Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет71/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
261 
7.7- сурет. Қалқымалы шатыры бар резервуардың сұлбасы:  
1-қалқымалы шатыр; 2-қалқымалы шатырдың қақпағы; 3-сифонды 
түтікше, шатырда жиналған суды резервуардың түбіне түсіру үшін 
қолданады 
Қайтарылымдықтың  үлкен  коэффициенті  және  «толу-
тасудың» жиі процесімен жұмыс істейтін жедел резервуарларда 
қалқып  жүрген  шатырларды  қолдану  ең  тиімді  тәсіл. 
Қалқымалы  шатырдың  құрылысы  кәдімгі  шатырға  қарағанда 
қымбатқа  түседі,  бірақ  ол  өз  айырмашылығын  бір  жылдың 
ішінде  мұнайдың  жеңіл  фракциясының  жойылуын  кішірейту 
арқылы жауып тастайды. 
Резервуардағы  мұнайдың  булануын  азайтатын  екінші 
әдісіне  оның  күн  сәулесімен  қызуынан  қорғауды  жатқызуға 
болады.  Белгілі  болғаны,  күннің  жылуын  қара  түске  боялған 
денелер  жақсы  сіңіреді.  Сондықтан  резервуарлар  сәулені 
қайтаратын,  жоғары  қайтару  коэффициенті  бар  ашық  түсті 
бояулармен  қапталуы  керек.  Ең  көп  таралған  жылуды 
қайтаратын  бояуларға  ақ  және  алюминийлі  жатады    және  де  ақ 
бояулар алюминийліге қарағанда тиімдірек (7.2-кесте). 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
262 
 
7.2-кесте 
 
Көрсеткіштер, % 
Резервуар корпусының түсі 
ақ 
алюминийлі 
қара 
Күн радиациясы, резервуармен 
сіңірілген 
59 
88 
100 
Газ ауа қоспа шығыны 
100 
170 
200 
Мұнай өнімінің шығыны 
100 
180 
240 
 
Резервуар  түсі    атмосфералы  коррозиядан  қорғаныш  және 
бояу атмосфералық әсерге тұрақты болуы керек.  
Резервуарда  сақтау  кезіндегі    мұнайдың  шығынын  азайту 
әдістерінің  үшінші  тобына  газ  теңестіру  жүйесі  жатады. 
Резервуардың  газ  кеңістіктері  газ  құбырлар  жүйесі  арқылы  бір-
бірімен  байланысады.  Осындай  бекіткішпен  жұмыс  істеген 
резервуарлар  сол  резервуарды  толтыратын  газдар  босату 
бөлігіне  аққанда  және  үлкен  "тыныс  алуда"  шығыны  нөлге 
баратын  кезде  тиімді  болады.  Алайда  резервуар  жүйесінің 
синхронды 
жұмысы 
кезіндегі 
мүмкін 
қиындықтарға 
байланысты.  Әдетте    оларға  резервуар-компенсаторлар  және 
көтергіш қақпағы бар резервуарларды қосады (7.8-сурет). 
 
 
7.8-сурет. Газ теңестіру жүйесінің сұлбасы: 
 1-резервуарлар; 2-газ құбыры;3-конденсат жинағыш;  
4-резервуар-компенсатор 
 
Синхронды  жұмыс  істеп  жатқан  резервуардан  1  артық  газ 
еңіс  газ  құбырынан  2  алдымен  конденсат  жинағышқа  3 
(гидравликалық  және  гидратты  тығындардың  пайда  болуын 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
263 
 
болдыртпас үшін), ал одан соң көтергіш қақпағы бар резервуар – 
компенсаторға  4  барады.  Бұл  резервуарға  резервуардағы  газды 
кеңістіктің  1    артық  газы  мұнай  беру  берілістен  артық  болған 
кезде  барады.  Және  керісінше,  газ  резервуар-компенсатордан 
резервуарға  1  барады,  мұнай  беріліс  келуден  артық  болған 
кезде. Жүйе автоматтандырылған.  
 
 
 
7.3. Резервуардағы  тауарлы мұнайды өлшеу 
 
Термохимиялық  қондырғыдан  өткен  мұнай  тауарлы  паркке 
бағытталады,  онда      екінші  рет  көлемі  өлшенеді  және  ол  тауарлы 
тасымалдау  ұйымдарына  беріледі.  Тауарлы  мұнайды  есептеудің 
3 түрлі әдісі бар: көлемдік, массалық және көлемді-массалық.  
Тауарлы мұнайдың көп бөлігі көбінесе, өлшеу сыйымдылығы 
ретінде  резервуарды  қолданып,    көлемдік  әдіспен  өлшенеді,  ол 
жерде мұнай сақталады. Әрбір резервуарды әр сантиметр интервал  
сайын биіктік ( құю биіктігі Н) пен көлем (V)  байланысын анықтау 
үшін калибрлейді. Калибрлеу нәтижесі әр резервуарға жеке кестеде 
орналастырылады. Калибрлі кесте  құжат, оның негізінде  тауарлы 
мұнай  есептеледі.  Мұнай  санын  көлемдік  әдіспен  өлшеу  үшін 
келесі операциялар орындалады: 
  Мұнай деңгей биіктігін және тауар асты су биіктігін өлшеу; 
  Берілген  деңгей  биіктігі  кезінде  калибрлі  кесте  бойынша 
мұнай көлемін есептеу; 
  Температуралық өзгерістерге түзету енгізеді. 
Резервуар көлемін есептеу өте нақты, ондық бөлшектен кейін 
төртінші санға дейін жүргізіледі.  
Тауарлы  мұнайды  есептеу  масса  бірлігімен  (т)  жүргізіледі 
және  жоғарыда  айтылып  кеткендей,  есептелген  резервуар 
кестесіндегі көлемдік шаманы бере отырып, масса бірлігін есептеу 
арқылы  анықталады.  Тауарлы  мұнайдың  көлемдік  санын 
массалыққа  қайта  есептеу  үшін  резервуарға  үлгі  алғышты  енгізіп 
және  үлгіні  алады.  Мұнай  тығыздығын  анықтайды, ал  одан  соң 
көлемді тығыздыққа көбейтіп, мұнай салмағын алады.  


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
264 
Резервуардағы  мұнай  деңгейін  және  тауар  асты  суының 
қабатын  анықтау  тәжірибеде  өлшеу  деп  аталады,  ол  миллиметрге 
дейін нақты орындалуы керек.  
Резервуардағы    мұнайдың  және  тауар  асты  суының  деңгейі 
үлкен  сыйымдылықты  резервуарларда  анықтағанда  миллиметрге 
бөлінген  өлшеу  лентасы  және  арнайы  әдіс  бойынша  лотпен 
анықталады.  Лоттар  өлшеу  лентасын  созуға  және  тауар  асты  су 
қабатын  анықтау  үшін  су  сезімтал  лентасын  оған  қыстыру  үшін 
арналған.  Резервуардағы  мұнай  көлемі  мұнай  алып  жатқан  толық 
көлем мен тауар асты су көлем айырмасымен анықталады.  
Резервуардағы  мұнай  тығыздығы  сұйықтың  барлық 
массасы  үшін  тұрақты  шама  емес.  Сондықтан  массаны  соңында 
табу үшін мұнай көлемінің орташа тығыздығын анықтайды.  
Резервуардың  жоғарғы  қабатындағы  мұнай  температурасы 
төмендікіне  қарағанда  жоғары.  Мұнайдағы  су  көлемі  жоғарыдан 
төмен  қарай  өседі    және  тығыздық  та  осы  заңдылық  бойынша 
өзгереді.  Мұнайдың  орташа  тығыздығын  нақты  анықтау  үшін 
орташа  үлгіні  нақты  алып,  өз  уақытында  үлгі  температура  мен 
тығыздығын  өлшеп  тұру  керек.  Бұл  операциялар  ГОСТ  2517-60 
бойынша жүргізіледі.  
Қабылдау-жіберу  операциялары  кезінде  ең  жиі  таралған 
мұнайды есептеу реті: 
 Резервуардан алған соң бірден үлгі температурасын өлшеу;
 Орташа  мұнай  тығыздығын  анықтау  және  оны  20°С
келтіру; 
 Алынған  үлгідегі  су  құрамын  Дина-Старк  аппаратында
массалық процентпен анықтау. 
Осы  өлшеулерден  кейін,  суланған  мұнайдың  өлшенген 
көлемін  оның    орташа  тығыздығына  көбейтіп  брутто  массасын 
алады.  Берілген  массадан,  "ылғал"  мұнайдың  жалпы  массасын 
суланған  мұнай  массалық  процентіне  көбейтіп  алынған  масса 
нетто, су массасын алып тастайды.  
Тауарлы  мұнайдың  қолдан  қабылдау-жіберу  әдісінің  келесі 
кемшіліктері бар: 
 Резервуардан  алынған  үлгіні  таңдау  және  сараптама
бойынша 
салыстырмалы 
түрде 
көптеген 
оператор 
және 
лаборанттар керек; 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау