2. Жастар практикасын ұйымдастыру тәртібі
3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 65-тармағына сәйкес оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша түлектер бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін әдейі арналған;
2) жастар пактикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүргізіледі;
3) жұмыс орындарының саны іс-жүзінде шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары қолданылмайды.
5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 21-бабына сәйкес жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;
2) қаржыландыру шегіне қарай жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасы ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бірыңғай тізбеге жинақтайды және бекіту үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жібереді;
4) жыл ішінде қажеттілікке қарай жұмыс берушілерден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды.
7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы 3-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, тартылатын білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздардың санын, оларға еңбекақы төлеу шарттары мен мөлшерін және қаржыландыру көздерін айқындайды.
Ұйымдардың тізбесі жыл ішінде қажеттілігіне қарай жаңартылады.
8. Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыс берушілермен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасасады.
9. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарттың негізінде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары білім беру ұйымдары түлектерінің алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
10. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім береді.
11. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту мәселелері бойынша консультация береді;
2) жұмыссыздарға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына жолдама береді.
Білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыздарды жастар практикасына жіберуге олардың келісімімен ғана жол беріледі.
12. Жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмысқа қабылдау немесе бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілер және жастар практикасына жіберілетін түлек арасында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 26-тармағына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жасалады.
13. Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 33-бабына сәйкес еңбек шарты жасалады.
Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
14. Жұмыс берушілер жастар практикасына қатысушылармен жасасқан шарттардың көшірмесін және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
15. Жұмыс беруші жастар практикасына қатсушыға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітеді.
16. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға жол беріледі. Бұл ретте, жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 28-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімдерде жолдайды.
17. Жұмыс беруші жастар практикасын өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізеді және жұмыс беруші жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға талабы бойынша оның жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынады.
18. Жұмыс берушілердің таратылуына байланысты, сондай-ақ осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген жағдайларда жастар практикасы бойынша еңбек қызметін тоқтатқан адамдар қалған өтелмеген мерзімін басқа жұмыс берушілерде жалғастырады.
19. Жастар практикасындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан адамдар әлеуметтік келісімшартты бұзған сәттен бастап жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады.
20. Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, олармен жасалған тиісті шарт жұмыс берушілердің жастар практикасына қатысушыға жалақы төлеуге жұмсалған мемлекеттің шығыстарын бюджетке қайтаруымен бұзылуға жатады.
21. Жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзуға жол берген жұмыс берушілермен бұзушылық анықталған сәттен бастап бір жыл ішінде шарттар жасасуға жол берілмейді.
22. Жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар мен жастар практикасын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне орналастырылады.
23. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 7-бабы 24-тармағына сәйкес жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетеді.
24. Халықты жұмыспен қамту орталығы бюджет қаражаттарының пайдаланылуына және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жастар практикасының қатысушысына еңбекақы төлеген кезде жұмысқа орналасқан түлектердің міндетті зейнетақы аударымдарының болуына мониторинг жүргізеді.
25. Халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) бекітілген есептілікті жүргізеді және белгіленген мерзімдерде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады және аталған есепте:
1) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектердің саны туралы;
2) жастар практикасының шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі.
3. Жастар практикасын қаржыландыру тәртібі
26. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Бағдарламаның 65-тармағының екінші бөлігіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялау мөлшері экологиялық үстемақылар төлеуді есептемегенде, айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметін ескергенде) құрайды.
Жастар практикасына жіберілген жеке адамдарға еңбекақы төлеуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
27. Жастар практикасын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы төлеуге Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шарасын республикалық бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қолдау шарасын жергілікті бюджеттен қаржыландыру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган арқылы жүзеге асырылады.
28. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттардың негізінде қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (қалалардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сомалар шегінде не Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған өзге көздерден ай сайын халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
29. Жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеуді жұмыссыздар үшін жастар практикасын қаржыландыруға арналған шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған мәліметтердің негізінде, еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай ай сайын халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді және екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарға (карточкалық) ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
______________ (ауданының,
қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығына _________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтінім
_____________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, заңды мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын адамдары мен телефондары)
жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Р/с
№
|
Кәсібі (мамандығы)
|
Талап етілетін білім деңгейі
|
Жұмыс орындарының жоспарланған саны
|
Жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (ай)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша:
1. Заңды тұлғаны және (немесе) дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
2. Заңды тұлға жарғысының көшiрмесi.
_____________ _____________
Басшы Күнi
М.О. (бар болса)
Жастар практикасын
ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыруға арналған
№ _____ шарт
_____________ауылы (қаласы) 20__жылғы __ _________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________ ауданының (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы атынан директоры ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және _________________________________________________________ атынан
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
(басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
(бұдан әрі — Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 21-бабы 3) тармақшасына сәйкес және ________________________ауданы (қаласы) әкімдігінің 20___ жылғы __ _________ № ___ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы шартты жасады:
1. Шарттың мәні
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін олар алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар практикасын қаржыландыру.
2. Шарттың жалпы сомасы ___________________ теңгені құрайды, оның
жазбаша
ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен ______________ теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ______________ теңге.
2. Тараптардың міндеттері
3. Тапсырыс беруші:
1) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынуға;
2) жастар практикасына қатысушылар туралы мәліметтерге сәйкес жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді уақытылы және толық көлемде жүргізуге;
3) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жастар практикасына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін жастар практикасына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;
4) тараптарға жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация беруге;
5) жыл ішінде қажеттілікке қарай Орындаушыдан жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдауға;
6) Орындаушының бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;
7) Орындаушымен жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасуға;
8) Жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетуге;
9) Орындаушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асыруға;
10) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;
11) тараптардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.
4. Орындаушы:
1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;
2) азаматтармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасуға;
3) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізуге және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша оның жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынуға;
4) қажет болған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге құқылы.
5. Тапсырыс беруші:
1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге _________________________________адам жіберуге;
(жазбаша)
2) Орындаушы ұсынған мәліметтер негізінде Еңбек Кодексіне сәйкес жастар практикасына қатысатын жұмыссыздарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы аударуға міндеттенеді.
6. Орындаушы:
1) жұмыссыздарға жастар практикасынан өту үшін мынадай мамандықтар бойынша жұмыс орындарын ұсынуға:
Р/с №
|
Кәсібі (мамандығы)
|
Білімі
|
Адам саны
|
Жастар практикасының ұзақтығы, ай
|
Бюджет шығыстарының сомасы айына, теңге
|
|
|
|
|
|
|
2) жұмыссыздармен Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарттарын жасасуға;
3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға;
4) қажет болған жағдайда, қабылданған жастар практикасына қатысушыға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізуге;
5) әрбір жастар практикасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізуге;
6) қажет болған кезде жұмыссыздарды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етуге;
7) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;
9) бос жұмыс орны пайда болған кезде және жастар практикасына қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;
10) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына жазуға және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) беруге;
11) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың дәйектілігін қамтамасыз етуге;
12) есепті айдың аяқталуына бес жұмыс күні қалғанда Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
7. Тапсырыс беруші жастар практикасына қабылданған азаматтарға еңбекақы төлеуді Орындаушының мәліметтері негізінде және әлеуметтік келісімшарт шарттарына сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
8. Тараптар жастар практикасына ақы төлеуге арналған бюджеттiк қаражатты мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
9. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
10. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті.
11. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
9. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери әрекеттер сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды.
10. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Бой бермейтін күш жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады.
11. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
12. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.
13. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
14. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
Тапсырыс беруші
|
Орындаушы
|
______________________ ауданының) (қаласының) Халықты жұмыспен қамту орталығы ________________________________
|
_______________________________
|
заңды мекенжайы: _____________________
|
заңды мекенжайы: _____________________
|
ЖСК_____________________
|
ЖСК_____________________
|
БСК_____________________
|
БСК_____________________
|
БСН (ЖСН) _____________________
|
БСН (ЖСН) _____________________
|
Коды_____________________
|
Коды_____________________
|
___________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
|
__________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
|
М.О.
|
М.О. (бар болса)
|
Жұмыссыздарға арналған жастар
практикасын қаржыландыру
туралы шартқа
қосымша
Нысан
_____________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
Жастар практикасына қатысушылар туралы 20__ жылғы ____________
Достарыңызбен бөлісу: |