Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет13/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46

31
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Негізгі  ақпарат  берушілерді  зерттеу  кезінде 
өмірлік  қиын  жағдайда  қалған  отбасылар  тап 
болатын кедергілердің жан-жақты толық көрінісін 
қалыптастыру  үшін  әлеуметтік  қызметтің  белгілі 
түрлеріне  баса  назар  аударылды.  Атап  айтқанда, 
арнаулы білім беру қызметтеріне (Білім және ғылым 
министрлігі (БҒМ) жауапты) және әлеуметтік оңалту 
мен  күтім  көрсету  қызметтеріне  (ЕӘҚМ  жауапты) 
ерекше көңіл бөлінді. Негізгі ақпарат берушілердің 
түпкілікті  іріктеліміне  үкіметтегі  респонденттер 
(әлеуметтік 
қызметтер 
департаменттерінің 
басшылары,  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және 
әлеуметтік  бағдарламалар  департаменттерінің 
мамандары, білім департаменттерінде әлеуметтік 
және  педагогикалық  қызметтердің  көрсетілуін 
қадағалайтын  мамандар),  техникалық  бағалау 
комиссияларының  мүшелері  (білім  саласында  - 
ПМПК және әлеуметтік оңалту мен күтім көрсету 
қызметтері  саласында  -  МӘСК),  сонымен  қатар, 
тиісті жағдайларда осындай қызметтер көрсететін 
бейүкіметтік ұйымдар кірді.
Мәлімет жинау
Табысы 
төмен 
отбасылармен 
жүргізілген 
сұхбаттарға  үй  шаруашылығында  балаларға 
негізгі  күтім  көрсетушілер  қатысты.  Барлық 
дерлік  жағдайда  мұндай  күтім  көрсетушілер 
әйел  адамдар  болды.  Сұхбаттар  «Санджа» 
зерттеулер орталығының екі әйел қызметкерімен 
жүргізілді.  Сұхбат  респонденттердің  қалауынша 
қазақ  немесе  орыс  тілінде  алынып,  әрқайсысы 
шамамен  бір  сағатқа  созылды.  Сұхбаттардың 
аудиожазбасы  жасалып,  кейін  жазбаша  нұсқасы 
дайындалды. 
Талдау
Сапалық  зерттеу  компонентінде  қолданылған 
зерттеу құралдары:
1.  Не  арнаулы  білім  беру,  әлеуметтік  оңалту 
және  күтім  көрсету  қызметтерін,  не  тұрмысы 
төмен  отбасыларға  арналған  атаулы  әлеуметтік 
көмек  алмайтын  табысы  төмен  балалы  үй 
шаруашылықтарымен  жартылай  құрылымдалған 
сұхбаттар жүргізу;
2.  Арнаулы  білім  беру,  әлеуметтік  оңалту  және 
күтім  көрсету  қызметтерін  алатын  балалары  бар 
табысы төмен үй шаруашылықтарымен жартылай 
құрылымдалған сұхбаттар жүргізу;
3. Атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы төмен 
балалы  үй  шаруашылықтарымен  жартылай 
құрылымдалған сұхбаттар жүргізу;
4.  Қызмет  көрсетушілермен  (арнаулы  білім  беру, 
әлеуметтік оңалту және күтім көрсету қызметтері 
саласында) 
және 
жергілікті 
мемлекеттік 
департаменттермен  жартылай  құрылымдалған 
сұхбаттар жүргізу.
Сұхбат 
жүргізу 
үлгілерінің 
нобайы 

Қосымшасында келтірілген.
Осы 
құралдарды 
қолдану 
нәтижесінде 
жиналған 
сапалық 
мәліметтер 
келесілер 
тұрғысынан  талданды:  (i)  шектеулі  ауқымды 
қамту;  (ii)  көмекті/қызметтерді  аз  пайдалану; 
және (iii) көмектен/қызметтен қағылу, аталғандар 
әлеуметтік  көмекке  және  арнаулы  әлеуметтік 
қызметтерге  қол  жеткізудегі  басты  үш  себеп 
болып  танылды.  Мәліметтер  сапалық  талдау 
жасайтын  бағдарламалық  қамсыздандыруды 
қолданусыз  талданса  да,  оларға  жоғарыда 
келтірілген ерекшеліктері бойынша нақты кодтар 
тағайындалды.


32
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Кесте 6.    Сапалық зерттеу әдістемесіне шолу
Өңір
Үй шару-
ашылықта-
рында сұхбат
жүргізу – арна-
улы әлеуметтік
қызметтерді
алатындар
9
*
Үй шару-
ашылықта-
рында сұх-
бат жүргізу
– тұрмысы
төмен от-
басыларға
арналған
атаулы
әлеуметтік
көмекті ала-
тындар*
Үй шару-
ашылықтарында
сұхбат жүргізу –
тұрмысы төмен
отбасыларға
арналған атаулы
әлеуметтік
көмекті алмай-
тындар
Қызметкер
көрсе-
тушілер-
мен/негізгі
ақпарат бе-
рушілермен
сұхбаттар
Астана
2 аудан
Қала 
8
7
12
10
Қызылорда
2 аудан
Ауыл 
13
9
12
14
Маңғыстау
2 аудан
Ауыл
9
8
9
9
БАРЛЫҒЫ
6
12
30
24
33
33
Жауап берушілер туралы мәлімет
Кесте 6 үш облыста жүргізілген сұхбаттар санына 
қатысты мәлімет береді.
Сапалық  зерттеу  компоненті  барысында 
сұхбаттасқан 33 әлеуметтік көмек алмаушылардың 
топтық портреті келесідей сипатқа ие болды:
•    Олар  –  қаржылық  жағдайы  төмен  және 
тұрмыстық жағдайы нашар отбасылар. Бұл, әсіресе, 
Қызылорда  облысындағы  ауылдық  жерлерде 
айқын көрінеді. 
•      Ата-аналар  негізінен  орта  білімді  (21  рес-
пондент), қалғаны – кәсіби орта білім және жоғары 
білім иелері.
•  Күтім көрсетуші/сұхбаттасушы өзін-өзі жұмыс-
пен  қамтиды  немесе  анда-санда  жұмыс  істейді. 
Кейбір  жағдайларда  жарты  күн  жұмыс  істейді 
немесе  жалақысы  аз  жұмыстарға  орналасқан 
(тазалаушы, күзетші, сантехник, қойшы).
•    Отбасыларда  ата-ананың  тек  біреуі  ғана  бар    
(12  респондент).  Осындай  отбасыларда  басқа 
балалар (тоғыз жағдайда) немесе ата-әжелер (екі 
жағдайда) бала күтіміне белсене араласады.
•    Шамамен  үштен  бірі –  көп  балалы  отбасылар 
(10 респондент). Көп балалы отбасылардың ең көп 
саны Қызылорда облысында тұрады (бес отбасы). 
Ал Маңғыстау облысында әр үй шаруашылығында 
орта  есеппен  бес  бала  болды  (ең  көбі  –  тоғыз). 
Қызылорда  облысында  орта  есеппен  төрт  (ең 
көбі  –  жеті)  бала  болды,  ал  Астана  қаласында 
отбасындағы  балалар  саны  ең  аз  (орта  есеппен 
екі, ең көбі – төрт) болды.  
•  Он  отбасының  асырауында  мүгедектігі  бар 
балалар  бар.  Жеті  отбасында  мүгедектігі  бар 
ересектер бар. 

     Осы үй шаруашылықтары арасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді де, тұрмысы төмен отабсыларға арналған атаулы әлеуметтік көмекті 
де алатындары жоқ. Бұған басты себеп – арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын үй шаруашылықтары басқа да атаулы әлеуметтік көмек түр-
лерін (мысалы, мүгедектік жәрдемақысын) алады. Осындай жәрдемақылар алатындықтан, олардың табыс көлемі тұрмысы төмен отбасыларға 
арналған атаулы көмекті алу үшін белгіленген шекті табыс деңгейінен асып кетеді (3.3-тарауын қараңыз).


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау