«Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен 050731 «Тіршілік әрекеті мен қоршаған ортаны қорғау»


-тақырып. Аварияларды жою. Инциденттердің, авариялардың себептерін тексеру және есепке алу



жүктеу 0,58 Mb.
бет6/8
Дата14.11.2018
өлшемі0,58 Mb.
#19630
1   2   3   4   5   6   7   8

9-тақырып. Аварияларды жою. Инциденттердің, авариялардың себептерін тексеру және есепке алу

9- дәріс.

Аварияларды жоюға әзірлікті қамтамасыз ету

Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында:

1) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу, олардың салдарын шектеу және зардаптарын жою жөніндегі профилактикалық жұмыстарға әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тартуға;

3) авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервін ұстауға;

4) қызметкерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария бола қалған жағдайдағы қорғану әдістері мен іс-қимылдарын үйретуге;

5) қауіпті өндірістік объектілерде авария бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және іс-қимылды қолдау жүйелерін құру мен олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

Аварияларды жою жоспары

Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.

Аварияларды жою жоспарында:

1) жедел бөлім;

2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;

3) авария туындаған жағдайда хабарланатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімдері болады.

Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және авариялық-құтқару қызметтерімен және құрамаларымен келісіледі.

Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар

Қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген жоспар бойынша жүргізіледі. Оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып жүргізеді. Оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.

Авариялардың себептерін тексеру тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, олардың құзыреті шегінде белгілейді. Авария себептерін тексеру шығыстарын қаржыландыруды авария болған қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.



Инциденттердің, авариялардың себептерін тексеру және есепке алу

Қауіпті өндірістік объекті иесінің іс-әрекетi

Қауіпті өндірістік объектінің иесі қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс істемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимінен ауытқыған (инцидент) кезде:

үш тәулік ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді;

инцидентті тексеруді жүргізеді;

инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;

болған инциденттердің есебін жүргізеді.

Авария болған кезде:

болған авария туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органға дереу хабарлайды;

хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етеді;

аварияның себептерін тексеру жөніндегі комиссияға аталған комиссияның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін қажетті барлық ақпаратты табыс етеді;

комиссия жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады.

Аварияларды тексеру жөніндегі комиссия

1. Қауіптілігі декларациялануға тиіс объектілердегі аварияны уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.

2. Қалған аварияларды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.

3. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі аварияларды тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады.

4. Комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объекті иесінің өкілі кіреді.

Комиссияның құқықтары

1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.

2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететін мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар аварияны тексеру жөніндегі комиссияға комиссия төрағасы белгілеген мерзімде табыс етіледі.

3. Тексеру барысында аварияны тексеру жөніндегі комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсініктеме алуға құқығы бар.

Тексерудің міндеттерi

Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестерді бұзудың сипатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды белгілейді, материалдық залалды анықтайды.

Аварияны тексеру материалдарына:

1) аварияның себептерін тексеру үшін комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;

2) аварияның себептерін тексеру актісі, оған:

авария болған жерді қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;

авария орнының эскизі;

комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкімі және аварияны тексеру жөніндегі комиссия шығарған басқа да өкімдер;

сараптама комиссиясының аварияның себептері туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердің, эксперименттердің, талдаулардың нәтижелері қоса беріледі;

3) авариялық-құтқару қызметі қызметкерлерінің (егер олар аварияны жою үшін шақырылған болса) баянхаттары;

4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсініктемелері;

5) қызмет көрсететін персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту, олардың білімін тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;

6) аварияның мән-жайы мен себептерін сипаттайтын басқа да материалдар кіреді.

Тексеру материалдарын техникалық ресімдеу қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей:

1) декларацияланған объектідегі авария жөніндегі материалды - уәкілетті органға;

2) қалған авариялар жөніндегі материалдарды - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

Комиссияның шешімі бойынша аварияның себептерін тексеру материалдары объект орналасқан жердегі сотқа жіберілуі мүмкін.

Тексеру қорытындылары

1. Объект иесі аварияның себептерін тексерудің нәтижелері бойынша он күн ішінде бұйрық шығарады.

Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептері туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі және кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгіленуге тиіс.

2. Объект иесі аварияны тексеру нәтижелері бойынша ұсынылған іс-шаралардың орындалу мерзімі туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді.

3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен болса, қауіпті объект иесі оны әзірлеушіге рекламация, ал уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне оның көшірмесін жібереді.

Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауіпті өндірістік объектінің иесі көтереді.

Аварияларды жоюға әзірлікті қамтамасыз ету

Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында:

1) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;

2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу, олардың салдарын шектеу және зардаптарын жою жөніндегі профилактикалық жұмыстарға әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тартуға;

3) авариялардың салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервін ұстауға;

4) қызметкерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария бола қалған жағдайдағы қорғану әдістері мен іс-қимылдарын үйретуге;

5) қауіпті өндірістік объектілерде авария бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және іс-қимылды қолдау жүйелерін құру мен олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

Негізгі әдістер: [1-14]

Қосымша әдістер: [1-10]

10-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның ішінде шетелдік) дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат беру.

10 дәріс.

Қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын қайта құрылған, оның ішінде шетелде өндірілген техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қабылдау сынақтарына жатады.

Қабылдау сынақтарын уәкілетті орган аттестаттаған ұйымдар жүргізеді.

Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік  үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсатты уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.

Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсат алу үшін аттестатталған ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды:

1) сынақ жүргізу жөніндегі комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрықты;

2) сынақ бағдарламасы мен әдістемесін ұсынады.

Тәжірибелік үлгілерге қабылдау сынақтары техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізілуге тиіс. Уәкілетті органмен келісім бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргізілуі мүмкін. Сынақтардың көлемі мен оны жүргізу тәртібін аттестатталған ұйым айқындайды.

Шетелде өндірілген техникалық құрылғылар, материалдар үшін үлгілерге қабылдау сынақтарын жеткізуші елде Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жүргізуіне жол беріледі. Мұндай сынақтарды жүргізу уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары мен нормаларына сәйкестігі туралы акт, кемшіліктерінің болуы немесе болмауы, оларды жою жөніндегі ұсынымдар, өнімнің осы түрін Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнінде ұсыныстар беріледі.

Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) мақсаты туралы қысқаша ақпараты бар ілеспе хатты;

2) дайындаушының сериялық өндіру кезінде өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін растайтын сараптамалық қорытындыны ұсынады.

Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзім ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды. Толық емес деректер ұсынылған жағдайда өтініш берушіден қосымша мәліметтер сұратылады. Бұл жағдайда қарау мерзімі олардың келіп түскен уақытынан бастап есептеледі.

Уәкілетті орган қарау нәтижелері бойынша техникалық құрылғыларды, материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында дайындауға рұқсат береді.

Ұсынылған өтінім өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге негізделген бас тарту беріледі.

Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың мақсаты мен қолданылу саласы туралы қысқаша ақпараты бар ілеспе хатты;

2) технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады.

Технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган оларды қолдануға рұқсат береді.

Пайдалану процесінде технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда оларға берілген рұқсат кері қайтарып алынады.

Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттардың есебін уәкілетті орган жүзеге асырады.

Рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектілері үшін қолданылады. Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген және кері қайтарып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкілетті орган мерзімдік баспасөзде жариялайды немесе уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

Жаңа, оның ішінде шетелде өндірілген жарылғыш материалдарды қолдануға рұқсатты уәкілетті орган сынақтар кешенін өткізгеннен кейін береді, ол:

1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларға сәйкес келуіне бақылау сынақтарын;

2) өндірістік жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;

3) өндірістік сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелеріне байланысты бір немесе екі кезеңде жүргізуді қамтиды.

Сынақтар жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына кәсіпорынның, сараптама ұйымының және уәкілетті органның өкілдері енгізілуге тиіс. Өтінім беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

1) тәжірибелік партияны сынау актісін;

2) жарылғыш материалдардың сәйкестік сертификатын ұсынады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жасауға:

1) қауіпті өндірістік объектілерді салудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы жатады.

Жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда міндетті түрде қайта сараптама жүргізілуге тиіс;

2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;

3) өндірістік қауіпсіздік декларациясы;

4) ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйі жатады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын уәкілетті орган аттестаттаған ұйымдар қауіпті өндірістік объект иесінің қаражаты есебінен жүргізеді. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижесі болып табылады.

Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында



жұмыстар жүргізуге аттестаттау

Ұйымдар:


1) декларацияланатын объектілерде жұмыстар жүргізу;

2) техникалық құрылғылардың, технологиялардың және материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар беру;

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу;

4) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;

5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу;

6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;

8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру құқығына аттестатталуға тиіс.

Аттестаттау үшін ұйым мынадай құжаттарды:

1) өтінішті;

2) ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3) ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;

4) ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысын табыс етеді.

Құжаттарды қарау құжаттарды толық көлемде тапсырған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Уәкілетті орган қарау нәтижесі бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелді шешім ұйымға шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде беріледі.

Аттестатты беруден мына себептер бойынша:

1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмағанда;

2) ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келмегенде бас тартылуы мүмкін.

Ұйым аталған себептерді жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.

Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.

Ұйым өзіне берілген аттестатта көзделмеген, осы баптың 1-тармағында аталған қызметті жүзеге асырған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіппен аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады.

Аттестат сот тәртібімен:

1) заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылған;

2) аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған;

3) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініш берген;

4) қолдану мерзімі аяқталған жағдайда кері қайтарылады.

Аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты уәкілетті орган мерзімдік баспасөзде жариялайды.

Уәкілетті орган берілген және кері қайтарылып алынған аттестаттардың тізбесін жүргізеді.

Негізгі әдебиеттер: [1-14]

Қосымша әдебиеттер:[1-10]

2.3. Тәжрибелік сабақтарының жоспары.

1,2-сабақтар.

Тақырыбы. Кіріспе.Өмір сүру қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың құқықтары.

Сұрақтар:

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңдарының негізі болып табылады.

Өмір сүру қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдылықтарының негізгі ұғымдары.

Өмір сүру қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік құқықтық акттар.

Қауіпсіз еңбек шартын құрудың негізі ретінде алынатын өмір сүру қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қалыпты талаптар.

Тапсырма:

Қазақстан Республикасының негізгі заңдылықтарын оқып үйрену.



Әдістемелік нұскаулар:

Студенттердің бойына кез-келген инженерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі қауіпсіздікке негізделген ойлар қалыптастыру.

Негізгі әдебиеттер: [1-8]

Қосымша әдебиеттер:[1-10]


3-сабақ.

Тақырыбы. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің принциптері, әдістері мен құралдары.

Сұрақтар:

  1. Зиянды заттардың қоқысы.

  2. Зиянды заттарды шашу және тұндырудың сипаты.

Тапсырма: Ауадағы зиянды заттардың мазмұнын есепте.

Әдістемелік нұсқау:

Есептеуде өнеркәсіп жұмысының қауіпсіздігіне көңіл бөлу

Негізгі әдебиеттер: [1-4]

Қосымша әдебиеттер: [10]


4-сабақ.

Тақырыбы. Өндірістік жарықтандыру. Жұмыс аландарын және трассаларды жасанды жарықтау есептеулері.

Сұрақтар:

Өндірістік жарық берудің талаптары.

Еңбек қауіпсіздігіне жұмыс орындарының жарықтандыруларының әсері. Негізгі жарық техникаларының көлемдері. Табиғи және жасанды жарықтандырулар, жарықтандыру түрлері, нормалаулар. Жасанды жарықтандырулардың есептернің әдістері. Өндірістік жарықтандыруларға негізгі талаптар.

Тапсырма:

Өндірістік жарықтандыру негіздермен таныстыру.



Әдістемелік нұскаулар:

Студенттерге еңбекті қорғау саласының және оның бұзылмауының талаптарының орындауымен таныстыру.

Негізгі әдебиеттер: [1-8,10]

Қосымша әдебиеттер:[1-8,10]


5-сабақтар.

Тақырыбы. Өндірістік шу мен діріл. Акустикалык есептер.

Сұрақтар:

Адам ағзасына зиянды әсерлер. Дірілдердің, шулардын сипаттамалары.Нормалау және олардың денгейлерін бақылау.

Тапсырма:

Студенттерді өндірістік шу мен діріл негіздерімен таныстыру.



Әдістемелік нұскаулар:

Студенттерге еңбекті қорғау саласының және оның бұзылмауының талаптарының орындауымен таныстыру.

Негізгі әдебиеттер: [1-8,9]

Қосымша әдебиеттер:[1-8,9]


6-сабақ.

Тақырыбы. Өндірістік жарықтандыру.

Сұрақтар:

  1. Жасанды жарық.

  2. Жарықтық.

Тапсырма: Бөлмедегі жасанды бірөлшемді жарықты есепте.

Әдістемелік нұсқау:

Есептеудің мақсаты- сәйкес келетін жарық аспабын, және де жұмыс аймағының бір өлшемді жарық беруін таңдау

Негізгі әдебиеттер: [1-5]

Қосымша әдебиеттер: [1-10]


7-сабақтар.

Тақырыбы. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңдылықтардың орындалуын бақылау.

Сұрақтар:

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың мониторингі.

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі құқықтары мен міндеттері.

Ұйымдағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласын қоғамдық бақылау.

Жұмыскерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі құқықтарын қорғау.



Тапсырма:

Студенттерді Қауіпсіздік және еңбекті қорғау заңдылықтарын орындауды бақылау ұйымдарының принциптерімен таныстыру.



Әдістемелік нұскаулар:

Студенттердің бойына өндірістерде қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі заңдылықтардың орындалуын бақылау қажеттілігі ұғымын қалыптастыру.

Негізгі әдебиеттер: [1-12]

Қосымша әдебиеттер:[1-8]


8,9-сабақтар.

Тақырыбы.Радиациялық, химиялық қауіпсіздігі.

Сұрақтар:

  1. Ластанған территорияның тазарту принциптері.

  2. Радиациялық, химиялық барлау аспаптары. .

Тапсырма: Аспаптың жұмыс принципін оқу.

Әдістемелік нұсқау:

Радиациялық және химиялық барлау аспабын таңдағанда жұғудың сипатын ескеру.

Негізгі әдебиеттер: [1-9]

Қосымша әдебиеттер: [1-10]



10,11,12-сабақ.

Тақырыбы.Техникалық жүйелердің қауіптілігі. Жеке дара және коллективтік қорғаныс құралдары.

Сұрақтар:

Үймереттер мен ғимараттарды найзағайдан қорғау құрылгылардының категориялары.

Найзағай тартқыш зоналарын қорғауды анықтау.

Ноксосфера- қауптілікті тудыру аймағы.

Гомосфера- жұмыс аймағы.

Қаупті аймақ.

Мотовирленген және ирмотивирленген қауіп.

Адам әрекеттері мен тахникалық жүйелердің қауіптілігі.



Тапсырма:

Студенттерді адамға және өмір сүру ортасына техникалық жүйелерді функциялаған кезде зиянды және қауіпті факторлардың әсер ету себептерімен таныстыру.



Әдістемелік нұскаулар:

Студенттердің бойына техникалық жүйелерді эксплуатациялаған кезде туындайтын қауіпті және зиянды факторларды анықтай алу мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Негізгі әдебиеттер: [1-8,12]

Қосымша әдебиеттер:[1-8,10]


13,14,15-сабақтар.

Тақырыбы. Жаңа үлгілерді жасау, сынау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары. Автоматтандырылған процестердің қауіптілігі. Аварияларды жою. Инциденттердің,авариялардың себептерін тексеру және есепке алу

Сұрақтар:

  1. Радиациялық жағдай.

  2. Жиілікті электрлік сүзгіштер.

  3. Аварияларды жою.

  4. Инциденттердің,авариялардың себептерін тексеру және

  5. есепке алу.

Тапсырма: Ядролық атылудың жасалу уақытын шағылу мөлшердің қуатын есептеу.

Әдістемелік нұсқау:

Есептеуде атылу қуатын және жұғу аймағын ескеру.

Негізгі әдебиеттер: [1-12]

Қосымша әдебиеттер:[1-8]



2.4. Зертханалық сабақтар жоспары

Зертханалық жұмыстарды жасауға арналған жоспар:

1.Студент зертханалық жұмысқа дайындалғанда зертханалар дағы әдістемелік нұсқауларды оқып-үйреніп, олардың конспекті лерін жасау керек;

2.Жұмысқа кіріспей тұрып студент мұғалімнен не инженер ден руқсат алу керек;

3.Студент жұмыс нәтижелерін рәсімдегенде алынған деректер ді пайдаланып қателерді есептеу керек;

4.Студент әдістемелік нұсқаудағы барлық сұрақтарға жауап бере отырып, зерттеу кезінде алынған деректерді, заңдылықтар ды оқытушы алдында талдап қорғау керек.

Келтірілген зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары арнайы практикум орналасқан зертханада бар. Зертханалық жұмыстарға бөлінген уақыт аралығында студент ең жоғары ұпай алу үшін 4 зертханалық жұмысты орындап қорғау тиіс.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 1

Өндіріс жарықтандыруды зерттеу

Мақсаты:Өндіріс жарықтандыру негізгі түрлерімен танысып, олардың сипаттамалары мен көрсеткіштерін өлшеу әдістерін оку.

Сұрақтар.


  1. Өндіріс жарықтандыру түрлері. Жарық қөздері.

  2. Өндіріс жарықтандыру сипаттамалары мен көрсеткіштері және оларды нормалау.

  3. Жұмыс орындардын микроклиматының оптимал және мұмкін болу параметрлері.

  4. Люксметр және оның сипаттамалары.

  5. Сырткы және ішкі фотоэффект құбылысы.

  6. Өндіріс жарығына қойылатын негізгі талаптар.

  7. Жарық сипаттамалары және оларды өлшеу әдістері.

  8. Жарықтын өлшеу бірліктері.

Құрал-жабдықтар.

Зертханалық макет, өлшеуіш құралдар, люксметр.

Тапсырма:

  1. Зертхана бөлмесінің жарықтандыруін өлшеу.

  2. Өлшеу орыңдарын белглеу – тікелей,жанынан, әйнекке жакын т.б.

  3. Белгленген орындардын жарықтандыруын өлшеу және таблицага жазу.

  4. Сырткы жарықтандыруді өлшеу.

  5. КЕО шамасын табу.

  6. Өлшеген шамалар бойынша графикті сызу.

  7. Қортынды жасау.

Негізгі әдебиеттер: [6-14]

Қосымша әдебиеттер: [1-10]



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 2

Иондағыш сәулелерді зерттеу және олардан қоргану
Мақсаты: Гейгер-Мюллер санағышымен, иондағыш сәулелер тұрлерімен танысу, өлшеу әдістерін білу.

Сұрақтар:

  1. Иондағыш сәулелер дегеніміз не, олардын түрлері.

  2. Әсері және қоргану.

  3. Өлшем бірліктері.

  4. Дозиметрлердін жұмыс істеу принципі.

  5. Иондағыш сәулелердін нормалауы.

Қажетті құрал-жабдықтар:.

Өлшеуіш құралдар, дозиметр,



Тапсырма:

1. Гейгер-Мюллер санағышының сезгіштігінің векторлық диаграммасын, γ-саулелері ағынының бағытымен санағыш осі арасындағы бұрыш 0˚-тан 360˚-қа дейінгі аралықта өзгерген кездегі жағдайлары үшін түсіру керек.



2. Тәжірибеде алынған және теория жүзінде есептелген санағыштың сезгіштігінің векторлық диаграммасын салыстырыңыз, айырмасы болса неге екенін түсіндіріңіз.

3. Санағыштың тұтану потенциалы (Uтұт) және критикалық тұтану радиусын (мұндағы n-соққылы ионизация кезіндегі сол облыстағы электрондардың соғылу саны, бүтін сан, -электронның еркін жолы ) біле отырып, соққы ионизациясы басталатын шекарадағы потенциалды табыңыз.

Негізгі әдебиеттер: [6-14]

Қосымша әдебиеттер: [1-10]
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3

ИСП-28, ИСП- 30 спектрографтарының негізгі сипаттамаларын анықтау.

Мақсаты: Призмалық спектрографтың негізгі сипаттамларымен танысу.

Сұрақтар:

1. Дисперсия құбылысы.

2. Интерференция құбылысы.

3. Юстировка негіздері.

4. Спектрогрвфтін жұмыс істеу принципі.

5. Спектрографтін түрлері.



6. Монохроматордін жұмыс істеу принципі.

7. Монохроматорлардін түрлері.

8. Спектральді қондырғылардың негізгі сипаттамалары.

9. Спектрографтардын қолдануы.

Құрал-жабдықтар.

ИСП-28, ИСП- 30 спектрографтар, монохроматор УМ-2.



Тапсырма.

1. Монохромор УМ-2 юстировкалау.

2. ИСП-28, ИСП-30 спектрографтарын юстировкалау.

3. Қондырғыны юстировкалаған соң, темірдің бірнеше спектрін алады. Анық спектрлердің орнының толқын үзындықтарынан тєуелділік графигін құрастыру керек. L=f(λ)- яғни қондырғының дисперсия қисығы. Ол бойынша темірдің басқа сызықтарының толқын үзындықтарын анықтаңыз. Анықталған толқын ұзындықтарды шын толқын ұзындықтарымен салыстырыңыз, өлшеу қателігін есептеңіз.

4. Спектрдің ұзын және қысқа толқынды облыстарында спектрографтың сызықтық дисперсиясын аңықтаңыз.

5. (1), (5) жєне (6) формулаларды қолдана отырып осы облыстардағы ажырату қабілетінің теориялық мәнін және ажырату шегін есептеңіз. Екі жақын орналасқан сызықтың ажыратылуы бойынша практикалық ажырату шегін анықтаңыз, практикалық ажырату қабілетін бағалаңыз және оны теориялықпен салыстырыңыз.

6. (8) формула бойынша қондырғының саңылауының қалыпты енін анықтаңыз.

Негізгі әдебиет: [1-14]

Қосымша әдебиет: [1-10]


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №4

жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау