Студенттерге қойылатын әкімшілік талаптар:
Уақытында реферат тапсырмау - минус 5 балл. Аралық бақылау талаптарын орындамау (коллоквиумге қатыспау – минус 5 балл, бақылау жұмысын орындамау – минус 5 балл, тестілеуге қатыспау – минус 5 балл) тағы да басқа материалдар өңделмесе жалпы бес ұпай кемітіледі.
Кешігулер мен сабақты босатулар – семестр бойында алған ағымдық бақылаудан балдарды шегереді.
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1. Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы 3 кредит
|
Тақырып атауы
|
Лекциялар
|
Семинарлар
|
Лаборатор.
сабақтар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп кәсіпорындардағы еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі заңдылықтар.
|
1
|
1
|
|
4
|
4
|
|
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі
|
2
|
2
|
|
4
|
4
|
|
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
|
1
|
1
|
|
4
|
4
|
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінiң мемлекеттік еңбек инспекторы
|
1
|
1
|
|
4
|
4
|
|
Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды жүргізу, нұсқау беру және олардың білімін тексеру
|
2
|
2
|
5
|
6
|
6
|
|
Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу
|
1
|
1
|
|
4
|
4
|
|
Қауіпті өнеркәсіптік объектілер және олардын қапуіпсіздігің камтамасыз ету
|
2
|
2
|
|
4
|
4
|
|
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау.
|
1
|
1
|
|
4
|
4
|
|
Аварияларды жою. Инциденттердің,авариялардың себептерін тексеру және
есепке алу
|
2
|
2
|
5
|
5
|
5
|
|
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның
ішінде шетелдік) дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат беру
|
2
|
|
5
|
6
|
6
|
|
Барлығы
|
15
|
15
|
15
|
45
|
45
|
2.2. Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп кәсіпорындардағы еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөніндегі заңдылықтар
1 дәріс.
Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау саласындағы заңдары Қазақстан Республиасының Конституциясына негізделген. Еңбекті қорғау қамтамасын етудің құқықтық негізін сәйкесті заңдар мен заңды актілер: Президент жарлықтары мен Өкімет қаулылары құрайды.
Еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Өкіметі, уәкілді органдар мен олардың территориялды бөлімшелері, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілді мемлекеттік органдар мен басқа уәкілді органдар іске асырады.
Еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат мынаған бағытталған:
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласындағы ҚР құқықты актілерін, мемлекеттік стандарттарды, ережелерді, жасау мен қабылдау;
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік, салалық және жергілікті бағдарламаларды жасау;
еңбек жағдайын, қауіпсіздігі мен оны қорғауды жақсартуға бағытталған іс-шараларды экономикалық ынталандыру жүйесін жасау мен енгізу;
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласында мониторинг өткізу;
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі мәлелелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу;
өндірістегі кесірлі оқиғалар мен кәсіби ауруларды бірыңғай тіркеуді қолға алу;
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласында ҚР-ның заңдарының орындалуын қадағалау;
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласындағы жұмыскерлердің заңды мүдделері мен құқықтарының орындалуын қадағалауды іске асыру;
өнеркәсіп орнында залалға тап болған және зақымданған жұмыскерлер мен олардың жақындарының заңды мүдделерін қорғау;
ауыр, зиянды және қауіпті жұмыс үшін өтем ақы тағайындау;
жетекші отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесін еңбек жағдайын жақсарту мен оны қорғауға тарту;
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мен оларды дайындау;
еңбек жағдайы, өндірісте жарақат алу, кәсіби аурулар мен олардың салдары жайындағы мемлекеттік статистикалық есепті ұйымдастыру;
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласында бірегей ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласындағы халықаралық қарым-қатынас.
Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6,8]
Қосымша әдебиеттер:[1-10]
2-тақырып. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі
2-дәріс.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ереже Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексіне сәйкес әзірленді және жұмыс берушілердің жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бекітілген талаптарды орындауына және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауына бағытталған.Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметін құрады. Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыру, өндірістік бақылау деректеріне жедел талдауды жүргізу, қауіп-қатерді бағалау және анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарға сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды қабылдаудан тұрады.
Қызмет өз жұмысында мемлекеттік еңбек инспекциясымен, басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, ұйым қызметкерлерінің өкілдері және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларымен өзара бірлесіп әрекет жасайды.
Қызметтің негізгі міндеттері:
1) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу алдын-алу және өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың алдын-алу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру;
2) өндірістік телімдердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру;
3) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Қызметтің жұмыстары:
1) ұйымдардың бөлімшелеріне кедергісіз кіруге, өндірістік, қызметтік және тұрмыстық бөлмелерді қарауға, есептермен, статистикалық және басқа да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттармен танысуға;
2) жұмыс берушінің атынан өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі алдын-алу, ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмау жөніндегі алдын-алу іс-шараларының әзірленуіне және орындалуына, сондай-ақ ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттемелерінің орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің барлық қызметкерлеріне
анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын
бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану туралы орындалуы міндетті
нұсқаулар беруге және оларға жауап алуға;
4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеудің, есепке алудың және оларға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды орындаудың белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
5) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінен қызметтің құзырына
жататын мәселелер жөніндегі ақпаратты және материалдарды белгіленген
тәртіппен сұратуға және алуға;
6) ұйымда еңбек қауіпсіздігі жағдайының жай-күйін бақылауға, еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуді, енгізуді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
7) өндірістік учаскелерде еңбек жағдайларына жедел талдау жүргізуге, қатерлерді бағалауға және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға;
8) ұйым басшыларына салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмысын ұйымдастырылуын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге;
9) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу іс-шараларын әзірлеуге;
10) қолданыстағы Ережелердің талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
11) ұйымның еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлердің денсаулықтарына келтірілген өзге де зақымдарды зерттеудің және есепке алудың тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге;
12) оқу бағдарламаларын келісуге және ережелер мен нормативтердің талаптарына сәйкес қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, оның ішінде жаңа жабдықтарды және жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытуға қатысуға;
13) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы мәселелерін талқылау кезінде ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысуға;
14) қабылдау комиссиясының өндірістік мақсаттағы салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу жөніндегі жұмысына қатысуға;
15) ұйымды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық әдебиетпен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиетпен, плакаттармен, техникалық құралдармен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдауға;
16) кәсіпорын жетекшісінің тапсырмасы бойынша қызметтің құзырына жататын мәселелер жөніндегі қызметкерлердің хаттарын, өтініштерін және шағымдарын қарауға;
17) өндірісте кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын-алу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған оңалту іс-шараларын әзірлеуге қатысуға;
18) құрылымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмысында әдістемелік көмек көрсетуге;
19) мемлекеттік еңбек инспекциясының және өзге де мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бөлігіндегі шешімдерінің орындалуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің, нормалардың, стандарттардың енгізілуін;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі ұйымның бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау кабинеттері жұмысының ұйымдастырылуын және де жұмыстың озық тәжірибесі енгізілуін;
арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын сатып алудың, сақтаудың, жуудың, химиялық тазалаудың, кептірудің, шаңнан арылтудың, зиянсыздандыру мен жөндеудің ұйымдастырылуын;
тиісті қызметтердің құрал-жабдықтарды, машиналар мен механизмдерді қажетті сынақтардан және техникалық куәландырулардан уақытында өткізуін, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу кестесінің сақталуын;
еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың, өндіріс процесінде еңбек қауіпсіздігі стандарттарының, сондай-ақ қайта құрылған өндірістік объектілердің жобаларының сақталуын ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
20) жұмыс берушінің келісімі бойынша (немесе оның рұқсаты бойынша) ақпараттарды, мәліметтерді, бекітілген есептер немесе өзге де құжаттарды қағаз және электронды түрде немесе олардың міндеттеріне сәйкес көшірмелерін мемлекеттің еңбек инспекциясына ұсынуға;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерді кезекті медициналық байқаулардан және тексерулерден өткізуді ұйымдастыру үшін кәсіптер мен лауазымдардың тізімін құрастыруда ұйымдардың бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетуге;
22) еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестациялауды өткізуді басқа қызметтермен бірлесіп ұйымдастыруға міндетті.
Қызметті ұйымдастыру.
Қауіпсіздік қызметі мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі және жұмыс берушіге тікелей бағынады. Қызметті ұйымдағы еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші басқарады. Қызметтің құрылымы мен санын жұмыс беруші осы ұйымда жұмыс істейтіндер санына және өндірістің қауіптілігі мен зияндылығына қарай айқындайды.
Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6,8]
Қосымша әдебиеттер:[1-10]
3-тақырып. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.
3 дәріс.
Мемлекеттік бақылау жүргізудің мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
Мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің немесе қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындауына тексеру жүргізуі жолымен жүзеге асырылады.
Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді:
1) жоспарлы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін тексеру.
Жоспарлы тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі басқа да бақылаушы органдармен және қызметкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, кешенді түрде де жүргізілуі мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен асырылмай, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты - үш жылда бір реттен жиі емес өткізілуі тиіс.
Жекелеген ұйымдарда немесе экономиканың тиісті салалары ұйымдарында кешенді тексеру жүргізу қажеттілігін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың қалыптасқан жай-күйін немесе өндірістік жарақаттанушылық деңгейін ескере отырып айқындайды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар жібереді.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері тапсырмалардың негізінде, сондай-ақ ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы жөніндегі талдау нәтижелеріне сәйкес тиісті айға, тоқсанға, жарты жылдыққа және бір жылға арналған тексеру жүргізу жоспарын жасайды.
2) жоспардан тыс тексерулер жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы туралы өтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтарды дереу жоюды талап ететін фактілерді анықтаған немесе осындай бұзушылықтар белгілерінің болуын куәландыратын немесе өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу кезінде анықталған құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алған жағдайларда жүргізіледі.
Мемлекеттік еңбек инспекторы жоспардан тыс тексеру немесе өндірістегі жазатайым оқиғаға тексеру жүргізген жағдайда, жоспарлы тексерулер тексеру жүргізу жоспарын бекіткен лауазымды адаммен келісім бойынша басқа мерзімге ауыстырылады.
Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылмайды.
Тексерудің ұзақтығы он күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Ерекше айларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік еңбек инспекциясының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы (немесе оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін оқшауланған құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін жиырма күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге, ал оқшауланған құрылымдық бөлімшесі бар тұлға үшін отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
Тексеруді жүргізу мерзімін есептеу жұмыс берушіге құжаттарды ұсыну туралы талаптың берілу және олардың мемлекеттік еңбек инспекторына ұсынылу сәттері аралығындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастар алдында жұмыс берушіге мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын табыс етеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі жасайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген жоспардан тыс тексерулер белгіленген тәртіппен ай сайын (айына бір рет) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі органдарда есептік тіркелуге тиіс.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру, сондай-ақ осындай жағдайларды туғызған себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында өткізілетін тексерулері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркелуге және есепке алынуға жатпайды.
Жүргізілген тексеру мен оның нәтижелері туралы ақпарат жұмыс берушінің тексеру актілерін есепке алу кітабына енгізіледі.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер:
1) нұсқама:
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы;
жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады. Жұмыс беруші бұзушылықтарды үш күн өткенге дейін жойған жағдайда, осы актіні жасаған мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы ұйымның қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы актінің күшін жояды;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.
Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды адамдардың тексеруді жүзеге асыру барысында белгілі болған (анықталған) еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі данада жасалады, оның біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.
Лауазымды, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауға міндетті.
Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6,8]
Қосымша әдебиеттер:[1-10]
Достарыңызбен бөлісу: |