Омонимдер Синонимдер Антонимдер



жүктеу 15,82 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі15,82 Kb.
#9894

Тіл біліміндегі когнитивтік бағыт Орындаған: доцент Досова А.Т.

Мақсаты:

  • Қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың атқаратын қызметін анықтау.

Жоспары:

  • 1 Тіл мен таным
  • 2 Когнитивтік теория

Когнитивтік лингвистика - тіл біліміндегі жаңа бағыт

  • Когнитивтік лингвистика тіл біліміндегі жаңа бағыттардың бірі болғанымен, қазірдің өзінде өзіндік ұстанымдары мен ерекше саралау тәсілдері бар бірнеше бағдарлы салаларға ажырай бастады. Когнитивтік бағыттағы зерттеулер танымды негіз етіп алады, себебі тіл – танымның ажырамас бөлшегі.

Тіл когнитивтік тұрғыдан:

  • 1 Тіл мен тілдік құрылым адам ақыл-ойының жемісі ретінде адам ақылының қалай жұмыс істейтінін, адамға қалай қызмет жасайтынын көрсетеді.
  • 2 Қоғам мүшелерінің коммуникативтік құралы ретінде тіл белгілі бір мәдениеттің әртүрлі аспектілерін бейнелейді. Яғни тіл құрылымы екі маңызды фактордың нәтижесі болып табылады;
  • а) ішкі немесе жеке сөйлеушінің ақыл-ойы;
  • ә) сыртқы немесе сол тілде сөйлейтін өзгелерге де ортақ мәдени фактор.
  • 3 Тіл – коммуникативтік құрал, соған орай тіл құрылымы тілдің коммуникативтік құрал қызметін атқаруға мүмкіндік беретін белгілі коммуникативтік функционалдық критерийлерді орындайды.

Когнитивті теория –

  • ментальды ақпаратты немесе адам санасындағы және адамның ой-санасының негізін қалайтын ментальды лексиконда жинақталған ақпаратты зерттейтін ілім.

  • Қазіргі таңда тілді барша адамзаттың ең басты құндылығы деп танитын көзқарас өркениетті қоғамның ең басты қағидасына айналды. Негізгі тіл адамзаттың ойлау, қабылдау, пайымдау арқылы ақиқат дүниені танудың құралы ретінде ой-санасының объективтенуі болып табылады.

Тіл мен таным сабақтастығы

  • Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, жасанды интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Осының салдарында тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын зерттеулер жеткіліксіз болып, оны ой-санамен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындап отыр. Демек, бұл- адамды тіл арқылы және керісінше, тілді адам арқылы анықтау.

В.фон Гумбольдт «рух», «идея» мәселелері туралы

  • В.фон Гумбольдт «рух», «идея» мәселелерін тілдік құрылымдармен сабақтастырған пәлсапалық танымды, адамның ойлау әрекетін тілдік фактілердің ішкі-сыртқы өзгешеліктері арқылы дәйектеуге тырысты. Оның ойынша, адамның өзін-өзі тануы адамды адам етіп тұрған күш-қуат көздерін анықтау деген сөз. Ал тіл- адамды жасаушы сондай бастаулардың бірі. Адам баласының шығармашылық мүмкіндіктерін барынша терең көрсететін де, адамды адам ретінде танытатын да -тіл.

А. Вежбицкаяның пікірі

  • Лингвистердің тілдік болмысты таныммен сабақтастырып, адамға қатысты біртұтастықта талдап, зерттеуі – табиғи құбылыс. Бұл жөнінде А. Вежбицкая былай дейді: «Язык антропоцентричен: он предназначен для человека, и вся языковая категоризация объектов и явлении внешнего мира ориентирована на человека; это общая черта всех языков».

Лингвистердің басты мақсаты –

  • тілдік құбылыстардың табиғатын жүйелі зерттеуді дамыту. Бұл бағыттың негізгі арқауы тілді сол тілде сөйлеуші халықтың рухани дүниесінің қалыптасуымен тығыз байланыста қарау болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды – тіл адамзат дүниетанымымен ойлауды, сананы қалыптастырып дамытуға қызмет ететін күрделі құбылыс.

Тіл - ой жеткізу құралы.

  • Ойлау әрекеті - мида болатын құбылыс, сана әрекеті. Ал тіл санадағы бұл процесті «мағына» түріндегі формаға енгізеді. Демек ойлау-логикалық механизмнің ақиқат көрінісі. Оның тілмен шартты байланысынан ұғым қалыптасады. Ұғым бірнеше ойдың сұрыпталуынан өтіп, сөз арқылы таңбаланады. Осы тұжырымды мынадай сызба арқылы айқындауға болады: ой -ұғым - тіл.

Ойды жеткізу барысында адамның мынадай қабілеттері айқындалады:

  • дүние туралы танымы, стереотипі, ассоциативтік қоры, жадыдағы ақпараттары т.б. Әрине бұл мәселелер антрополингвистиканың «тіл және сана», «тіл және адам психикасы», «тіл және адам құндылықтары», «тіл және мәдениет», «тіл және философия» бағыттары бойынша қарастырылады. Соның ішінде адамның танымдық әрекеті мен тілдің өзара қатынасын зерттеуде когнитивтік тіл білімінің қызметі ерекше.

Когнитивизм -

  • бұл адамның зердесін, ойлау қабілеті мен ментальді әрекеттері және оның жай-күйін зерттейтін ғылыми бағыт. Адамның білімі мен танымы туралы, дүниені қабылдау және ұғыну механизмі туралы ғылым. Когнитивизм адамның ойлау әрекетін тереңінен танытатын «өндірістік», «жүйелі» ғылыми әдістер ұсынады.

Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны -

  • - адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын (ішкі танымын), білімнің негізін қалыптастырған символдар мен адамның стратегиялық таңбаларын айқындау керек. Демек, адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін танытатын негізгі белгі - оның тілі. Себебі тіл- адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал.

Когнитивтік тіл білімінің қызметі -

  • тілдегі бейнеленген мазмұнның санада қандай ақпараттар негізінде қалыптасқанын, қандай ғылыми шеңберінде, қандай психикалық қабілет негізінде қабылданғанын анықтау. Сондықтан бұны когнитивтік бағыттың басты нысаны болып табылатын ұғынудың ерекшеліктерін қарастыратын фундаментальді аспектіде және дұрыс ұғынуға күш салатын қолданбалы аспектіде шешу көзделген. Когнитивтік тіл білімі санадағы ақиқат дүниенің тек вербалданған көрінісін ғана емес, бейвербалды көрінісін зерттеуде де септігін тигізеді. Проф Б.Момынова: «Танымдық (когнитивтік) тұрғыдан да дене тілі, ым мен ишаратты зерттеу - тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін салыстыра, салғастыра отырып, кешенді қарастыру барысында ғана қол жеткізуге болатын, қазақ тіл біліміндегі теориялық тұғыры әлі де толық анықтала қоймаған жаңа бағыт»,-деп көрсетеді.

Когнитивтік ғылымның зерттеу нысанасы -

  • санада бейнеленген ақпараттар мен білім. Санада бейнеленген білім когнитивтік тіл білімінде мынадай зерттеулер негізінде танылады.
  • 1 Таңбаның (семиотика) түрі мен типтері;
  • 2 Таңбада бейнеленген мазмұн мен білімнің түрлері және сол білімді таңбадан тану және ажырату механизмі, яғни интерпретация тәртібі;
  • 3 Таңбаның қалыптасуы мен дамуының шарттары (семотикалық онтогенез).
  • Тілдің когнитивтік аспектісі білімді қабылдау, ұғыну, (концептілеу), топтастыру, конструкциялау, тілде бейнелеу мәселелерін қарастырады. Адамзат үшін дүниені танудың ең бірінші кілті - ұғымның, сезімдік негіздерден нәр алған сана әрекеті, ал тілдік белгі - танымның сыртқы формасы.

Когнитивтік бағыттың негізгі қызметі -

  • дүниенің бейнесін белгілі бір жүйеде репрезентациялау. Репрезентация - алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік жүйедегі түсінікке дейінгі санадағы білімінің көрінісі. Демек когнитивтік тіл білімі- ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді репрезентациялау әдісін, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым.

Қорыта айтқанда, когнитивтік тіл білімі бағытының кызметі:

  • - тілге дейінгі санада қалыптасқан дүние туралы ақпараттарды жинақтау және тұжырымдау (концептілеу);
  • - оларды бір жүйеге топтастыру (категориялау);
  • - дүниенің санада бейнелену көрінісін анықтау;
  • - тілдегі бейнеленуін анықтау.

Пайдаланылатын әдебиет:

  • 1 Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2004
  • 2 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993
  • 3 Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы, 2003
  • 4 Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2005
  • 5 Мәжитаева Ш., Жалмаханов Ш. Тіл біліміне кіріспе. Қарағанды, 2005

жүктеу 15,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау