Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану



жүктеу 0,63 Mb.
бет3/17
Дата05.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#31356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
оқытудың интерактиаті түрлері нұсқаулық маңғыстау

ISBN

ӘОЖ

КБЖ





Т - 75


Т - 75


©«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты типогафиясы, 2019



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ............................................................................................................. 4

  1. Оқытудың интерактивті әдістерін пайдаланудың

теориялық негіздері ................................................................................. 6

    1. Оқытудың интерактивті әдістері туралы түсінік .............................. 6

    2. Интерактивті оқытудың негізгі қағидалары мен мақсаттары.......... 7

    3. Интерактивті әдістердің оқыту мен оқудағы рөлі ............................ 8

  1. Оқытуда қолданылатын интерактивті әдістер ................................... 10

2.1. Оқытуда қолданылатын интерактивті әдіс түрлері ........................... 10

2.2. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар .. 11

2.3. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда

интерактивті әдістерді пайдалану........................................................ 20

Қорытынды....................................................................................................... 31

Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................ 32



Кіріспе
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін арттырудың жаңа жолдарын іздестіру бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Білім берудегі жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің өзінің де кәсіби тұрғыда дамуына, азаматтық ұстанымының қалыптасуына, оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруына игі әсерін тигізетіні белгілі. Мұғалім өзінің кәсіби құзыреттілігін жоғарылатқанда ғана, үйренушілердің білім алу сапасының жоғарылауына жол ашылады. Ол үшін мұғалім білім беру саласындағы жаңалықтардан қалыс қалмай, үнемі шығармашылық ізденісте болып, өз тәжірибесіне өзгерістер енгізуі қажет.

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу маңызды. Бүгінгі күні оқушының білімді дайын күйінде қабылдамай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде қабылдауының маңыздылығы жоғары екендігі дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, сындарлы білім үйренушіден білу, түсіну, қолдану, талдау негізінде жаңа мазмұн құрастыруды және жинақтау, бағалау негінде белсенді әрекеттерді жүзеге асыруды талап етеді. Ал оқушы бұл талапты мұғалім әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолданғанда ғана орындай алады.

Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы тиіс. Сонда ғана оқушы өз тарапынан белсенділік танытып, дербестікке ұмтылады, оның өзіне деген сенімі артады.

Интерактивті әдістер білім алушылардың оқып, үйренуде өз әрекеттерінің нәтижелі екендігін сезінуіне, белсенді болуға, үйренуді тәжірибелік әрекеттерге негіздей отырып, өмірлік мәселелермен байланыстыра білуге, дербестікке баулиды. Бұл әдістерді пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқушылар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады [7].

«Интерактивті әдістерді мектеп тәжірибесіне енгізуді неден бастау керек?» деген сұрақ мұғалімдерді жиі ойландырады.

Аталған мәселелерге орай, мұғалімдерді толғандырған сұрақтарға жауап беру және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда интерактивті әдістерді пайдаланудың ерекшелігін тереңірек ұғынуға ықпал ету мақсатында жазылған әдістемелік нұсқаулық қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналады.



  1. жүктеу 0,63 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау