Nл.с. = Nн.п. / Nэ.п. = 24/3 = 8 пар – 16 адам
1.4 Өрттің дамуы және сөндіру ерекшеліктері
Қонақ үй, ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Қонақ үй корпустарын кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады. Қонақ үй сыйымдылығы 500 орынға дейін болады, ал биіктігі 3-тен 5-ке дейінгі және оданда биік қабатта болады. Қазіргі уақытта корпустарын 800-1000 орынға дейін тұрғызып жатыр. Жаңа конақ үйлерінде қабаттарының биіктігі 3,3 м.
Қазіргі кезге дейін 3-4 өрт төзімділік дәрежелі қиын жанатын және жанғыш материалдардан салынған ескі құрылыстағы мектептерде көп.
Ғимаратының ішкі жоспарлануы коридорлы бір жақты әртүрлі бөлмелер орналасуымен. Коридорлар үлкен қашықтықта болуы мүмкін және табиғи жарықтануы болмауы мүмкін, ал орталық сатылы торлары көбінесе ашық орындайды. Қабаттарда мұғалімдердің бөлмесі, кітапхана, асхана, 25-30 орынды класстар, дәрігерлік көмек көрсету пункті, информатика кабинеті т.б. бөлмелер орналастырады.
Көптеген бөлмелерін желдеткіш каналдарының таратқыш жүйесінен ауаны кондиционерлеу қондырғысымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауалы жылыту, орталықтандырылған шаңды жинау жүйесі, қоқыс құбырлары, әртүрлі электр және радио қондырғылар, телевидение және т.б. кеңінен қолданылады. Өрт ауыртпалығы бірдей емес, ол 80-100 құрайды, 40-50, ал басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2.
I және II өрт төзімділік дәрежелердегі ғимараттарда от 0,5-1,5 м/мин жылдамдақта бөлмедегі қондырғылармен, жиһаздармен және жанғыш материалдармен тарайды. Бөлмеден от және жану өнімдері коридорға тарайды. Егер саты торлары коридорлардан бөлінбесе, онда жану өнімдері және от жоғары орналасқан қабаттарға тез тарайды және оқушыларға құтқару жолдарын бөгеп қалуы мүмкін. Жеке ғимараттарында бірнеше саты торлары қосылған, бұл олардың тез түтіндеуіне әкеп соғады.
Жалынның және түтіннің тез тарауына желдету, ауалы жылыту жүйелері, қоқыс құбырлары әсер етеді, сонымен қатар Ш және IV өрт төзімділік дәрежелі мектептердің ғимараттарының конструкциясының бос орындары әсер етеді. Мұндай ғимараттарда оттың тарау жылдамдығы 2-3 м/мин дейін жетеді, ал коридорларда, галереяларда және өтпелерде кейде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына жеңіл тұтанғыш заттардың және дәріханалардағы материалдар, зертханалардағы, кітапханалардағы және т.б. әсер етеді.
ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, оқушыларды көшіру бойынша, көшіруге жататын оқушылардың санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын оқушыларды құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды. ӨСБ тез оқушыларды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.
Барлау адам өміріне қауіп бар екенін, орналасу орынын анықтайды және өздігінен қозғалу икемдігін; құтқару жолдары мен әдістерін; құтқару жұмыстарын жүргізу кезектігін; құтқару жолдарына от пен түтіннің қауіпін; адамдарды құтқару үшін күш пен құралдардың жеткіліктігін; құтқару жұмыстарына қатыстырауға болатын қызмет көрсету персоналының барын; құтқарылған адамдарды орналастыру орынын анықтайды (әсіресе қыс мезгілінде).
Барлық жағдайда құтқару жұмыстарына персоналы қатыстырылады, әсіресе адамдарды бастауыш сыныптардан көшіру кезінде қатыстырылады. Бұл жағдайларда құтқарудың әдіс-тәсілдерін мектеп персоналының ұсыныстары бойынша анықтайды. Ең алдымен ауыр науқастарды шығарады. Оларды дәрігерлердің көрсетуімен ғана носилкаға салады. Жүретін науқастар өздігінен мектеп жұмыскерлерінің және өрт сөндірушілердің көрсетуімен сыртқа шығады. Қатты түтіндеген кезде бөлмелерден науқастарды ГТҚҚ буынымен және бөлімімен жүргізеді.
Барлық құтқару жұмыстарын өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің бақылауымен ұйымдастырады және жүргізеді. Оқушыларды бірнеше бағытта көшірген кезде ӨСБ олардың ішінен жауапы адамды тағайындайды, ал өзі аса жауапты аймақтағы көшіруді басқарады және сол уақытта өрт сөндіру бойынша жауынгерлік әрекетті басқарады.
Оқушыларды көшіріп болғаннан кейін ӨСБ олар жүргізілген жолдарды, бөлмелерді тексереді, ал қызмет көрсету перслналы оқушыларды тізім бойынша тексереді. Іздеу-құтқару жұмыстары барлық адамдар құтқарылғаннан кейін тоқтайды.
Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының және қызмет көрсету персоналының жылдам және жинақы жұмыстары үшін алдымен әкімшілікпен қызмет көрсету персоналының әрекеттері көрсетілген оқушыларды көшіру жоспары жасалады, мектептің персоналымен бірге тактикалық жаттығуларға жоспар жасалады және оның бір нұсқасын өрт сөндіру жоспарының құрам бөлігіне кіргізеді.
Өртке бару кезінде мектеп ауданында және әсіресе емдеу мекемелеріне жақындаған кезде "дабыл" дыбысын қоспаған жөн, ал өрт машиналарын аймақ сыртында орналасқан су көздеріне қойған жөн.
Магистралды жең сызықтарын ғимарат артындағы қосымша шығу есіктеріне жаю керек, стационарлы өрт сатыларымен, ал егер өрт туралы оқушылар білсе негізгі шығу есігінеде беру керек. Ғимарат ішінде жұмыс сызықтарын оқушылардың көшіруіне бөгет жасамайтындай етіп жаю керек. ӨСБ үрейді басу туралы шаралар қолдануы керек.
мектептердегі өртті сөндіру үшін әртүрлі өрт сөндіру заттарын қолданады. Суды және сулы ерітінді ылғалдандарғышты шатырлардағы, класстарды, мұғалімдер кабинеттеріндегі, асханадағы және т.б. өртті сөндіргенде қолданады.
Ауа-механикалық көбікті асханаларда, дәрігерлік көмек көрсету пунктерінде, кітапханаларда т.б. сондіру кезінде қолданады.
Өрт сөндіру кезінде РСК-50, РС-50 оқпандарын, шашыранды және компактті ағындарды қолданады, ал IV өрт төзімділік мектеп ғимараттардағы дамыған өрт кезінде оданда күшті оқпандарды қоданады. Өрт сөндіру үшін оқпандар санын су берудің қажетті интенсивтілігін ескеріп анықтайды, 0,1 л/(м2 с) кем емес.
Жағдайға және күш пен құралдардың санына байланысты ӨСБ бір мезгілде адамдарды құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыра алады. Егер күш пен құралдар осы екі тапсырманы орындауға жеткіліксіз болса, онда ӨСБ барлық күш пен құралдарды адамдарды көшіру үшін қолдануы мүмкін немесе науқастар арасында үрейді басуға және оқпандарды беру үшін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе және өртті тез сөндіруіне сенімді болса.
ӨСБ және жауынгерлік аймақтардағы командирлер өрт сөндірумен бірге қымбат қондырғылардың, дәрі-дәрмек қорының, рентген пленкаларының, газдармен баллондардың, жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың бар екенін анықтайды, оларды оттан, түтіннен және құйылатын судан қорғау үшін тез арада күш пен құралдарды жібереді, ал қажет жағдайда оларды көшіруді ұйымдастырады.
Жауынгерлік аймақтарды ұйымдастыру, сонымен қатар мектептердегі өрт кезіндегі техника қауіпсіздік шараларын тұрғын және қоғамдық ғимараттармен жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |