Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет41/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71

леріне  тыйым  салынады,  “АҚТҚ-ға  шалдыққан  адамдардың  әлеуметтік  әрі  құқықтық  қорғалуы, 
жасырын  емделудің  сапасы  мен  мүмкіндігі,  құпия  түрде,  ақысыз  медициналық  кеңес  алуға 
мемлекет  кепілдік  береді”  делінген.
АҚТҚ  алдында  әлсіз  немесе  АҚТҚ-ға  шалдыққан  адамдар  өздерінің  дискриминациядағы 
қорғауға  әлеуметтік  қауіпсіздікке  денсаулыққа,ерлер  мен  әйелдер  арасындағы  теңдікке,  білім 
алуға  ,некелесіп,  отбасын  құруға,  еңбек  етіп  алға  жылжуға  еркіндік  құқықтарын  білмейді.  Осы 
адам  құқықтарын  ұстанбаушылық  маргиналды  топтар  арасында  АҚТҚ-ның  таралуының 
жылдамдығын  асырады  және  жалпы  қоғамға  жағымсыз  әсерін  арттырады.  Сонымен  бірге  бұл 
АҚТҚ-мен  ауыратын  адамдардың  емделу  мүмкіндігін  білмеуімен  байланысты.
АҚТҚ/ЖҚТБ  мен  адам  құқықтары  арасындағы  байланыс  мына  үш  жағдайларда 
көрінеді:
Әлсіздіктің  артуы:
Белгілі  топтар  өздерінің  азаматтық  саяси,  экономикалық  әлеуметтік  және  мәдени  құқықта-
рын  жүзеге  асыра  алмайтындықтарынан  АҚТҚ  әсерінің  алдында  тым  әлсіз  болады.  Олар:  еркін 
хабар  алуға  мүмкіндікке  құқыларының  бар  екендігін  білмеген  адамдар,  АҚТҚ/ЖҚТБ-ға  қатысты 
мәселелерді  талқылауға  қатысудан,  ЖҚТБ  бойынша  қызмет  ететін  ұйымдарда,  өзара  көмек-
тесу  топтарына  және  басқа  да  сақтандыру  шараларының  ұйымдарына  қатысу  мүмкіндіктерін 
білмегендіктен.
!
әйелдер,  әсіресе  жас  әйелдер,  инфекциялардан  сақтану  мен  кепілді  сексуалды  және 
репродуктивті  денсаулыққа  қажетті  қызметтерге,  білім  алуға,  хабарлануға  мүмкіндіктерін 
пайдаланбағандықтан  АҚТҚ  ауруынан  қорғана  алмайды.
!
тұрмыстық  деңгейі  нашар,  емделуге  жағдайлары  жоқ  адамдар.
Стигма  және  дискриминация
Қоғамда  АКТҚ  ауруымен  ауырған  адамдардың  ауруы  мәлім  болғандықтан  олардың  құқық-
тары  жиі  бұзылады.  Стигматизация  мен  дискриминация  олардың  емделуіне  және  жұмысқа 
орналасуы  мен  үй  алуына  т.б.  әсер  етуі  мүмкін.  Бұл  өз  кезегінде  басқа  жұқпалы  аурулардың 
көбеюіне  әсер  етеді,  себебі  АҚТҚ  мен  ЖҚТБ-ға  байланысты  Стигма  мен  дискриминация 
адамдардың  өзіне  деген  сенімінен  айырады  және  олардың  денсаулық  сақтау  қызметтеріне 
қаралуға  кедергі  болады.   
Ақпарат,  білім,  кеңес  алуға  өте  мұқтаж  тұрғындардың  кейбірі  көмек  бар  болса  да,  оны  ала 
алмайды.
Нәтижелі  жауап  жолындағы  кедергі
Адам  құқығы  құрметтеліп  сақталмаған  ортада  АҚТҚ  алдын  алудағы  емдеу,  қорғау,  күту 
көмектерін  нәтижелі  жүзеге  асыру  қиын.
“Стигма”  және  “дискриминация”  түсінігі
2003  ж.  желтоқсанда  ЮНЭЙДС  өзінің  вебсаитында  стигма  дискриминация  «АҚТҚ  мен  өмір 
сүруші  адам»  деген  түсініктерін  кіргізді  және  стигма  мен  дискриминацияны  анықтады.
Стигма.  АҚТҚ/ЖҚТБ  мен  байланысты,  АҚТҚ-ға  шалдыққан  адамдардың  құнын  түсіру 
девальвация,  немесе  АҚТҚ/ЖҚТБ  терді  қандай  да  бір  жолмен  ассоциациялау.  Стигманың  бұл 
түрі,  АҚТҚ-ның  екі  жағдайымен  жұғуына  байланысты;  жыныстық  қатынас  немесе  есірткіні 
инемен  қолданушыларды  стигмитазациялаудың  бір  тармағы.
Дискриминация  стигма  сияқты,  АҚТҚ-ға  шалдыққандарға  деген  дөрекі,  әділетсіз  қарым-
қатынас.  Дискрминация  адамдардың  қай  топқа  жататынына  сүйене  отырып,  олардың 
арасындағы  айырмашылықты  жариялайды.
Тапсырма: 
Аталған  модульді  оқыған  оқушылар  білу  керек:
1. адам  құқығы  концепциясын  түсіну;
2.   АҚТҚ/ЖҚТБ  және  адам  құқығының  байланысын  анықтау;
3. АҚТҚ-ға  шалдыққандарды  қоғам  қалай  стигматизациялайтынын  түсіну;
4. қоғам  АҚТҚ  мен  өмір  сүруші  адамдарды  қалай  дискриминациялайтынын  түсіну  және 
осы  дискриминацияның  негативті  әсері;
5. Дискриминация  мен  стигманы  азайту,  адам  құқығына  кепілдік  берудің  жолын  табу.
100
АДАМ
 ҚҰҚЫҚТАРЫ
 ЖӘНЕ
 АҚТҚ/ЖҚТБ


Мазмұны:
1.   АҚТҚ/ЖҚТБ,  стигма/  дискриминация.
2.   АҚТҚ/ЖҚТБ  және  адам  құқығы.
3. Дискриминация  мен  стигманы  жеңу  қадамдары.
Оқу  жаттығуы.
1.   Стигма  және  АҚТҚ/ЖҚТБ
2.   Стигма  мен  дискриминацияның  азаюы.
3.   АҚТҚ  мен  өмір  сүруші  адамдарға  қатысты  стигмамен  дискриминацияны  жеңу.
Күтілетін  нәтиже:
Оқушылар  келесі  сұраққа  жауап  бере  алу  керек.
1. Қоғамдағы  жергілікті  деңгейде  басым  болып  отырған  стигма  мен  дискриминацияның 
қандай  түрлері  бар?
2.  АҚТҚ/ЖҚТБ  болдырмауда,  стигма  мен  дискриминацияны  не  үшін  бақылауға  алу  керек?
3.  АҚТҚ-ға  шалдыққан  адамдардың  адам  құқығы  бұзылмауына  не  үшін  кепілдік  беру 
керек?
4. АҚТҚ/ЖҚТБ,  АҚТҚ  мен  өмір  сүруші  адамдар,  жыныстық  қатынасқа  қатысты  адам 
құқығын  бұзатын,  қандай  дискриминациялық  заңдар  бар?
5.      АҚТҚ  мен  өмір  сүруші  адамдарға  қарсы  дискриминацияның  азайтудың  қандай  әдісі  бар?
6.1.  ЖАТТЫҒУ
Стигма  және  АҚТҚ/ЖҚТБ
Уақыт:  2  академиялық  сағат.
Тапсырма:  қатысушыларды  үйрету
1.   Стигмалар  және  дискриминация  және  АҚТҚ/ЖҚТБ  туралы  сұрақтарын  талқылату.
2.  АҚТҚ  мен  өмір  сүруші  адамдар  контексінде  стигма  мен  дискриминацияны  анықтау.
3.  АҚТҚ  жұқтырғандарды  қоғам  қалай  стигматизациялайтынын  анықтау.
4.  Стигма  мен  дискриминация  зардаптарын  баяндау.
Мазмұны.
1.  Стигма  мен  дискриминация  концепциясы
2.  АҚТҚ/ЖҚТБ  эпидемиясына  байланысты 
3.  Стигмалар  мен  дискриминациялар  формасы.
Жүргізу  барысы:
1.  «Даулы  пайымдау»  ойынын  жүргізу
2. Ойын  соңынан  қатысушыларды  3-4  топқа  бөлу
3. Қатысушыларға  көріністің,  тапсырмасымен  жүргізу  бағытын  түсіндіру.
4.  АҚТҚ/ЖҚТБ  байланысты  дисприминация  түрлерін  атау  және  жергілікті,  әлемдік 
деңгейде  адам  құқығы  және  стигма  мен  дискриминация  туралы  не  білетіндерін  сұрау.
Стигма  мен  дискриминацияға  қатысты  сенім,  жүріс-тұрыс,  қарым-қатынастарды  анықтау.
5. Қатысушылардан  презентация  жасауларын  сұрау.
6. Презентациядан  соң  6.1.  ресурстық  материалын  тарату.
7. Ресурстық  материалды  пайдалана  отырып,  дәлелденетін  ақпарат  беру,  және  жаттығу 
қорытындысын  шығару.
Бағалау: 
Қатысушылардан  АҚТҚ  жұқтырғандарға  стигманың  әсері  туралы  2-3  сөйлем  жазу  және 
АҚТҚ  жұқтырған  адамдарға  арналған  алдын  алу  шараларына  стигманың  әсерін  қарастыру.
Күтілетін  нәтиже:
Жаттығуды  орындағаннан  соң,  қатысушылар  АҚТҚ/ЖҚТБ-ға  қатысты  алдын  алу 
бағдарламаларына  стигма  мен  дискриминацияның  тигізетін  кері  әсерін  білулері  керек.
101
АДАМ
 ҚҰҚЫҚТАРЫ
 ЖӘНЕ
 АҚТҚ/ЖҚТБ


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау