Қай елде болмасын мемлекет негізін берік отбасылар құрайды. Себебі,
отбасындағы береке мен бірлік елдің дамуы мен нығаюына тікелей бай-
ланысты. «Отан-отбасынан басталады» деген сөздің түп төркінін де
осы жерден іздеуімізге толық негіз бар.
Еліміздегі әрбір отбасы бақытты болса, мемлекетіміз де бақытты,
тату-тәтті тұрса, мемлекетімізде ортақ ұйысқан мақсатта ғұмыр
кешеді. Екеуі егіз ұғым. Бір сөзбен айтқанда, Отансыз отбасы, отбасын-
сыз Отан болмақ емес.
Осындай ұлттық ұлы құндылықтарды жоғары қойған Елбасымыз 2013 жылдан бері «Мерейлі от-
басы» Ұлттық байқауының кең өріс алуына ұйытқы болып, оның жыл сайын қорытындысы жария-
ланып отыр.
ҚАРМАҚШЫ
таңы
2
27 қыркүйек, 2016 жыл
Айтулы
байқаудың
облыстық
кезеңінде 2015 жылы Серік ағамыз бен
Балкүл әпкеміздің, яғни Құлмырзаевтар
отбасының жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып,
жерлестерін қуанышқа бөлесе, үстіміздегі
жылы осы өсіп-өнген шаңырақтың
тұңғыш перзенті, халықаралық бизнес
рейтингтер одағының «Қазақстан даңқы»
орденінің, «Айрықша жетістігі үшін»
және «Кәсіби еңбегі үшін» медальдерінің
иегері, аудандық мәдениет үйінің ди-
ректоры Ерлан Құлмырзаевтың отбасы
қатысып, олар да байқаудың облыстық
кезеңінде жүлделі ІІ орыннан көрініп,
қармақшылықтардың мерейін тасытты.
Сыр елінің кілең жақсы-жайсаңдары
қатысқан ұлттық байқауының жоғары
деңгейде өткізіліп, одан кіл жүйріктен кім
жүйрікті анықтау да оңайға түспегенін
білеміз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп, атала-
рымыз айтқандай, бұл байқауда оза шабу Құлмырзаевтар
жанұясына да жеңіл болды деп айта алмаймыз. Дегенмен, әу
бас та көкірігімізде бұл отбасына деген сеніміміздің болғанын
да жасыра алмаймыз.
Ерлан Серікұлы екі жоғары білім алған білікті маман. Бірі-
Қорқыт ата атындағы Қызылода Мемлекеттік университетінен
«Экономика және бизнес негіздерінің оқытушысы.
Кәсіпкер» мамандығын алса, екіншісі-Қазақ Академиялық
университетінен «Жоғары білікті заңгер» мамандығын игерген.
Елдің азаматы ретінде Қазақстан Қарулы күштері қатарында
әскери борышын өтеген. Еңбек жолын орта мектептің әскери
пән ұйымдастырушысы қызметінен бастап, Атырау облысы,
Махамбет аудандық әскери комиссариатында 2-ші бөлімнің
жауапты қызметкері, Қармақшы аудандық білім бөлімінің
инспекторы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне қарасты әлеуметтік қызмет көрсету
бөлімшесінің меңгерушісі, аудандық спорт бөлімінің бас мама-
ны, аудан әкімдігінің бас инспекторы, аудан әкімінің көмекшісі,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы сияқты қызметтік жол-
дардан өткен. 2011 жылдан бүгінгі күн аралығында аудандық
мәдениет үйі директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.
Ерлан Құлмырзаев 2013 жылы «Бизнес рейтингтер
одағының» қорытындысымен 4 мемлекет арасында өткен
аудандық мәдениет үйі алғашқы 100 мекеменің ішіне кіріп,
аталған одақтың «Қазақстан даңқы» орденімен, 2015 жылы
«Айрықша еңбегі үшін» және жылдың қорытындысымен
«Кәсіби еңбегі үшін», «Байқоңыр қаласына 60 жыл» төсбелгі,
медальдерімен мадақталған.
Жалпы Құлмырзаевтар отбасы өз өнеге-үлгісімен өңірімізге
танымал отбасы. Ерланның әкесі Серік ағамыздың өзінен ба-
стап, одан тараған ұрпақтар бүгінгі таңда өнерлерімен елге
белгілі. Салауаттылық өмір салтын де берік ұстанады. Ағамыз
гір тасын көтеруден ардагерлер арасында өткен Азия, Еуропа,
Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы. 2014 жылғы әлем чемпио-
натында рекорд жаңартып, «Гиннестер» кітабына енді. Соны-
мен бірге ол, Қазақстан «Халық емшілері» қауымдастығының
бірнеше марапатын алған. Ерланның анасы Балкүл
Жалғасбаева білім саласының ардагері. «Әжелер» ансамблінің
белді мүшесі. Қазақстан Республикасының «Халық емшілері»
қауымдастығының «Құрметті кәсіби емшісі» атағының иесі.
Қауымдастықтың «Мейірім» медалімен марапатталған.
Ерланның өмірлік серігі, жан-жары Мереке Акимова Сыр-
дария ауданы, Айдарлы ауылының тумасы. Жоғары білімді ма-
ман. М.Мәметова атындағы педагогикалық колледждің «Баста-
уыш сынып мұғалімі» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда
Мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті»
мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы Қызылорда қала-
сындағы №7 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
2008 жылдан аудан орталығындағы №1 санаториялық ясли-
бақшасында психолог, қазіргі таңда әдіскер болып табысты
еңбек етуде.
Ауызбірлікті отбасында 5 бала өсіп-өркенін жайып келеді.
Нұрасыл №26 орта мектептің 11 сынып оқушысы. Оқу озаты.
Қоғамдық жұмыстардың белсендісі. Әуез мектебінің домбыра
сыныбын бітірген. Облыстық «Бозторғай» байқауының дәстүрлі
өнер «Күй» номинациясы бойынша 2012, 2013 жылдардағы
жүлдегері. 2013 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған
халықаралық «Бозторғай» байқауының І орын иегері.
Бекасыл 7 сыныпта білім алуда. Аудандық жыраулар үйінің
оқушысы, ол да дәстүрлі ән номинациясы бойынша түрлі
байқаулардың жүлдегері.
Бибімәриям да озат шәкірттер қатарында білім алып
жүр. Халықаралық «Бозторғай», республикалық «Айгөлек»
байқауларының «Ән жанры» бойынша гран-при иегері. Туған
елі оның болашағынан үлкен үмітті.
Отбасының кішкентай тұрғындары Бекнұр мен Жаннұр бірі
3-те болса, бірі 1 жаста.
-Ерлан өзінің білікті басшы екенін қызмет бабында көрсетіп
жүрген азамат. Ол басшылық жасап келе жатқан осы жыл-
дар аралығында ауданымыздың мәдениет саласы көптеген
жетістіктерге қол жеткізді. 2014 жыл қорытындысымен,
Қармақшы аудандық мәдениет үйі бас жүлдеге ие болып, облыс
әкімінің 2000000 теңгелік сертификатына ие болды. Ән, би, те-
атр үйірме жұмыстары бойынша облыстық сайыстардың алды-
нан көрінуде. Ол қызметте білікті басшы, отбасында қамқор әке.
Оның отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында да биіктен
жарқырай көріне білді. Жерлестерінің ыстық ықыласына
бөленді. Біз Құлмырзаевтар жанұясына алдағы уақытта да тек
қана толағай табыстар тілейміз,-дейді аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Серік Айдаров әріптес
жайында.
Өнер қонған әулеттен тарап, өздері де өнерлі ұрпақ
тәрбиелеп отырған Ерлан мен Мерекеге біз де игі жақсылықтар
тілейміз. Алар асу мен бағындырар белестер әркез көп болғай.
Ұлтын ұлықтайтын ұлдарымыз бен қызғалдақтай құлпырған
қыздарымыздың жұлдызы жоғарыдан жарқырай берсін.
Отбасылық ұлттық құндылықтарымызды қастерлей, бағалай
білетін әулеттеріміздің ғұмыры ұзақ болсын!
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
Мектеп – балаларды бүл дір шін
кезінен бас тап есейтіп, ер жет кенге
дейін сусындататын алтын орда.
«Адам баласының жаман құлқы
жаратылысынан емес, өс кен орта,
көрген үлгі, өнеге біл діретіндігінен.
Көпшілікті адам шылыққа тәр-
биелеу үшін жас буынды жақ сылап
тәрбиелеу қажет», – деп Мұхтар
Әуезов айт пақ шы, жас ұрпаққа са-
палы білім мен саналы тәрбие беру
жауапты сала екені баршамызға
мәлім. Ж.Аймауытовтың «Мек-
теп – кеме, білім – теңіз» сын-
ды мақалы бекер айтылмаса керек.
Өйткені сенің «Мектеп» атты кемең
қай жерге дейін жетелесе, сен де
сол жерге дейін барып, сол жерден
көрінесің. Ал, теңіздей шеті, шегі
жоқ біліммен ұрпақты жетелейтін
тұлға-ұстаз. Ұстаз болу, яғни жақсы
оқытушы болу үшін алдымыздағы
барлық балаларды жақсы көруіміз
абзал.
«Қармақшы аудандық бі лім
бө лімінің №99 орта мекте бі» ком-
му налдық мемлекеттік меке месі
Қармақшы ауданы Ақай ауылын-
да орналасқан жалпы орта білім
беретін оқу орны. Қазіргі таңда осы
ордада 39 мұғалім білім беріп жа-
тыр. Мектебімізде қазіргі таңда
338 оқушы білім алуда. Мінекей,
осы оқу-тәр биенің дұрыс жүргізіліп
жатқа ны біздің, оқушыларымыз бен
мұғалімдердің жеткен жетіс тіктері
деп білемін.
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» – деп ақын
Абай Құнанбаев айтқандай, мек-
теп мұғалімдері оқушыларды бі-
лім теңізімен сусындатып жат-
қан жайы бар. Оған дәлел тө-
мендегідей жетістіктерге жету дің
арқасы деп ойлаймын. Ха лық-
аралық, республикалық, об лыс тық,
аудандық жарыс тар да оқушылары
білім мен өнер биі гінен көрініп
жүрген ұс таз да рымыз баршылық.
Оқу шы лар дың жетістікке жетуі
жетекші-ұс таздары Шаргүл Есқожа,
Лау ра Садықова, Кеңескүл Құ дай-
бергенова, Бану Айтбаева, Лау ра
Демеуова, Райла Едігеева, Бақыткүл
Махамбетова, Ақылбек Шалбаев,
Гүлзат Смағұлова, Ба қыткүл Мол-
дабаева, Майра Сүгірбаеваның
еңбектері деп бі леміз. Тағы бір
айта кететін жайт, 2015-2016 оқу
жылында мектебімізде 10 оқушы
алтын ұя мектебімен қоштасты.
Жыл бойы дайындаған оқушылары
ұстаз алдындағы міндеттерін орын-
дап, ҰБТ-дан аудан бойынша І
орын алды. Аида Есбергенова «Ал-
тын белгі», Ақбота Қанатбаева
«Үздік аттестат» иегері болды. ҰБТ
тапсырған 10 оқушының барлығы да
грант иегерлері атанып, бүгінгі күні
жоғарғы оқу орнының студенттері.
Ерен еңбектерінің арқасын-
да біздің мұғалімдер үлкен же-
тістікке жетті. Пән мұғалімдерін
атап айтатын болсам, қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ла-
ура Демеуова, тарих пәнінің
мұғалімі Майра Сүгірбаева, био-
логия пәнінің мұғалімі Гүлзат
Смағұлова, физика пәнінің мұға лімі
Дәурен Қали, математика пәнінің
мұғалімі Мәдина Нұржанова, гео-
графия пәнінің мұғалімі Бақыткүл
Молдабаевалардың еңбегі ерек-
ше. Осы білімнің жетістігі бойын-
ша мектеп директоры П.Төлемісов
пен оқу ісінің меңгерушісі Майра
Сүгірбаева ҚР Білім және ғылым
министрлігінің алғыс хатымен ма-
рапатталды. ҰБТ-ға қа тысқан 10
оқу шының 10-ы да қазақ тілі пәні-
нен «5»-тік баға алғандықтан пән
мұғалімі Лаура Демеуоваға ау-
дандық білім бөлімінің ал ғыс хаты
тапсырылды. Бұл мұға лім дердің
асатын асулары әлі алда деп ой-
лаймын. Жұмыстарына шығар ма-
шылық табыстар тілеймін.
«Мұғалім ісі сырттай қара-
пайым болғанмен, тарих тағы ең ұлы
істің бірі» деп Ушинский айт қан-
дай, Ұлы елдің ұр пақтарына бі лім
беретін ұстаз дарымыз биік шың-
дардан көріне берсін!
П.ТӨЛЕМІСОВ,
№99 орта мектеп директоры.
21 қыркүйек күні аймақта облыстық
ішкі саясат басқармасының тапсы-
рысымен демографиялық саясат пен
отбасылық құндылықтарды насихат-
тау, гендерлік саясатты жүзеге асыру,
қо ғамдағы тұрақтылық пен келісімді
сақтап, бейбітшілікті нығайтудағы ана
лар дың рөлін айқындау, «Аймақта от
басылықдемографиялық саясатты да-
мыту» әлеуметтік жобасы мен оның
ал дағы жоспарын түсіндіру мақ са
тында Абай атындағы аудандық орта
лықтандырылған кітапханада «Мерейлі
отбасы» тақырыбында кездесу өтті.
«Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық
қорының
ұйымдастыруымен
өткен
басқосуды қоғамдық қор президенті,
облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы,
ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төр
айымының орынбасары Нұрсәуле Муса-
ева жүргізді.
Кездесуде аудандық әйелдер кеңесі
нің төрайымы Үрзахия Махамбетова ,
білім саласының ардагері Гаухар Бөл
тірікова, ақын Талайлы Досымова,
мәдениет саласының қызметкері Не сі белі
Нұралиева, тағы басқалары сөз сөй леп,
тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісті.
Қоғам дамуында әйел ананың орны
қашан да ерекше болған. Өмірде нәзік,
істе мығым, отбасының береке, бірлігін
ұйыта білетін әйел аналарға қандай
құрмет көрсетілсе де артықтық етпейді.
Шарада «Әжелер» ансамблінің белсен
ді мүшелері, Батыр ана Айша Бөлекбаева,
білім қызметкерлері бастауыш ардагер
лер кеңесінің төрайымы Талмаш
Жұмабаева, 20152016 жылғы «Мерейлі
отбасы» ұлттық конкурсының аймақ
бойынша ІІ және ІІІ орын жүлдегерлері
атанған Құлмырзаевтар жанұясының
отанасы Балкүл Жалғасбаева, селолық
тұтыну кооперативінің төрайымы Үрзада
Бекмұрзаева, «Батыр ана» қоғамдық бір
лестігінің төрайымы Бейсенкүл Әбішова,
Жосалы кенті көше комитетінің төр
айы мы Бақыт Төребаева «Мәр тебелі
Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің алғыс
хаттарымен марапатталды.
С.РАЙЫМБАЕВА.
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ
ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ
ӘЙЕЛ ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ ҺӘМ ТЫНЫСЫ
«Өрлеу» жобасы – азаматтар тұрақты
жұмыс көздері арқылы өзінің өмір сүру
деңгейі мен сапасын жақсартуды көздейтін
бағдарлама. «Өрлеу» бағдарламасы төменгі
бағыттар арқылы іске асырылады:
1) Отбасының еңбекке жарамды мүшелерін
тұрақты жұмыспен қамтуға психологиялық
бейімдеу арқылы отбасын қиын жағдайдан
шығуға жәрдемдесу;
2) Мамандығы жоқ азаматтарды мемле кет
та рапынан өңірге қажетті әр түрлі ма ман дық-
тар бойынша қысқа курстарға оқытып, әрі қа-
рай жұмыспен қамту.
Ағымдағы жылғы 26 сәуірде аудан әкімінің
орынбасары Ә.Қошалақовпен «Өрлеу» пи-
лот тық жобасының негізгі тәсілдерін халыққа
түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық
жұмыстар жүргізудің іс-шаралар жоспары
бекітілді. Ауданның барлық ауылдық ок руг-
теріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақ-
сатында мобильдік топ құрылып, елді ме-
кендердегі халықпен кездесулер кесте бойын-
ша жүргізілді.
2016 жылға «Шартты ақшалай көмекті
ендіру» бюджеттік бағдарламаға жергілікті
бюджеттен 4000,0 мың теңге қаржы қаралды.
Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегіндегі жағдай
бойынша 15 отбасының 93 мүшесіне алты ай
мерзімге 2656,1 мың теңге көлемінде шарт-
ты ақшалай көмек тағайындалып, отба-
сы құрамындағы еңбекке жарамды 7 азамат
тұрақты жұмысқа орналастырылып, 12 адам
қоғамдық жұмысқа тартылды.
«Өрлеу» жобасына қатысушылардың бірі
Қармақшы ауылының тұрғыны Смайлов Ер-
лан Жақашұлы. Біз осы кісіден жоба туралы
пікірін сұраған едік.
– Сіз «Өрлеу» жобасына қалай қатыс ты-
ңыз?
– Мен Қармақшы ауылының тұрғыны
Смайлов Ерлан Жақашұлы. Отбасымда 7 ба-
ла тәрбиелеп отырмын. Жолдасым Э.Үм бет -
әлиева бала күтімінде. «Өрлеу» жобасын ауыл
әкімшілігінен біліп, аудандық жұ мыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар жә не азаматтық
хал актілерін тіркеу бөліміне ниет білдірдім.
«Өрлеу» жобасы аясында Қар мақ шы аудандық
білім бөлімінің №113 Қара көл ор та мектебіне
аудандық жұмыспен қамту ор талығы арқылы
қарауыл бос жұмыс орнына жолдама алып,
жұмыс жасап жатырмын. Со нымен қатар,
бөлім тарапынан уақ мал ша руашылығымен
айналысуға 173022 теңге қар жылай көмек
көрсетілді. Мен «Өрлеу» жобасы на үлкен
алғысымды білдіремін. «Өрлеу» ха лық арасы-
нан өз орнын тапқан жоба, – дейді ол.
З.МЕТЕРОВА,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу
бөлімінің басшысы.
«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ –
ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ
МҰҒАЛІМ-МЕКТЕП ЖҮРЕГІ
-Алдыңғы жылы осы білім ордасына оқуға
түскенімде мұнда бір-бірімізді танымайтынбыз.
Сабақтың алғашқы күндерінде «Өлкетану» жоба-
сы ұйымдастырылып, онда біз алдымен өзімізді,
туған жерімізді таныстырып, бір-бірімізбен
осы жоба арқылы танысып, білістік. Бір күні
«Толағай» жобасы бойынша көрші колледжде
оқитын серпіндіктерді шақырып, спорттық ойын
ойнап, олармен де жақсы араласып кеттік. Щу-
чье қаласына келгеніме 2 жыл болса да маған бұл
жақтың ауасы, халқының қонақжайлылығы қатты
ұнады. Бірде біздің колледжде серпіндіктерді
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру
орталығының бұрынғы басшысы, қазір осы
жоғары техникалық колледждің директоры Шо-
хан Оразалин «Серпін» бағдарламасы бойын-
ша оқитын студенттерге аталған «Балдәурен»
лагеріне апарып жақсы демалыс сыйлады,-дейді
ол.
Ол білім алып жатқан колледжде екі қазақ
тобы бар. Оларға орыс, украин, неміс ұлт өкілдері
білім береді.
Қызжібек аталмыш оқу орнында түрлі жо-
балар бойынша ұйымдастырылған жарыстар
мен сайыстарға қатыса жүріп, білімін шыңдап,
белсенділік танытуда.
Жақында жерлесіміз өзі білім алатын кол-
леджде жалпы орта, қосымша, техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу
орындарының ұстаздары мен шәкірттері арасын-
да өткізілген «Сүйемін туған тілді-анам тілін»
тақырыбында республикалық интернет байқауына
қатысып, «Алтын шумақ» номинациясымен және
ІІ дәрежелі дипломымен марапатталыпты.
Жыл сайын Мемлекет басшысының қолдауы-
мен елімізде жас талапкерлерге арнап өткізіліп
жатқан мемлекеттік «Серпін» әлеуметтік жоба-
сы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы
Мұрат Әбенов колледжге келіп, серпіндіктердің
қалай білім алып жатқандарын көзімен көріп, со-
нымен бірге студенттермен тілдесіп кетеді. Жу-
ырда сол Мұрат Әбенов тағы да келген кезінде
жерлесіміз, жас ақын Қызжібек Болатбекқызы
«Серпін» атты өлеңін мәртебелі қонаққа тарту
еткенін де айтып берді.
-Мен осы мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы
арқылы оқуға түскеніме қуаныштымын. Кол-
леджде серпіндіктердің сапалы білім алуларына
барлық жағдай жасалған. Өзімнің 11 жыл бойы
алған білімім далаға кеткен жоқ деп есептеймін,-
дейді ризалық сезіммен ол.
Ал, енді талапты жас Қызжібектің отбасы-
на келер болсақ, оның әкесі Болатбек Жаханов
Есенжолұлы ауылдық мешітте бас имам, анасы
Жұлдыз Қайырбекқызы «Қармақшы таңы» га зе-
тінің ІІІ Интернационал ауылдық округі бойын-
ша газет таратушысы болып абыройлы қызмет
атқарады.
Сондай-ақ, өзінен кейінгі Айкерім есімді сің-
лісі КСРО Батыры Т.Көмекбаев атындағы №250
мектеп-лицейінде 9 сынып оқушысы. Өз қатарлары
арасында математика, ағылшын пәндері бойынша
аудандық пәндік олимпиадалар жеңімпазы, соны-
мен бірге ол әуез мектебінің музыка сыныбында
білім алады. Ал, інісі Мұхамедәли болса ІІІ Интер-
национал ауылындағы №108 орта мектептің 5 сы-
ныбында білім алуда. Оның да талабы таудай, мек-
тепте озат оқушы. Спорт пен өнерге жанықұмар.
Күрес секциясы мен баян сыныбына қатысады.
Міне, осындай жас та болса талантты жас өзінің
алдына қойған мақсатына жетіп, туған халқының
қалаулысы атанатынына біз кәміл сенеміз.
А.КЕТЕБАЙ.
«Серпін» бағдарламасы
БҮГІНГІ БІЛІМДІ ЖАС, ЕРТЕҢГІ
БІЛІКТІ МАМАН ИЕСІ
ІІІ Интернационал ауылының жас тұрғыны Есенжол Қызжібек Болатбекқызы Елбасының
қолдауымен бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы
бойынша грант негізінде білім алып жүрген жастардың бірі. Қызжібек өзі туып өскен ІІІ Ин-
тернационал ауылындағы №108 орта мектепте білім алып, оны тәмамдаған соң 2015 жылы
Ақмола облысы, Щучье қаласындағы жоғары техникалық колледжінің инженер-энергетика
мамандығы бойынша ІІІ курс студенті атанды.