«Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен 050731 «Тіршілік әрекеті мен қоршаған ортаны қорғау»


-тақырып. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін



жүктеу 0,58 Mb.
бет4/8
Дата14.11.2018
өлшемі0,58 Mb.
#19630
1   2   3   4   5   6   7   8

4-тақырып. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторы.

4 дәріс.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің мемлекеттiк еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасы Заңдарының және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық кесімдердiң Қазақстан Республикасының аумағында сақталуына бақылау жасайды.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкiметінің кесiмдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi басшылыққа алады.

Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк инспекторларға мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы құрылымдық бөлiмшесiнің басшысы;

2) Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - Министрлiктің мемлекеттiк еңбек инспекциясы құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлерi;

3) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары басшыларының тиiстi орынбасарлары;

4) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары - Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлерi.

Мемлекеттiк еңбек инспекторларының негiзгi мiндеттерi:

1) жұмыс берушiлердiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң қызметi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

2) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы мәселелерi бойынша өтініштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) еңбек заңнамасының сақталуын, соның iшiнде қызметкерлердiң ешбiр кемсiтушілiксiз бiрдей еңбегi үшiн теңдей ақы алуға, демалуға, қауiпсiздiк және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына, еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты олардың денсаулығына немесе мүлкiне келтiрілген зиянды өтеу құқығының сақталуын бақылайды;

2) еңбек заңнамасын бұзуға әкеп соқтыратын себептер мен мән-жайларды, шағымдарды тексеру және зерттеу жүргiзу арқылы анықтайды, сондай-ақ еңбек заңнамасын бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды iске асыру жөнiндегі шараларды әзiрлеуге және қабылдауға қатысады;

3) еңбек заңнамасының, еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, техника қауiпсiздiгiнiң бұзылу себептерiне талдау мен қорытынды жасайды және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды;

4) өндiрiстегі жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды тексеруге қатысады және олардың есебiн жүргiзедi;

5) өндiрiстік жарақаттанушылық пен кәсiби аурулардың жай-күйi мен себептерiне талдау жүргiзедi, олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

6) өндiрiстiк мақсаттағы объектілердiң аяқталған немесе қайта жаңғыртылған құрылысын пайдалануға қабылдау жөнiндегі комиссияның жұмысына қатысады;

7) тексерулердiң қорытындылары бойынша еңбек туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар бередi;

8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берілетiн рұқсаттарда ескертілген шарттардың орындалуын бақылауды және тексерудi жүзеге асырады;

9) еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшін жұмыс берушілердi, өндiрiстік бөлiмшелердiң басшыларын хабардар етедi, мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамасын орындамаған жағдайда кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізедi;

10) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, қорытуды, жүйелеудi және талдауды жүзеге асырады;

11) еңбек заңнамасы мәселелерi бойынша ұйымдарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

12) өз құзыреті шегiнде мемлекеттік инспекторларға Министрлiк жүктеген өзге де функциялар.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өздерiнің негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:

1) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауына тексеру жүргiзуге;

2) еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау жағдайына тексеру жүргiзу мақсатында ұйымдарға кедергiсiз баруға;

3) шетелдiк жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттарда ескертілген шарттардың орындалуына тексеру жүргiзуге;

4) мемлекеттiк инспекторларға жүктелген функцияларды орындау үшiн қажетті тиiстi құжаттар мен өзге де ақпаратты жұмыс берушілерден сұратуға және алуға;

5) еңбек заңнамасы нормаларының анықталған бұзушылықтарын жою туралы жұмыс берушілердің орындауы үшін мiндетті нұсқамалар беруге, сондай-ақ заңның бұзылушылығы туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жаза қолдануға және сотқа талап-арыз беруге;

6) өздерiнің құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

7) еңбектi қорғау жөнiндегi заң және нормативтік құқықтық кесiмдердi қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретін бұзушылық анықталған жағдайда ұйымдардың (кәсіпорындардың), жекелеген өндiрiстердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының және жабдықтардың пайдаланылуын осы бұзушылықтар жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға);

8) еңбек заңнамасы талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киiмдердiң, арнаулы аяқ киiмдердiң және басқа да жеке қорғаныш құралдарының жұмыс орындарында берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға;

9) қауiпсiздiк техникасы жөнiнде оқытудан және нұсқамалықтан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге, сондай-ақ еңбек туралы және еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес ережелердi, нормаларды және нұсқауларды білуiн тексеруге;

10) еңбек заңнамасын бұзу және жұмыс берушілердің мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындамауы фактілері жөнiндегi ақпаратты, қуыным талаптары мен өзге де материалдарды тиiсті құқық қорғау және сот органдарына жiберуге;

11) мемлекеттік еңбек инспекторларына жүктелген функцияларды атқару үшiн жұмыс берушілерден және ұйымдардың тиiсті лауазымды адамдарынан жағдай жасауды талап етуге;

12) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары:

1) еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексерiстердi уақытында және сапалы жүргізуге;

3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтары туралы, оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында жұмыс берушілердi, ұйымдардың басшыларын, лауазымды адамдарды хабардар етуге, кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;

4) ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтау жағдайларын сипаттайтын көрсеткiштердi жинауды, қорытуды, жүйелеудi және талдауды жүзеге асыруға;

5) еңбек заңнамасы мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге;

6) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара бiрлесiп әрекет етуге;

7) өз құзыретiнiң шегiнде уәкілетті органдарды және басқа да мемлекеттік органдарды еңбек заңнамасының талаптарын бұзу фактiлерi туралы хабардар етуге;

8) еңбек заңнамасын бұзушылық фактілерi бойынша, оның iшiнде жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды тоқтата тұру (тыйым салу) кезiнде материалдар әзiрлеуге және құқық қорғау органдарына жiберуге;

9) азаматтардың, ұйымдардың, еңбек қауiпсiздігі мен еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi шағымдарын, өтiнiштерiн және ұсыныстарын уақытында қарауға;

10) білiктілік талаптарына сәйкес еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласында қажеттi даярлықты шешуге;

11) өзiнiң лауазымдық өкілеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде алған мемлекеттiк құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi.

Мемлекеттiк еңбек инспекторларының заңсыз әрекеттерiне бағыныстылығына қарай облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бас еңбек инспекторларына, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк еңбек инспекторына не сот тәртiбiмен шағым жасауға болады.



Қызметтi ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк еңбек инспекторларының қызметiн тиiстi бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы:

1) Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органы бас мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын ұйымдастырады;

2) Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары мемлекеттiк еңбек инспекторларының жұмысын үйлестіредi;

3) мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін еңбек туралы және еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi әдiстемелiк нұсқауларды әзiрлеудi ұйымдастырады;

4) қызметкерлердiң еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғаларға ұшырауын және денсаулығына келтiрілген өзге де зақымдарды тексеру мен есепке алудың белгiленген тәртiбiнiң орындалуын өз құзыреті шегiнде қамтамасыз етедi;

5) республика бойынша еңбек заңнамасының сақталуының жай-күйiне мониторинг жүргізудi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларына талдау жасауды ұйымдастырады;

6) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуының жай-күйi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметіне ақпарат және баяндамалар әзiрлеудi ұйымдастырады;

7) қабылдау жүргiзедi, азаматтардың және ұйымдардың хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;

8) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келiспеушілiктер, сондай-ақ еңбек заңнамасы мен еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесiмдер мәселелерi бойынша қорытындылар бередi;

9) Министрлiк өзiне жүктеген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк еңбек инспекторларының қызметiн ұйымдастырудың өзге де түрлерiн қамтамасыз eтeдi.

Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары: жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеуге қатысады;

2) азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;

3) еңбек заңнамасының сақталу жай-күйi туралы ақпараттар, анықтамалар және баяндамалар әзiрлейдi;

4) республика бойынша өндiрiстiк жарақаттану жай-күйiне мониторинг жүргiзедi, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерi мен мән-жайларын талдайды, оларды жою және алдын алу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрiнің бұйрығымен құрылатын адам өлiмiне соқтырған топтық жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;

6) еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша семинарларды әзiрлеуге әрі еңбек туралы және еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттiк еңбек инспекторларының оқуын ұйымдастыруға қатысады;

7) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысын тексеру және оларға практикалық, әдіснамалық көмек көрсету және ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтауы жөнiнде бiрлескен зерттеулер мен тексерулер жүргiзуге қатысу үшін жергiлiктi жерлерге шығып тұрады;

8) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттемелерiне сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары:

1) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторларының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;

2) облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларын оқыту және білiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырады;

3) еңбек заңнамасын бұзуға кiнәлi адамдарға облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларының ықпал ету шараларын қолдануының негізділігі мәселелерiн қарайды;

4) заңнамада белгiленген жағдайларда өндiрiстегі жазатайым оқиғаларды арнайы зерттеу жөнiндегі комиссияның құрамын белгілейдi;

5) жазатайым оқиғаларды тексеру барысында туындаған келіспеушіліктер бойынша, сондай-ақ еңбек туралы және еңбек заңнамасы мәселелерi мен еңбек қатынастарын реттейтiн өзге де нормативтік құқықтық кесiмдер бойынша қорытындылар бередi;

6) өз құзыретінің шегiнде еңбек қатынастары саласында өкiлеттiгiн жүзеге асыратын орталық атқарушы органдарды (бұдан әрi уәкілетті орган) еңбек заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабардар етедi;

7) өздеріне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары:

1) ұйымдардың еңбек туралы және еңбек заңнамасын сақтауы мәнiне тексерудi жүзеге асырады;

2) азаматтар мен ұйымдардың өздерiнiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша хаттарын, арыздарын және өтiнiштерiн қарайды;

3) Министрлiктiң аумақтық органының бұйрығымен құрылатын өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексеру жөнiндегi арнаулы комиссиялардың жұмысына қатысады;

4) еңбек туралы және еңбек заңнамасының сақталу жай-күйi туралы есептер, ақпараттар, анықтамалар мен баяндамалар әзiрлейдi;

5) өздерiне жүктелген лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз жұмысында Министрлiк әзiрлеген және бекiткен нұсқамалар бланкiлерiн, есеп нысандарын, омырауға тағатын белгiлердi және жеке мөртаңбаларды пайдаланады.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз қызмет мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6,8]

Қосымша әдебиеттер:[1-10]


5-тақырып. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексеру.

5 дәріс.

Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді және олардың білімін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Жұмысқа қабылданған адамдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтеді де кейіннен міндетті түрде оның білімін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын-ала оқытудан, нұсқау беруден және олардың білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

Өндірістік ұйымдардың қызметкерлері, басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мамандықтар тізбесін, сондай-ақ оқытудың тәртібі мен нысанын жұмыс беруші мамандықтың сипатына, жұмыс түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, қызметкерлердің өкілдерімен келісе отырып, ал ол болмаған жағдайда жұмыс берушінің актісімен белгілейді.

Ұйымдарда мамандықтар бойынша қызметкерлерді оқыту және білімін тексерудің тәртібі.

Жұмысшы мамандықтар бойынша қызметкерлерді оқыту және білімін тексеру жылына 1 реттен сиретпей жүзеге асырылады. Жұмысшы мамандықтар бойынша қызметкерлерді оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Білім тексеру нәтижесі хаттамамен ресімделеді.

Өндірістік ұйымдарда мамандықтар бойынша оқытуды (сабақтар, дәріс, семинарлар) жұмыс беруші тиісті саладағы жоғары білікті мамандарды, тәжірибелі инженер-техникалық қызметкерлерді және ұйымның өзінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тарта отырып, жүргізеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды қарастыруы керек және оны жұмыс беруші бекітуге тиіс.

Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқыту ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты адамдарының басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде жүргізіледі.

Еңбек қауіпсіздігінің заңнамамен белгіленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндірісте қосымша арнайы оқыту жүргізіледі.

Жұмыстың, лауазымның, мамандықтың осы түрі бойынша жұмыста 3 немесе одан да көп, ал қауіптілігі аса жоғары жұмыста - 1 жылдан артық уақыт үзілісі бар қызметкерлер өздік жұмыс басталғанға дейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан өтуге тиіс.

Құрамы 3 адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жұмыс берушінің бұйрығымен құрылады.

Комиссия төраға, хатшы және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына тиісті комиссиядан білімін тексеруден өткен бөлімшелердің басшылары, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар, кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторы кіреді.

Емтихан комиссиясының қызметі тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібін жұмыс беруші айқындайды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімі тексерілетін қызметкерлер оны өткізуден 30 күн бұрын ескертілуге тиіс.

Білімін тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге куәлік немесе хаттамадан үзінді көшірме беріледі.

Қызметкер қанағаттанғысыз деген баға алған жағдайда, білімін қайта тексеру бір айдан кешіктірілмей белгіленуі керек. Білімін қайта тексеруге дейін қызметкер өздік жұмысқа жіберілмейді.

Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудың және білімін тексерудің тәртібі.



Өндірістік ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары ұдайы, үш жылда кемінде бір рет тиісті білім беру ұйымдарындағы біліктілік арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өтуге тиісті.

Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары экономика саласындағы ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды қарастыруы керек және оны еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік орган бекітуге тиіс.

Басшы қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту (сабақтар, дәріс, семинарлар) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары мамандарын, оқу орындарының оқытушыларын, тәжірибелі заңгерлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тарта отырып жүргізіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшы қызметкерлердің білімін тексеруді оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін біліктілікті арттыру курстарында (сабақ болған жерде) еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған, құрамы 3 адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргізеді.



Емтихан комиссиясының қызметі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібін оның төрағасы айқындайды.

Комиссия төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы және комиссия мүшелерінен тұрады. Емтихан комиссиясының құрамына біліктілікті арттыру курсының басшысы, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының мамандары (келісім бойынша) кіреді.

Басшы қызметкерлердің білімін тексеру үшін емтихан комиссиясы тестілеу әдісін немесе емтихан билеттерін пайдалана алады. Емтихан билеттері немесе тест өндірістік ерекшеліктерді, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және оқу бағдарламасын ескере отырып әзірленеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша басшы қызметкерлердің білімін тексергеннен кейін емтихан комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:



еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтті;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін қайта тексеруге жатады.

Емтихан комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Басшы қызметкерлердің білім тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өткен басшы қызметкерлерге Қазақстанның барлық аумағында жарамды, белгіленген үлгідегі, сертификат беріледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтпеген басшы қызметкерлер білімін қайта тексергенге дейін өздерінің атқаратын лауазымдарында қалады. Білімін қайта тексеру алғашқы білімін тексеру өткен күнінен бастап үш айдан кешіктірмей өткізіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін қайта тексеруден өтпеген басшы қызметкер Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша көрсетілген мерзімнен тыс білімін қайта тексеруден басшы қызметкерлер мына жағдайларда:

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде жаңа нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенде, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде;

жұмыс берушінің шешімі бойынша пайдалануға жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық үдерістер енгізілген кезде;

жұмыс берушінің шешімі бойынша жауапты адам басқа жұмысқа ауыстырылған немесе оны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қосымша білімді талап ететін басқа лауазымға тағайындалған кезде;

жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша соңы адам өлімімен немесе мүгедектікпен аяқталған топтық жазатайым оқиғалар орын алған кезде, сондай-ақ апат, жарылыс, өрт немесе улану кезінде;

жұмысында бір жылдан астам уақыт үзіліс болған кезде өтеді.

Емтихан комиссиясының шешіміне байланысты дауларды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе сот қарайды.

Жұмысқа қабылданған басшы қызметкерлер еңбек шартына қол қойған күннен бастап бір айдан кешіктірмей еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтуге тиіс.

Ұйымда басшы қызметкерлердің оқудан және білімін тексеруден уақтылы өтуін бақылауды жұмыс беруші осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.



Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша

нұсқама жүргізу тәртібі.

Нұсқама сипаты мен жүргізілу уақытына қарай былай бөлінеді:

1) кіріспе;

2) жұмыс орнындағы алғашқы;

3) қайталама;

4) жоспардан тыс;

5) мақсатты.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама білімі, осы мамандық немесе лауазымы бойынша жұмыс өтіліне байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, іссапарға келгендерге, өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі.

Ұйымдағы (кәсіпорындағы) кіріспе нұсқаманы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет немесе бұл міндеттер ұйым бұйрығымен жүктелген тұлға жүргізеді.

Кіріспе нұсқаманы жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ереже, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып бекіткен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізеді.

Өндірістік қызмет басталғанға дейін жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама:

1) ұйымға жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екіншісіне ауысқан қызметкерлердің бәріне;

2) өздері үшін жаңа жұмыс орындап жатқан қызметкерлердің, іссапарға келгендердің, уақытша қызметкерлердің бәріне;

3) жұмыс істеп жатқан ұйымның аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшыларға;

4) өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізеді.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамадан босатылған қызметкерлердің мамандықтары мен лауазымдарының тізбесін жұмыс беруші ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен, қызметкерлердің өкілетті органымен келісім бойынша бекітеді.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама ұйымның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тиісті ереже, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектің қауіпсіз тәсілдерін практика жүзінде көрсете отырып, әрбір жұмысшыға жеке жүргізіледі. Алғашқы нұсқама біртекті жабдыққа қызмет көрсететін қызметкерлер тобына және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.

Қызметкерлер өздік жұмысқа машықтанғаннан кейін, теориялық білімі тексерілген және жұмыстың қауіпсіз дағдыларын меңгергеннен кейін жіберіледі.

Қайталама нұсқамадан қызметкерлер біліктілігі, білімі, өтілі, орындайтын жұмысының сипатына байланыссыз жартыжылдықта кемінде бір рет өтеді.

Қайталама нұсқаманы біртекті жабдыққа қызмет көрсететін жеке қызметкерлерге немесе қызметкерлер тобына және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.

Жоспардан тыс нұсқама:



1) қолданысқа еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жаңа немесе өңделген стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізілген кезде;

2) технологиялық үдеріс өзгерген, жабдықтарды, құрылғылар мен құралдарды, сыртқа шығарылатын шикізат пен материалдарды және т.б. еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар ауыстырылған немесе жаңартылған кезде;

3) қызметкерлер жарақаттануға, апатқа, жарылыс пен өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін еңбек қауіпсіздігін бұзған кезде;

4) бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргізіледі.

Жоспардан тыс нұсқама жеке қызметкерге немесе бір мамандықтағы қызметкерлер тобына жүргізіледі. Нұсқаманың көлемі мен мазмұны оны жүргізу қажеттігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.

Мақсатты нұсқама мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде жүргізіледі.

Авария, табиғи апаттар мен апаттардың зардаптарын жою.

Наряд-рұқсатнама, рұқсатнама және т.б. құжаттар ресімделетін жұмыстарды жүргізу.

Жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсатты нұсқамаларды жұмысты тікелей басқарушы (ұста, цех бастығы) жүргізеді.

Жұмыс орнындағы нұсқамалар ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегімен тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген дағдысын тексерумен аяқталады. Қызметкердің білімін нұсқау жүргізген қызметкер тексереді.

Қанағаттанғысыз білім көрсеткен қызметкерлер өздік жұмысқа жіберілмейді және нұсқаманы қайта өтуге тиісті.

Нұсқаманы жүргізген қызметкер жұмыс орнында алғашқы, қайталама, жоспардан тыс нұсқаманы жүргізу туралы және жұмыс істеуге рұқсат беру туралы жұмыс орнындағы нұсқамаларды тіркеу журналына нұсқаушы мен нұсқау алушының қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазады. Жоспардан тыс нұсқаманы тіркеу кезінде оның жүргізілу себебі көрсетіледі.

Наряд-рұқсаттама бойынша жұмыс жүргізетін қызметкерлерге жүргізілетін мақсатты нұсқама наряд-рұқсатнамада немесе жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін басқа құжаттамада белгіленеді.

Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі нұсқаманы тіркеу журналдарын нөмірлейді, тігеді және жұмысты тікелей басқарушыларға (ұста, цех бастығы) қолын қойғызып береді.

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6-12]



Қосымша әдебиеттер:[1,2,4,6-10]
жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау