Қысымды өлшеуге жалпы əдістемелік нұсқаулықтар
Жоғарыда қарастырылған асқын, абсолютті жəне вакуумды қысымды жəне қысым айырмашылықтарын өлшеу құралдары кеңінен технологиялық процестерді автоматтандыру кезінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді жүргізу барысында қолданылады.
Қысымды жəне қысым айырмашылықтарын өлшеу дəлдігі таңдалған əдіс түрінен, өлшеу құралдардың метрологиялық сипаттамаларынан, өлшеурлер шартынан, тағы да басқа себептерге тəуелді.
Əдіс пен өлшеу құралын таңдауды қойылған есеп, қажетті дəлдік жəне де өлшеурлер шартарына байланысты орындау керек.
Өлшеу құралды таңдау барысында негіз ретінде оның қалыпты жағдайдағы дəлдік класын емес, құрылғылардың пайдалану кезінде қамтамасыз ете алатын дəлдік класын ескеру қажет.
Өлшеу жүйесін таңдау өлшеу диапазонын таңдаумен қатар жүруі тиіс, демек құрылғы шкаласын таңдаумен бірге жүреді. Шкаланы таңдау кезінде қысым аспаптарының, дифманометрлердің жəне екінші ретті аспаптардың рұқсат етілген қателіктері келтірілген қателіктер түрінде, өлшеу диапазонынан % - да көрсетілгенін ескеру қажет. Сондықтан бірдей басқа жағдайларда аспап шкаласының бірінші жартысы үшін өлшеу қателігі оның шкаласының екінші жартысына қарағанда көп болады.
Бастапқы өлшеу құрылғының шығудағы сигналының жəне екінші өлшеу құрылғының кірудегі сигналының энергия түрлерін сəйкестіру үшін қосымша түрлендіргішті талап ететін аспаптарды бастапқы аспап ретінде таңдамаған жөн. Өлшеу сұлбасында қосымша түрлендіругштерді қолдану өлшеу қателіктерін жоғарлатады. Автоматтандырылған басқару жүйелерін əзірлегенде шығыс сигналы унификацияланған тұрақты тоқ болатын бастапқы құрылғыларын пайдаланған жөн.
Қоршаған орта шарттары өлшеу дəлдігіне қатты əсер етеді, оларды құрылғыны орнату жерін таңдаған кезде ескеру қажет.
Құрылғының орнатылатын жері оларды бақылауды оңай болуын қамтамасыз ету қажет. Қысымды өлшеу жер мен құрылғыға дейінгі қосу желілер ұзындығы барынша минималды болуы қажет. Ең ұзын рұқсат етілетін қосу желілер ұзындығы 50 м артық болмауы қажет. Сонымен қатар қосу желілер ұзындығы өскен сайын құрылғының жиіліктерді өткізу жұмыс жолағы азаяды. Қысымы өлшенетін ыстық ортаның тікелей əрекетінен құрылғыларды қорғау үшін арнайы қосымша қондырғыларды орнату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |