Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет58/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
214 
процесс  жылдам  жүріп  және  шайырлы-парафинді  шөгінділер 
толығымен жойылады.  
АШПТ-ны  жою  әдістерін  қолдануда  айтарлықтай  шектеу 
жоқ.  Алайда,  осындай  кешенді  жолды  қолданғанда  абай  болу 
керек.  Шөгінділерді  интенсивті  жою  олардың  тоқтап  қалып 
және құбырда тығынның пайда болуына әсер етуі мүмкін.  
Объектілерді  екі-үш  этапта  өңдейді:  алдымен  жеңіл  КС 
еріткіштер арқылы әдеттегі температурада, одан соң толығымен 
АШПТ жою үшін 60–70 жоғары температурада. 
Парафин 
шөгінделу 
процесін 
алдын 
алу 
әртүрлі 
композициялы  химиялық  заттар  (ингибитор)  арқылы  жүзеге 
асады,  олар  АШПТ-ге  айтарлықтай  әсер  ету  механизмімен 
ерекшелінеді: 
 Адгезиялық, суландырғыш, гидрофилизация әсері;
 Модифицияланған, депрессорлы әсер;
 Жуу, көпфазалы детергентті әсер.
БӘЗ  композициясы  қондырғы  беті  табиғатына  әсер  етеді 
және  шайырлы-парафинді  шөгіндіні  диспергирлейді.  Ұңғымаға 
тұрақты түрде оны енгізуде құбырлар бетінде парафин түзілуіне 
қарсы  ЖМ  полимерлі  полярлы  адсорбент  қабықшасы  пайда 
болады.  Адсорбент  майлау  рөлін  атқарады,  әлсіз  полярлы 
парафин құрайтын мұнай үшін, ол қондырғы бетінде шөгіндінің 
азаюын қамтамасыз етеді.  
Бір  уақытта  мұндай  реагент  шайырлы-парафинді  заттарды 
диспергирлеп  қатты  фазаға  әсер  етеді,  ол  олардың  сұйық 
ағынымен  кедергісіз  шығуына  әсер  етеді.  Адсорбциялы  әсері 
бар ингибиторларды қолдану технологиясының негізінде мұнай 
өндіріс  қондырғыларын  периодты  түрде  реагенттің  сулы 
ерітіндісімен  өңдеп,  белгілі  бір  уақытқа  оның  құбырға  тұнуы 
жатыр.  Су-мұнайлы ағын арқылы  қабырғадан  парафин  қабатын 
жою  арқылы  ұңғыманың  периодты  тоқтауы,  реагент  пен 
қондырғының ластануы да кемшіліктеріне жатқызуға болады.  
Модификаторлар 
фазалық 
ауысу 
процесс 
кезінде 
парафиннің  кристалдық  құрылымына  әсер  етеді.  Нәтижесінде, 
құрылымы  жағынан  бір-бірімен  байланыспаған  парафиннің 
дамымаған 
дендритті 
кристалдары 
құрылады. 
Олардың 
қолданудың  технологиясы  қату  температурасының  төмендеуі 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
215 
және 
мұнайдың 
реологиялық 
қасиетінің 
жақсаруына 
негізделген.  Процесс,  парафиннің  кристалдану  температура-
сынан жоғары  кезіндегі,  мұнайға  реагентті  үздіксіз  беру  шарты 
кезінде орындалады.  
Депресанттар  парафиннің  кристалдануының  өсуін  және 
тығыз қабықты құрылымның түзілуін алдын алады.  
Жуу түріндегі ингибиторлар келесідей әсер етеді: 
 Олар  мұнайда  тікелей    немесе  "су-ингибитор-мұнай"
арқылы ериді; 
 Алканды  блоктар  немесе  БӘЗ  парафин  шөгіндісінің
қатты  түрге  ауысу  фазасына 
еніп,  сонымен  бірге 
кристалданады; 
 Олардың  гидрофильді  блоктары  су  немесе  мұнай  фаза
беттерінде концентрацияланады; 
 Ингибиторлар  металл  бетінде  әлсіз  адсорбцияланады
және қабат суы немесе мұнай ағынымен тез шайылады; 
 БӘЗ  полярлы  анионды  және  катионды  топтары  АШПТ
бөлшектерінің 
пайда 
болуына, 
кристалдарының 
өсуіне, 
дисперсия өлшеміне әсер етеді; 
 Ұңғыма  өнім  ағындарымен  бірге  қозғалып,  ингибитор
парафин  шөгінділерін  ұсақ  дисперсті  жағдайда  ұстап  тұрады, 
осы  арқылы  кристалл  бөлшектерін  құбыр  қабырғаларынан 
жууды қамтамасыз етеді.  
Жуу  әсеріндегі  ингибиторларды  қолдану  технологиясы 
диспергирлеу  және  қондырғы  көлемінде  және  қабырғаларында 
болатын  парафин  кристалл  бөлшектерін  жууды  қарастырады. 
Ол 
парафиннің 
кристалдану 
температурасынан 
жоғары 
температура  кезіндегі  мұнайға  реагентті  үздіксіз  айдау 
шартында жүргізіледі.  
Реагенттерді  сәтті  пайдалану  талап  негізі    ол  –  оларды 
парафин  кристалдану  моментінің  басталуына  дейін  шикі  мұнай 
ағынына  айдау.  Тәжірибеде  алдын  алу  әсері  кешенді  жүреді, 
мыналарды біріктіріп: 
 Тұрақты турбулентті режим кезінде мұнайды өндіру;
 Қабат қысымын газсыздану қысым басталуынан жоғары
ұстау; 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
216 
 Мұнайды қыздыру;
 Құбырларды жылу изоляциялау;
 Мұнай  еріткіштері  есебінен,  мұнайдың  еріткіш  қасиетін
жоғарылату; 
 Тиімді қаптау;
 Электрмагнит өрісі немесе ультрадыбыс;
 Парафин шөгінділерінің ингибиторлары.
Парафин  шөгінділерін  алдын  алудың  әрбір  әдісі  өндіріс 
шартында  өз  тиімді  қолдану  ауданына  ие.  Әдісті  таңдау  мұнай 
өндірудің  геология-физикалық  (6.1-кесте),  гидродинамикалық 
және  термодинамикалық  шартына  байланысты  емес,  ал  жеке 
алынған  ұңғыма  сипаттамасы,  шығару  линияларының  тазалау 
қажеттілігі  және  т.б.  байланысты.  Экономикалық  тұрғыдан 
қарағанда  еріткіштерді  ыстық  мұнаймен  немесе  БӘЗ  сулы 
ерітіндісімен  4–5  рет  жуғаннан  кейін  пайдалану  керек. 
Жоғарыда  айтылған  парафин  шөгінділерімен  күресі  әдістері 
оларды  дұрыс  пайдалану  кезінде  парафинді  шөгінділерімен 
тиімді күресуге мүмкіндік береді.  
6.2. Коррозиялық бұзылыстар 
"Коррозия"  термині  латынның  "corrode"  сөзінен  шыққан, 
ол  "жеу"  деген  мағынаны  білдіреді.  Коррозияның  ең  танымал 
түрлері  темір  және  болаттың  тоттануы.  Ұқсас  процестер  басқа 
да металдар, сонымен қоса бейметалл материалдарда да жүреді.  
Коррозия  –  қоршаған  ортаның  электрхимиялық  немесе 
химиялық  әсер  ету  нәтижесінде  металдардың  (Ме)  бұзылу 
процесі. Коррозия механизмі әр жағдайда әртүрлі, металдардың 
сыртқы  түрі  бойынша  бұзылыстары  да  әртүрлі  (6.3-сурет), 
олардың арасында бөліп айтатындар: 
 Біртекті  (жалпы)  металл  бетінде  бірдей  жайылады;
темірдің тоттануы, күмістің қараюы; 
 Жергілікті  (локальді),  беттің  белгілі  бір  аудандарында
болады; 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау