Бақылау түрі
|
Ұпайлар
|
Мерзімдік бақылау (лабораторялық жұмыстар)
|
20
|
Мерзімаралық бақылау (коллоквиумдар, семестр барысындаѓы бақылау жұмыстары)
|
30
|
Үйге берілетін тапсырмалар (реферат)
|
10
|
Қорытынды бақылау
|
40
|
Барлығы
|
100
|
Студенттердің білім деңгейін анықтау мақсатында рейтингтік бақылау жүйесі қолданылады. ҚарМУ-інде студент рейтингі 100-балдық бағанмен анықталады. Бұндай баған ондық рейтингтік бірліктер шекарасынан аспай студенттердің білімін дифференцациялауға мүмкіндік береді.
Ағымдық бақылау студенттерді үздіксіз жұмыс жасауға ынталандыруға бағытталған. Студенттің ағымдық рейтингі төмендегі жұмыстарға қойылған балдардан құралады:
сабаққа белсенді қатысу мен толық жауаптар беру;
лабораториялық жұмыстарды уақытында орындау мен қорғау;
үй тапсырмасын орындау;
дәріс конспектілерін ұқыпты жазу;
сабақтарға қатусу.
Ағымдық бақылау барысында студенттің мынандай дәстүрлі емес шараларға қатысудағы белсенділігі ескеріледі: дөңгелек үстел, іскерлік ойындар, айтыстар, дебаттар, кіші конференциялар мен т.б.
Ағымдық бақылау оқытушы мен студенттің күнделікті қарым-қатынасына бағытталған; ол пәнді оқу барысында студенттердің алдында пайда болатын мәселелерді шешудің тұрлі жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Ағымдық бағаны тәжірибелік сабақтарды жүргізетін оқытушы қояды.
Ағымдық бақылауда қолданылатын шаралар мен оларды бағалау критерийлерін оқытушының өзі анықтайды. Қорытынды бақылауға қатысу үшін студент ағымдық рейтинг бойынша минимал балл жинау керек.
Аралық бақылау студенттердің пән бөлімдерін өздігінен оқу нәтижелерін түйіндеуге арналған. Аралық бақылауды лектор өткізеді.
Студенттердің аралық рейтиггісі төмендегі жұмыстар үшін алған балдардан құралады::
коллоквиумдарға қатысу;
топтық және жеке дара консультацияларға қатысу;
жазбаша жұмыстарды орындау;
өздік жұмысты орындау;
ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
курстық жұмыстарды қорғау;
- тесттік тапсырмаларды орындау.
Оқу курсы аяқталғаннан кейін емтихан түріндегі қорытынды бақылау өткізіледі.
Қорытынды бақылауға қажетті рейтинг ағымдық және аралық бақылауларда жиналған балдардан құралады.
Бақылаулардың барлық түрлері дәстүрлі (ауызша емтихан) немесе инновациялық (тестілеу, дебаттар және т.б.) түрде өткізілуі мүмкін.
Бақылу жүргізудің әрбір кезеңінде жиналған балдар бағдарламалық материалды қабылдау деңгейіне байланысты үлестірілуі мүмкін (кестеге назар аудар):
1.9. Курс саясаты мен процедурасы:
Барлық студенттер бүкіл бақылау түрлерінен уақытында өтуі тиіс. Кешігулер, босатулар, жұмыстарды кешігіп тапсыру, аралық және қорытынды бақылауларға келмеу, үй тапсырмаларын орындамау балдардың 20%-ға дейін төмендетілуіне әкелуі мүмкін.
Курс процедурасы :
Лекциялық, тәжірибелік және лабораториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу;
Босатылған сабақтардың материалы тарсырылуы тиіс;
Өздік жұмыстарды орындау (кесте бойынша);
Лабораториялық жұмыстарды қорғау (кесте бойынша);
Коллоквиум тапсыру (кесте бойынша);
Тест тапсыру (кесте бойынша);
Семинарда рефераты баяндау;
Емтихан тапсыру (кесте бойынша);
Әріптік жүйедегі бағалар
|
Баллдар
|
%-тік құрамы
|
Дәстүрлі түрдегі бағасы
|
A
|
4.0
|
100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттандырарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
D-
|
0,67
|
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттандырарлықсыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |