Стартап
Орындаған:Мусаева Құндыз ФКО-202
Стартап бұл бизнесті дамытудың жаңа әдісі, жолы, тәсілі. Мысалы Убер стартапын (Яндекс Такси) алайық. Убер компаниясы ашылмағанға дейін адамдар таксиді таксопарктерден шақырған не жолда қолын көтеріп тоқтатқан.
Қазір бұндайды көру қиын, барлығы ірі қалаларда таксиді онлайн қосымша арқылы шақырады. Сіз телефоныңызға арнайы мобильді қосымшаны жүктейсіз де таксиді шақырасыз. Бағасын да алдын ала біле аласыз. Бұны қосымшадан көре аласыз. Кейін Уберден өзге бұндай стартаптар пайда болған, мысалы Қазақстанда Яндекс Такси қазіргі таңда сұранысқа ие.
Сонымен стартап бұл жаңа әдіс, тәсіл, жол. Бұл бизнесті дамыту. Технологияларды дамыту.
СТАРТАП ТҮРЛЕРІ
Көшірме
Новаторлық
Белгісіз
Көшірме бұл өзге елдердегіні өз елімізге әкелу. Мысалы 2000 жылдары әлемде зор танымалдыққа Фейсбук әлеуметтік жүйесі ие болған. Бұны орыстар көшіріп ВКонтакте деген әлеуметтік жүйені құрды. Бұл сәтті көшірме стартап дейді.
Новаторлық стартап бұл жаңа идея, әдіс, тәсіл. Мысалы Яндекс такси қосымшасын алайық. Яндекс ашылғаннан кейін әлемдегі сан мың таксопарктер жабылды. Себебі таксиді ұялы қосымшамен шақыру жеңіл бола бастады.
Бұл стартап түрінің ерекшілігі белгісіздік пен әрі тәуекелділікпен байланысты. Яғни стартапшылыр таңдаған саланың (өнім немесе қызмет көрсетудің) болашағы бұлыңғыр әрі белгісіз.
Өнім мен қызмет көрсету түрінің көшірмесін жасау стартапы. Мысалы, қазір біз білетін көп өнімдердің түрлері шын мәнінде мүлдем жаңа өнім емес. Олардың 99,9% пайызы батыстың, американың өнімдерінің көшірмесі. Егерде біз білетін «Фейсбук» пен «В-контакте» интернеттегі әлеуметтік желілеріне мұқият көз салсақ, олардың көп ұқсастығын көре аламыз. Мысалы сідердің назарыңызға, «Фейсбук» (бұл өнімді жасаған 1984 жылы туылған Майкл Цукерберг) таза американдық өнім, нарықта 2004 жылы пайда болды.
Өмірбаяны
Майкл Цукерберг – өмірбаяны жастар мен аға буын арасында үлкен қызығушылық тудыратын іскер бизнесмен. Оның есімі әлемдегі ең ірі Facebook әлеуметтік желісін құрумен байланысты (әлеуметтік желі Ресей Федерациясында тыйым салынған, ол Ресей Федерациясында экстремистік деп танылған Meta корпорациясына жатады), пайдаланушылар саны одан да көп. 2 млрд. Көрнекті полиглот және тапқыр бағдарламашы көптеген салаларда үздік атанды. Цукерберг - 1 доллар ресми жалақысы бар долларлық миллиардер.
Ал «В-контакте» ресейлік өнімі нарықта 2007 жылы(бұл өнімді жасаған 1984 жылы туылған Павел Дуров) пайда болды.Шынында да осы күнгі өнімдер мен қызмет көрсетулердің көп ұқсастықтары болса да, олардың өз тұтынушылары мен табынушыларыда аз емес. Яғни стартаптың бұл түрін өз бизнестеріңізде қолдануға болатынын көрсетіп отыр.
Павел Валерьевич Дуров (10 қазан 1984 жылы туған, Ленинград) — кәсіпкер және бағдарламашы, орыс тегіндегі долларлық миллиардер. Ол сондай-ақ сегіз түрлі тілде: орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, итальян, латын және парсы тілдерінде сөйлейтін полиглот.
Нарықты жаулау мақсатында бизнесте аса белсенділік таныту стартапы. Әдетте, мұндай стратегияға (стратегия дегеніміз — белгілі бір мақсатқа жету үшін амалдар мен әрекеттердің жиынтығы) сүйенген бизнес бірнеше стартаптарды біріктіре отырып, нарықтың бір бөлігін жаулауды көздейді. Мысалы, бағаны төмендету арқылы немесе негізгі өнімге арзандатып қосымша өнімді қоса ұсыну. Оған мысал келтірсек, «ТЕЛЕ2» ұялы телефон байланыс қызметін көрсетуші компанияның «қолданбаған бірліктерді (еденицы) халыққа қайтару» амалы арқылы өздерінің абономентерлерінің (клиенттерінің) санын көбейту, немесе сол секілді «БИЛАЙН"ұялы компаниялы телефон байланыс қызметін көрсетуші компанияның «Ұтымды (выгодный) микс»: ұялы байланыс + үйдегі интернет + телевизия тиімді бағамен бір шотта атты клиенттерге ұсыныстарын айтуға болады.
Дәстүрлі стартаптар. Бұл стартаптың ең қарапайым, оңай және көп тараған түрі. Мұнда нарыққа инновациялық өнімді ұсыну емес, ең бастысы нарыққа жаңа өнім немесе жаңа қызмет көрсету түрімен шығу болып табылады. Әрине мұндай старттап 99,9% пайызы бұған дейін басқа елдер мен қалаларда жұмыс істеп тұрған бизнестің көшірмесі болып табылады. Мысалы, бүгінгі күнде әрбір ата-ана өз балаларына жақсы білім беруге тырысады. Мақсат біреу – балаларына болашағы бар әрі жұмыс беруші тарапынан үлкен сұранысқа ие мамандыққа оқыту. Ал 21 ғасырда ондай мамандықтар: техникалық, инжинерлік, IT яғни компютерлі-ақпараттық, медициналық, биологиялық мамандықтары болып табылады. Бұл мамандықтардың негізі математика екенін бәріміз білеміз. Сондықтан да баланың математика және логика бағытында ой санасын жастайынан дамыту қажет. Осы бағытта еліміздің кейбір үлкен қалаларында бірнеше жылдан бері «Ментальная Арифметика» оқыту курстары жұмыс істеуде.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |