ОәК 042-18-12 3/03-2013 18. 09. 2013 баспа №1 беттің -сі



жүктеу 2,32 Mb.
бет4/14
Дата14.11.2018
өлшемі2,32 Mb.
#19944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

10-сурет. Басқару процесінің кибернетикалық моделі

Нақты орындаушыға қатыссыз, басқару процесінде орындалатын келесі қажетті жұмыс этаптары (операторлар) сызбада сандармен көрсетілген

1— басқару объектісінің жағдайы және оның шешім қабылдайтын органға берілуі туралы ағымдағы ақпараттар (берілгендер ) жиыны;

2— берілгендерді алғашқы өңдеу, сорттау, топтау және талдау ( берілгендер модификациясы);

3 — бұл этаптың орындалуы екі түрде болуы мүмкін: За — өндірістік процестің оперативті сипаттамасының есеп - қисаптары; 36 — өндірістік процестің соңғы (фактілі) көрсеткіштерінің. За жағдайындағыдай 36 жағдайында да есептеу жүргізу үшін сызбада 10 блокпен берілген нормативті білу қажет.

4— жүйенің материалды ағымындағы енгізу (шикізат) және шығару (өндірілетін өнім немесе қызмет көрсету) элементтерінің шығындарының фактілі, нормативті және жоспарлы дәрежелерін бар кідірістердің пайда болуымен салыстыру.

Бұл этаптан соң шешім шығаруға дайындық этабы бітеді. Бұл этапта реттеудің «тіреу» дәрежесі ретінде жоспарлы есептер туралы білу қажет (блок 11);

— Кідірістің маңыздылығын бағалау. Кідірісті бағалау әрдайым бірдей бола бермейді. Ол көп жағдайда шешім қабылдаушы басқару қызметкерлерінің мамандануына, тәжірибесіне байланысты болады. Бұрынғы тәжірибелерді есепке алу қажеттілігі сызбада 12 блокпен көрсетілген;

— объектіні функционалдаудың құрылған моделі негізінде шешімді немесе шешімдер нұсқасын есептеу;

— шешім қабылдау (бірнеше ұсынылған нұсқалардың арасынан оптималдысын таңдау);

8— шешімдерді құжаттау яғни, берілген кәсіпорында формасы енгізілген құжат түрінде рәсімдеу;

9 — шешімді орындаушыға жеткізу және шешімді орындау, яғни, басқару объектісіне әсер ету. Мұндай әсер ету салдарынан объектінің жағдайы өзгереді, сонымен қатар объект туралы ағымдағы ақпарат та өзгереді, сол себептен объектіге қайта жаңадан әсер ету қажет болады.

Сөйтіп, объектіге тек басқарушы әсер етулер ғана емес, сонымен қатар ішкі кері әсер ететін факторлар әсер ететін болғандықтан, сондай - ақ объектінің өзі семантикалық элемент болып табылмайтындықтан қарастырылған сызбадағы басқару процесі динамикада болады және ол уақыт өтуіне қатысты өзгереді, сондықтан мұндай сызбалар басқару процесінің кибернетикалық моделі деп аталады.

Сызбаны автоматтау мүмкіндігі көзқарасымен қарастырудан, 1, 2, 3, 4, 8 этаптар (операторлар) адамның шығармашылық қатысуын талап етпейді және салыстырмалы түрде жеңіл автоматтандырылған механикалық операцияларды көптеп қажет етеді, яғни, БАЖ-нің техникалық және программалық құралдары көмегімен орындалады. Мысалы, шешімді құжаттау ЭЕМ құрамындағы алфавиттік - сандық баспа құралы(АСБҚ) көмегімен орындалады, бірақ баспа кәсіпорында бекітілген қарапайым құжат формасында болуы мүмкін. Ағымдағы ақпаратты жинау адамның көмегінсіз, кәсіпорынның арнайы датчиктері, тіркеуіштерінің көмегімен жүзеге асуы мүмкін.

5, 6, 7 этаптардың орындалуы басқару процесінде бұл этаптарды орындаушы адамның мамандану дәрежесіне байланысты. Қазіргі кезде бұл этаптарды қиындықпен түрлендіреді. Ал, 7 этап шешімді бекіту этабы болғандықтан адамның көмегінсіз мүлде орындала алмайды. Сондықтан адамдарды басқару сферасынан ығыстыру қажет емес, тек басқару функцияларын БАЖ-нің басқарушы қызметкерлері мен техникалық құралдарына бөліп беру қажет. Бұл адам - операторды барлық механикалық операциялардан құтқарады да, басқару процесіндегі шығармашылық функцияларды ойластыруға мүмкіндік береді.

Қарастырылған басқарудың кибернетикалық моделінен БАЖ-нің құрылымы мен классификациясы бойынша бірнеше қосымша шығарулар шығады:

1. БАЖ басқару сызбасының жекеленген этабының механизациялау және автоматтандырылу дәрежесіне қарап, төмендегідей классификациялауға болады

Тіркеуші жүйелер- мұнда тек 1 және 2 этаптар ғана автоматтандырылған. Жекеленген ішкікласқа басқару жүйесінде автоматтандырылған карточка, каталог, берілгендер банкі функциясын орындайтын, басқарушы қызметкерге анықтама беруге арналған БАЖ-нің ақпаратты - іздеуші типін жатқызуға болады. Мұндай жүйелерге теміржол билеттерін сату, авиа билеттерді сатуды басқарушы жүйелер жатады.

Ақпараттық - кеңес беруші жүйе – 1-4 этаптары автоматтандырылған және 5-6 этаптары біраз автоматтандырылған. Мұндай жүйелер оперативті құрамға қарастырылып отырған жағдайдағы шешімдер терілімін беруді қамтамасыз етеді, сонымен оперативті құрылым жүзеге асыру үшін шешімдер терілімі ішінен біреуін таңдай алады немесе ағымдағы берілгендері өзгертілген жаңа шешімдер терілімін талап ете алады;

Реттеуші жүйелер , бұл толық түрдегі басқарудың кибернетикалық моделін жүзеге асыратын, адам - машиналық басқару жүйесі;

БАЖ басқарудың тұйықталған динамикалық жүйесі болып табылады. Оның жұмысының сапасы тек ағымдағы ақпараттың сапасымен нақтылығына ғана байланысты емес, сонымен қатар басқарушы элементке келіп түсетін ақпараттың уақыт бойынша кідірісі мен шешімді орындаушыға жіберудегі кідіріске де байланысты.

Берілгендердің уақытында түспеуінен кешіктірілген дұрыс емес шешімнің шығуы және жүйе жұмысын сәйкесінше төмендетуі мүмкін.

Ұсынылған сызбадан басқару жүйесін жүзеге асыру үшін БАЖ келесі құрылымдардан тұруы керек:

Шеттетілген құралдар ( объектінің жағдайын тіркеушілер);



Ақпаратты сақтау құрылғысы (жад );

Есептеуші бөлігі (2-6 операторларды автоматтауға арналған);

Құжаттау құралдары және басқару операторымен ақпаратты оперативті бейнелеу;

Басқару жүйесінің оперативті қызметкерлері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Транспортта қолданылатын берілгендер классификациясы.

2. БАЖ берілгендеріне қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.

2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. - М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.

Лекция 8.

БАЖ құру принциптері

Лекция сабағының мазмұны:

БАЖ –ды қамтамасыз ететін ішкіжүйелер.



БАЖ құру принциптері

БАЖ –ды қамтамасыз ететін ішкіжүйелер. БАЖ-н ақпаратты өңдеу және шешім қабылдау технологиясы көзқарасымен қарай отырып, өзараларында және жүйе ішінде байланысатын, қамтамасыз ететін ішкіжүйелерден тұратын басқарудың енді бір ортақ функционалды сызбасын салуға болады. (11-сурет) :

11-сурет. БАЖ бөліктерін қамтамасыз ететін ішкіжүйелердің негізгі функциялары.


Басқару жүйесінің кірістері мен шығыстарында енгізулер мен шығаруларды қамтамасыз ететін ішкіжүйе;

Нормативті және жоспарлы берілгендер массивінің жиналуы мен сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқарылатын жүйенің жағдайы туралы ақпараттан және оның реттелуі үшін қабылданатын шешімнен тұратын, ақпаратты сақтаудың ішкіжүйесі (жад);

Шешім қабылдау процесінде қажет формальды есептеу және логикалық операциялар комплексін қамтамасыз ететін ішкіжүйе;

Шешім қабылдауды және басқа барлық ішкіжүйелердің түрленуін координаттауды қамтамасыз ететін ішкіжүйе .

Түрлі типтегі және дәрежедегі БАЖ-н проектілеуде, келесі бөлімдерді қамтамасыз ететін жүйелерді жүзеге асыруға байланысты ортақ проблемаларды шешу керек:

а) БАЖ-н ақпаратты қамсыздандыру;

б) БАЖ-н математикалық және программалық қамсыздандыру;

в) БАЖ-н техникалық құралдармен қамсыздандыру;

г) БАЖ-н ұйымдастырумен қамсыздандыру.

Басқаруды административті - ұйымдастыру жүйелері автоматтандырудың бастапқы этаптарында басқарудың салыстырмалы қарапайым есептерін шешу үшін қолданылған.

БАЖ-н құру принциптері . БАЖ-н құру мен оны енгізуді келесі принциптер бойынша басқару керек:

1) жаңа мақсат принципі . Принциптің мәні басқарудың пайда болған дәстүрлі әдістері мен қабылдауларын ЭЕМ-ға жинау ғана емес, сонымен қатар оларды ЭЕМ беретін жаңа мүмкіндіктерге сәйкес қайта құру болып табылады;

2) проектілеу кезіндегі комплексті немесе жүйелі жақын келулер принципі.Бұл жақын келу техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық сипатта болуы мүмкін;

3) жүйенің үзіліссіз даму принципі яғни, БАЖ-нің енуімен жаңа шарттармен шешілетін тапсырмалар шеңбері кеңейеді.



БАЖ –нің енуі кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық деңгейін жаңа бір биік деңгейге көтереді: инженер – басқарушы қызметкер бастапқы құжат пен түрлі есеп берулер құрау үшін қажет есепке алулардан құтылады, сөйтіп, ол толығымен басқаруды ұйымдастыруды ойластыра алады; жұмысшылар өндірістік ақпараттарды және ұйымдастырудың дайын шешімдерін, кәсіпорынның реттелуін уақтылы ала отырып, өндіріске тиімді әсер ете алады; жеке бөлікті жоспарларда және техникалық-экономикалық есептеулерде көпнұсқалы есептеулерді орындау және осы негіздегі оптималды шешімді таңдау өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат пен еңбек шығынын төмендетеді және шығарылатын өнім көлемін жоғарылатады; техникалық негіздегі еңбек нормасы мен материалды шығындар дәрежесі жоғарылайды. Соңында, кәсіпорынның барлық жекеленген буындары мен кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметтің барлық негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғарылайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Машинаішілік ақпаратты қамсыздандыру.

2.Басқарудың түрлі дәрежесіндегі тасымалдау процесінің динамикалық ақпараттық моделі.

Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.

2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. - М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.
Лекция 9.

Жүкті тасымалдаушы жүйелерді басқару



Лекция сабағының мазмұны:

Жүкті тасымалдауды басқару жүйесін тағайындау.



Жүктерді өңдеу.

Тасымалдауларды басқару

Жүкті тасымалдауды басқару жүйесін тағайындау. Транспорттағы басқару жүйелері түрлі жүктерді жеткізуді басқарумен байланысты есепке алуды жүргізу, қызметті талдау мен жоспарлауға арналған жүктер ,жүкті өңдеуге қатысатын барлық бөлімшелер үшін ашық ортақ реестрде тіркеледі.

Жүйелер тасымалдауға алдын ала берілген тапсырыстарды да тіркейді. Интернет –тапсырыс модулі тұтынушылардың тапсырыстарын фирманың Интернет сайты арқылы қабылдауды қамтамасыз етеді және тұтынушыны ары қарай оның жүгінің орын ауыстыруы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Алдын ала тапсырыс беруде жүк тасымалдаудың балама проекттісін түрлендіруге болады; тасымалдаудың әр этабында қозғалыстың оптималды маршрутын өңдеуге және орындалатын операцияларды (бақылау нүктелерінен өту, тиеу, маршруттағы түрлі қызмет көрсетулер , жекеленген этаптардан және толық маршрутты өту уақыты) алдын ала жоспарлап алу керек. Жүкті тасымалдау этаптары проектте CRM- жүйесімен (тапсырмалар, оқиғалар, еске салулар, хабарландырулар )интеграцияланған. Жүк тасымалдаудың түрлі проекттерін құру мүмкіндігі тасымалдаудың кірістері мен шығыстарының жоспарлы есептеулерін жүргізуді, тұтынушыларға ұсынатын жүк тасымалдау деректерінің нұсқаларын сақтауды жүзеге асырады.

Әр жүк үшін реквизиттер мен қасиеттер жиыны (контрагенттер, тасымалдау маршруттары мен шарттары, көлемдік сипаттамалары, маркіленуі мен сақтандырулары, тауар спецификациясы және т.б ) тіркелген. Стандартты емес жүктер (өте ұсақ, өте көлемді, ауыр, қауіпті жүктер )үшін тасымалдану талаптары тіркеледі.

Жүктерді өңдеу. Жүйе жүкпен өткен барлық операцияларды тіркейді: технолгиялық өңдеу(сыртын қаптау, кесу және т.б), партияларға бөлу және оларды түрлі жерлерге орналастыру(қоймаға, рейске, контейнерге тиеу, шығарып тастау және т.б), жүктерді біріктіру, табылған проблемалар актісіне сәйкес жүк параметрлерін түзету.

Программа жүк тасымалы қозғалысының барлық маршруттарын көрсете алады.

Тасымалдауларды басқару ( өзінің транспортымен немесе басқа тасымалдаушы арқылы) тіркелген рейс түріне байланысты жүзеге асады: авиа, авто, теміржол немесе су қатынасы арқылы. Рейсті жоспарлау сәйкес рейс кестесіне, транспорттық құралды таңдау және тиеу жоспарын құру арқылы болуы мүмкін. Сонымен қатар, рейс жағдайын бақылау : «тиеуге дайын», «тиелді», «жолда», «бақылау нүктелерінен өтті» және т.б. болады.

Нақты қолданушылардың арнайыланған талаптарын ескеру толықтанатын анықтамалар теруге мүмкіндік береді: жүкті өңдеу орны(қоймалар,порттар, терминалдар, темір жол станциялары және т.б), жүкті жеткізу шарттары, типтік маршруттар және т.б. Анықтама мазмұны импорттала алады.

Сондай-ақ, жүйелер «есіктен есікке» тасымалдауын орындайтын жергілікті жеткізіп беру басқаруын қамтамасыз ете алады. Жергілікті жеткізіп беруге есепке алу қолдық режимде де, автоматтық режимде де жүргізіледі. Алынған тапсырыстар негізінде кезекке тұрғызу, тиеу мен түсіру уақытын жоспарлау мүмкіндігімен әкету маршруттары түрленеді. Оптималды маршруттар үшін жүйе ГИС-пен (жергілікті электронды карточкалар) әсерлесуі мүмкін. Жүйе тапсырыс тіркелген уақыттан жүкті тұтынушыға тапсырғанға дейінгі уақыт аралығындағы тасымалдау процесінің барлығын есептеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді . Нақты қолданушыға бапталған алгоритм негізінде жүкті тасымалдау құнын алдын ала есептеу қарастырылған. Шығындар мен кірістерді есептеу рейстер бойынша немесе жеке бір жүк бойынша болуы мүмкін. Шоттарды түрлендіру автоматты түрде, немесе қолмен жүргізілуі мүмкін. Бір құжатқа бірнеше жүк туралы берілгендер енгізілуі мүмкін, сондай –ақ, әр бір жүк үшін жеке есептеулер жүргізілуі мүмкін. Жүйелер жүйе ішінен құжаттарды түрлендіре алады және баспаға шығара алады. Жүкті орналастыру берілгендері негізінде статистикалық мәліметтер алып, түрлі есеп берулер құруға болады(модульдің стандартты есеп берулері мен қатар өзбетінше құрылған есеп берулер).

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жүйенің даму этаптарындағы ақпараттық, ақпаратты-болжаулық, ақпаратты- жоспарлық және басқарушы жұмыс режимдері.

Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.

2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. - М.: Транспорт, 1989 г. - 239 с.

Лекция 10.

Транспортты тасымалдауды басқаруды автоматтау.

Лекция сабағының мазмұны:

Тұтынушының программалық қамсыздандыруға қоятын талаптары.

Программалық қамсыздандырудың құрылған функционалдары.

Басымдылықтары .



Жүйе модулі.
Тұтынушының программалық қамсыздандыруға қоятын талаптары:

Автомобильдік тасымалдауларды ұйымдастыруды және қоса жүруді толық жұмыс циклін бақылау мен есепке алуға арналған біріңғай программалық өнімді өңдеу және енгізу.

Толық тиеулер мен құрама тиеулер ;

Тұтынушылар мен контрагенттермен құжатайналымның және менеджменттің тиімділігі;

Тұтынушы тасымалдауға тапсырыс берген уақыттан бастап, жүкті алушының қоймасына жеткізіп бергенге дейінгі барлық циклдерді басқару;

Уақытша сақтау қоймасына(УСҚ) келген және кеткен фактілерді бекіту;

Кәсіпорын қызметкеріне төленетін сыйақыны автоматты түрде есептеу;

«1С: Кәсіпорын» жүйесімен интеграциялануы;

Рұқсат алудың түрлі дәрежелерімен қауіпсіздік жүйесін құру;

Кәсіпорын қызметі туралы балама есеп берулерді құру;

Кәсіпорын қызметкерлері жұмысының тиімділігін бақылау .

Программалық қамсыздандырудың құрылған функционалдары тұтынушыға коммерциялық ұсынудан бастап, орындалған қызмет көрсетудің бухгалтерлік есептеулеріне дейінгілерді есепке алуға, өңдеуге және бақылауға мүмкіндік береді.Программалық өнім келесі мақсаттарды көздейді: тиелген күннен бастап тұтынушының қоймасына түсірілгенге дейінгі жүктің тасымалдануын бақылау, кәсіпорынның балама қызметі туралы есеп берулер құру, қызметкерлердің өңдеулерін бақылау.

Жүйе кәсіпорынның менеджменттері мен техникалық диспетчерлеріне кез келген уақытта нақты ақпарат береді. Бұл тұтынушыға өзінің жүгінің қазіргі орны туралы білуге мүмкіндік береді.

Жүйеде ядросы берілгендердің релияциялы базасы болатын клиент - серверлік архитектура бар. Ақпаратты сақтау, архивтеу және резервтеу кәсіпорынның жүйелік әдістерінің көмегімен жүзеге асады. Тұтынушының жұмыс орны қолданушы интерфейсімен бапталады. Әдетте программаларда рұқсат алудың 4 функционалды дәрежесі жүзеге асырылады:

Логистика бойынша менеджер ;

Сату бойынша менеджер ;

Бухгалтер;

Директор.

"Сату мен сатып алу " модулі

Модуль ядросы мен жүйенің орталық құжатты – бұл тасымалдаушыға қызмет көрсетуге берілген интерактивті тапсырыстарды құжатқа байланыссыз барлық сипаттамалары бойынша бақылау мүмкіндігі :

Кеден бақылауларын рәсімдеу;

Төлемдерді бақылау және шоттарды ұсыну;

Берілген қызмет көрсетулердің рентабельділігін талдау;

Түрлі маршруттардағы және көптеген жүктері бар шексіз тұтынушылар үшін бір тапсырысты рәсімдей алу мүмкіндігі:

Толық тиелулер мен құрама жүктер;

Тасымалдауда құжаттық қоса жүрулерді бақылау және журналдың ыңғайлы графиктік интерфейсі.

Потенциялдық тұтынушылар үшін ары қарай жіберу мүмкіндігі бар коммерциялық ұсыныстар журналы;

Тұтынушылар жіберген, қабылданған тапсырыстарды растау .

"Жүктер референсі" модулі

Тиелу түріне байланысты тасымалдаушылардың тапсырысы негізінде жүктің орнын ауыстыруларын бақылау;

Нақты бір жүктің тасымалдануындағы қызмет көрсетулердің рентабельділігін талдау;

Жүктің реферансы негізінде тышқан батырмасын бір рет басу арқылы тасымалдаушыға тапсырыс беру;

Жүкті тасымалдауға кететін қосымша шығындарды енгізу;

Форманы түзету мүмкіндігімен тауарлық - транспорттық тіркеулерін жазу;

" Шоттар мен төлемдер" модулі

Контрагенттердің барлық түрлерінің шоттары журналы;

Шот жолдарының автоматты түрленуі;

Шоттарды енгізу және төлемдерді түрлі валютада төлеу мүмкіндігі;

Құжаттар журналында, сондай-ақ шоттың өзінде төлемдерді жүзеге асыруды бақылау;

Ұсынылған шоттармен «сату мен сатып алу» модульінде орындалатын тасымалдаулар арасындағы айқын байланыс ;

Контрагенттердің барлық түрлеріне арналған төлем журналы ;

Қайта төлеу функциясы бар шоттарға «өзара есеп айырысулар» модулінің валюта курсы журналының курсы бойынша түрлі валютада төлемдерді бірнеше рет енгізу мүмкіндігі;

Шот құжаттары бойынша «өзінің» валютасында қалған төлемдерді алу ;

Ақша құралдарының айналымына қатысты төлемдердің түрлі статустары ;

СҒ балама өлшемінде төлемдерді есепке алу ;

Құжаттарды «1С: Кәсіпорын» жүйесіне экспорттау;

Динамикалық есеп берулер және құжаттың баспа формалары.

"Өзара есеп айырысулар" модулі:

Валюта курсы журналы

Түрлі валютамен есеп айырылысудағы қосынды және курстық айырмашылықтарды түзету;

Сатып алу шот - фактураларын есепке алу;

Сатып алу және сату шот - фактуралары журналы;

Құжаттардың унифицияланған формаларын баспаға шығару мүмкіндігі;

Контрагенттердің ақшалық қалдықтарын бір құжатпен түзету журналы;

Белгілі бір аралықтағы өндірулер негізінде кәсіпорын қызметкерлеріне берілетін сыйақыны (бонус) автоматты түрде есептеу ;

Динамикалық есеп берулерді қысқа және кеңейтілген формада баспаға шығару.

"Есеп берулер және баспа формалары " модулі

Microsoft Excel –дегі барлық есеп берулер шаблоны мен баспа формаларын түрлендіру;

Microsoft Excel - де қарау және баспаға шығару;

Алдын ала жүктелген кез келген шаблон санын қолдану мүмкіндігі;

Құжатты / есеп беруді баспаға шығару алдында шаблонды қолдану;

Жүйенің әр модулі үшін балама есеп беруді құру.

"Қауіпсіздікті басқару және администрациялау " модулі

Жүйе қолданушыларын басқару;

Қайта тағайындау мүмкіндігімен берілгендерге бірнеше түрде рұқсат алу;

Жүйенің белгілі бір компоненттеріне түрлі қолданушылардың рұқсат алуын сәйкестендіру мүмкіндігі;

Қолданушылар жұмысының Online мониторингі;

Әр қолданушы үшін қызметшінің жұмыс орнының орналасуына байланыссыз жүйенің уникальді бапталуы;

Жүйемен қоса жүру журналы;

Жүйені конфигурациялау .

Басымдылықтары:

Кәсіпорынның барлық бөлімшелері үшін құжатайналымның бірыңғай автоматталған жүйесі;

Тасымалдаудың әр этабын электронды бақылау мүмкіндігі;

Кәсіпорынның кез келген менеджерінің жүктің орны туралы тұтынушыға ақпарат бере алуы;

Ақша айналымын толық есепке алу, есеп берулер құру;

Жүйе қолданушыларының Online мониторингімен жұмыс істеу мүмкіндігі;

Өңделген құжаттарды қолданушылардың түрлендірулерінен сақтау;;

Түрлі бөліктерде есеп берулер құра алу мүмкіндігі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Құжаттардың унифицирленген жүйесі

2. Қағазсыз технология режиміндегі ұйымдастырудың құжатайналымы мен технологиялық сызбасы.
Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.

2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. - М.: Транспорт, 1989 г. - 239 с.
Лекция 11.

Тасымалдауды басқарудың автоматталған жүйесі.

Лекция сабағының мазмұны:

Кәсіпорын балансында тұрған транспорт құралдарын есепке алу;



Қызметкерлерді есепке алу;

Тасымалдау тапсырыстарын қабылдау және рәсімдеу;



Жүктерді өңдеу;

Маршруттар мен адрестерді басқару;

Рейстерді басқару;

Диспетчерлеу;

Тапсырыстың орындалуын қадағалау ;

Жұмысшы және қоса жүретін құжаттар;



Балама ақпараттар;

Тарифтар, шоттар, қызмет көрсетулерді басқару;

Тасымалдауды басқарудың автоматталған жүйесі.

Төменде көрсетілген БАЖ шешімі өзінің және арендаға алған автомобиль паркін қолдану арқылы жүк тасымалын жүзеге асыруға арналған кәсіпорындар үшін құрылған. Өңделген жүйе авто кәсіпорынның негізгі бизнес - процестерін автоматтайды:

Кәсіпорын балансында тұрған транспорт құралдарын есепке алу:

Транспорт түрі ( жүк машина, такси, универсал, трак);

Транспорт құралының моделі (Volkswagen Sharan, BMW, Volvo, Газель, Бычок, Рефрижератор…);

Транспорт құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлері (барлық тасымалданған берілгендерді сақтай отырып, қайта тіркеу мүмкіндігі);

Транспорт құралының гараж нөмірі;

Транспорт құралының спидометр көрсеткіші (км) жұмыс күнің/ әр рейстен кейінгі өзгертулерін сақтау;

Жанармай шығыны (л) – жанармайға жұмсалған қосынды шығындар немесе заправкаларды тіркеу;

Транспорт құралының жағдайы (линияда, жөндеуде және т.п.), өзгеру оқиғасын сақтау.

Персоналдарды тіркеу:

ФИО.

Таб. номер.



Филиал коды ( персоналдарды филиалдар бойынша орналастыруды тіркеу үшін).

Түрлі қызметкер категориясының коды (жүргізуші, менеджер, курьер).

Паспорттық мәліметтер (сериясы, номері, паспорттың берілген күні, берілген жері)

Жүргізуші туралы мәліметтер:

Жүргізуші құжаттарыжүргізушілік құқықтар сипаттамасы (номері, транспорттық құралы класы және т.п.);

Үйінің телефон номері.

Ұялы телефон номері.

Пейджер.



Жүргізушіге жүктелген аудандар (негізгі аудан көсеткішімен).

Тасымалдау тапсырыстарын қабылдау және рәсімдеу:



Тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер көрсетілетін тұтынушыларды тіркеу;

Жүкті тасымалдау/жеткізіп беру жаңа тапсырыстарын қабылдау ;

Тасымалдауға алдын ала баға беру;

Тасымалдау/ жеткізіп беруді іздестіру және кейінге қалдырылған тапсырыстарды реттеу;

Ақпаратты диспетчерге жіберу;

Іздестіру, қарау, реттеу, көшірмесін алу, проблемалық жағдай туындағанда тапсырысты қайта өңдеуге қайтару, тұтынушымен байланысты протоколға енгізу ;

Тапсырыстан бас тарту және бас тарту себебін протоколдау;

Тұрақты және эксклюзивті тапсырыстардың автоматты генерациясы;

Тасымалдауға тапсырыс бойынша есеп беру:

белгілі бір уақыт бойынша;

тапсырыстардың саны бойынша;

тұтынушылар бойынша;

Жүкті өңдеу:

Көрсетілген адрес бойынша жіберуші жүктің дуалы және дуалды бақылау.

Алушыға жүкті жеткізу және жеткізуді бақылау.

Терминалға жүкті жіберушінің өзінің әкеп беруі.

Терминалдан жүкті алушының өзінің әкетуі



Өлшеу, габариттерін өлшеу, жүкті жинақтау.

Жүкті терминалда автоматты түрде өңдеу үшін биркамен таңбалау.



Жүкті сақтандыру.

Жүкті басқа қалаға тұрақты реттелген рейспен тасымалдау.

Жүкті контейнермен тасымалдау (транзитті кэйдждер), контейнерді жинақтау / жинақтан шығару, пломбылау.

Проблемалы жүкті оперативті басқару.

Жинақтап орау түрлерінің анықтамасы.

Пакеттеу құралдарының анықтамасы.

Жүк сипаттамасының анықтамасы.

Инкотермдер анықтамасы.

Құрылғы түрлерінің анықтамасы.

Адрестер мен маршруттарды басқару:



Елдердің анықтамасы.

Штаттар/аудандар/аймақ анықтамасы.

Қоныстану пункттерінің анықтамасы.

Транспорттық түйіндер анықтамасы.

Почталық индекстер анықтамасы.

Көше және құрылу анықтама.

Географикалық берілгендердің жинақталған түрленуі.

Логикалық аймақ.

Тарифті аймақ.

Жүкті транспорттау сатысы.

Транспорттау сызбасы.

Рейстерді басқару:



Рейстің құрылуы, автоматты түрде / қолмен жүкті рейске түрлендіру.

Рейстің тиелуін бақылау және қажет болған жағдайда жаңа машиналар қосып беру.



Манифест шығарылымы мен жіберілетін рейс үшін тауарлық - транспорттық тізім.

Рейстің жіберілуі туралы қойылған белгі.

Рейстің жіберілуі туралы хабарландыруды жіберу және түрлендіру.

Рейсті тиеу терминалын қайта тағайындау.

Диспетчерлеу:



Нақты күнге арналған гараж тізімін генерациялау;

Оперативті тапсырыстар үшін көліктің граж номерін автоматты түрде анықтау;

Диспетчер мен тұтынушылық бөлім арасындағы хабарлама алмасу, диалогты протоколдау;

Тапсырысты бір жүзгізушіден екіншісіне беру мүмкіндігі;

Қабылдап алынған тапсырыс туралы жүргізуші енгізген ақпарат;

Тапсырыс орындалмаған жағдайда диспетчер енгізетін ақпарат;

Көрсетілген себептер бойынша тапсырыс беруден бас тарту және бас тарту инициаторасы;

Жүкті тасымалдауға маршрут қағазына мөр қою және толтыру.

Жүк дуалы / жүктің жеткізілуін растауды енгізу ;

Қабылдаушыға жүргізушімен жеткізілмеген жүкті тіркеу;

Тапсырыстармен жұмыстар аңызын автоматты түрде енгізу;

Тапсырыстың орындалуын бақылау:

Бақылау нүктелері бойынша жүкті жеткізілудің орындалуын шолып бақылау, оқиғаға рұқсат ету (соның ішінде Интернет желісін пайдаланумен).

Проблемалы жүкпен жұмыс жүргізу проблемалы жөнелтудегі барлық әрекеттерді тіркеумен жүзеге асады.

Жұмыстық және қоса жүретін құжаттар:

Жұмыстық құжаттар:



Тапсырыс .

Жеткізу парағы.

Дуал парағы.

Тауарлық -транспорттық тізім.

Манифест (алдын-ала және жолдық).

Жапсырма (штрих-кодтар қолданылған).

Жолға шығу парағы.

Байланысу құралдары және құжаттар алу ақпартізімі.

Гараждық ақпартізім.

Тасымалдауға қажетті бірге жүретін құжаттар:



Транспорттық тізім;

Кедендік декларациялар;

Қызмет көрсетулерді төлеу шоттары;

Фактура -шоттары.

Балама ақпарат:

Балама есеп берулерді әр түрлі ақпарат орталарында шығару.

Жүк бойынша:



Сорттау бойынша есеп беру.

Жіберу бойынша есеп беру.

Өздері- әкелу /өздері- шығару бойынша есеп беру.

Транзиттік жүк бойынша есеп беру.

Құнды жүктер бойынша есеп беру.

Машина бойынша:



Рейстер, жүру қашықтығы, жанармай шығыны бойынша есеп беру.

Жүрген жері (күнделікті қозғалыс маршрутының барлық пункті бойынша ) есеп беру.

Жүргізуші бойынша:

Табель бойынша есеп беру (көрсетілген гараждық ақпартізім бойынша барлық жүргізушілер тізімі ).

Табель бойынша есеп беру (оперативті / соңғы), жүргізушінің жұмыс істеген сағат саны.

Тарифтер және шоттар қызметтерін басқару:



Негізгі сервистер анықтамалығы.

Қосымша сервистер анықтамалығы.

Қызмет көсетулер жанұясының анықтамалығы.

Қызмет көрсетулер анықтамалығы.

Тарифтер құрылымы анықтамасы.

Тарифтер анықтамасы.

Салықтар анықтамасы.

Шоттар түрі анықтамасы.

Шоттарды ұсынудың әдістемелік анықтамасы.

Шоттар моделдерінің анықтамасы.

Тарифтерді толтыру.

Шоттарды даярлау.

Шоттарды жеткізуді және клиенттің оларды төлеуін қадағалау.

Проформа-шоты.

Валюта курсының анықтамасы.

Берілгендерді қаржылық/ бухгалтерлік жүйеге экспорттау (мысалы «1С», «SCALA»).
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қауіпсіздік пен ұйымдастыру облысындағы халықаралық бірлестік.

2. Берілгендердің интегралды өңделуі.
Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.

2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. - М.: Транспорт, 1989 г. - 239 с.

Лекция 12.

АЖ басқарудың құрылымдық түрлері

Лекция сабағының мазмұны:

Басқарудың көпдәрежелі ұйымдастыру жүйесі.

Бизнес-процестің сызбасы.

Бөліп орналастыру архитектурасы

Басқару жүйесінің құрылымдық сызбасы .

Басқарудың көпдәрежелі құрылымы:



12-сурет. 12. Басқарудың көпдәрежелі ұйымдастыру жүйесі


жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау