Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет17/28
Дата20.11.2018
өлшемі0,68 Mb.
#22373
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

ақпараттық-техникалық  құралдарды  (ЭЕМ,  аудио,  бейнефильм,  кино)  қолданатын  технологияларды 

тəжірбиеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз.  

      Компьютерлер 

білім 


беруде 

кеңінен 


қолданыла 

бастағанда 

“оқытудың 

жаңа 


ақпараттық 

технологиялары”  термині  пайда  болды.  Бұл  технологиялар  бағдарламалап  оқыту  идеясын  дамыта  отырып, 

қазіргі  компьютерлер    мен    телекомуникацияның  дамуымен  байланысты  оқытудың  жаңа,  əлі  толық 

зерттелмеген  əдіс-тəсілдерін  ашады.  Оқытудың  жаңа  ақпараттық  технологиялары  –  ақпаратты  оқушыға 

компьютер арқылы əзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады. 

      Алдымен  жаңа  ақпараттық  технологияға  көшпей  тұрып,  оқу-тəрбие  үрдісінде  білім  беруді 

ақрпараттандыру  мүмкін  емес.  Білім  берудегі  жаңа  ақпаратық  технология  дегеніміз  –  оқу  мен  оқу-тəрбие 

материалдарын  үйретуге  арналған  есептеуіш  техника  құралдарының  оқу  үрдісіндегі  ролі  мен  орны, 

мұғалімдер  мен  оқушылардың  еңбегін  жеңілдету,  оларды  пайдаланудың  түрі  мен  əдістері  туралы  ғылыми 

білімнің жүйесі екені белгілі. 

     Оқытудың  жаңа  ақпаратты  технология  аса  қажетті  технологиялық  мəселелердің  шешімін  табуға,  ой 

еңбегін  арттыруға,  оқу  үрдісін  тиімді  басқаруға  негізделген.  Жаңа  ақпараттық  технологияның  білім 

саласына енуі педагогтерге оқытудың  мазмұны, əдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге 

мүмкіндік береді. 

       Жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдаланудың  педагогикалық  сəйкестігін  ескеріп 

оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың жəне оқыту əдістерінің  өзгеруіне əкееледі. Сондықтан жаңа 

ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін: 

  “тереңдетілген” технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша 

қолдану); 

  негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда  қолданылатын технологияның ең маңыздысы 

ретінде қолдану); 

   монотехнология  ретінде  (барлық  оқыту,  оқытуды  басқару  үрдісі,  яғни,  диагностика,  мониторинг 

компьютерді қолдануға негізделсе). 

Жаңа ақпараттық технологияларды  пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді: 

  ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту; 

  “ақпараттық қоғамның” жеке тұлғасын дайындау; 

  білетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру; 

  зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру. 

Концептуалды ұстанымдар төмендегідей: 

  оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы; 

  компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы; 

  оқытудың диалог түрінде болуы; 

  басқарылуы: мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы; 

  оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект  

субъект, объект-субъект ; 

  жеке жəне топпен жұмыстардың үйлесуі; 

  оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу. 

Компьютер  оқу  материалын  беру  мүмкіндігін  едəуір  кеңейтеді.  Түсті,  графиканы,  мультимедияны, 

бейнетехниканың  барлық  мүмкіндіктерін  пайдалану  оқушыларға  ерекше  психологиялық  əсер  етеді. 

Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді. 

      Компьютермен  жұмыс  жасай  отырып,  оқушы  кез-келген  тапсырманы  аяғына  дейін  орындауға 

мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер 

пайдаланылса,  оған  тапсырманың  шешімі  де  түсіндіріліп,  тиімді  жəне  тиімсіз  жүрістер  талқыланады. 

Қарастырылып отырған мəселенің тəжірбиелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл – ойын пайдалануға, 

кез-келген  сұрақ  қойып,  кез-келген  шешім  жолын  айтып,  нашар  баға  алудан  қорықпауға  мүмкіндік 

беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады. 

      Оқушылар  белсенді  түрде  оқу  үрдісіне  тартылады.  Дəстүрлі  оқыту  жүйесінің  жетіспейтін  жағы  – 

барлық  оқушыларды  оқу  үрдісіне  белсендік  танытуын  қамтамасыз  етпеуі.  Мысалы,  жаңа  материалды 

түсіндіру  кезінде  көптеген  оқушылар  барлық  күш  жігерін  жұмсап  жұмыс  жасамайды.  Себебі 

біреулеріне  жаңа  материл  түсініксіз,  екіншісіне    бұл  мəселе  бұрыннан  таныс,  үшіншілері  бұл  кезде 

басқа нəрсе ойлап отырады, т.б. 

    Орындалатын  тапсырмалардлың  түрлері  көбейеді.  Компьютер  оқу  үрдісін  басқарудың  икемділігін 

қамтамасыз  ете  отырып,  оқушылардың  іс-əрекетін  бақылаудың  сапасын  өзгертеді.  Дəстүрлі  оқытудың 

негізгі кемшілігі – оқу іс-əрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін емстігі. Сынып 

оқушылармен  жұмыс  жасау  барысында  мұғалім  оқушылардың  əрқайсысының  орындаған  барлық 

тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір 

тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын. 

      Компьютер  барлық  жауаптарды  тексеруге  мүмкіндік  береді,  ал  көпшілік  жағдайда  ол  қателерді 

көрсетіп қана қоймай , оның типін анықтап , дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін 

компьютер  көмегімен  басқару  дипазоны  өте  кең:  оқушының  сұрақ  қоя  алу  мүмкіндігінен  оқыту 

стратегиясын,  тапсырмалардың  қиындық  деңгейін,  көмек  мөлшерін,  кейбір  жағдайда  оқу  материалын 



түсіндіру  ретін  таңдауға  дейін.  Оқушы  тапсырманы  орындау  барысында  өзі  қажет  ететін  көмекті  дер 

кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес. 

      Компьютер оқушыда өз іс-əрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға   септігін тигізеді. Ең алдымен, 

компьютер оқушыға өз іс-əрекетінің нəтежиесін көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді. 

       Компьютер мектепте білім  беру үрдісінде пайдалану бірқатар пəндердің оқытылуын жаңаша құруға 

мүмкіндік  береді.  Сонымен  бірге  компьютер  тек  қана  мəліметтер  қоры  болып  қала  береді.    Мұнда  да 

мұғалім қажет жəне оның ролі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол білімнің 

көмегімен    оқушы  өзінің  нақты    дайындық  деңгейі  негізінде  компьютерді  пайдалана  отырып  өзін-өзі 

дамыта алады. 

      Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік ақпараттық 

ортаның болуы. Бүгінгі күні компьютерлік ақпараттық ортаның құрамына: мəліметтер қоры, гипермəтін 

жəне мультимедия, имитациялы оқыту, электронды комуникациялар (желілер), эспертті жүйелер енеді. 

       Мəліметтер  қоры  дегеніміз  –  компьютерлік  техниканы  пайдаланып    ақпаратты  енгізу,  жүйелеу, 

сақтау  жəне  беру  болып  табылады.  Мəліметтер  қоры  құрамына  əр  түрлі  статистикалық  мəтіндік  ,  графикалық 

ақпарат енеді. Мəліметтер қорында ақпаратты жүйелеу жəне іздеу үш негізгі тəсілмен жүзеге асады. 

1.  Иерархиялық  мəліметтер  қорының  классификациялық  негізгі  каталогтар  мен  рубрикаторлар, 

яғни иерархиялық типті ақпараттық-іздеу тілдері  болып табылдаы. 

2.  Реляциялық  мəліметтер  қорының  əрбір  ақпарат  бірлігіне  белгілі  бір  атрибуттар  меншіктеледі 

(автор,  түйінді  сөз,  аймақ,  ақпарат  түрі,  т.б.)  жəне  оны  іздеу  осы  көрсеткіштердің  біреуімен 

жүзеге асады. 

3.  Статистикалық  мəліметтер  қоры  екі  өлшемді  (кейде  үш  өлшемді)  матрицаның  көмегімен 

ұйымдастырылған  сандық  ақпаратты  өңдеумен  айналысады.  Статистикалық  мəліметтер  қорын 

басқаша электронды кестелер деп атайды. 

 Мəліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының  

        құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады. 

               



№15 дəріс тақырыбы:  Бағдарламалық оқыту негіздері. 

1.  Кəсіби даярлықты компьютерлеудің екі жақты сипаты. 

2. Компьютер қазіргі оқу үрдісінде. 

3. Оқытудың мультимедиялық-технологиясын қолданып интерактивті дəріс өткізу əдістемесі. 

Бағдарламаланған  оқыту  1950  жылы  АҚШ  қаласында  пайда  болды.Бұл  оқыту  технологиясы 

Б.Ф.Скиннер  есімімен  байланысты.  Бағдарламаланған  оқыту-  оқытудың  мақсат  пен  міндеттерін,  оқытудың 

қызметін  анықтайды.  Бағдарламаланған  оқытудың  психологиялық  негізі-  бихевиоризм  болып  табылады. 

Бағдарламаланған  оқытудың  бихевиористік  нұсқасы  АҚШ  қаласында  маңызды  сынның  обьектісі  болды. 

Əсіресе,  Б.Ф.Скиннер  ұсынған  бағдарламаланған  оқытудың  принциптері  қатты  сынға  алынды.  Скиннер 

педагогикалық  қауымды  оқытудың  тиімділігін  осы  процесті  басқару  есебінен  көтеруге  шақырды. 

Бағдарламаланған  оқытудың  негізінде  бірізділіктің,  ұғынымдылығы,  жүйелілігі,  дербестігінің  ортақ  жəне 

жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бұл принциптер бағдарламаланған оқытудың басты элементі-оқыту 

бағдарламасын  орындау  барысында  жүзеге  асырылады,  мұндай  бағдарлама  міндеттердің  ретке  келтірілген 

бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту үшін «дидактикалық машинаның» болуы өте маңызды. 

Бұл  оқытуда  белгілі  бір  мөлшерде  оқушылардың  бағдарламаны  игеру  сипатын    ескеру  ретінде  жеке 

ыңғайдан  келу  жүзеге  асырылады.  1960  жылдың  басында  бағдарламаланған  оқытудың  скиннерлік 

нұсқалары  қолданыла  бастады.  Бағдарламаланған  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  шыға  бастады.Мұнда 

тексттер  бірнеше  сұрақтардан  тұрды  жəне  оларға  əртүрлі  альтернативті  жауап  нұсқалары  беріліп  отырды. 

Олардың ішінде біреуі дұрыс, ал қалғандары қате немесе толық, анық емес болды. Ал қатысушылар текстті 

оқып, содан өздерінің білімдерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беріп отырды. Бағдарламаланған оқытудың 

бұл  нұсқасы  қатысушылардың  ой  қызметінің  белсенділігіне  бағытталмағандықтан,  олар  белсенді  əдіске 

жатпайды.    Бағдарламаланудың  үш  негізгі  формасы  ажыратылады:  сызбалы,  тармақталған  жəне  аралас. 

Бағдарламалаудың  сызбалы-хронологиялық  бірінші  формасының  негізінде  Б.Ф.Скиннер  бойынша,  үйрету-

стимул мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевиористік түсіну жатыр. Оқушының 

бұл формада жасаған қадамы орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны əрі қарай орындауға сигнал рөлін 

атқарады. В.Оконь бойынша Скиннердің түсінігінде сызықты бағдарлама келесілермен сипатталады: 

дидактикалық материал қадамдар деп аталатын азғантай мөлшерлеп бөлінеді, оны оқушылар қадам 



сайын қадамдап оп-оңай меңгереді; 

бағдарламаның  жеке  шеңберінде  орын  алатын  сұрақтар  мен  ақтаңдақтар  өте  қиын  болмауы  тиіс, 



себебі оқушылардың жұмысқа қызығушылығы жоғалады; 

оқушылар  сұраққа  жауапты  өздері  береді  жəне  ақтаңдақтарды  толтырады,  ол  үшін  олар  қажетті 



ақпаратты қолданады; 

оқыту  барысында  оқушылар  олардың  жауаптарының  дұрыс  немесе  қате  екені  жөнінде  хабардар 



етеді; 

барлық  оқушылар  кезекпен  бағдарламаның  барлық  шеңберінен  өтеді,  алайда  оның  əрбіреуі  оны 



өзіне ыңғайлы жылдамдықпен меңгереді; 


жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау