйымды кергішке керу.

5.Кестеленетін эскиз суретіне байланысты жіптердің түсін дұрыс таңдай білу.

Қол инемен,қайшымен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

«Туған өлкем-қандай көркем» тақырыбына жұмысты бастау.

Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табады.

1.Оймақтың себі инеге тиеді,

Иненің себі.....(түймеге тиеді).

2.Кестені көңіл сызады,

Қол тігеді,.....(көз сынайды).

3.Ұшын түймегеннің

Үш шаншым....( ісі қалар).

4.Жасында салақ болсаң,

Өскенде ......(олақ боларсың).

5.Кенересіне қарап бөзін ал,

Өнегесіне қарап .....(сөзін ал).



Сабақты қорытындылау.

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолында.

Өнерлінің ырысы-

Жарқырап жатар жолында,-деп,сабақты қорытындылаймыз.

Бағалау:оқушыларды шығармашылық жұмыстарына қарай бағалау.

Үйге тапсырма:схема бойынша кестелеуді жалғастыру,кестелеу туралы реферат,презентация дайындау.



Нұсқау карта




Жұмыстың орындалу түрі

Керекті заттар

1

Матаны кергішке керу

Кергіш мата

2

Кестеге арнап эскиз құру

Мата ,қарындаш

3

Матаға сурет салу

Жіп ,ине,қайшы

4

Матаға салынған суреттерді кестелеу




5

Ішкі жағын түрлі өнді жіптермен толтыру.

Жіп ,қайшы,ине


Күтілетін нәтиже

Қолөнер туындыларын жарыққа шығару



Оқушы өзінің қажеттілігін қамтамасыз етеді

Оқушылардың іскерлігін,

дүниені тануға ұқыптылығын



дамытады

Өнер-мінсең ат,

Ұшсаң-қанат,

Кисең –жанат,

Ішсең –тамақ.

«Берекені көктен тілеме,еткен еңбектен тіле»

АБАЙ

Еңбекке баулу оқушыларға техникалық,технологиялық білім мен білік беретін,оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын,оқушыларды перспективалық технологиялармен таныстырып,олардың политехникалық көзқарасын қалыптастыратын пән.

Бұл пән оқушыларды тұрмыстық және өндірістік қызмет түрлерімен таныстырып,экономикалық өзгерістерге бейімдеп,келешек өмірге дайындап,жанында жүрген үлкендердің қызметін дұрыс сезінуге,түсінуге мүмкіндік береді.

Шашақ шешен өз сөзінде

«Дәулетің,ұлым өнерің,

Өнермен артар беделің.

Өнерің болса бойында,

Халқыңа тиер көмегің» деген екен.

Біздің міндетіміз оқушының бойында жасырынып жатқан дарынды ашып көрсету.Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы,ең алдымен,оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ.Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру.Баланың білімін терендетіп,шығармашылық еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту барысында қолөнер үйірмесінің мүмкіншілігі мен артықшылығы зор.Өзім жетекшілік ететін «Өрелі өрнек»қолөнер үйірмесіне қатысатын оқушылар алған теориялық білімдерін іс жүзінде пайдаланып,түрлі бұйымдар жасауына мүмкіндіктер алады.Оқушының танымдық қызығушылығы артып,әр түрлі пәндерден алған білім-білік дағдыларын пайдаланып,бейнелеу өнері,сызу,математика,тарих,химия пәндерімен тығыз байланыс жасайды.Олар мұғалім көмегімен әр түрлі бұйымдар жасаумен бірге,ол бұйымға,өнделу технологиясына талдау жасап,өзіндік пікір айтуға жаттығады.Осылайша оқушылар әр түрлі шығармаларды зерттей отырып,баға беру арқылы өз бойларында келешек кәсіби іске қажетті бағалау,саралау қасиеттерін де қалыптастырады. Мұғалім міндеті баланың ерік жігерін дамыту,өзіне деген сенімен қалыптастыру.Осы мақсатта «Өрелі өрнек» үйірмесіне жетекші болып келемін.Пән сабағы және үйірме жұмыстары арқылы мектеп оқушыларын шеберлікке дағдыландырып келемін.Нәтижесінде оқушыларым кесте,тықыр,түкті гобелен тоқудан және жаңа үлгідегі квиллинг атты өнермен шұғылданып көптеген аудандық,облыстық көрмелерге,байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.

ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры.Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.Ұлттық педагогиканы насихаттауда қай пәннің де ыңғайы мен мүмкіндіктері мол.Соның ішінде технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрену ұлттық тәрбиенің қайнар көзі десе де болады.Қолөнерді үйрену арқылы шығармашылықпен ұштастырып білім алу,еңбек етуге баулумен қатар салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы.Кез келген бұйымның тарихын ашып,жасау құпиясын білу,қосымша әдебиеттерден мағлұмат алу,жасалу технологиясымен танысу оқушының шығармашылықпен іске кірісуіне жол ашады.Халық өнерінің шығармашылығын игеру жсасөспірімдер үшін сәндік-қолданбалы өнердің алуан түрлерің,дәстүрлі техникалық әдістері мен шеберлік дағдыларын жеңіл меңгеруге,өз бетінше жобалар дайындауға дағдыландырады.



Жалпы технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрену арқылы ұлттық тәрбиенің артықшылығын байқаймыз.
жүктеу 4,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау