А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
244
Герметикаланбаған жинау жүйесі кезінде, резервуар
парктері топтық, учаскелiк және орталық мұнай жинау
пункттерінде салынатын. Бірақ ол көп металл қажет ететін. Бұл
резервуарларда мұнайдың жеңіл фракцияларының жоғалуы
өндірілетін мұнайдың 3% құрайды. Кәсіпшілік аудандарда кең
тараған герметикаланған қысым жүйесін енгізу кезінде мұнай
резервуарлары қойма ретінде рөл атқаруы және мұнайды сақтау
бірте-бірте нөлге барады. Резервуарлардың орнына игеруге
қайта қосылатын аумақтарда герметикаланған цилиндрлі
қоймалар, шеткi сәйкес айырғыш қондырғылар, буферлік
қоймалар қондырылады.
Алайда тұрғызылған кен орындарда мұнай резервуарлары
әжептеуір көп болады. Көбінесе олар шикізат (технологиялық)
және
тауарлы
резервуарлар
рөлін
атқарады.
Шикізат
резервуарлардың көлемі бес еселі тәуліктік өндірілетін
мұнайдан кем болмау қажет, ал тауарлы резервуарлар – екі еселі
болу керек.
7.1. Болат резервуарлардың жабдықтары
Болат
резервуарлардың
жабдықтары
және
олардың
конструктивтік сұлбалары олардың дұрыс және қауiпсiз
пайдалануын қамтамасыз етуi керек, жеке алғанда:
резервуарлардың жинақталуы және босатуы; мұнай
деңгейінiң өлшемi;
мұнайдың сынамаларын алу;
резервуарларды тазалау және жөндеу;
мұнайды тұндыру және суды айыру;
резервуардағы қысымды қауіпсіз шегінде ұстау;
өндірілген және тауарлы мұнайды резервуарға қабылдау,
сақтау және жіберу операцияларын жүргізу үшін арнайы
арматуралармен жабдықтайды.
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
245
7.1- сурет. Жер бетiндегi тiк цилиндрлiк болат резервуардағы
жабдықтың орналасу сұлбасы:
1 -жарық люгi; 2-желдету түтiгi; 3–от сақтандырғышы; 4–ауа
клапаны; 5 - өлшеуіш люк; 6 -деңгей нұсқағыш; 7- люк-лаз; 8- сифонды
клапан; 9 – хлопушка (шартылдақ); 10- қабылдау-таратқыш
түтікше; 11- қайта жiберетiн қондырғы; 12- хлопушкамен басқару;
13- шығыр; 14- көтергiш түтік; 15-көтергiш түтіктің топсасы;
16-роликтi блок
7.2-сурет. Жабдықтың болат резервуарда орналасу сұлбасы:
1-қабылдау-таратқыш түтікше; 2-еріксіз жабылатын жапқыш;
3-қабылдау түтігі; 4-өлшеуіш люк; 5- жарық люгi; 6- люк-лаз;
7-сифон; 8-ауа клапаны; 9-гидравликалық сақтандырғыш клапан
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
246
Қабылдау-таратқыш
түтікшелі
диаметрлері
берілген
айдалатын мұнай өнімділігімен анықталады және 150–700 мм
аралығында өзгеріп отырады. Ондағы сұйықтың қозғалу
жылдамдығы мұнай тұтқырлығына байланысты 0,5–2,5 м/с
шамасында болады. Жапқыш 2 (7.2-сурет) ысырмалардың
ақаулары немесе құбырдың авариялық күйінде болған кезде
резервуардан мұнай ағындыларынан сақтап қалу үшін
қондырылады. Көтергіш құбыр 3 резервуардың ішінде тұрады
және мұнайды тиісті биіктіктен таңдауға арналған. Өлшеуіш
люк 4 резервуардағы мұнай және судың деңгейін өлшеу,
сонымен бірге сынамалар алу үшін арналған. Өлшеуіш люк
резервуардың төбесіндегі түтікке тік бекітіледі. Өлшеуіш люк
қақпағы төсем және қысылмалы, қайырмалы болт арқылы тығыз
бекітіледі. Өлшеуіш люктің ішінде бағыттауыш қалып арқылы
резервуарға түсіретін, лоты бар лента орналасқан. Лоттың
қалыбы ұшқын пайда болуын болдырмау үшін мыстан немесе
алюминийден жасалады. Жарық люгі 5 резервуардың төбесінде
қабылдау-таратқыш түтікшенің үстінде орналасады. Резервуар
қақпағы ашылған кезде ол арқылы жарық түседі, яғни
резервуарды тазалау және жөндеу алдында алдын ала желдетіп
алады. Люк-лаз резервуарға тазалау, жөндеу сонымен қатар
жарық түсіру және желдету кезінде адамдардың кіруіне
арналған. Су айдаушы қондырғылар қабат суларын айдауға
арналған (7.3-сурет).
7.3-сурет. Резервуардан суды сифонды шығарудың сұлбасы
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
247
Олар көбінесе сифон түрінде орындалады. Тізенің (колено)
биіктігі (h
c
) резервуардағы мұнай мен су бағанының деңгейімен
анықталады:
∙ (ℎ −
+ ℎ −
) = ℎ
∙ ,
Бұдан
ℎ
с
= ℎ ∙
+ ℎ .
Тыныстың қақпағы 8 (7.2-сурет) немесе 1 (7.4-сурет)
резервуардың атмосферамен газды аумағын шекті мүмкін
қысым немесе температура өзгерісі кезінде вакуум пайда болған
кезде, сонымен қатар резервуар толып немесе босап қалған
кезде
автоматты
түрде
хабарлап
отырады.
Тыныстың
қақпақтары артық қысымға есептелген және резервуардағы
газды аумақтағы вакуум 20*9,81 Н/м
2
дейін болуы керек.
Мұндай артық қысым кезінде қалыңдығы 2,5 мм
жапырақты болаттан жасалған резервуар шатырының массасы
оның артық қысымымен теңестіріледі. 1 м
2
шатырдың массасы
20 кг-ды құрайды, сондықтан шатырға күш түспейді, егер ішкі
қысым шатыр массасының қысымынан артық болып кетпесе.
7.4-сурет. Ауа клапанының функционалды сұлбасы:
1- вакуум қақпағы; 2- гидравликалық сақтандырғыш қақпақ,
артық қысым қақпағы
Достарыңызбен бөлісу: |