Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет62/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
229 
 
бар,  ол қысқа уақытты мұнай және мұнай өнімін жуғанда тұрақты 
болып табылады.  
Пайдалану  және  пайдаланатын  бетін  тегістеуге  байланысты 
эпоксидты-винилді  материалдардың  жұмыс  уақыты  6-дан  10 
жылға дейін болуы мүмкін. Бұдан сенімді 8-10 жыл жұмыс істеуді 
айтқанда  импортты  эпоксидты-полиуретанды  сұлба  жабынын 
айтамыз: глянецті және лайды төмен ұстайтын жартылай глянецті 
жабындар. 
Йотун, 
Текнос 
фирмаларының 
жабындарының 
эпоксидты-полиуретанды  сұлбаларын  пайдалану  технологиясы 
меңгерілген.  Ұқсас  жағдайлар  Тиккурила,  Хемпел  және  басқа 
фирмаларға қатысты болуы да мүмкін.  
АООТ  «ВНИИнефтехим»  тәжірибелік  жұмысында  ғылыми 
зерттеулер  нәтижесінде  «кілт  асты»  сыйымдылық  қондырғылары 
және  резервуарлардың  сыртқы  және  ішкі  бетін  толығымен 
коррозиядан қорғау кешен жұмыстары жүзеге асуда. Көлемі 300-ден 
10000  м
3
  болатын  резервуарды  коррозиядан  қорғау  тәжірибе 
жұмыстары жинақталған.  
Арматура 
және 
қондырғының 
көрінетін 
бөлігіндегі 
атмосфералық  коррозияға  қарағанда  бетасты  коррозия  көбінесе 
жасырын және ағымдар болмағанша көрінбейді.  
Резервуардың  кез  келген  негізгі  төрт  бөлігінің  бұзылысы  – 
қақпақ, корпус, түбі және фундамент – ішіндегісінің ағуын немесе 
ластануына әкелуі мүмкін. Ағулардың нәтижесі өте күрделі болуы 
мүмкін,  егер  резервуарды  тез  жанатын  КС  табиғаты  бар  заттар 
сақталса.  Басқа  факторлардан,  резервуардың  жұмыс  істеу 
уақытына  теріс әсер  ететін, оның пайдалану сенімділігіне түптегі 
бетасты коррозиясы үлкен қауіп төндіреді.  
Көптеген  резервуарлар  болат  негізінде  жасалынған,  олар 
арнайы  топырақ  бетінен  биіктікте    дайындалған  фундаментке 
сүйенеді (6.13-сурет). 
 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
230 
6.13-сурет. Бетасты коррозияның көрінуі 
Резервуар  түбін  негізгі  қорғау  әдісіне  (активті)  катодты 
қорғау  жүйе  құрылымы  (cathodic  protection  –  СР),  түбіне 
сыртқы  жабындарды  жабу,  «еселі  түп»  жасау  және  резервуар 
фундаменті  үшін  арнайы  жоғары  электр  кедергісі  немесе 
сілтілігі бар материалдарды қолдану жатады.  
Резервуар  фундаменті  бетон  және  асфальттан  жасалған, 
егер  ҚЖ  қондырғы  жүйесі  қарастырған  талаптарды  толығымен 
қанағаттандырмайды.  Себебі  бетон  және  асфальттан  жасалған 
фундамент  ҚЖ  қорғаныш  тогын  резервуар  түбіне  жеткізбейді. 
Бұндай  фундаменттер  резервуар  түбі  және  топырақ  төменгі 
жағында  ылғалға    (электролит)  арналған  кедергі  болып 
табылады.  Бұл  ерекшелік  бетасты  коррозияны  жұмсартуда 
қолданылады.  Жақсы  жобаланған  фундамент  резервуар  түбіне 
топырақ ылғалының енуіне үлкен қорғаныш бола алады.  
Осылайша,  электролиттің  болмауы  бетасты  коррозияның 
айтарлықтай 
төмендеуіне 
апарады. 
Алайда 
осындай 
фундаментті  сәтті  пайдалану  және  бетасты  коррозияны 
жұмсартуға  резеруар  түбі  және  фундамент  арасындағы 
саңылаулар жаңбыр суы немесе атмосфералық ылғал енбес үшін 
бітелген (6.14-сурет). 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
231 
 
 
 
6.14-сурет. Резервуар түбі және оның фундаменті арасына ылғал енуді 
алдын алу үшін екікомпонентті тығыздаушы материал жағылған 
 
Саңылауларды бітеудің герметикалық тиімді әдісі  – сәйкес 
тығыздығыштарды  пайдалану  болып  табылады.  Тығыздаушы 
дұрыс таңдалуы керек, пайдалану кезінде кеуіп жарылып кетпес 
үшін.  Егер  қолданылған  тығыздаушы  материал  бұзылса,  ол 
контрөнімді  рөл  ойнауы  мүмкін.  Тесіктерді  саңылаусыз  бекіту 
үшін  резервуардың  сыртқы  сақиналы  бетін  және  фундамент 
арасын  екікомпонентті  полисульфидті  тығыздағышпен  қамту 
керек, ол ылғал және коррозиялық заттарды жинағыш болады.  
Мұны  ені  3–4  см  болатын  шеңбер  канава  және  сыртқы 
сақинаның  сәйкес  тереңдік  арқылы  жүзеге  асыруға  болады. 
Сақинаға  бетін  қорғайтын  бояу  жағады.  Одан  соң,  шеңбер 
жыраға  сыртқы  сақина  беті  шетіне  дейін  тығыздаушы  салуға 
болады (6.14-сурет). Бұған қоса, резервуар фундаментінің беттік 
жазықтығы    сыртқа  қарай  еңіс  болу  керек,  ол  жаңбыр  суы 
немесе ағыс резервуал толған кезде түбіне ақпау керек. Мұндай 
схема  сақинаны  бақылап  отыру  үшін  ашық  қалдыра  отырып, 
нәтижелі герметизацияны қамтамасыз ете алады.  
Ағуды  детектрлеудің  дәстүрлі  әдісі  резервуарлардың 
түптерінің  астына  дренажды  құбырлар  орнатуға  негізделген. 
Алайда  дренажды  құбырлар  орнату  туралы  шешім  толық 
талдануы  қажет.  Резервуардың  қолданыстағы  түбінің  типін, 
резервуардың  құрылысын  және  жергілікті  атмосфералық 
жағдайларды ескеру қажет.  


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
232 
 
Ылғал  зонадағы  бетонды  немесе  асфальтті  фундамент-
тердегі  резервуарлар  үшін  дренажды  құбырлар  зиянды  болуы 
мүмкін. Мұндай жағдайларда дренажды құбырлар резервуардың 
түбі  мен  фундаментінің  арасына  орнатылса,  ылғалдың  өтуіне 
және  нүктелік  коррозияның  тура  саңылауларға  (6.15-сурет) 
дейін  өтуіне  қызмет  етеді,  ол  жамауды  қайнату  арқылы 
жөндеуді талап етеді.  
 
 
Қираудың (root-causefailureanalysis - RCFA) негізгі себептерін 
талдаудың  бір  бөлігін  құрайтын  жете  зерттеулер  жүргізілген. 
Резервуарда  орналасуына  байланысты  коррозиялардың  әсерінен 
пайда 
болған 
дефектілердің 
таралуының 
статистикалық 
диаграммасы құрылған (6.16-сурет). 
Зерттеулер 
көрсеткендей, 
коррозиядан 
туындаған 
зақымдардың көпшілігі резервуардың түбінің центрінен ең алыс 
зонасында  болған.  Жүргізілген  бақылаулар  мен  коррозиялық 
дефектілердің  статистикалық  талдау  қорытындылары  негізінде 
жаңбыр  суы  немесе  қоршаған  орта  ылғалы  резервуардың 
фундаменті  мен  түбі  арасынан  өтуі  мүмкін  деген  болжам 
жасалды.  
 
 
6.15-сурет. Бетасты коррозия нәтижесінде резервуардың түбінде тесіп 
өткен саңылаулар пайда болған 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау