Мұғалімге «Даулы пайымдау» ойынын қалай өткізу туралы кеңес
Мақсаты: Қатысушылардан АҚТҚ/ЖҚТБ ға мәселелерге байланысты өз көз қарастарын
білдірулерін сұрау.
Жабдықтау: 4 парақ қағаз, оның әр қайысына бір бірден пікір жазылған, «Келісемін»,
«Келіспеймін», «Білмеймін», «Үгіттегендіктен келісемін».
Пікір жазылған парақтар бөлменің төрт терезесіне жабыстырылады. Жүргізуші даулы пікірді
бір бірден жақтап шығады.
Пікір айтылғаннан соң, қатысушылар өз қалаулары бойынша, көз қарастарына сәйкес
келетін пікірдің жанына тұрады. Осындай үлгімен құрылған топтан 3 минут уақыт аралығында өз
көз қарастарын пайдалана отырып, дәлелдерін талқылауларын сұрау . бұдан кейін әр топтан
қатысушылар кезекпен өз көз қарастарын түсіндіреді. Ойын барысында қатысушылар өз
пікірлерін өзгертуі мүмкін.
«Дауысты пайымдау»
1. АҚТҚ жұқтырған қатысушылар спорттық шараларға қатыспаулары керек.
2. АҚТҚ-ны мәжбүрлеп емдеу- АҚТҚ-ны жұқтырмаудың жалғыз жолы.
3. АҚТҚ жұқтырған әйел бала тумауы керек.
4. АҚТҚ жұқтырған мұғалім және дәрігерлердің жұмыстан шығарылуы керек.
5. Пиндер АҚТҚ-ны жұқтырғандарына өздері кінәлі, сондықтан да тегін антиретро
вирустық терапия алуға құқықтары жоқ.
6. Балалар үйіне түскен барлық балаларды АҚТҚ тексеруден өткізу керек.
6.2. ЖАТТЫҒУ
Стигма және Дискриминацияны азайту
Уақыт: 2 академиялық сағат.
Жабдық: флипчарттар, маркерлер, скотч.
Тапсырма: берілген жаттығулар орындалғаннан кейін қатысушылар білу керек:
1. Адам құқығы концепциясын білу.
2. Халықаралық бірлескен адам құқықтарымен танысулары керек.
3. Адам құқықтары мен АҚТҚ/ЖҚТБ арасындағы байланысты ажырата алу керек.
4. АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатыстылардың адам құқығының бұзылу салдарын анықтай білу керек.
5. Адам құқығын кепілдендіру және стигма мен дискриминацияны төмендету туралы
білімімен қамтамасыз ету.
Мазмұны:
1. Адам құқығы концепциясы.
2. Адам құқығының бұзылуы.
3. АҚТҚ/ЖҚТБ және адам құқығы.
Жүргізу барысы:
1. Қатысушыларды үш шағын топтарға бөлу
2. АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатысты адам құқығының бұзылуы мақсатын, адам құқығының
мағынасын, өзара топ арасында талдауларын сұрау.
3. Топтан шағын сахналық қойылым дайындауларын сұрау.
4. Шағын сахналық қойылым мына сюжет бойынша құрастырылса болады.
АҚТҚ жұқтырған адамға медициналық көмек көрсетуден бас тартқанды мұғалім
шеткі партаға жалғыз отыруын талап етеді.
Отбасының бір мүшесі ЖҚТБ тен қайтыс болғанан кейін, отбасы
айналасындағылардан әлеуметтік жағынан шеткеруге тап болуы.
5. Презинтациядан кейін қатысушылардан көрсетілген дискрниминациядан не
байқағандарын сұрау.
6. Барлық қатысушыларға 6.2. ресурстық материалын тарату, стигма мен дисприминация-
ны азайту және адам құқығына кепілдік беретін әдіс-тәсіл бойынша топтық тікірталас жүргізу.
102
АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
ЖӘНЕ
АҚТҚ/ЖҚТБ
7. Қатысушылардан өздері естіген немесе кездестірген стигма және дискриминациялық
ақпарат түрлерін қатарластары арасында талдауларын өтіну.
8. Қатысушылардан карточкаға адам құқығының кепілдігін қалай өлшеуге болатындығын
және азайту жолдарын, бірнеше сөйлем жазуларын сұрау.
9. Қортынды жасау.
Күтілетін нәтиже:
Қатысушылар адам құқығы концепциясынан хабардар болу және АҚТҚ/ЖҚТБ-ға
шалдыққандардың адам құқығына байланысын білу. Қатысушылар АҚТҚ мен өмір сүруші
адамдар құқықтарының бұзылу зардаптарынан хабардар болады.
Мұғалімге кеңес:
Шынайы өмірде кездестіруге болатын АҚТҚ мен өмір сүруші адамдарға байланысты
жағдайды бейнелейтін, шағын қойылымға қатысушылар санын көбейту. Халықаралық және
Қазақстан Республикасында қабылданған адам құқықтары туралы құжаттарға
қатысушылардың назарын аудару.
6.3. ЖАТТЫҒУ
АҚТҚ мен өмір сүруші адамдарға байланысты стигма мен дискриминацияны жеңу
Уақыты:
1 академиялық сағат.
Жабдық: маркер, скотч, флипчарт.
Тапсырма: жаттығу соңында қатысушылар білу керек:
1. Адам құқығы жөнінде белгілі білім ала алуы.
2. АҚТҚ мен өмір сүруші адамдарға қарсы дискриминацияны төмендетуге дағдылану.
Мазмұны: Адам құқығының бұзылуы.
Жүргізу барысы:
1. Қатысушыларды 4 топқа бөлу, төрт топтан бір-бір адамнан, әркімнің өз қалауы
бойынша, АҚТҚ жұқтырған мұғалім, мектеп қызметкерін, күйеуі ЖҚТБ-ның кесірінен өлген әйел,
әкесі АҚТҚ инфекциясын жұқтырған бала рөлдерін сомдауға шақыру.
2. Диалогты бастау үшін, мына тақырып бойынша әр топқа нұсқау беру.
АҚТҚ жұқтырған әйел.
АҚТҚ жұқтырған қызметкер, мектепте жұмыс істеуші.
ЖҚТБ-ның нәтижесінде күйеуі өлген әйел.
Әкесі АҚТҚ жұқтырған мектеп оқушысы.
Дайындыққа уақыт беру.
3. Қатысушылардан жоғарыда көрсетілен, жұқтырғандар рөлін сомдайтын әр топтан
актерларды таңдауларын сұрау.
4. Ойын бақылаушысына тексеру парақтарын тарату.
5. Тексеру қағаздарының мазмұны мен жазылу ретін түсіндіру.
6. Ойын соңынан актерларға қошамет көрсету.
7. Жаттығу орындау барысында өтілген сабақ жайында сұрау.
8. Адам құқығының бұзылуы және оған қарсы күрес, АҚТҚ мен өмір сүруші адамдарға
қатысты стигма және дискриминация формалары туралы жаттығу қортындысын талдау.
9. ЖҚТБ-ның бәрімізге қатысты екенін назар аудара отырып, талдауды аяқтау.
10. Қысқа үй жұмысын орындау үшін қатысушыларды топтарға бөлу.
АҚТҚ жұқтырғандар негізгі құжаттарға сараптама жасау; Адам құқығын сақтай отырып,
АҚТҚ/ЖҚТБ құқығы және АҚТҚ/ЖҚТБ-ны емдеу көзқарасына сәйкес. АҚТҚ жұқтырған
адамдардың құқығының бұзылуларын, стигма мен дискриминация туралы мысал келтіру.
а. АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтырған адамдар және отбасына қарсы стигма және дискриминация
б. АҚТҚ/ЖҚТБ-ға соқтыққан отбасы және адамдардың мұқтаждығы.
103
АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
ЖӘНЕ
АҚТҚ/ЖҚТБ
Достарыңызбен бөлісу: |