Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
205
материалдар ие. Олардың гидрофильді жыныстары бар.
Парафинделудің
ең
төменгі
қарқындылығы
әйнекте,
фторқабатта,
ең
жоғарғысы
полиэтиленде.
Парафиннің
полиэтилен бетінде түзілуінің жоғарғы дәрежесі оның
құрылысы және шекті КС дәрежесімен түсіндіріледі,
ондайларға мұнайлы парафиндердің көрсетушілері жатады.
Гидрофильді материалдар парафиннің түзілуіне жақсы
қарсыласа
алады.
Әртүрлі
кедір
бұдырлықтар
болат
құбырлардың бетінде араласу үрдісін, газ бен парафиннің
бөлінуін
қарқындатады.
Болат
құбырлардың
беттерін
өңдеудің жоғары сапасы парафинделу үшін кедергі емес.
Парафиннің бөлінуінің ең бастапқы сатыларында ғана «болат
беттердің өңделуінің сапасы» әсер етеді. Парафиннің бір
қабатының қалыптасуынан кейін парафиннің жинақтылы
жылдамдығы енді бетті өңдеу жиілігіне тәуелді болмайды.
Алайда бұл фактор парафинді түзілістерді жойғаннан кейін
орын алады. Мұнайда
құмның
немесе
басқа
да
механикалық қоспалардың пайда болуы жабдықтардың
парафинделу дәрежесіне айтарлықтай әсер тигізбейді.
Қысым жанама түрде әсер етеді. Түзілістердің пайда
болуына негізделген аймақтардың қысым өзгерісінің кең
диапазоны (5-10 МПа) сипатты. Мұнайдың газбен қанығу
қысымынан төмен қысымдарда кристалданудың бастапқы
температурасының төмендеуі байқалады, бұл мұнайда ерітілген
газ көлемінің ұлғаюымен түсіндіріледі. Оның құрамда болуы
мұнайда парафиннің ерітілуіне әсерін тигізеді. Мұнайдың газбен
қанығу
қысымынан
жоғары
қысымдарда
парафиндердің
кристалданудың басталу температурасы қысымның артуымен
жоғарылайды (6.1-сурет).
6.1-сурет. Қабат
мұнайының парафинмен
қанығу
температурасының
қысыммен байланысы
Қ
ан
ы
ғу
те
м
п
ер
ат
ура
сы
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков, Г.Ж. Смаилова
206
Газ факторы – парафинді түзілістердің қалыптасуын
анықтай алатын негізгі параметр болып табылмайды. Кейбір
ұңғымаларда парафиндердің түзілу үрдісі мұнайдың газбен
қанығу қысымынан жоғары болатын қысымдарда басталады.
Оның мөлшері үрдісті қарқындатады. Мұнай ағынының
жоғарылауымен жинақталу қарқындылығы бастапқыда артады,
максимумға жетіп, қандай да бір жылдамдықта төмендей
бастайды. Мұндай заңдылық жылдамдықтың артуымен мұнай
ағыны парафиннің кристалын ұстап тұруымен сипатталады.
Сонымен қатар, ағын жылдамдығының артумен пайда болған
парафиннің шайылып кетуі немесе үзіліп кету мүмкіндігі
байқалады.
Кейбір зерттеушілер парафинді түзілістердің
максимальды қарқындылығын ағын режимінің ламинарлыдан
турбуленттіге ауысқан кезде пайда болуымен емес, ағынның
жылдамдығымен байланыстыру орынды деп тұжырымдайды.
Ағында мұнайдың сулану дәрежесінің артуы парафиннің
түзілу қарқындылығына әкеп соқтырады, егер:
– жылусыйымдылық артса (судың жылусыйымдылығы
мұнайдың
жылусыйымдылығынан
жоғары)
ағынның
температурасы да артады;
– беттің шайылу сипаты өзгерген кезде, құбыр қабырғасы-
ның сумен байланысу ауданының артуы кезінде байқалады.
Уақыт өтуіне қарай бөлінген парафиннің мөлшері
артады. Үрдістің қарқындылығы алғашқы кезінде байқалады,
содан кейін түзілістердің пайда болу жылдамдығы мұнайдан
қоршаған ортаға жылу берілісі азайған кезде төмендейді.
6.1.2. Парафинді түзілістердің құрамы
Парафинді түзілістердің құрамы мұнайдың құрамына
және термодинамикалық шарттарға байланысты болады,
олардың
нәтижесінде
ол
қалыптасады.
Мұнайдың
температурасы төмендеген кезде ең алдымен тығыз жүзетін
көмірсутектер, ал кейінгі кристалдану кезінде азырақ тығызды
жылжымалылар кристалданады. Термобариялық шарттарға
байланысты парафинді түзілістердің құрамы тіпті бір ұңғымада
аса әртүрлі болуы мүмкін. Олар құрамындағы асфальтен, шайыр
және церезиндер бойынша ажыратылады.
Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
207
6.1-кесте
Қазақстан кен орындарының шамалы геологиялық-физикалық
сипаттамалары
Көрсеткіштер
Параметрлердің мәні
Минимальды
Максимальды
Өнімді горизонттардың орналасу
тереңдігі, м
1490
3100
Қабаттық қысым, МПа
15,2
29,6
Қабаттық температура,
о
С
50
92
Қанығу қысымы, МПа
6,0
15,5
Қабаттық мұнайдың меншікті газ
факторы, м
3
/т
35
1430
Қабаттық мұнайдың тығыздығы,
кг/см
3
600,0
850,0
Қабаттық мұнайдың тұтқырлығы,
мПа*с
0,3
7,5
Мұнайдың қату температурасы,
о
С
-35
+7
Мұнайдың салмақтық құрамы, %:
Парафин
0,2
11,8
Шайыр
0,1
14,7
Асфальтен
0,1
8,5
Мұнайдың парафинмен қанығу
температурасы,
о
С
5
50
Парафиннің балқу
температурасы,
о
С
41
68
Кейбір кездері парафинді түзілістердің құрамында су және
механикалық қоспалар бар және келесі құраммен сипатталады %:
Парафиндер және гибридті КС: 10-75;
Асфальтендер 2-5;
Шайырлар 11-30;
Механикалық қоспалар 1-5.
Метан қатарлы қатты көмірсутектердің қатарында мұнайда
гибридті КС бар, олар кристалдануға бейім болып келеді –
церезиндер.
Достарыңызбен бөлісу: |