«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 Қаулысы



жүктеу 3,37 Mb.
бет1/6
Дата17.11.2017
өлшемі3,37 Mb.
#894
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.28.06 № 728 ҚАУЛЫСЫ

Дата: 01.11.2016 09:42:36


Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысы

(2015.17.06. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2015.22.01. № 15 Қаулысымен бағдарлама жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 28 маусымдағы

728 қаулысымен



бекітілген

 

 Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі


бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

 


Бағдарламаның атауы

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері;



Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау

Іске асыру мерзімдері

2015 - 2019 жылдар

Нысаналы

индикаторлар

Индикатор атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1. Агломерациялар халқының саны, мың адам

Барлығы

5 894,6

5 999,1

6 106,2

6 215,8

6 328,2

Астана

964,2

992,6

1 021,9

1 052,1

1 083,2

Алматы

2 763,9

2 820,8

2 879,3

2 939,2

3 000,8

Шымкент

1 567,8

1 581,1

1 594,4

1 607,9

1 621,5

Ақтөбе

598,7

604,6

610,6

616,6

622,7

2. Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Бағдарлама шеңберінде), мың теңге

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)

20,7

22,7

25,2

30,2

30,9

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)

32,4

37,1

36,9

43,0

45,5

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моно-қалалар)

21,9

23,4

30,3

31,6

33,0

тірек ауылдық елді мекендерді (бұдан-әрі - АЕМ) және шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда, ауылдық аумақтар

24,0

24,2

27,2

30,2

31,2

3. Жаңғыртылған желілердің үлесі, оның ішінде, жылумен, электрмен және газбен жабдықтау, %

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)

Астана

19,94

20,0

21,05

22,0

22,5

Алматы

0,33

0,45

0,5

0,6

0,7

Шымкент

11,8

12,2

12,9

13,1

14

Ақтөбе

10,1

11

11,9

12,4

13,2

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары), %

7,8

8,4

9,05

9,9

10,5

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар), %

5,5

6,1

6,9

7,3

7,9

ауылдық аумақтар, оның ішінде шекара маңындағы аумақтар, %

4,9

5,2

6

6,7

7,15

4. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға қолжетімділік, % оның ішінде:

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар), оның ішінде:

сумен жабдықтау

81

85

87

91

94

қалалар

85

88

92

96

100

АЕМ

51,5

55,5

69

75

80

су бұру

52

57

64

70

77

қалалар

77

82

87

94

100

АЕМ

12

13

15

18

20

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары

сумен жабдықтау

90

92

94

96

100

су бұру

77

82

87

94

100

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар)

сумен жабдықтау

87

92

94

96

100

су бұру

77

82

87

94

100

тірек АЕМ және шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда, ауылдық аумақтар

сумен жабдықтау

51,5

55,5

69

75

80

су бұру

12

13

15

18

20




























 

Қаржыландыру            Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және

көздері мен                 жергілікті бюджеттер, сондай-ақ Қазақстан

көлемдері                   Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де

                                  көздер есебінен және олардың шегінде жүзеге асырылатын

                                  болады.

                                  Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:

 

млн.теңге

 








2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

РБ*

367 234

345 469

418 771

494 268

489 014

ЖБ*

17 219

17 552

18 383

19 006

19 806

Бюджеттен тыс қаражаттар

199 561

201 839

64 883

68 717

59 599

Барлық қаражат

584 014

564 860

502 037

581 991

568 419

 

*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануына қарай нақтыланады.

 

 



ҚР Үкіметінің 2015.05.02. № 42 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Кіріспе

 

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.



Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы жаңа өңірлік саясаттың «доктринасы» болып табылады, оның мақсаты экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, өңірлік дамытудың барлық жүйесін заманауи қағидаттарға сай жаңғырту қажет. Стратегиялық басқару жүйесін республикаішілік өңіраралық (трансөңірлік) және макроөңірлік деңгейде ұйымдастыру мемлекеттің стратегиялық жоспарлау институттарының, өңірлердің, қоғамдық бірлестіктердің, бизнестің және сарапшылар қоғамдастығының рөлін арттырумен қоса жүргізілуі тиіс.

Өткен жылдары Қазақстанда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту деңгейлерін теңестіруге бағытталған өңірлік саясаттың екі тұжырымдамасы іске асырылды. Бұдан басқа, ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған, шағын қалаларды дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған, Елді аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламалары іске асырылды. Сонымен қатар, көптеген бағдарламалық құжаттар, оның ішінде әлеуметтік блоктың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, салалық бағдарламалар, жұмыспен қамту және басқа да бағдарламалар қабылданды (және қазіргі уақытта қолданыста). Олардың барлығы да реттелетін салалардағы өңірлік дамудың жекелеген аспектілерін белгілі бір шамада қозғайды.

Сонымен бірге, аталған бағдарламалық құжаттар шектеулі ведомстволық тәсілді көздей отырып, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында тұжырымдалған мемлекеттік өңірлік саясаттың басымдықтарына әлсіз тоғыстырылғанын мойындаған жөн. Сондай-ақ, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды сыни тұрғыдан талдау оларда көзделген институционалдық және әкімшілік ресурстардың іс жүзінде өзара жеткілікті үйлеспегендігін, көбінесе бір-бірін қайталайтынын анықтады.

Осындай жағдайларда жоғарыда аталған барлық бағдарламалық құжаттардың ережелерін бір өзектің - өңірлерді дамыту немесе өңірлердің экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру төңірегінде біріктіру талабы туындайды.

Өңірлік саясаттың базалық идеологиясы ретінде перспективалық экономикалық өсу орталықтарын басым дамытудың тиімді теңгеріміне және экономикалық әлеуеті төмен өңірлерді (елді мекендер жүйелерінің әртүрлі типтерін) өмір сүру сапасы стандартының ең төменгі жеткілікті деңгейінде ұстап тұруға негізделген теңгерімді даму стратегиясы ұсынылады. Бұл ретте осындай бірыңғай Бағдарлама жекелеген өңірлер, сондай-ақ тұтастай ел шеңберінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру басымдықтарына сәйкес өңірлердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты және түсінікті құралдарын қамтитын болады.

Осы Бағдарлама мынадай бағдарламалардың негізінде әзірленді: «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ», «Қолжетімді тұрғын үй - 2020».



Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды - энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтауды, су бұруды дамытуға), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған, олардың нарықтық бастамада ішкі шоғырлануына, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін әкімшілік-құқықтық және экономикалық сипаттағы шараларды айқындайды.

Бұл ретте Бағдарламаның бағыттары қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда, әсіресе «Су ресурстарын басқару», «Бизнестің жол картасы 2020», «Агробизнес 2020» сияқты бағдарламаларда белгіленген негізгі салалық басымдықтармен тікелей байланысты.



 Тұтастай алғанда, республика бойынша жыл сайын республикалық бюджет есебінен өңірлерге инженерлік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 300 млрд. теңге бөлінеді.

Осыған орай, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі барлық жобаларды өңірлерді дамыту жөніндегі уәкілетті орган арқылы орталықтандырылған түрде қарау қажет.

Жобалар мемлекеттік органдардың қолданыстағы салалық және бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, өңірлерді дамыту жөніндегі уәкілетті органның келісімімен, оның ішінде материалдардың, жабдықтар мен технологиялардың қолданылуы тұрғысында іске асырылатын болады.

Осы құжаттармен бір кешенде Бағдарлама 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады.

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге (бағыттарға), нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, сондай-ақ Бағдарламада қолданылатын терминдер:

1) агломерация - өзара тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісі бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көпорталықты) орталық-қалалардың айналасында жақын орналасқан елді мекендердің урбанизациялық топталуы.

Қазақстандағы агломерацияларды айқындаудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:

орталық-қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейтіндіктен, оның Қазақстан жағдайында маңызы зор;

өңір халқының тығыз орналасуын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтитын демографиялық сыйымдылық;

ыңғайлы географиялық орналасуын, халықаралық көлік дәліздерінің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіретін логистикалық әлеует;

экономикалық әлеует, яғни орталық-қаланың дамуы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржы, ғылыми әлеует);

2) моноқала - бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20 % және одан астамы) бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы (монобейінді), қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді айқындайтын кәсіпорындарда шоғырланған қала.

Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар мына критерийлердің бірімен сипатталатын:

Қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 %-нан астамын құрайтын (мономамандану);

қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 %-дан астамы жұмыс істейтін;

қала құраушы кәсіпорындары ішінара істейтін немесе қызметін тоқтатқан қалалар кіреді.

Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста болады;

3) шағын қала - халқының саны 50 мың адамға дейінгі қала;

4) тірек ауылдық елді мекен - абаттандырылған елді мекен, онда сол жерде тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылатын болады;

5) шекара маңындағы аумақтар - Мемлекеттік шекарадан 50 километрге дейінгі арақашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің және елді мекендердің аумақтары;

6) экономикалық өсу орталықтары - елдің немесе өңірдің экономикасында инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, «ауқым әсерінің» арқасында өндіріс факторларының тартылыс полюстері (шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары орналасқан нақты аумақтар (елді мекендер).

Осы Бағдарламада экономикалық даму орталықтарының қатарына:

ел ауқымында - «бірінші деңгейдегі» қалалар (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары);

өңір ауқымында - «үшінші деңгейдегі» қалалар (перспективалы шағын және моноқалалар), аудан орталықтары, ауылдық елді мекендер (бұдан әрі - АЕМ), оның ішінде тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар енгізілген;

7) «бірінші деңгейдегі» қалалар - Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар;

8) «екінші деңгейдегі» қалалар - дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалық және мәдени орталық болып табылатын облыс орталықтары, сондай-ақ Семей және Түркістан қалалары;

9) «үшінші деңгейдегі» қалалар - экономикалық даму және халық санының өсу перспективалары бар шағын және моноқалалар;

10) депрессивті өңір - өндірістің ұзақ (бес және одан да көп жыл) құлдырауы, төмен инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (жолдар, телефон байланысы, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау) салдарынан жұмыспен қамту, экология, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер саласында жағымсыз үрдістердің болуымен сипатталатын әкімшілік-аумақтық бірлік;

11) уәкілетті орган - өңірлік даму саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

12) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі - Бағдарламаны жергілікті жерде іске асыру үшін жауапты облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімі айқындайтын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

13) өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

14) «зәкірлік» инвестициялық жоба - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларында іске асырылатын және шағын немесе моноқаланың экономикасын әртараптандыруға бағытталған, кемінде 50 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген орташа инвестициялық жоба.

 

 



3. Ағымдағы ахуалды талдау

 

Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік саясаты ұлттық экономиканың маңызды экономикалық өсу нүктелері болып табылатын урбандалу және агломерациялар процестерін ынталандыруды және реттелетін дамытуды, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтитын ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған, бұл урбандалу процестерін дамытудың және өңірлік дамудың әлемдік үрдістеріне сәйкес келеді.



Статистика комитетінің және Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Қазақстанда урбандалу коэффициенті шамамен 54 - 55 %-ды құрайды, бұл Орта Азия елдері үшін ең жоғары болып табылады, алайда дамыған елдерден тым кейіндеп қалуда. Аустралия, Канада және АҚШ сияқты елдердің осы әдістемені ескере отырып айқындалған урбандалу коэффициенттері 70 - 80 % аралығында.

Өсіп келе жатқан қалалар, халықтың артып келе жатқан ұтқырлығы және өндірісті мамандандыруды арттыру дамудың ажырамас серіктестері болып табылады. Бұл өзгерістер, әсіресе, Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада және Солтүстік Шығыс Азияда да байқалады. Алайда Шығыс және Оңтүстік Азия және Шығыс Еуропа елдерінде де ауқымы мен қарқыны бойынша ұқсас өзгерістер орын алуда.

Қазіргі уақытта Қазақстанның аумақтық ұйымдастырылуы жетілдіріліп жатқандығын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, ірі қалалар - агломерациялардың үдемелі өсуімен айқындалады.

Қазіргі заманғы Қазақстанда қалалық агломерацияларды қалыптастырудың негізгі үрдістерін қарай отырып, аумақтардың анық көрінетін табиғи аймақтарына және жоспарлы экономикадан қалған қоныстандыру ерекшеліктеріне байланысты олардың әркелкі екендігін атап өткен жөн.

Экономикалық даму орталықтары арасында орналасқан, көліктік байланысты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағындарын көбейту, инновацияларды тарату, инфрақұрылымдарды дамыту арқасында қосымша серпін алады. Сондықтан олар «өсу полюстерімен» бірге тұтастай өңірдің немесе елдің экономикалық дамуының кеңістіктегі қаңқасын анықтайтын даму осьтеріне (дәлізге) айналады.

Екінші жағынан алғанда, жоспарлы экономикадағы қалыптасқан орталықтардың, мысалы перспективасыз моноқалалардың, шағын қалалардың, АЕМ ыдырауы депрессивті аумақтардың пайда болуына әкелді және қоғамда күрделі әлеуметтік процестерді (көші-қон, инфрақұрылымның құлдырауы, жұмыссыздық, әлеуметтік маргиналдану) туғызды.

Елдің аумақтық ұйымдастырылуындағы жүргізіліп жатқан процестерге қарамастан, өңірлік саясатта, әсіресе өңірлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджет саясаты) бұрынғы тәсілдер сақталуда. Осылайша, бюджет қаражатын экономикалық өсу перспективалары мен тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жекелеген елді мекендерді дамытуға жұмсау практикасы жалғасуда.

Осыған байланысты, мемлекет ресурстарын өңірлердегі шын мәнінде қажетті және перспективалы жобаларға шоғырландыру қажет. Бұл түпкі нәтижесінде бюджет шығыстарының жоғары тиімділігіне әкеледі. Бұдан басқа, жобаларды айқындаған кезде инновациялық технологияларды қолданатын жобаларға басымдық берілетін болады.

Жаңа өңірлік саясатқа сәйкес экономикалық аумақтарды санаттарға жіктеу - «бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары), «үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар), тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар.

 «Бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)



Қалалық агломерациялар әлемнің көптеген елдерінде қазіргі заманауи қоныстанудың объективті түрде басты нысандары болуда, олардың қалыптасуы жаңа урбанистік өткелді білдіреді.

АҚШ-та бүкіл халықтың 76 %-дан астамы агломерацияларда тұрып жатыр, олардың ең ірісі Нью-Йорк (11,3 мың шаршы км, 23,3 млн. адам) және Лос-Анджелес (5,8 мың шаршы км, 18,6 млн. адам) агломерациялары.

Еуропада әлемдік деңгейдегі агломерациялар Лондон (11 мың шаршы км, 13,4 млн. адам) және Париж (12 мың шаршы км, 12 млн. адамнан астам) агломерациялары.

Қытайда - Шанхай (7,1 мың шаршы км, 18,6 млн. адам), Бразилияда - Рио-де-Жанейро (4,6 мың шаршы км, 12,1 млн. адам), Аргентинада - Буэнос-Айрес (2,7 мың шаршы км, 14,6 млн. адам), Үндістанда - Колката (1,8 мың шаршы км, 15,6 млн. адам) және басқа дамып келе жатқан елдерде урбандалған аумақтар жылдам қарқынмен қалыптасып жатыр.

Дамып келе жатқан елдерде агломерациялардың дамуы өзіндік ерекшелікке ие. Оларға кейбір жетекші және ірі орталықтарда халық пен экономиканың барлық салаларының өсіп келе жатқан шоғырлану үлгісі тән. Халықтың ауылдық жерден ірі және аса ірі орталықтарға келуі жоғары қарқынмен жалғасатын болады.

Егер қалалық орталықтардың дамуы «өз бетінше» жүзеге асырылса, ауылдық жерден халықтың бақыланбайтын көші-қон процестері тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымға шамадан тыс жүктемені қалыптастыруға, шеткері қала қоныстарында әлеуметтік-экономикалық маргиналдану аймақтарының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін, өңіраралық үйлеспеушілікті одан әрі нығайтуға ықпал етуі және экономиканы әртараптандыруға кедергі болуы мүмкін.

Экономикалық артта қалушылық пен теңдессіздікті консервациялауға және әлеуметтік тұрақсыздыққа ықпал ете отырып, осындай үрдістер Латын Америкасы мен Африка елдеріндегі көптеген қалалық агломерацияларға тән.

Олардың көбіндегі аяқталмаған демографиялық өткел агломерациялар халқының статистикалық белгіленген санының өсуі үшін қосымша жағдайлар жасайды. Ірі қалалық кезеңде осындай «жалған урбандалу» қаупі шамадан тыс жүктелген қалаларды және шын мәнінде нақты қалалық экономика болмағанда ауылдық тыныс-тіршілікті сақтайтын халқы көп қала маңы аймағын қалыптастыруға негізделген.

Қытай Халық Республикасы Ғылым академиясының География ғылымдары мен табиғи ресурстар институты ұсынған «Қытайдың қалалық агломерацияларын дамыту - 2010» баяндамасына сәйкес Қытай 23 қалалық агломерация құрады.

Қалалық агломерациялар Қытайдың экономикалық дамуының болашақ құрылымында ең перспективалық аудандары болып табылады. 10 - 20 жылдан кейін Қытай әлемдік деңгейдегі ең бәсекеге қабілетті және инновациялық ілгерілетілген агломерациялардың топтарын құруға тиіс, ал әрбіреуінің халқының саны кемінде 20 млн. адам болуға тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бірінші деңгейдегі агломерацияларға жататын Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орталықтары бар және екінші деңгейдегі агломерацияға (перспективалық агломерацияға) жататын Ақтөбе қаласында орталығы бар агломерациялар «бірінші деңгейдегі» қалалар болып белгіленді, себебі қалыптасып жатқан қалалық агломерациялар елдің барлық халқының үштен бір бөлігінен астамын шоғырландырады.

Олардың ішінде барынша ауқымдысы (халық санын және қала маңымен бірге орталық-қаланы қамтитын агломерациялар құрылымының күрделілігін ескере отырып) Алматы мен Шымкент айналасында дамып келеді. Қарқынды өсуі қоныстандыру жүйесіндегі жаңа елорданың рөлін арттыруға бағытталған мемлекеттің заманауи саясатына негізделген Астана әлі дамыған қала маңы аймағын қалыптастырып үлгерген жоқ. Республиканың батысында Ақтөбе қаласында орталығы бар агломерация перспективалы болып табылады.

Бұл ретте Астана агломерациясының құрамына бірыңғай агломерациялық құрылым жасауға қабілетті Қарағанды қаласы және оның маңындағы елді мекендер (серіктес қалалар, кенттер) тартылады.

Екінші деңгейдегі (Ақтөбе) агломерациялардың толыққанды дамуы тек ұзақ мерзімді перспективада, шамамен 2017 жылдан кейінгі мерзімде болжанады.

Қазақстанда агломерациялар қалалық агломерацияларды қалыптастыру және дамытудың негізгі критерийлері бойынша айқындалады:

1) демографиялық сыйымдылық, өңір халқының жоғары тығыздығын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтиды (1-кесте).

 

1-кесте. Агломерациялардың 2012 жылдың басындағы саны мен демографиялық сыйымдылығы бойынша ақпарат



 

Р/с №

Атауы

Халық саны

Демографиялық сыйымдылық (орталықтың халық тығыздығы), мың адам

агломерациялар

қалалар

мың адам

үлесі, %

мың адам

үлесі, %

1.

Астана

859,2

5,2

742,9

8,2

2 460

2.

Алматы

2500

15

1450,3

15,9

10 087

3.

Шымкент

1400

8,4

1025,5

11,3

4 074

4.

Ақтөбе

525,8

3,2

415,8

4,6

1 331




Барлығы

5285

31,7

3634,5

39,9







Қазақстан Республикасы бойынша

16675,4

100

9114,6

100




 

2012 жылы «бірінші деңгейдегі» қалалар халқының саны 5554,5 мың адамды құрады, бұл Қазақстан Республикасы жалпы халқы санының 33,3 %-ын немесе елдің қала халқының санынан 41,8 %-дан астамын құрайды. Бұл ретте Астана, Алматы және Шымкент қалалары халқының саны Қазақстанның жағдайында агломерациялық әсер (500 мың адам) іске асырылатын деңгейден жоғары, ал Ақтөбе қаласы халқының саны осы деңгейге әзірше жеткен жоқ.

Қазақстан Республикасында агломерациялық даму проблемасына қатысты орталық қалаларда халық санының бақылаусыз өсуін шектеу мәселесі маңызды болып табылады, бұл қалалық инфрақұрылымға ауыртпалық салады;

2) логистикалық әлеует, бұл ыңғайлы географиялық орналасуды, халықаралық көліктік дәліздердің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіреді;

қазіргі уақытта агломерациялардың және агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) елді мекендердің шекаралары белгіленді. Агломерация ареалын делимитациялау (шекара белгілеу) үшін изохрон әдісі пайдаланылды, ол агломерация орталығына бару үшін қажет уақыт шығыны негізінде агломерация шекарасын анықтаудан тұрады. Агломерация шекарасы ретінде бірінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,5 сағаттық изохрона және екінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,0 сағаттық изохрона қабылданды. Аталған әдістің көмегімен агломерация аумағының шегінде елді мекендер сәйкестендірілген:

Астана агломерациясының көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохронасына Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары кіреді;

Алматы агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық - Алматы қаласы, Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, сондай-ақ Қапшағай қалалық әкімшілік аумағы жатады. Ықпал ету аймағы қала мен қала маңының тығыз байланысының негізінде (күнделікті еңбек маятниктік көші-қоны шамамен 250 мың адамды құрайды1) анықталды және Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Есік қалыптасқан серіктес қалаларының, Ұзынағаш ауылының және Gate City (қаржы орталығы), Golden City (мәдени орталық), Growing City (өнеркәсіптік орталық), Green City (туристік орталық) төрт жаңа серіктес қалалардың орналасуын ескереді;

Шымкент агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық - Шымкент қаласы, Арыс қаласы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандары кіреді;

перспективалы Ақтөбе агломерациясының көліктік қолжетімділігінің 1,0 сағаттық изохронасына орталық - Ақтөбе қаласы, Хромтау, Алға, Қандыағаш қалалары, Алға, Қарғалы, Мартөк, Мұғалжар, Қобда мен Хромтау аудандарының бірқатар ауылдық елді мекендері кіреді;

Алматы, Шымкент, Ақтөбе2, Астана қалалары арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін салуға байланысты агломерациялардағы логистикалық әлеуетті ұлғайту ұсынылып отыр.

Сонымен бірге, бүгінгі күні жолаушылар айналымы бойынша статистикалық деректердің болмауы орталық қала мен серіктес қалалардың арасындағы көліктік қолжетімділікті анықтауды қиындатады;

3) экономикалық әлеует, яғни орталық қаланың дамығандығы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржылық, ғылыми әлеует).

Астана - республиканың астанасы, елді әлеуметтік-экономика дамыту көшбасшыларының бірі болып табылатын қала. Астананы көшіру туралы шешім қаланың, жақын орналасқан облыстардың және жалпы елдің кеңістік құрылымының серпінді дамуына бірден-бір ықпалын тигізді. Тиімді экономикалық-географиялық орналасу мен көп көлемді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының агломерациялық даму әлеуеті әлі іске асырылмаған Астана қаласын агломерация орталығы ретінде қалыптастыру үшін зор маңызы бар.

Республикалық көлемдегі қаланың жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі - ЖӨӨ) үлесі 8,5 %-ды құрайды (2012 жылғы деректер). Қала экономикасының негізін мыналар құрайды: өзге қызметтер (26,9 %), көтерме және бөлшек сауда (22,7 %), көлік және байланыс (14,7 %), құрылыс (12,3 %).

Астана қаласы халқының өмір сүру деңгейін талдау барлық қарастырылатын көрсеткіштер бойынша оң серпінді анықтады. Астана қаласының экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2012 жылы 417,6 мың адамды құрады және 2000 - 2012 жылдар аралығында 2,3 есе өсті.

Алматы - агломерациялық орталық ретінде белсенді қалыптасып келе жатқан елдің ең ірі мегаполисі. Алматы қаласының тартылыс аймағына Талғар, Есік, Қаскелең, Қапшағай қалалары және тығыз экономикалық, еңбек және әлеуметтік байланыстары бар жанында орналасқан кенттер мен ауылдар жатады. Алматы қаласы ұлттық және әлемдік нарықтармен байланысты қамтамасыз ететін адами, қаржылық ресурстардың, білім беру және ғылыми әлеуеттің, дамыған инфрақұрылымның жоғары шоғырлануымен ерекшеленеді.

Алматы қаласы ЖӨӨ-сінің салалық құрылымын талдау ол қаланың экономикалық базасын көрсетілетін қызметтер секторы құрайтынын көрсетеді (жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды, қаржыны, білімді, денсаулық сақтауды және сауда мен жөндеуден басқа өзге қызметтерді қоса алғанда - 45,5 %). Үлестік салмақ бойынша екінші позиция бөлшек/көтерме саудаға тиесілі - 33,9 %, одан кейін көлік пен байланыс - 15,0 %, өнеркәсіп - 5,6 %, құрылыс - 3,2 %.

Қаланың экономикалық белсенді халқы 2012 жылы 774,7 мың адамды құрады және 2008 - 2012 жылдар кезеңінде 9,8 %-ға өсті.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының қала маңындағы аймағын дамыту Алматы қаласының қала маңындағы аймағының аумақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарлаудың қабылданған кешенді жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Шымкент - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім беру және мәдени орталығы. Бұл ретте экономикалық әлеуеті бар қала елдің оңтүстігінің агломерациялық орталығы бола алады. Сонымен қатар, оның «жалған урбанизация» үлгісінде дамуына жол бермеу мақсатында аталған процесті реттеу қажет.

2008 - 2012 жылдар аралығында Шымкент қаласы халқының саны орта есеппен 2,1 %-ға артып отырғаны байқалған.

Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Ақтөбе қаласының аумағы, әкімшілік тұрғыдан бағынысты бес ауылдық округті қоса алғанда (Благодарный, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды) 2,3 мың шаршы км тең. Облыстық көлемдегі өнеркәсіптік өндірістің үлесі 17,7 пайызды, яғни 232,7 млрд. теңгені құрайды (2012 жылғы деректер бойынша). Негізгі үлестік салмақ өңдеу өнеркәсібіне тиесілі - 77 пайыз;

4) орталық қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, бұл Қазақстанның жағдайында маңызды, себебі бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейді.

Қазіргі уақытта республикада өңірлерді қаржыландыру қалыптасқан бюджетаралық қатынастар жүйесі шеңберінде іске асырылады, ол донор өңірлерден реципиент өңірлерге (экономикалық тұрғыдан артта қалушы облыстарға бюджеттік субвенциялар беру) бюджет қаражатын қайта бөлуге негізделген. Республикадағы осындай бюджетаралық қатынастар жүйесі өздерінің аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынын ұлғайтуға жергілікті атқарушы органдарды (донор өңірлерді де, сондай-ақ реципиент өңірлерді де) қажетті жағдайда ынталандырмайды.

 

 



Қазақстанда агломерациялар дамуының SWOT-талдауы

 


Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және бос уақыт салаларында қызмет көрсетудің жоғары деңгейі (елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда);

халықтың табиғи және көші-қон арқылы өсуінің оң көрсеткіштері;

шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар;

кадрлық базаның болуы

қоныстанудың төмен тығыздығы, 2 млн. адамнан астам халқы бар орталық-қалалардың болмауы;

орталық қалалардың және іргелес аумақтардың (елді мекен жүйелерінің) ортақ жүйелі инфрақұрылымының болмауы;

орталық-қалалар ішінде тиімсіз көліктік инфрақұрылым (көлік кептелістері);

ірі қалалардағы жағымсыз экологиялық жағдай (газдану, «жасыл экономиканың» смарт-технологияларын қолданбау, қоғамдық көліктің дамымауы, қалалардың ішінде экологиялық емес және энергияны қажетсінетін өндірістердің болуы);

қалаларда рекреация және жасыл аймақтардың жеткіліксіз дамуы;

елдің ірі қалаларында тартымды брендттердің (танымал халықаралық имидждің) болмауы;

елдің ірі қалаларының жаһандық және өңірлік нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;

орталық қала мен қала маңындағы елді мекендердің бірыңғай заманауи қала құрылысы құжаттамасының болмауы

Мүмкіндіктер

Қатерлер

экономиканың толық қайта құрылуы (индустрияланудан кейінгі даму);

көптеген және әртараптандырылған еңбек нарығының қалыптасуы;

тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің сыйымды нарығының тартымдылығын арттыру;

«инфрақұрылымдық әсер» құру (қуатты көлік кешендері, мультимодальды тораптар, ақпараттық коммуникациялар);

ірі орталықпен көрші болу әсері, яғни барлық агломерация тұрғындарының агломерациялардың әртүрлі аймақтарының еңбек, білім беру, сауда, мәдени және басқа да мүмкіндіктерге толық көлемде қол жеткізуі

біліктілігі төмен еңбек ресурстарының бақылаусыз жаппай келуінің салдарынан «жалған урбанизация»;

тұрғын үй тапшылығы;

жоғары жұмыссыздық;

қалалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға шамадан тыс салмақ салу;

қала шетінде ретсіз құрылыс салу;

келетін халықтың маргиналдануы мен асоциализациясы (қылмыстың көбеюі)

 

_________

1 Дереккөз: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және жергілікті атқарушы органдар.

2 «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы.

 


жүктеу 3,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау