Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері


№10 дəріс тақырыбы:   ЖОО-дағы инновация жəне оқыту ортасы



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет14/28
Дата20.11.2018
өлшемі0,68 Mb.
#22373
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

№10 дəріс тақырыбы:   ЖОО-дағы инновация жəне оқыту ортасы. 

Тақырыбы:   

1.  Аудиториядағы оқытушы рөлі. 

2.  Қатынастың диалогтық формасы. 

3.  Диалог. 

     Қазіргі кезең дидактикасы интерактивті оқыту формасы мен əдістерінің дəстүрлі оқытуда мынадай 

негізгі айырмашылықтарын атап көрсетеді: 

Оқушылардың танымдық қызметін міндетті түрде белсенді ету; 

Сабақта студенттің белсендігін мүмкіндігінше ұзақ уақытқа көтеру; 

Студенттің  проблемаларды шешу барысында (өз бетімен жəне топпен) жоғары деңгейде күш-жігер 

салуы; 


Белсенді қызмет ету үшін эмоционалдық еріктік жағдай танытуы; 

Оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынаста үздіксіз тура жəне кері байланыстың болуы; 



  Мұғалім қызметінің менеджер, оқу үрдісін ұйымдастырушы, кеңесші рөліне ауысуы. 

     Педагогика  мен  білім  беру  тарихында  оқу  барысында  студенттерді    белсенді  етудің  сан-алуан 

əдістері  мен  формалары  ойластырылады.  Олардың  кейбіреулеріне  қазіргі  уақытта  ерекше  мəн 

берілуде  (жобалау  əдісі),  ал  кейбіреулері  дəстүрлі  оқыту  қатарында  болғанымен  (эвристикалық 

əңгіме, зертханалық жұмыс т.б.) оларға деген қарым-қатынас өзгеріп отыр: мəселен жиырмасыншы 

ғасыр соңында өріс алған оқытудың ұжымдық түрі, проблемалық оқыту, авторлық мектеп т.б. 



     Жалпы  интерактивті  оқыту  теориялық  та,  практикалық  та  тұрғыдан  зерттеуді  қажет  ететін 

дидактка  міндеттерінің  бірінен  саналады.  Ал  интерактвті  оқыту  формаларын,  əдістерін  пайдалану 

мұғаліммен  оқушымен қарым-қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта 

уақыт  талабына  сай  қалайды.  Педагокилық  үрдісте  жаңа  технологияларды  енгізіп,  интеративтік 

оқытуды  пайдалану  мұғалімдерді  шеберлік  жағынан  шындайтындығы  дау  тудырмайды.  Сонымен 

интерактивті  оқыту  əдісі,  тек  іс-əрекеттің  өзара  əсерлесуі  ғана  болмайды,  ол  мұғалім  мен  оқушы 

көзқарасы  тең  дəрежеде  шығармашылық  жұмыстануда  əлеуметтік  тұлғаралық    қарым-қатынас 

моделін  құрайды.  Интерактивті  қолдану  кезінде  оқытушы,  қарастырылап  жатырған  тақырыптың 

ашылуын  танымдық  белсенділігімен  шектеліп,  өз  бетінше  жібермей,  бұл  оқушы  мен  оқытушының 

біріккен əрекеті екенін естен шығармаған дұрыс. 



 

№11 дəріс тақырыбыПедагогикалық инновация 

1.  Педагогикалық инновация туралы түсінік 

2.  Жаңа педагогикалық инновация түрлері  

 

 



Қазіргі  таңда  елімізде  болып  жатқан  жаңартулар  оқу  -  тəрбие  жұмыстарының  бағыт-бағдарының 

заман талаптарына сай жасалуын міндеттейді. Елімізде оқу - ағарту жүйесін қайта құру, мектеп рефомасын 

жасау,  оқуды  өмірмен  байланыстыру,  оқушылардың  білімді  өз  бетімен  ізденуіне  үйрету  жəне  білім 

негіздерін  демократиялық  интеграциялық  ұстанымдарға  орайлас  əр  баланың  жеке  ерекшеліктері  мен 

қабілеттерін ескере отырып, оқытып-тəрбиелеу талап етілуде.  

 

Соңғы жылдары дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесін елеулі өзгерту қажеттігі жайында мəселе 



көтеріліп,  онда  білім  берудің  «стандарттың»  ұсыну  басты  нысанға  алынды.  Білім  стандарты  -  əр  бір 

шəкірттің зердесіне жететін білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін бағдарлама.  

 

Үстіміздегі  ғасыр  –  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту  ғасыры.  Олай  болса, 



мұғалімдердің  алдында  тұрған  бірден-бір  мақсат  –  оқушылар  алған  білімдерін  пайдаға  асырып,  өздігінен 

əрекет  ете  алатын,  оларды  түрлі  өмірлік  жағдайда  қолдана  білетін,  жалпы  азаматтық  жəне  ұлттық 

құндылықтарды  қатар  меңгерген,  өзіндік  көзқарасы  бар,  Отанын  шын  сүйетін  азамат  болып  жетілуіне 

көмектесу. 

 

Қазір 


кез-келген 

пəнді 


оқытуда 

пəнаралық 

байланыс 

арқылы 


білімнің 

жинақтаушы, 

қорытындылаушы жəне үйлестіруші қызметін атқаруға болады. 

 

Осы  тұрғыда  оқытудың  интерактивті  əдісі  өте  тиімді.  Себебі,  бұл  əдіс  оқушының  жеке  өмірлік 



тəжірибесіне  сүйене  отырып,  оның  бойында  білім,  дағды  жəне  құныдылқ  жүйесін  қалыптастырады.  Сабақ 

мұғалім  мен  сынып  тобы,  шағын  топтар  мен  жеке  оқушы  арасындағы  қатынас  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Мұнда мұғалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады.  

Бұл  бақылауларды  мына  бағалау  белгілері  арқылы  іске  асыруға  болады.  Өзіндік  бағалауы.  (Бұл 

бақлауды жұптың өзара бақылауына да жаратуға болады). 

1. 

Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары. 



2. 

Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары. 



3. 

Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары, т.б. 

Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды).  

1.  Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара əрекет əдебі, топтық араласу стилі: төмен, орта, 

жоғары. 


2.  Жаңа  тақырыпты  өмір  мен  байланыстыра  айтуы  (қосымша  материалдар,  БАҚ  жаңалықтары): 

төмен, орта, жоғары. 




3.  Сөйлеу шешендігі, мəдениеті, т.б. төмен, орта, жоғары. 

Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне жəне өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда  біреуді 

бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. 

[31;28-29]

 

Бұл  бақылау  мен  бағалау  баланың  бойында  мына  қасиеттерді  қалыптастырады:  еріктілік, 



еңбексүйгіштік,  өз  күшіне  сенуі,  қабілеттілігі,  жауапкершілікті  сезінуі,  адалдық,  жолдастық  қасиеттер,  сөз 

қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мəдениеті, т.б. 

Осындай қасиеттерді игерген балада, əрине, пəнге деген сүйіспеншілік, қызығу туады. Нəтижесінде 

сабақтың  сапасы  артады.  Бала  өзін  тұлға  деп  сезінеді.  Мұғалім  де,  оқушы  да  тұлғаны  тану  жəне  таныту 

жолында қызмет жасайды. 

Қазіргі  кезде  қарым-қатынас  үрдісне  негізделген  оқыту  –  интерактивті  оқытуға  үлкен  көңіл 

бөлінуде.  Оқыту  үдісі  тиімді  болу  үшін  қарым-қатынастың  үш  жағыда  қатысуы  қажет:  1)  ақпараттық 

(ақпараттың берілуі жəне сақталуы); 2) интерактивті (біріккен іс-əрекетке өзара əсердің ұйымдастырылуы); 

3) перцептивті (адамның басқа адамды қабылдауы жəне түсінуі).  

 

Қазіргі кезде интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылып жүр. 



1. 

«Қарым-қатынас  мəдениеті»,  «Риторика»,  «Біз  адамдар  арасында  өмір  сүреміз»,  т.б.  арнайы 

оқу курстарын ендіру. 

2. 


Оқу жағдаяттарын банша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.  

Интерактивті  оқыту  үрдісінде  оқу  диалогының  сөздік  емес  жəне  сөздік  тəсілдерін  қарастырып 

көрелік. 

Сөздік емес оқыту тəсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады:  

-визуальды; 

-акустикалық жəне т.б. 

Интерактивті оқытудың сөздік тəсілдеріне мыналар жатады:  

-ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен  «дұрыс»  жауапқа алдын ала  бағытталған жауаптар емес, 

мəселе бойынша əр түрлі көзқарастарды айту); 

-мұғалімнің  өз  тұғырын  өзара  əрекеттесуде  анықтаушы  ретінде  емес,  сонымен  қатар  оқушыларға 

сабақ  барысында  «дұрыс»  жəне  «бұрыс»  көзқарастарды  ешқандай  қорқынышсыз  айтуларына  мүмкіндік 

беретін бейтарап ретінде анықтауы; 

-сабақтың  қалай  жəне  неге  жүзеге  асатынын  түсінуге  көмек  беретін  сабақты  өзіндік  талдауға 

дайындық,  қай  жерде  өзара  əрекеттесу  «тоқырап»  қалды,  бұл  қандай  жағдаймен  байланысты  болды, 

келешекте қалай шешуге болады; 

-сабақтың өту жағдайын, оның нəтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу. 

Интерактивті  оқыту  əдістерінің  түрлері:  топтармен  жұмыс;  оқу  пікірсайысы;  «Сократтық 

диалогтар»;  ойындық  жобалау;  ми  шабуылы;  пікірталас;  дөңгелек  үстел.  Енді  осы  əдістерді  қолданудың 

əдістемесін қарастыралық.  

Топтағы  жұмыс  немесе  «Өзаралық».  Топ  төрт  адамнан  тұратын  топшаларға  бөлінеді.  Əрбір  топша 

аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.  

1-кезең. Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни, оқушылар оқулықтың 3-4 

тақырыпшадан  тұратын  материалын  оқып,  қысқаша  мазмұнын  жазады.  Бұл  тапсырманы  дайындауға  жəне 

өткізуге 15-20 минут уақыт беріледі. 

2-кезең.  Жұппен  жұмыс.  Əрбір  топша  мүшесін  өзіндік  шартты  белгімен  бейнелейміз:  төрт  адам  – 

алфавиттің төрт əрпімен  А,Б,В,Г деп  белгіленеді. Екінші кезеңде əрбір қатысушы өзіне серіктес  таңдайды. 

Мысалы, А-Г, В-Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың 

ортақ шешімге келуіне əкелу. Уақыты - 10 минут. 

3-кезең.  Жұп  болып  жұмыс  жасауды  жалғастыру.  Төрттіктегі  жұптар  тағы  да  алмасады.  Мазмұны 

өзгермейді.  Бұрынғы  жұптардың  өкілдері  əріптестеріне  мəселені  өзіндік  шешудің  жолдарын  жəне  жаңарту 

мүмкіндіктерін іздестіреді. Уақыты – 10 минут. Осылайша топтың əрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға 

мүмкіндік  алады,  мəселені  қалай  түсінгендігін  білдіреді,  мəселенің  табылған  шешімін  қорғай  білуге 

үйренеді. 

4-кезең.  Топтық  шешімді  қабылдау.  Əрбір  төрттік  жиналады.  Топ  мүшелерінің  мəселені  шешу 

əдістерінен  хабары  болса  да,  бұл  кезеңнің  мақсаты  –  ортақ  жағдайды  жасау.  Бұл  жағдайда  тек  мазмұнына 

ғана  емес,  сонымен  қатар  орындау  формасына  (топшалар  жазба,  сурет,  кесте,  өлең  түрінде  өз  шешімдерін 

ұсынулары мүмкін) назар аударылады. Ізденуге 10 минут уақыт беріледі. 

Жұмыстың  бұл  формасы,  яғни,  ақпаратты  белсенді  меңгеруге  бағытталған  біріккен  іс-əрекет 

дағдысын  қалыптастыруға  мүмкін  береді.  Əсіресе,  бұл  өзгелерден  қысылатын  оқушыларға  көмектесіп, 

оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды əсер етеді. Бірақ, барлық əдістер сияқты бұл əдістің  де өзіндік 

кемшіліктері  бар.  Мəселен,  оқушылар  шағын  топтың  пікірімен  ғана  санасып,  тұйықталып  қалуы  мүмкін. 

Сондықтан  өзара  əрекеттесудің  жаңа  фомасы  «Мозайкаға»  көшуге  болады.  Бұл  əдістің  мəні  топтардың 

бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді ортаға шығаруынан тұрады. Бұл əдістің мазмұны алдынғы 

əдістермен  бірдей.  Алайда  бұл  əдістің  ерекшелігі  мəселенің  шешімін  топ  ішінде  емес,  шағын  топтың 

сыртында шешуге тырысады.  



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау