Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары



жүктеу 1,38 Mb.
бет1/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,38 Mb.
#12487
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы «14» маусымдағы

№ 516 бұйрығына

1-қосымша



Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және

қаржыландыру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;

2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

4) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

5) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;

6) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

7) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

8) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

9) жұмысқа орналастырудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаты және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

10) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;

11) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;

12) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлiктiң қолайлығына сәйкес келетін, соның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

13) ұзаққа созылған жұмыссыздық – ұзақтығы он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;

14) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

15) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.

3. Авариялар, табиғи апаттар, дүлей зiлзалалар және басқа да төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

4. Осы Қағидалармен Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастар реттелмейді.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

5. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша ұйымдастырады.



6. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 6 айдан аспайтын мерзімді құрайды.

7. Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері бар:

1) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар қолданылмайды;

2) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;

3) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;

4) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрғысы келетін жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағымдағы қаржы жылына өтінімдер береді.

9. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге концультация береді;

2) қаржыландыру шегіне байланысты жыл сайын 1 қарашаға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;

4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.

10. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушімен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға шарт жасасады.

11. Қоғамдық жұмыстарға:

1) жұмыссыздар;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 22-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мынадай адамдар:

1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтарында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басымдық пайдаланады.

12. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.

Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберіледі.



Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдар қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

13. Тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар халықты жұмыспен қамту орталығына әлеуметтік еңбек демалысын беру немесе мәжбүрлі тоқтап тұру туралы жұмыс берушінің актісін (еркін нысанда) ұсынады.

14. Студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары демалыс кезеңін көрсете отырып, жазғы демалыста болуы туралы оқу орнының анықтамасын (еркін нысанда) ұсынады.

15. Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 22-бабы 3-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.

16. Жұмыс берушілер адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысу кезеңін еңбек кітапшасына енгізеді.

17. Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысқаны және оны аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетіледі.

18. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 22-бабы 4-тармағына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберіледі.

19. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

1) қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;

2) «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген нысан және мерзімдер бойынша қоғамдық жұмыстар жөнiндегі есептiлікті жүргiзедi және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады.

3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі


20. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.

21. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Еңбек кодексі) реттеледі.

Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдар жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған жалақының ең аз мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.

22. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын, Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған үлгiлiк шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүргізеді және қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың екінші деңгейдегі банктерде немесе банк қызметінің жеке түрлерін жүргізуге құқығы бар өзге қаржылық институттарда ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

23. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 15-1-бабына сәйкес салық салынады.

24. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi Еңбек кодексіне сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығы жүргiзедi.

25. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеудi Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен жұмыс берушi жүргiзедi.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

1-қосымша
Нысан

______________ (ауданының,

қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығына _________________________

(кімнен)

Өтінім
______________________________________________________________________________________________________________________________ (жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)



жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

Жұмыс берушілердің тізбесіне қосу мәселесі оң шешiм тапқан жағдайда жұмыссыздарға, жазғы демалыс кезеңінде студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:


Р/с


Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған
саны

Жұмыстардың
жоспарлы ұзақтығы (ай)

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге






















































Қосымша:


1. Заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі.

2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.
Басшы                                                      Күнi

М.О. (бар болса)
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына

2-қосымша

Нысан

Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға арналған

үлгiлiк шарт
_________________________________            _____________

      (қала, облыс, аудан)                           (күнi)
Осы шарт бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын директоры ____________________________________________________________________                           (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

____________________________________ Халықты жұмыспен қамту орталығы



(қала, облыс, аудан)

атынан және бұдан әрi «Орындаушы» деп аталатын ________________________________________________________ атынан       (жұмыс берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

___________________________________________________________ арасында

(лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы «14» маусымдағы № 516 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) және ауданның (қаланың, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, және астананың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органының 20__ жылғы _________ № ___ шешіміне сәйкес төмендегі туралы осы шартты жасады:



1. Шарттың мәнi
2. Жұмыссыздар, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар үшiн қоғамдық жұмыстарды Қағидаларға сәйкес қаржыландыру.

3. Шарттың сомасы _______________________ теңгені құрайды.                  (жазбаша)



2. Тараптардың мiндеттерi
4. «Тапсырыс берушi»:

жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамды қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру үшін жолдама беруге;

қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін адамдармен әлеуметтік келісімшарт жасаусуға;

Салық кодексіне «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

тараптарға қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;

Орындаушымен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;

жұмыссыздың қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастырылғаны және қоғамдық жұмысқа қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;

Тараптардан қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

5. «Орындаушы»:

Өзіне тікелей жүгінген адамдарды «Тапсырыс берушінің» жолдамасы бар адамдармен тең жағдайда жұмысқа қабылдауға;

Тапсырыс берушіден еңбек нарығының жағдайы туралы тегін ақпарат алуға құқылы.

6. «Тапсырыс берушi»:

жұмыссыз, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары және тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген _____________________ адамды

(жазбаша)

олардың келiсiмi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберуге;

Орындаушы ұсынған құжаттардың негізінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес жасалған әлеуметтік келісімшартқа және Еңбек кодексіне сәйкес адамдарға жалақыны уақтылы және толық көлемде аударуға міндеттенеді.

7. «Орындаушы»:

1) адамдарға еңбек шартында айқындалған түрлер, мерзiмдер және шарттар бойынша жұмыс беруге __________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________;

                         (тiзiп жазу)

2) адамдармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;

3) қажет болған жағдайда қабылданған адамдарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге;

4) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;



5) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;

6) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

7) азаматтардың еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

8) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.

3. Еңбекақы төлеу
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы адамдарға еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты негiзiнде жүргiзіледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігiне байланысты болады.

9. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн адамдарға есептелген еңбекақыға Салық кодексіне сәйкес салық салынады.



4. Тараптардың жауапкершiлiгi
10. Тараптар қоғамдық жұмыстарға ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.

11. Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

12. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.

13. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.



5. Форс-мажорлық жағдайлар
14. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

15. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.

16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

17. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.



6. Шарттың қолданылу мерзiмi
18. Шарттың қолданылу мерзiмi________________________________

19. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

20. Шарт әрқайсысының заңдық күші бар екi данада екi тарап үшiн жасалған.



Тапсырыс берушi
__________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы
заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_______________________

БСК ______________________

БСН (ЖСН) ____________________

Коды ______________________


___________________ __________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

Орындаушы
заңды мекенжайы:

____________________________

ЖСК_______________________

БСК ______________________

БСН (ЖСН) ____________________

Коды ______________________

__________________ _____________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)


М.О.

М.О. (бар болса)

Қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған

үлгiлiк шартқа

қосымша

Нысан


___________________________________________

(жұмыс берушінің атауы)

Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдар туралы

20__ жылғы ____________



жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау