ҚАРМАҚШЫ
таңы
4
27 қыркүйек, 2016 жыл
Бас директор
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
______________
Қармақшы аудандық
“Қармақшы таңы” газетінің редакциясы
Бас редактор
Алтай ҮСЕНОВ
Телефондар:
Бас директор – 8(7242) 70-00-36
Бас редактор – 2-17-84
Бас редактордың орынбасары – 2-14-59
Жауапты хатшы – 2-16-01
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінде 19.06.2014 ж. қайта тіркеліп,
№14407-Г куәлігі берілген.
“Қармақшы таңы” аудандық газеті ӘР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджменті жүйесі”
талаптарына сәйкес сертификатталған.
Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады
Қолжазбалар өңделеді және кері қайтарылмайды.
Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасын білдірмейді.
Мекен-жайымыз: 120500, Қызылорда облысы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі №3 үй. E-mail: karm_tany@mail.ru
Меншік иесі:
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Кезекші редактор Алтыншаш КЕТЕБАЙ.
Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп,
беттеліп, “Сыр медиа” ЖШС баспаханасында
басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан
көшесі, 4. Газеттің таралымы бойынша Қармақшыда
2-16-01 және 8(7242)-70-14-08 телефондарына
хабарласуға болады.
Таралымы 4391
Тапсырыс 1139
Тіл құдіретіне ұйытып, оған бас игізген ана тілімізді-
дана тіліміз деп ұқтырған жас ақындардың жыр мүшәйрасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық
торқалы тойы аясында Қазақстан халықтарының тілдері
мерекесі күніне арналған шара аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі мен Көшеней Рүстембеков атындағы
жыраулар үйінің ұйымдастыруымен өтті.
“Ана тілі-әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен
мәдениетін ғасырлар бойы жиған рухани азығынан
нәр алатын кіндік тамыры” демекші, “Туған тілім-
тірлігімнің айғағы” тақырыбында өткізілген жыр бәйгесіне
халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы аудандық филиалының
төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, “Сыр сазы”, “Жан
шуағы” кітаптарының авторы, ақын Талайлы Досымова,
“Ұлт бірлігі-Қармақшы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Шегебай Құндақбаевтар қазылық етті.
12 мектептен 32 жас талапкер ақын қатысқан жыр
додасына қаламы төселіп қалған жас өскіндер де, жыр
әлеміне имене енген жас буын өкілдері де үкілі үміттерін
арқалап, көпшілік алдында жүрекжарды туындыларын
оқыды.
Қармақшы қай кезде де жауһар жырдың күмбезін кө-
терген өңір. Ұрпақтан-ұрпаққа қалыбы бұзылмай жалғасып
келе жатқан саф өнер бұл күні де зор мәртебемен салтанат
құрып, жиналған жұртшылықты рухани ләззатқа бөледі. Бір
қуанарлығы, жас талапкерлердің бойына туған тілге деген
шексіз махаббат пен сүйіспеншілік, құрмет пен қошемет
айқын сезіліп тұрды.
Қазылар алқасының шешімімен Мөлдір Төлегенова
(№183 мектеп) бас жүлдені қанжығасына байласа,
Ақерке Тоқташева (№199 мектеп) І орынды, Мейірім
Бекмұратова (№80 мектеп-гимназия) ІІ орынды иеленіп,
мерейлері үстем түсті. Ал екі ІІІ-орын Рүстем Тілектесов
(80 мектеп-гимназия) пен Жанарбек Бекарысовқа (№107
мектеп) бұйырды. Назерке Ибашева (№79 мектеп) “Азат
елдің ұланы”, Мейіржан Берекетов (№111 мектеп) “Тіл
дарын”, Жазылбек Қазтаев (№26 мектеп) “Ұшқыр ой”
номинацияларымен марапатталды.
Иә, жас бұлақтың тұнығындай мөлдір, жұпар исі аңқыған
райхан гүліндей әсем, ана сүтіндей сіңімді, баба күшіндей
қуатты-Ана тіліміз мәңгілік жасап, мәртебесі әрдайым
асқақтай берсін!
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
ТУҒАН ТІЛІМ —
ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ
Бүгінгі таңда жер бетінде 3000-ға жуық тіл бар болса, олардың 200-ден астамы
ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Оның арасында қазақ тілінің де мемлекеттік
мәртебеге ие екендігі біздер үшін зор мақтаныш. Бұл тәуелсіздігіміздің арқасы.
Жас ұрпақ ата-бабалар аңсаған, армандаған тәуелсіздік туы астында ширек ғасыр
алаңсыз-мұңсыз өмір сүруде. Тәуелсіздікпен бірге бүр жарған ана тіліміздің қадір-
қасиетін арттырып, тіспен шеше алмағанды тілмен шешкен, бірауыз сөзге тоқтаған
ата-баба жолын құрметтеп, қастерлеуде.
Әділ сөзін айтып,түркі тілдес мұ сыл мандар қау-
ымының теңдігі мен тәу елсіздігі үшін күрескен қазақ
халқының ірі саяси тұлғасы Мұстафа Шоқайдың
туылғанына үстіміздегі жылы 125 жыл толып отыр.
Оның өмір және ең бек жолын на сихаттап,
жас ұрпақты Отанын, хал қын сүюге
тәрбиелеу мақсатында «Бейбітшілік
әлемі» ха лықаралық Қа зақ твор честволық
бір лес тігінің ұйым дас ты руымен жу ырда
Мұстафа Шоқайдың 125
жылдығы құр метіне арналған
«Алаштың Ұлы ойшылы»
тақы рыбында
ғылыми-та-
ным дық кон фе ренциясы өт-
ті.
Осы шарада аудандық
оқушылар үйінің «Жас
қаламгер» үйірмесінің же-
текшісі Ербол Алтынбаевтың «Алаш тың
Ұлы ойшылы» тақырыбындағы баяндамасы
ІІ орынды иеленіп, бір лестіктің дипломымен
марапатталды.
С.ДАТ.
ЖҮЛДЕГЕР
АТАНДЫ
Мұстафа Шоқай-125
Алдына жайылған орамалға қырық
бір құмалақты шашып жіберіп, құмалақ
көрсеткен болжамдарды оқыған құ ма-
лақшы:
-Ұзақ жолды еңсеріп, ел шетіне жа-
қындап қалыпсың. Амандық болса ауы-
лыңа жетуге аз қалған екен. Жүріңкіреп
отырып, бүгін кешке үй іңе жетіп қонсаң
үйдегі әйелің өледі, ал ас ықпай жүріп,
жолға қонсаң өзің өлесің-деген екен.
Мына әңгімеден кейін бойын бір ызғар
қарып өткендей болған жолаушы көпке
дейін өзіне-өзі келе алмапты. Екеуі екі
жаққа аттанып кеткеннен кейін үйге кешке
дейін жетіп алуы керек пе, әлде жолға
түнегені дұрыс па, соны шеше алмай ойы
онға, санасы сан-саққа жүгірген ол не де
болса... - деп, атын шаужайлап жолға сала
бергенде:
-Не істеп келесің сен? Осы уақытқа
дейін ишщаласып көрмеген, құдай қосқан
қосағың, сені қашан келеді деп жолыңа
сарсыла қарап отырған адал жарың,
балаларыңның анасы емес пе ол?! Осы
қылығыңмен немерелеріңді емірене сүйіп,
сенің алыс жолдан алып келгеніңді оларға
мейірлене таратып отырған кезінде кең
дүниесін тарылтып, бір сәтте о дүниеге
аттандыра салмақ болып келе жатқаныңды
сезесің бе өзің? – деп жүрегінің терең
түкпірінен атой берген бір дауыс атының
басын тартуға мәжүбір етті.
-Қой, не де болса өзім көрейін, ауылға
жақындап бір төбенің басына кідірсем,
не өзім сияқты жолаушы, не мал қараған
бі реулер денемді тауып, елге жеткізер.
Еркек тоқты-құрмалдық, от басымның
ұйытқысы болып отырған кемпірім
аман болсын-деп, тағдырға мойын
сұна берген кезде алла- та-ал ланың
аманат еткен жаны өзінің тәтті
екенін байқатқандай жүрегін жұлқи
лүпілдеткенде егесі тарапынан қы-
сым азайған соң өз еркімен, екі
жақтың жусаны мен ебелегін кезек
шалып, жайбарақат келе жатқан
атының қос бүйіріне екі етігінің
өкшесі қал-ла-ай қадалғанын білмей қалды.
Егесінің кысыңқырап қалған тақымы мен
тебінгінің сыртынан қатты батқан қос
өкшенің тегеурініне шыдамай ытқырына
жөнелген атынан түсіп қала жаздап, зорға
тіктелген ол сәлден кейін жаяу бүлкілге
салып жолға түсті.
Аз жүрді ме, көп жүрді ме, аңғара
алмай, қай тұсқа келгенін де, қай бағытпен
келе жатқанын байқауға мұршасы келмей,
беталды мәңгіріп біршама жерді артқа
тастаған оның алдынан бір қария кездесіп,
жағдай сұрасады. Ұнжырғасы түсіп,
түрі келмей құр сүлдері келе жатқан оны
алдында кездескен бір биік төбенің басына
кідіртіп аттан түсіреді.
- Е-е, солай де, балам. Үйге барсам
әйеліме, жолға түнесем өзіме қауіп
дедің бе? Өте қиын жағдай екен. Десе
де ойланайық, қандай тығырық болса
да бір шығар жері болушы еді, бәрі
алланың қолында ғой, қарағым – деген ол
жолаушының мінген атын, үстіндегі киімін,
қолындағы қамшысын асықпай сыдырта
бір қарап өтеді. Артық-ауыс ештеме
байқалмаған соң қария ер басындағы
дорбаны алып, аса сақтықпен ішіндегі
буыншақ-түйіншектерді шығара бастайды.
Кенет жолға деп алып шыққан азық
арасындағы нан ораған түйіншектің ішінен
бір қара құрт шыға салып, жолаушыға қарай
тұра жүгіреді. Қапелімде не істерін білмей
сасып қалып, апыр-топыры шыққан екеуі
әупірімдеп жүріп әлгі жәндікті аяғымен
таптап зорға өл тіреді.
Мән-жайға қаныққан қария біраз демін
басқан соң:
-Балам, қауіп-қатер сейілді білем.
Бүгін түн үйіңе жетсең сенің дорбадағы
заттарыңды реттеп жүрген келінді мына
қарақұрт шағып алып өміріне қауіп төндірер
еді. Ал, жолға түнесең тамақтанғалы
жатқаныңда бұл қауіпке өзің ұрынар ең.
Әлгі құмалақшының құмалағына түсіп
отырған осы жайлар шығар. Әттеген-ай,
қауіп-қатерді сезгенімен оның қайдан
келетінін тап басып айта алмаған екен! –
депті.
Өмірден көрген-түйгені мол, көзі ашық,
көкірегі ояу, қарияларым, мерекелеріңіз
құтты болсын. Сіздер аман болсаңыздар
дүние түгел, көңіл орнында.
Шегебай ҚҰНДАҚБАЕВ,
Қазақстан Журналистер одағының
мүшесі
Бұл қасіреттің себебі неде, қандай жағымсыз жағдайлар
көгілдір отынмен байланысты болуы мүмкін, осындай
төтенше жағдайлардан қалай құтылуға болады?
Жеке секторлардың тұрғындары үшін ең қауіптісі газдың
өзінің де, оның өнімдерінің де толық жанбай шығып кетуі
болып табылады. Соңғысының иісі болмайды және ол тұрғын
үйге өте тез тарап, қандағы гемоглобинге байланысты адам
организміне бірден әсер ете бастайды. Оны сезу мүмкін емес,
сондықтан халық оны «тілсіз жау» деп атайды. Уланудың
салдары – ауыр жүйке жүйелері мен тыныс алу жолдары
ауруларына әкеп соқтырады, ал дер кезінде жәрдем көрсетпеу
- өліммен аяқталады. Осындай уланулардан бүкіл отбасы опат
болатын жағдайлар өте жиі кездеседі.
Көп пәтерлі үйлерде табиғи газбен байланысты төтенше
жағдайлардың жиі кездесу себебі газдың шығып тұруы, ол
өрттің шығуына, жарылыс пен улануға әкеп соғады.
Жоғарыда сипатталған қауіп-қатерді болдырмау үшін
барлық газ аспаптарын дұрыс қолдану қажет, өйткені оларды
тиісті дәрежеде қолданбағанда, газдың шығып тұру себебі
байқалмайды. Бірнеше міндетті ережелері бар:
1.Барлық газ жабдықтарын сертификатталған жеткізу-
шілердің мамандандырылған дүкендерінен ғана сатып алу
керек.
2.Барлық газ жабдықтарын монтаждау, газ құралдарына
жүргізілетін болмашы жөндеу жұмыстарын коммуналдық газ
қызметінің бақылауымен тек мамандар ғана жүзеге асырады.
3.Жылына ең аз дегенде екі рет мұржа мен желдеткіштердің
жай-күйін тексеру, түтіннің тартылуын қамтамасыз ету үшін
оларды тазарту қажет.
4.Дабыл беретін заманауи техника бар. Сондықтан,
қауіпсіздік автоматикасымен басқарылатын газбен жы-
лыту аспабын орнату қажет, бұдан басқа, табиғи және
тұншықтырғыш газ иісінің шығып тұруын тоқтататын жә-
не белгі беретін құрылғылары бар жылытқыш пештердің
конструкциясымен қамтамасыз еткен жөн. Түтіннің тартпауы
немесе иісті газ белгілері пайда болған жағдайда пеш жаб-
дықтарының автоматты түрде ажыратылуына және қатты
сигнал беруінге мүмкіндік береді. Бұл трагедиядан құтылуға
мүмкіндік беретін жалғыз кепілдік. Мұндай жабдықтар ба-
ғасы жағынан қол жетімді және мамандандырылған дү-
кендерде сатылады.
Майдагерлік немесе құны жағынан арзан, бірақ сапасыз
техниканы өз бетімен қосу немесе орнату, бұл әсіресе
жылыту және су ысыту жүйелеріне қатысты, сұмдық қауіп-
ке әкеп соқтыруы мүмкін. Газдың шығуы, түтіннің тар тпауы,
жарылыс қаупі және көптеген басқа жағдайлар газ жаб-
дықтарын қосу кезіндегі өзіндік әрекеттің нәтижесі болуы
мүмкін.
Бұрын газ жабдықтарына қызмет көрсететін слесарь-
бақылаушылар жылына екі рет үйлер мен пәтерлерді аралап,
мұржа мен желдеткіш арналарының жай-күйін тексеретін,
сондай-ақ тұрмыста газды қауіпсіз қолдануды қадағалайтын,
ал бүгінгі күні бұл функциялар бәсекелестік ортаға тап-
сырылған және толықтай үй иелерінің жауапкершілігінде.
Сондықтан жеке басының қауіпсіздігін сақтау мақсатында өз
бетінше қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу немесе мұ ны
ПИК-тен (пәтер иелерінің кооперативтері) талап етуі қажет.
Әне-міне дегенше жылыту кезеңі басталады. Сондықтан
жазда осыны істеп үлгермегендер үшін үйдегі газ жаб-
дықтарына, түтін тартқыштар мен желдеткіштерге толық
профилактика жасайтын, сигнал беру жүйесін орнататын кез
келді. Қолайлы кезең. Қауіп-қатерді елемеу, ақыр аяғында
адам үшін ең қымбаты – өз өмірін қиюға әкеп соқтыратынын
естен шығармаңыз!
Қарияның даналығы
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ.
САҚ БОЛАЙЫҚ!
«Отау ТВ» Ұлттық цифрлық
телерадиохабар тарату желісінің
2016 жылдың сәуір айынан бас-
тап
«Intelsat-904»
спутнигінен
«KazSat-3» спутнигіне ауысуына
бай ланысты «Отау ТВ» спутниктік
ан тен наларыңызды
«KazSat-3»
спутнигіне 2016 жылдың қыркүйек
айының 30 жұлдызына дейін
ауыстыру қажет. Ауыстырылмаған
антенналар 2016 жылдың қа-
зан айынан бастап жұмысын
тоқтатады. Ауданға жауапты
«Қаз телерадио» АҚ Қызылорда
облыстық филиалының өкілі
ретінде
Жасұлан
Мәжиев
қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда
«Отау ТВ» абоненттердің спут-
никтік антенналарын «Kaz-
Sat-3»
жерсерігіне
көшіру
үшін 58,5 градус күйге келтіру
жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Толғандырған
сұрақтарыңыз болса
Жасұлан Мәжиевтің
87752260582 нөміріне
хабарласуларыңызға
болады.
ҚҰРМЕТТІ
АУДАН
ТҰРҒЫНДАРЫ!
Ұзақ жолдан келе жатқан жолаушы ауылына жетуге күндік жер
қалғанда алдынан қарсы кездескен өзіндей бір кісіге жолығып, бір төбенің
басында аз-кем ат шалдырып, тынығып алмақ болыпты. Әңгімеден әңгіме
туып, әлгі кісінің құмалақ ашатын балгерлігі бар екенін білген ол өзіне
құмалақ ашып, болашағын болжап беруді өтінсе керек.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің деректері бойынша соңғы үш жылда
газдан уланған, газ жабдықтарының жарылуы мен ақаулы болуынан 318 адам зардап шегіп,
оның 82-сі қайтыс болды. Қазақстанда аптасына 2 рет газбен байланысты төтенше
жағдай орын алады, оның әрбір үшіншісі адам өлімімен аяқталады.
Қазақтелекомнан «Сәтке ілес» акциясы
2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 желтоқсаны аралығында «VIP» топтамасына қосылуға өтінім
бер де, бірінші айдың абоненттік төлеміне 22% жеңілдік ал.
Анықтама телефоны 160
2014.09.10 №14014826 лицензияны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті берген
Ауданда жарияланған көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың 2 айлығына біркісідей атсалысып жүрген
ұжымның бірі-Қармақшы су шаруашылығы бөлімшесі. Бөлімше қызметкерлері Әби Әбдиев, Мұрат Сағаев, Қуаныш Құлтасов,
Мұрат Омаров, тағы басқалары жауапты науқанға ұйымшылдықпен қатысып, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде.
Ұжым мүшелері өткен сенбі күні Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі бойында тыңғылықты тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ.
ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
ЖҮРГІЗІЛУДЕ
1 қыркүйек
1 қараша