Оқытудың инновациялық жəне интерактивтік əдістері



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет15/28
Дата20.11.2018
өлшемі0,68 Mb.
#22373
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

1-кезең. Шеңбер ішінде мəселе шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мəселе төрт адамнан тұратын 

кіші  топтардың  ішінде  шешіледі.  Əрбір  қатысушы  талқылаудың  (15-20  минут)  соңында  сол  топтың  ортақ 

шешімінің жоспарын білуі керек. 

2-кезең.  Адамдар  арасында  мəселені  шешу.  Бұл  жағдайда  да  кезеңнің  аты  кейінгі  əрекеттерді 

көрсетеді. Алдыңғы топтар уақытша таралып, жаңадан «əріптік бірлік» қағидасы бойынша құралған топтар 

(А-А-А-А)  келеді.  Əрбір  жаңа  топтың  қатысушылары  өзінің  мəселені  шешу  жолдарын  ұсынып  өзге 

топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ жəне тиімді шешім таңдалады.  

3-кезең. Жаңа шешімді іздестіру. Алғашқы топтар қайта құрылып бірігеді. Бұл біріккен ізденісте бір 

оқшауланған топтың жұмысымен салыстырғанда объективті шешім анықталады. Уақыты – 15-20 минут. Бұл 

өзара əрекетте əрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді. 

Сабақты  интерактивті  түрде  өткізген  кезде  оқушылар  тек  қана  бақылаушы  болып  қатыспай,  қиын 

мəселелерді де өз бетінше  



 

№12 дəріс тақырыбы Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы. 

1.   Негізгі тұжырымдық ойлар 

2.  Баланы қолдау технологиясы. 

«Тұлғалық  бағдарлы  педагогика»,  «тұлғалық  бағдарлы  білім  беру»,  «тұлғалық  бағдарлы 

технологиялар» терминдері педагогикада 80-шы жылдардың аяғында пайда болған.  

«Тұлғалық  бағдарлы»  сөз  тіркесі  білім  беру  үрдісінде  қолданылуына  байланысты  біздің 

педагогикалық сөздікке ағылшынның "person-centered"  («тұлға орталықты») жəне "pupil - centered" («оқушы 

орталықты»)  сөздерінің  аудармасынан  енгізілген.  Олар  Карл  Роджерстің  гуманистік  педагогикасы  жəне 

гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді [29, 30].  

Осы  ұғымдардың  түсіндірмесінде  əр  алуан  пікірлер  кездеседі.  Бұл  пікірлердің  көптігі  былайша 

түсіндіріледі: кез-келген оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың əр қайсысын тұлғалық 

бағдарлы оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі модельдері мен технологиялары жасалуда. 

Олардың  əрқайсысы  «тұлға»,  «тұлғаның  дамуы»,  «тұлғалық  бағдарлы  білім  беру»  ұғымдарын  өз  бетінше 

түсіндіреді.  Қазіргі  педагогикалық  сөздікке  жүгінсек,  «тұлға»  -  1)  дербес  əрекет  ететін  субъект  ретіндегі 

нақты  жеке  адам  болмысының  қайталанбас,  ерекше  əдісі,  адамның  қоғамдық  өмірінің  дара  нысаны;  2) 

адамдар  арасындағы  өзінің  ұстаным-орнын  еркін  жəне  жауапкерілікпен  анықтайтын,  қоғамның  өкілі 

ретіндегі адам [31]. 

«Тұлға»  ұғымы  философия,  психология,  педагогика  ғылымдарында  зерттелуде.  Ғылыми-

əдістемелік əдебиетті талдау негізінде анықтағанымыз: тұлғалық бағдарлы білім берудің ғылыми-теориялық 

негіздерін  Е.В.  Бондаревская  [32-38]  терең  зерттеген.  Оның  айтуынша,  тұлғалық  бағдарлы  білім  берудің 

сапасы  мəдениетке  сəйкестік  ұстанымымен  анықталады.  Ұстанымның  мəні  –  тұлғаны  дамытушы  жəне 

жетілдіруші  орта  ретіндегі  мəдениет  пен  білім  арасындағы,  сонымен  қатар  баланың  тəрбиесі  мен  дамуы 

арасындағы  қарым-қатынастарды  анықтау.  Яғни,  білім  беру  мазмұнының  мəдениет  орталығы  –  бірегей 

жалпыадамзаттық,  жалпыұлттық  жəне  аймақтық  мəдени  құндылықтар.  Балаға  деген  көзқарас  оны  еркін, 

тұтас  тұлға  ретінде,  мəдени  дамуы  барысында  құндылықтарды  өзі  таңдай  алатын,  өзін-өзіжүзеге  асыра 

алатын тұлға деп түсіндірумен қалыптасады. 

Тұлғалық  бағдарлы  білім  берудің  əдіснамасын  И.С.  Якиманская  толық  зерттеген  [39-41].  

Якиманскаяның белгілеуінше, тұлғалық бағдарлы оқытуда оқушының субъектті тəжірибесіне сүйенуі керек. 

Субъектті тəжірибе танымда айқындалатын жеке іс - əрекеттің негізі болып табылады. Білім беру үрдісінде 

мұғалім  беретін  тəжірибесі  жəне  оқушының  субъектті  тəжірибе  мəдениеттілік  сипатқа  иеленеді,  өзгереді, 

дамытылады, жетілдіріледі. 

И.С.Якиманскаяның  тұжырымдамасында  тұлғалық  бағдарлы  педагогикасының  білім  берудегі 

мақсаты – баланың жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды 

(əлеуметтік,  педагогикалық)  тудыру,  ол  қасиеттерді  «мəдениеттендіру»,  əлеуметтік  мəнді  іс-əрекеттерге 

айналдыру.  

Тұлғалық  бағдарлы  білім  берудің  тағы  бір  шарты  педагогикалық  технологияға  қатысты.  Оның 

идеясы:  түсіндіруден  –  түсінуге,  монологтан  –  диалогқа,  əлеуметтік  бақылаудан  –  дамытуға,  басқарудан  - 

өзін-өзі басқаруға көшу. Педагогтың негізгі міндеті – қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінісуі, оларға 

шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.  

Тұлғалық  бағдарлы  педагогикалық  технологиялары  диалогтық  тұжырымдамаларда  беріледі.  Онда 

диалогтың  жалпылама  идеясы  адам  санасының  негізі  ретінде  қарастырылады.  Диалогтық  қарым-қатынас 

əмбебап құбылыс деуге болады, өйткені ол адамдық сөз жəне барлық қатынасты бойлай өтеді жəне адамзат 

өміріне байланысты жалпы мəн мен мағынаның бəрін қамтиды. .  

Тұлғалық  бағдарлы  технологиялар  дегеніміз  педагогикалық  ситуацияларда  нəтижеге  жеткізуде 

қажет  құралмен  қамтамасыз  ететін,  тұлғаны  дамытуға  бағытталған  іс-əрекеттер,  операциялар  мен 

шаралардың реттелген жиынтығы.  

Бұл  авторлар  өз  зерттеулерінде  тұлғалық  бағдарлы  білім  берудің  ұстанымдарына  сəйкес 

технологиялардың  алты  түрін  белгілейді:  оқытудың  диалогты  əдістері;  ойын  технологиялары;  тренингті 

технологиялар;  интеграцияланған  тұлғалық  бағдарлы  технологиялар;  оқу-кеңістік  ортасы;  сын  тұрғысынан 

ойлауды дамыту технологиялары. [64].  



Осы  аталған  оқыту  технологиялары  əртүрлі  болғанмен,  олардың  жалпы  бір  ұқсастығы  бар: 

практикада  олардың  барлығы  оқытудың  сынып-сабақ  жүйесінде  негізделеді.  Бірақ  оларды  практикада 

қолдану  мынадай  факторлармен  қиылыспайды:  ең  жақын  даму  аймағында  оқытуды  ұйымдастырумен 

(тұлғалық  бағдарлы  білім  беруде  ең  бастысы  осы  болып  табылады);  шығармашылық  оқыту  əдістерімен; 

оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне оқытудың бағытталуымен.  

Дəл  осы  факторлар  оқушы  тұлғасына  бағытталған  оқытудың  моделін  жасауда  ең  негізгілер  болып 

табылады.  

Қазіргі  уақытта  сынып-сабақ  жүйесінде  де  тұлғалық  бағдарлы  білім  беруді  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік беретін оқыту формалары бар. Олар бір сыныпта түрлі деңгейлі оқу бағдарламаларының бірнеше 

нұсқасын  қолдануға,  оларды  оқушылардың  таңдап,  ең  жақын  даму  аймағына  сəйкес  жеке  жылдамдықпен 

ұйымдастырылуына, əрбір оқушының дер кезінде кəсіби көмек алуына, оқытудың шығармашылық сипатта 

болуына,  материалды  проблемді  ұсынуға  мүмкіндік  береді.  Ол  мүмкіндікті  қазіргі  информатика  мен 

телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырады.  

Тұлғалық бағдарлы білім беру моделі қазіргі мектептердегі білім беру модельдері мен педагогикалық 

жүйелерден ерекшеленеді. Ең алдымен, ол модель балаға оқыту үрдісінде таңдау еркіндігіне мүмкіндік 

береді. Онда мұғалімнің оқыту стиліне оқушы бейімделмейді, керісінше, мұғалім түрлі технологиялық 

құралдарды меңгере отырып, өзінің жұмыс жасау тəсілдері мен əдістерін баланың танымдық стиліне сəйкес 

шебер қолдануы шарт. Білім, білік жəне дағдыны меңгеруге бағытталған модельді тұлғалық бағдарлы білім 

беру моделімен салыстыра отырып, мұғалім мен оқушының оқытудың мақсат-мазмұнын, құралдарын 

таңдаудағы мүмкіншілік шеңберін көруге болады. 

 

№13 дəріс тақырыбы:  Оқытушы іс-əрекетіндегі оқытудың интерактивті əдістері 

1.  Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы əдістерінің 

көмегімен  сабақ өткізу. 

2.  Коммуникативті ойын жəне рефлексия. 

Интерактивті технология əдістеріне мыналар жатады: 1) эвристикалық əңгіме, 2) пікірсайыс əдісі, 3) 

“миды шабуылдау” əдісі, 4) “дөңгелек үстел” əдіс, 5) “іскерлік ойын” əдісі жəне т.б. 

     Осы əдістерге тоқтала кетсек. 

     Эвристикалық əңгіме əдісі өз атауын Сократтық “эвристика” (грек сөзінен – табамын, іздеймін, ашамын)  

деген  сөзінен  алынған.  Оның  ежелгі  грекиялық  нұсқауында  бұл  əдіс  сократтық  əңгімелерге  негізделе 

отырып, сол кездегі білім жүйесінің бір түрін көрсеткен. Ол жылдарда бұл сократтық əңгіме оқушылардың 

өзіндік ізденісін талап ететін жетекші тамаша сұрақтармен ерекшеленген. 

     Эвристикалық    əңгіменің  тақырыбының  мақсаты  айқын  белгіленуі,  мазмұны  нақты  фактілермен 

дəлелденуі,  оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескеріп  қарапайым  тілмен  нақтылы  өмірге  қатысты  мəселелер 

қозғалуы қажет. Интерактивті оқыту технологиясының бұл түрі көбінесе бастауыш сынып оқушылары жəне 

жеткіншек жастағы балалармен жүргізіледі. 

     Эвристикалық  əңгіме  Сократ  əңгімесінен  бір  жағынан  бөлек  болса,  екінші  жағынан  тамаша  озат 

құрылған  сұрақтарға  оқушының  қызығуын  арттыруымен,  олардың  ойлауын  белсендірумен  ұқсас  келеді. 

Өзінің  психологиялық  табиғаты  бойынша  эвристикалық  əңгіме  –  қойылған  сауалға  жауап  іздеу  немесе 

ұжымдық ойлау ретінде  қарастырылады.  Сондықтан бұл əдістіпедагогика ғылымы  проблемдік оқұытудағы 

проблемдік-іздеу  əдісі  мен  эвристикалық  əңгімені  бір-біріне  ұқсатады.  Педагогика  бұл  екі  əдіс  арасында 

формальді-сандық  шек  қояды:  егер  эвристикалық  əңгіме  тақырыпты  ашуда  тек  қана  бір  элементті  есепке 

алса, ал проблемдік-іздену əдісіне – тұтас проблемалық жағдай сериясы арқау болады.    

      Ал қазір эвристикалық əңгімені проблемдік оқытудың қатарына қоймай қарастырайық. Бірақ бұл 

ойлағыштық əңгіме ұжымдық кеңеске айналып, аралық шешімнің əртүрлі нұсқауларымен алмасып, 

оқушылар өзара жұмыс істеп, өзара көмек көрсетіп, бір-бірінің ойлауын белсендетеді. Сондықтан да 

эвристикалық əңгімені интерактивті технология əдістерінің қатарына жатқызу өте мəнді. 

     Құрылға  сұрақтар  проблемдік  оқытудың  шарттарына  эвристикалық  əңгімені  өрістету,  күшейту  үшін 

бағынады.  Сонымен  проблемдік  жағдаймен  туындайтын  эвристикалық  əңгіме  мұғалімнің  айрықша 

шеберлігін талап ететін интерактивті оқытудың бір əдісі болып табылады. 

      Бұл əңгіме түрі жүру барысында мына жүргізушілер тарапынан мына жағдайлар ескерілуі керек: 

  əңгіме тақырыбы қызықты, əрі проблемалық сипатта болуы; 

  оқушылардың қойылған мəселені талқылауға белсене араласуы; 

  оған сын көзбен қарап, нақты қорытындылар жасауы; 

  оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу; 

  өзара түсінушіліктің болуы; 

  олардың ойлары мен жауаптарына зейін қойып, дұрыс баға беру; 

  белсенді оқушыларды жəне оларды дұрыс жауаптарын көтермелеп, қолдап отыру; 

  кемшіліктері болса, əдеппен түзеу т.б. 

       Келесі  кезекте  пікірталас  əдісі.  Пікірталас  –  тұрмыстық  сауалдармен  қатар  саясат,  идеология 

теорияларының  проблемаларының  плюрализмдік  пікірі  құпия  болмаушылық  кезінен  бастап,  тек  соңғы 

жылдарда интерактивті технология əдістері қатарына жатқызылатын болды. 



жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау