Ойын арқылы мектепалды даярлық топ балалардың Қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру



жүктеу 359,97 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі359,97 Kb.
#15254

ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы

Н.Островский атындағы

4 Күршім орта мектебі



мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі.

Алтай Қайнар
Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда шебер-сынып өткізу жоспарын жасақтау 

«Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң,

есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», – деген екен. М.Жұмабаев

    Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді.Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Мектепалды тобының балаларының мінезі мен ерекшеліктерін мектепке дейінгі дайындығын, денсаулығы мен даярлық сапасының бағалау өлшемін нақты білетін мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі әрі психолог, әрі медицинадан хабары бар, әрі әртістік шеберлігі өте мықты дамыған тәрбиеші болу керек.Ол:

-  Сабақты жаңаша шығармашылықпен жүргізе білетін .

-  Ұстаздық жүрегіне жылылық қалыптасқан.

-  Балалардың ойындағы әртүрлі шығармашылық өнерлерін танып жолға түсіре білетін.

-  Оқушылардың қызығушылығын оятып, оқу әрекетіне белсенділігін арттыра білетін.

- Баланың отбасы және қоғамдық қарым-қатынасын тиімді ұйымдастырудағы ата-ана қызметінің проблемаларын нақты шешіп, жол көрсете білетін ұстаз болуы қажет.

Мектепалды балаларын дамытып,өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет ойын болып саналады .Ол бала әрекетінің негізгі түрі.Бала ойын үстінде өмірде көрген-білгеніне,өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырады,соны бейнелеп ойнайды.Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойындар мазмұнының сан алуандылығымен ерекшеленеді.Олардың қайсысы болмасын баланың танымдық деңгейлерін жоғарылатады.белсенді қимылдың дағдыларын қалыптастырады.Ойынның жүйелі,мақсатты түрде

ұйымдастырылуы оның тәрбиелік маңызын арттыра түседі.Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге,ойлау қабілетін дамытуға,балалардың достық сезімін оятып,бі -біріне қамқорлығын,ұжымдық бірлігін нығайтып,жақсылыққа,қайрымдылыққа,ізеттілікке,әдептілікке тәрбиелейді. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс- тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.

Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Мектепалды саты- бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан мектепалды топ - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.   Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Я.А. Каменский: «Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі», - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен – ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда, ойлау қабілетін дамытуда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.



Мен математика сабағынан 10 санын түсіндіргенде ең алдымен Қиялды дамытуға арналған ойынды ойнатқыздым.Ойын аты «Менің көңіл-күйім қандай?».ол ойынның шарты төмендегідей: Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін күннің суретті тауып атайды (көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді. «Көршісін тап» ойынын арқылы 9 санының артындағы көршісінің қандай сан екенін тапдық тақтаға 0.1...9.ден кейін 10 саны тақтаға сандар қатарына ілінеді сергіту сәті би «Қара жорға». Музыкамен сергіту жасау шаршап отырған баланы бір сергітіп, сабаққа қатысуға шақырады сондықтан кемінде сергіту сәтін екі рет өткізіп отырсаңыз сабаққа деген баланың қызығушылығы артады., өсу ретімен орналасқан әр санды дауыстап айттырамын. 10 санының ең кіші екі таңбалы сан әрі 1 және 0 санынан түратынын түсіндірдім.10санына дейін санамақ айттырдым, балаларды 3 топқа (алғыр, зерек, тапқыр) бөліп сандардың құрамын жаздырттым. Не білдім, не білгім келеді, нені қолдана аласың сұрақтарға сандарға байланысты «Алма теру»ойынын ойнатқыздым. Алмалар 3 түрлі пішінде:үлкен,орташа,кішкене.Оларды үзіп алып тапсырмаларын орындап әр алманың өзінің себеттеріне жинайды. кім алманы көп жинаса сол, топ жеңімпаз болады.Жеңген топпқа сыйлыққа алма беріледі,осы

ойын ойнағанда балалар толық әрі тапсырмаларды қызыға орындады,әрі жолдастарымен шынайы қарым-қатынаста болды. Сабақ соңында жақсы қатысқан баланы білімдеріне қарай бағаладым. Үйге 10 санын үлгіге қарап жазуды ұсындым. Мысылы: Математикада төмендегі ойындарды үнемі қолданамын :

“Ұқсас затты тап”

“Нүктелерді қос”

“Айырмашылығы неде?”

“Қай қолымда көп”

“Өз үйіңді тап”

Уақытты бағдарлауды түсіндіргенде «Бұл қай кезде болады?», ойынын ойнатқыздым. Балалар «Көктем» мезгілінде қандай өзгерісті байқағанын айтқызамын.Үстелдің үстінде әр түрлі суреттер. Құстардың ұшып бара жатқаны, құстардың ұшып келе жатқаны, көктемгі киімдер, ағаштың бүр жара бастағаны, гүлдеп тұрғаны, жапырақтың сарғайып тұрған кезі. Балалар сонда «Көктем» деген сөзге құстардың ұшып келе жатқанын, ағаштың бүр жарайын деп тұрғанын таңдап алды. Әр мезгілдің өзіндік ерекшелігі болатынын түсіндірдім, әр мезгілде 3 айдан болатынын, әр мезгілдің айларын жаттаттым. «Апта күндері» деген ойындарды ойнатқыздым. Ойынды ертегімен бастадым. Болашақ деген атаның 7 ұлы болыпты.Олардың

барлығы ақылды екен, балаларының аты: Дүйсенбі, Сейсенбі,Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.Олар тату - тәтті тұрады.Болашақ ата кенже ұлы жексенбінің қолында болыпты. Сондықтан жексенбі күні демалыс күні болып белгіленіпті, өйткені ол қара шаңырақ ешкімді ренжітпейді екен. Өзімде ойынға қатысып, Болашақ атаның отауларына барып дәм татып қайттым, соңында «білемін, білгім келеді, үйренемін» әдіс-тәсілін қолданғанда сөз орнына суреттерді қолданамын. Бала ойын ойнай отырып үйренеді. Мысалы, сауат ашу сабағында жаңа дыбыстармен танысуда «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнатамын, ойынның шарты: сөзді дұрыс оқып айтқан балаға текшелер таратып отырамын. Кім көп текше жинайды сол жеңеді. Ойын соңында жеңімпаз баланы анықтаймын. Т дыбысы мен әрпін өткенде 1.шаттық шеңбермен бастадым.жұмбақпен сабақ жалғасып жұмбақтың шешуы өтілген әріпке байланысты болады.

«Халық «қу» деп ,

Қылған күлкі.



Айласы көп, Бұл не?» - түлкі дейді. Ендеше бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз. Осы сабақтың мақсаты: Т әрпі мен дыбысы екенін түсіндіру. Қандай дыбыс қай сандыққа (Көк-дауыссыз, Қызыл-дауысты)

салатынын айту арқылы сөздің қай жерлерінде келетіні түсіндірдім.сауат ашу сабағында қызыл көк сандықты қолданғанда №1 суретте көрсетілгендей қасиеттері дамйды. Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланың жақсы өз дәрежесінде меңгеруге әкеледі. Ойлау қабілетін дамыту ойындарын ұйымдастырдым. Мысалы, «Сөз ойла, тез ойла», «Балықшы», Сөйлемді жалғастыр, «Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр?», «Сен жалғастыр», «Сөз ойла тез ойла» ойынын ойнаттым. Ойын кезінде мыналарды ескердім: жоспарлау, дайындау, іске асыру, ойын шартының дұрыстығын бақыладым. «Жоғалған буынды тап», ойынын ойнатқанда ойынның мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. мен қазір сөздің басқы буынын айтамын, ал сендер тез аяқтауларың керек. Мысалы, ПА-НА, ТА-НА, А-ТА, АТ, АЛ-МА. Буындардға сөз құрау.

Мысалы: ай-ай-ай шауып келді тай.Ой-ой-ой жайылып жүр қой.осы ойын барысында төлеген мерей жақсы сөз құрап өз ойын еркін айта білді.«Сөз ойла тез ойла» ойынын ойнатқанда Т әрпінен басталатын сөз ойлап айтады мысалы: тас, тары, таға, тон т.б….

Тіл дамыту және көркем әдебиет сабақтары бір-бірімен пікір алысу, қарым-қатынас құралы болып қоймай, қазіргі кезеңде кез-келген адамның мәдени және рухани өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан да жас ұрпақтың тіл дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың қоғамдық әрі тәрбиелік мәні зор. Өйткені мектепке дейінгі шақ баланың тіл құбылыстарына аса сезімталдығының байқалатын кезі сондай – ақ бұл шақта баланың өзін қоршаған дүниені танып білуі құмарлығы, қызығушылығы ерекше дамиды. Танымдық белсенділік баланың сөйлеу, бір нәрсені сұрап білу өз ойын хабарлап жеткізу қажеттіліктерін тудырады. Осыған байланысты тәрбиешілермен ата-аналар үшін ұсынылып отыр бұл құрал мектепке дейінгі балалардың тіл дамыту мақсатын көздейді.тіл дамыту сабақтарында тақырыпты төп болып саяхатқа шығамыз.Бәріміз қайыққа отырып көлде келе жатамыз алда кедергілер болады сол кедергілерден тапсырмаларды орындау арқылы өтеміз ең соңғы кедергі ертегінің тақырыбы болып сол ертегіні балаларға тәрбиеші мәнерлеп дауыстап оқып әрі ертегілердің суреттерін көрсетіп отырамын. Ертегі соңында сұрақтар қою арқылы тексеремін келер сағатта сол ертегіні оқушыларға рөльге бөлып ойнатамын.балаларға ертегі тыңданды өте жақсы көреді.

Қортындылай келе :Мектеп алды топ оқушыларының осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырудамын. мектеп алды топ тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым және аса дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті болуы тиіс.

Өзіндік жұмысымда мектеп алды тәрбиешісінің  оқу тәрбие процесіндегі бала шығармашылығын арттыруға арналған  қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы көрсеттім. Өзіндік жұмысым барысында зерттелген жұмыстармен тәжірибелер арқылы баланы 5 жасынан даму зонасының айқын аймағына қол жеткен аймаққа дейінгі қабілетке жеткізуі ұстаздардың шығармашылық жұмысының міндеті зор екендігіне көз жеткіздім. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Бәсеке басы – білім »деген.

Ендеше ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасымыздың үкілі үмітін ақтауға барлық күш-қуатымызды жұмсағанымыз жөн.

Әдебиеттер тізімі

1.Бантова М.А и др.Бастауыш кластарда оқыту методикасы.Алматы,«мектеп»,1978ж.

2.Идилова Т.Логика:5-7 жастағы балаларға арналған.-Алматы:«Алматы кітап»,2005ж

3.Б.Тұрғанбаева «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту».

4.Қ.Жарықбаев «Жалпы психология»



5. Н.Ә.Назарбаев. Жолдау «Қазақстан – 2030»
жүктеу 359,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау