Дәріс 11. Желдеткіш желілерін есептеу
Дәріс жоспары.
1. Желдеткіш желілерінің негізгі есептелуі.
2. Желдету торабын есептеу.
Желдеткіш желілерін есептеуді гидравликалық желiлер есептеуi негiзiнде жүргізеді.
Есептеуге қажетті бастапқы мәндер:
1. Желiнiң әрбiр шектi нүктесiндегі ауаның шығыны; Vсi (м3/с).
2. Жабдықтың аэродинамикалық кедергiсiнiң шамасы (әрбiр жабдықтағы қысым шығыны); Δpi (Па).
3. Ауа ағынының қозғалыс жылдамдығы wi (м/с).
4. Бөлiмшелер ұзындықтары көрсетілген желiдегi ауа өткізгіштердің орналасу сұлбасы.
Есептеуде желдеткiштің артықша қысымының шамаларын Δpо (Па) және ауа өткізгіштердің көлденең қимасының өлшемдерiн анықтайды.
Δро = ΣΔрi + ΣΔрмi
Δрi - желiнiң i - бөлiміндегі қысым шығыны, Па;
Δрмi - аспирациялайтын машинадағы i - бөлiміндегі қысым шығыны, Па.
Астық және ұн құрама жем өнеркәсiбiндегі желдету торабын есептеу кезінде ауа ағынын тасымалдаудың номиналды қозғалыс жылдамдығы w=12-15 м/с құрайды.
Тiк құбырөткізгіштер аз жылдамдықты, ал көлденең құбырөткізгіштер жоғарғы жылдамдықты болады.
1. Желiлерді нөмiрленген бөлiмшелерге бөледi. Бөлiмшелер ұзындығын және бөлшектер сипаттамаларын аспирациялық желiнiң сызбалары бойынша орнатады.
2. Әрбiр бөлiмше жеке-жеке есептейді.
3. Жеке бөлiмшелердегi қысым шығындары бойынша тармақтардағы магистралдiк бағыттарды анықтайды.
4. Шаң ажыратқыштарды таңдап, ондағы қысым шығындарын анықтайды.
5. Магистраль бойынша бөлiмшелердегi қысым шығындарын жинақтап, тармақтардағы қысым шығындарын есепке алмай желiдегi толық қысым шығындарын анықтайды.
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Желдеткіш желілерін есептеуге қажетті бастапқы мәндер қандай? 2. Есептеуде қандай шамаларды анықтайды? 3. Тiк құбырөткізгіштер қандай жылдамдықта болады? 4. Көлденең құбырөткізгіштер қандай жылдамдықта болады?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.
Дәріс 12, 13. Цехтағы жылуды есептеу
Дәріс жоспары.
1. Жылу есептеудің жіктелуі.
2. Олардың түрлері мен негізгі есептеулері.
1. Күн радиациясынан Qтп1, Вт:
Qтп1 = Fост·q·А
мұндағы: Fост – шыны беті, м2;
q – 1м2 шыны беттегі радиация, q = 138 Вт/м2;
А – шыны сипаттамасының коэффициенті. Екі еселенген шынылауда (таза шыны) А = 1,15; ластануда А = 0,80.
2. Өндірістік пештерден Qтп2 , Вт:
Qтп2 = 1000·Nуст· q0 · η
Nуст – пештің бекітілген номиналды қуаты, кВт;
q0 – пештің бекітілген номиналды қуатынан цехқа жылу бөліну, %; электрпештері үшін q0 = 70%; қалған пештер үшін q0 = 40 - 60%.
η - барлық пештердің бір уақытта жұмыс істеу коэффициенті; η=0,8-1,0.
3. Құбырөткізгіштер мен аппараттардың ыстық беттерінен Qтп3 , Вт:
Qтп3 = α·F·(tпов. – tв)
α – изоляцияланған беттерден конвекция және сәуле шашумен жылу беру коэффициенті, Вт/м2·град
α = 9,3 + 0,047·(tпов. – tв) + 7·v0,5
v – ауа ағының жылдамдығы, м/с; жабдық бетінен ауаның еркін конвекциясы кезінде v = 0,2 -0,4 м/с.
4. Суытылатын өнімдерден (материалдардан) Qтп4
Qтп4 = Gс·с·(tн. – tк)
Gс – ауада суытылған өнімнің массалық секундтық шығыны, кг/с.
с – өнімнің орташа меншікті жылусиымдылығы; Дж/кг·град.
5. Механикалық энергияның жылулыққа өтуінен Qтп5 (электрқозғалтқыштар, станоктар) в Вт:
Qтп5 = 1000·Nуст· ам
Nуст – электрқозғалтқыштардың номиналды бекітілген қуаты, кВт.
ам – ауаның жылумен араласуының интегралдық коэффициенті; а= 0,15- 0,70. Тамақ өнеркәсібі үшін а= 0,20.
6. Электр жарықтарынан Qтп6 , Вт.
Qтп6 = 1000·Nэо· аэо
Nэо- жарықтандыру құралдарының тағайындалған қуаты, кВт;
аэо – электршамдары түрлерінің коэффициенті.
Кесте аэо коэффициентінің мәні.
Электршамдарының түрлері
|
Ашық люминесценттi
|
Күңгiрт шынылы жабық люминесценттi
|
Ашық қыздыру шамдары
|
Жабық күңгірт қалпақты қыздыру шамдары
|
аэо мәні
|
0,9
|
0,6
|
1,0
|
0,7
|
7. Ыстық су бетінен Qтп7 , Вт.
Qтп7 = (5,7 + 4,1v)·(tву – tауа)
v – су бетіндегі ауаның қозғалыс жылдамдығы, v = 0,15 м/с;
tводы. - су температурасы, 0С;
tвозд - ауа температурасы, 0С.
8. Жұмыс істейтін адамдардан Qтп8 в Вт.
Qтп8 = q·n
q – бір адам бөлетін жылу шығыны, Вт.
n - цехтағы жұмысшылар саны.
Кесте
Жылулық көрсеткіштер, Вт
|
Бөлмедегі ауа температурасы, 0С
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
35
|
Жеңіл жұмыс кезінде
|
151
|
122
|
99
|
64
|
41
|
6
|
Орташа жұмыс кезінде
|
173
|
134
|
105
|
70
|
41
|
6
|
Ауыр жұмыс кезінде
|
198
|
163
|
128
|
93
|
53
|
12
|
9. Жалпы жылулық жүктеме, Qотп , Вт.
Qотп = Qтп1+ Qтп2 + Qтп3 + Qтп4 + Qтп5 + Qтп6 + Qтп7 + Qтп8
10. Қысқы мерзiмде сорғыш желдеткіш арқылы сорылатын ауаның көлемдiк шығыны,Vс м3:
11. Жазғы мерзiмде сорғыш желдеткіш арқылы сорылатын ауаның көлемдiк шығыны,Vс м3:
Өзінді тексеруге арналған сұрақтар.
1. Цехтағы жылудың күн радиациясынан есептелуінің қандай негізгі теңдеулері бар? 2. Жылудың өндірістік пештерде қалай есептеуге болады? 3. Жылудың құбырөткізгіштер мен аппараттардың ыстық беттерінде қалай есептейді? 4. аэо коэффициентінің мәні қандай? 5. Қандай жылулық көрсеткіштерді білесің?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Ерёмкин А.И. Тепловой режим зданий. М.: Стройиздат, 1988.
4.1.2. Внутренние санитарно-технические устройства. Ч.З. Вентиляция и кондиционирование воздуха. Кн. 1,2 / Богословский В.Н., Пирумов А.И., Посохин В.Н. и др. /Под ред. Павлова Н.Н. и Шиллера Ю.И., - 4-е изд.; перераб. И доп. – М.: Стройиздат, 1992.
4.1.3. Волков О.Д. Проектирование вентиляции промышленного здания. – Харьков: Высшая школа, 1989.
Достарыңызбен бөлісу: |