8. Берілген фигураны төрт тең фигураларға бөл:
Шешуі:
9. Екі сағат бір уақытта соғуды бірге бастап, бірге аяқтады. Бірінші сағат – әрбір екі секунд сайын, екінші сағат – әрбір үш секунд сайын соғады. Есептегенде барлығы 13 соғу болды (бірігіп қалған соғулар бір соғу деп есептелінеді). Бірінші соғу мен соңғы соғудың арасында қанша уақыт өтті?
Шешуі: 18с.
10. Қарбыздың салмағы 20 кг болды, ал ондағы құрғақ зат 1% - ын құрайды. Біраздан кейін қарбыз құрғап қалды да, құрғақ зат 2% болды. Қарбыздың соңғы салмағы қандай?
Шешуі: Құрғақ заттың 0,2 кг-мы , қарбыздың салмағы 10 кг болатын болды.
11. Үш жұмысшы ботқа пісірді. Бірінші 2 кесе жарма, екінші 1 кесе
жарма, ал үшіншісінде ешқандай жарма болмады. Ботқаны барлығы тең бөліп жеді. Үшінші жұмысшы: «Ботқаларыңа рахмет, мен сендерге 50 теңге беремін, сонда менің жеген ботқамды сендер салған жармамен қалай бөліп аласыңдар?» - деді.
Шешуі: Ботқаны 3 кеседен пісіріп, тең бөліп жегендіктен, әр қайсысы 1 кесе жейді. Сондықтан үшіншінің ақшасын біріншіге беру керек.
12. Кез келген үш натурал санның арасынан әрқашанда қосындысы 2-ге бөлінетін 2 сан табуға болатынын дәлелдеңдер.
Шешуі: Үш санның ең болмағанда екеуі бірдей жұп, ендеше олардың қосындысы 2-ге бөлінеді.
13. Ең үлкен бір орынды санға, ең үлкен екі орынды санды неше рет қосқанда, ең үлкен үш орынды сан шығады?
Шешуі: 1) 9+n*99=999 n=10 Жауабы : 10 рет.
14. 7*9+12:3-2-ге жақшаны қойғанда а) 23 ә) 75 шығу керек.
Шешуі: а) (9*7+12):3-2=23 ә) (7*9+12):(3-2)=75
15. Серік мектепке автобуспен барып, қайтқанда жаяу келеді, сонда барлық жолға 1 сағ 30 минут уақыт жібереді. Егер автобуспен жүрсе 30 минут уақыт жібереді. Егер Серік мектепке жаяу барып қайтса, оған қанша уақыт жібереді?
Шешуі: 30 мин:2 = 15 мин. Серік мектепке автобуспен барады 1сағ 30мин-15мин=1сағ15мин Серік жаяу жүреді 1сағ15мин+1сағ15мин=2сағ30мин
Жауабы: 2сағ30мин.
16. Қалған саны ең үлкен болатындай етіп берілген 123456789101112131415... ............5657585960 санының 100 цифрын сызып таста.
Шешуі: 99999785960
17. Кеме дүйсенбі күні түсте жүзуге кетті. Жүзу 100 сағатқа созылса, онда
кеме қай күні қандай сағатта оралады?
Шешуі: сөткеде 24 сағат бар 100сағ=4*24сағ+4сағ=4сөтке+4сағ Ендеше кеме жұмада 16 сағ. келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |