Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 3 Семестрі: 5



жүктеу 0,84 Mb.
бет5/5
Дата01.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#25710
1   2   3   4   5

Ситуациялық есептер


1) Емшара бөлмесінің медбикесі таңертең жұмысқа келіп, процедуралық кабинеттің еденінде жатқан қолданылған шариктермен тампонды көреді. Оның тактикасы

2) Емшара бөлмесінің медбикесі 17-00 де жұмысын аяқтап кабинетті жапты. Процедуралық кабинеттің кілтін кімге тапсыру керек?



13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



14 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Дәріні ампуладан, шишасауыттан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеу.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды дәріні ампуладан, шишасауыттан алуға, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеуге үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда дәріні ампуладан, шишасауыттан алу, антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • емшара бөлмесінің құрылымы мен құрал жабдықтарын;

  • емшара бөлмесінің санитарлық тазалық талаптарын:

  • емшара бөлмесінің жұмыс тәртібін;

  • емшара бөлмесінің функционалдық міндеттері;

  • емшара бөлмесінің құжаттамасы;

  • емшара бөлмесінің ағымдағы және жалпы жинастыруды жүргізу;

- емшара жүргізудегі асептика мен антисептика ережелері;

- қызыл сызық ережесі;

- емшара бөлмесінің медбикесінің жұмыс орнындағы қауіпсіздігінің жалпы шаралары

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • ампуладан флаконның айырмашылығы, олардан дәрі алу алгоритмі

  • антибиотиктердің топтары

  • антиботиктерді енгізу жолдары

  • инсулин шығару түрі

  • инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер

  • антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.

Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.

Мақсаты:дәрілік заттарды ﴾инъекциялы әдіспен﴿ парентеральді енгізу.

Қажетті заттар: ампуладағы дәрілік зат, залалсыздандырылған шприц инесімен, 70% спирт, мақталы шариктер, 1-лоток, латексті перчаткалар, залалсыздандырылған пинцет және салфеткалары бар бикс.

Міндетті шарт:

1.Дәрігер тағайындаған парақтан енгізетін дәрілік затты тексеру.

2.Дәрілік заттың атын, дозасын, сақтау мерзімін тексеру және ампуланы (флаконды ) ашпас бұрын сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау.

3.Майлы ерітінді енгізу алдында температурасы 37.◦С сулы баняда жылыту

( дәрілік заттың аннотациясына қарау).

Процедураға дайындау.

1.Қолды ағынды судың астында сабындап жуу, құрғақ етіп кептіру, антисептикалық ерітінділермен өңдеу.



Ескерту: Залалсызданған перчаткаларды инъекция алдында ғана киеді.

2.Залалсызданған шприцті жинау.

3.Ампуланы (флаконды) ашпас бұрын дәрілік заттың атын оқып, дозасына, түріне және сақтау мерзіміне қарау.



Процедураны орындау.

1.Ампуланы жеңіл сілку қажет, себебі ерітінді кең бөлігіне түсуі үшін.

2.Ампуланың тар бөлігін бір рет спиртпен сүрту (флаконның жоғарғы бөлігін және металды қалпағын сүрту).

3.Ампуланың тар бөлігін кескішпен кесу, қайта спиртпен сүрту және ампуланы кескен жерден сындырып ашу (флаконның метал қалпағын қайшымен ашу, резиналы бекігішін өңдеу).

4.Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланы алу, ампуланың түбін сыртқы бетке қарай, ал тар бөлігін алақанға қаратып ұстау.

5.Ампулаға инені жайлап шетіне тигізбей енгізу және қажетті мөлшерді ерітіндіні алу (ерітіндіні ине арқылы шприцке жинау кезінде ампула түбін жайлап көтеруге болады, бірақ ампула шетінен ерітінді ағып кетпеуі қажет). Флаконның резиналы бекігішіне инені енгізу кезінде иненің ұшы ғана ену қажет, резиналы пробкасын төмен қаратып флаконды аудару, сөйтіп қажетті мөлшерде ерітінді алу.

6.Шприцті вертикальді ұстап тұрып, шприцтен (ерітіндіні емес) ауаны шығару.

7.Инъекция жасау үшін ерітіндіні жинаған инені залалсызданған инемен алмастыру қажет.



Процедураны аяқтау.

1.Медбикенің жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып инені өз қалпағымен жабу.

2.Шприцті пакетке салу (инені жапқан қалпағы төмен қарап тұру қажет), сосын мақталы шарикпен немесе салфеткамен инъекция алаңын өңдеу.

3.Процедура палатада орындалған болса лотокқа салу, залалсызданған салфеткамен жабу.

Ескерту:стерильді столдан стерильді лотокқа көпретті қолданылатын шприцті жинаған болсаңыз және төрт қабатты салфетканы қолдансаңыз, шприцті екінші қабатына салып, ал мақталы шариктерді салфетканың бірінші қабатының астына лотокқа салып қою қажет.

Антибиотиктерді араластыру және есептеу.

Қажетті заттар:

*Стерильді: бір ретті қолдануға арналған (5-10 мл ) шприц, инъекция үшін 60-80 мл ине, сечениесі 0,8-1,0 мм және дәрілік заттарды жинауға арналған ине.

*Стерильді лоток, төрт қабатты стерильді салфетканы жаю, марлялы тампондар бірінші қабаттың астында және пинцет салфетканың екінші қабатының астында болады.

*70% этил спирті.

*Ампула (флакон ) ерітіндісімен, антибиотикпен флакон.

*Стерильді латексті перчаткалар.



Процедураны орындау.

1.Маска тағу, қолды инъекция жасау үшін дайындау және перчатканы кию.

2.Антибиотиктің және ерітіндінің жарамдылығын тексеру (атын, дозасын, қорабының сыртындағы сақтау мерзімін қарап, оқып тексеру, сыртқы түріне қарап жарамдылығын анықтау).

3.Ампула мойнын (флакон қалпағын) спиртке батырылған тампонмен өңдеу.



Ескерту: ішінде ерітіндісі бар ампуланы немесе антибиотигі бар флаконды әр қайсысын екі қайтара сүрту қажет.

4.Ерітіндісі бар ампуланы ашу және манипуляциялық столға ұқыпты қою. Ескерту: антибиотикті араластыру үшін келесі ерітінділер қолданылады.

-ампулада инъекция үшін су

-ампулада және флаконда (изотоникалық, физиологиялық) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

-ампулада және фдаконда 0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі

5.Пакетті ашып шприцті жинау.

6.Шприцке қажетті мөлшерде еріткішті жинау.

Араластыру ережесі.

Пенициллиннің 100 000 ӘБ (0,1 г) немесе стрептомицинге 1 мл ерітінді алынады. Барлық басқа антибиотиктер аннотациясына сәйкес араластырылады.200 000 ӘБ антибиотикті 1 мл ерітіндімен араластыруға болады.

Мысалы: 500 000 ӘБ антибиотикке 5 немесе 2,5 мл ерітіндімен араластыруға болады.

7.Құрғақ антибиотигі бар флаконды сол қолға алады, ал оң қолына еріткіші бар шприцті ұстайды.

8. Флакон орталығынан 90 'бұрышпен пробканы тесу және флаконға инені 1-2 мм енгізу.

Ескерту: флакон ішінде иненің қимылдауы дәрілік заттың зарарсыздығын бұзады. Бұдан науқаста асқынулар кездесуі мүмкін.

9.Флаконға шприцтен ерітіндіні жіберу, флаконды инемен бірге алу, шприцті стерильді лотокқа салып қою.

10. Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.

11.Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу, флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинау.

12.Шприц конусынан флаконмен бірге инені алу.

13.Бұлшық етке инъекция жасау үшін басқа стерильді инені шприц конусына кигізу, сағаттың бағыты бойынша беку, инеге қалпағын жабу және шприцтің ішінен ауаны шығарған кезде инеден дәрілік заттың бір-екі тамшысы ғана шығу қажет.

14.Шприцті стерильді лотокқа салу.



Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау

тәсілі.

Пенициллин және басқа топтағы антибиотиктердің көпшілігін араластырып болғаннан кейін бірден енгізу қажет. Оларды мүлдем сақтауға болмайды. Кейбір антибиотиктерді аннотациясына қарай отырып араластырғаннан кейін 24 сағ ішінде мұздатқышта сақтауға болады.



Ескерту: Мұздатқышқа араластырылған ерітіндіні қояр алдын, антибиотиктің аннотациясымен жақсылап танысып алу қажет.

Инсулинді қолдану ерекшелігі.

Инсулин – ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу алмасуына айқын әсер етеді. Организм (бұлшық етті, майлы) тканінің клеткаларымен глюкозаның бірігуін, клеткалы мембрана арқылы глюкозаның тасымалдануын жақсартады, глюкозадан гликогеннің түзілуін және бауырда оның жиналуын қамтамасыз етеді.

Ескерту: Қант диабетінің орта және ауыр дәрежелі ауырлығын емдеу үшін қолданады.

Инсулин – түссіз сұйықтық, 1 мл 40, 80, және 100 ӘБ болады, жиі 5 мл флаконда шығарылады. Қант диабетінің терапиясы кезінде қарапайым инсулин (6-8 сағ) және ұзақ мерзім әсер ететін (12-36 сағ) инсулин қолданылады.

Инсулинді енгізу үшін 1-2 мл сыйымдылықты арнайы шприцті қолданады, онда препаратты нақты дозалау үшін қосымша бөліктері болады. Инсулинді шприцке 1-2 бөлігіне артық алады, енгізу алдында шприцтен ауаны шығарған кезінде шығады және қажетті инсулин мөлшерін енгізеді.

Инсулинді іштің алдыңғы-бүйір бөлігіне, жауырын асты аймағына, санның алдыңғы –сыртқы беткейіне және иықтың үштен бір сыртқы бөлігіне тері астына енгізеді. Теріні спиртпен сүртеді және кептіреді. Инъекция үшін ине өткір болу керек . <Жұлдызша> ережесі бойынша инсулин енгізген орынды сағаттың бағыты бойынша ауыстырып отырады.

Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет тамақтанудан 15-20 мин бұрын енгізеді. Диабетті кома кезінде ұзақ мерзім әсер ететін инсулинді енгізуге кері көрсетіледі.

Асқынуы: аллергиялық реакциялар (крапивница, Квинке ісігі, анафилактикалық шок ) липодистрофия ( бір енгізген жерге инсулинді тағы енгізу кезінде инъекция орнында атрофия аймақтары немесе тері асты май қабатының гипертрофиясы пайда болады), инсулинге резистенттілігі (сезбеуі) және гипогликемиялық кома (инсулиннің көп дозасын енгізген кезде )пайда болады.



Инсулинді енгізу.

Мақсат: қанда глюкоза деңгейін төмендету үшін инсулин дозасын нақты енгізу.

Қажетті заттар: 1 мл 40 ӘБ (80немесе 100ӘБ ) инсулині бар флакон, еріткіш, 70% спирт, стерильді: лоток, пинцет, мақталы шариктер, бір ретті қолданылатын инсулинді шприц.

Қарсы көрсеткіші: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелердің емшара бөлмесінде инсулин мөлшерін есептеуді, антбиотиктерді ерітуді үйрену



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. 1мл инсулин ерітіндісі құрайды:

а) 20 ӘБ

б) 40 ӘБ


в) 60 ӘБ

г) 200 ӘБ

2. Антибиотиктерді араластыру үшін қолданады?

а) 5% глюкоза ерітіндісі

б) 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі

в) 10% натрий хлор ерітіндісі

г) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

3. 500 000 ӘБ бензилпенициллинді араластыру үшін қандай ерітінді және қанша мөлшерде қолданады?

а) 5,0 мл физиологиялық ерітінді

б) 10,0 мл физиологиялық ерітінді

в) 3,0 мл физиологиялық ерітінді

г) 10 мл дистилденген су

4.Майлы ерітіндіні енгізеді:

а) тері ішіне

б) күре тамырға

в) тері астына

г) артерия ішіне

5. Құрғақ булы шкафта ине және шприцтерді залалсыздандыру тәртібі:

а) 180○C-та 60-мин

б) 200○C-та 45-мин

в) 2 атм (132○C)20-мин

г) 1,1 атм (120○C)45-мин

6.Инсулинді шприц жоқ болған кезде инсулинді қандай шприцпен енгізуге болады?

а) 0,1 мл

б) 1 мл

в) 2 мл


г) 0,02 мл

7.Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің басқа енгізуге қарағанда артықшылығы

а) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу

мүмкіншілігі

б) қолданудың қарапайымдылығы

в) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы

г) дәрілік заттың тез арада әсер етуі

8. Тері астына инъекцияны жасайды:

а) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

б) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

в) білектің ішкі беткейіне

г) алдыңғы сан бұлшықетіне

9. Бұлшықетке инъекцияны жасайды:

а) білектің ішкі беткейіне

б) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

в) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

г) бұлшық еттің төменгі сыртқы квадранты


  1. Инъекция алдында 38°С-қа дейін қай ерітіндіні жылытады?

а) туберкулин

б) инсулин

в) майлы ерітінді

г) бензилпенициллин



Ситуациялық есептер:

1.Егу бөлмесінде бензилпенициллиннің 500 000ӘБ бар. Науқасқа 300 000ӘБ тағайындалды. Медбикенің іс әрекеті қандай?

2.Дәрігер науқасқа инсулиннің 32 ӘБ енгізуді тағайындады. Бөлімшеде инсулинді шприц таусылып қалды. Бұл кезде медбике инсулинді енгізу үшін нені қолданады және дәрігер тағайындаған 1мл инсулинде 80 ӘБ құрайды, инсулиннің қанша мл алады?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет


15 – сабақ



1 Сабақтың тақырыбы: Теріге, тері астына, бұлшықетке егу алгоритмі.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға теріге, тері астына, бұлшықетке егу жасауды үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда теріге, тері астына, бұлшықетке егу жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • антибиотиктердің топтары

  • антиботиктерді енгізу жолдары

  • инсулин шығару түрі

  • инсулин қабылдауға көрсетлілім және қарсы көрсетілімдер

  • антибиотиктер және инсулин мөлшерін есептеу.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


- тері ішіне егу жасауға болатын көрсетілімдер мен қарсы
көрсетілімдер

- тері астына егу жасауға болатын және көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

- бұлшық етке инъекцияларды енгізу үшін көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер

- бүл инъекцияларды егетін анатомиялық аймақтар

- тері ішіне, тері астына, бұлшық етке егу орындау техникасы

- қолданылған қүралдарды өңдеу


Тері ішілік егулер жүргізу. Диагносткалық және аймақтық жансыздандыру мақсатта тері ішілік егу жүмыстары жүргізіледі. Бүл әдіс белгілі тәжірибиелікті талап етеді. Тері ішілік егулерді арнайы қысқа инемен (үз.1,5 см.; диаметрі 0,4мм.) жүргізіледі. Тері ішілік егулерді жасау иық алдының ішкі беткейіне жүргізеді. Егу орнын мүқият спиртпен сүрту керек. Тері қүрғаған соң, иненің кесілген қиғаш орнын жоғары қаратып, үшын мүйізді қабаттың астына кіретіндей ғана кіргізіл, тері беткейіне 0,5см. параллель жүргізу арқылы сүйықтықтың 1-2 тамшысын енгізеді. Бүл жағдайда теріде төмпешік пайда болып, кейіннен иненің енуі мен ерітінді тамшыларының кіруі нәтижесінде лимоңцы қабық түзіледі. Инені жайлап жылжыта отырып, шприцтен бірнеше тамшы сүйықтық шығарып, тері астына керекті ерітіндінің мөлшерін енгізеді. Бүл әдіспен диагаостикалық аллергиялық сьшақ алып, сонымен қатар дәрілік затгарға сезімталдығын анықтайды.

Егу аймақтары: біліктің(үштен бір бөлігі) ішкі беткейі,



Қүрал — жабдықтар: бүл егуді жасау үпгін көлемі 1 мм. инесінің үз.15мм, ал ішкі диаметрі 0,4 мм. шприцті қолданады.

Дайындаңыз: Инесі бар шприц дәрілік зат, этил спирті, мақталы тампондар

Әдісі:


  • шприцке дәрілік затгың қажетті мөлшерін жинаңыз

  • науқасқа енгізілеіін дәрілік зат туралы мағлүмат беріңіз

  • науқасты жайлы отырғызыңыз

  • қолғап киіңіз

  • егу орнын спиртке батырылған мақталы шарикпен бір бағыттағы
    қимылмен өңцеп, кебуін күтіңіз

  • егу орнының терісін жинаңыз

  • 5 градус бағытга иненің үшын терінің астына ине қиығын теріге
    параллель кіргізіңіз

  • сол қолды шприцтің поршеніне ауыстырып, оны басу арқылы
    дәрілік затты енгізіңіз

  • канюлясынан үстап,жылдам инені қимылмен шығарып алыңыз

  • спиртке батырылған мақталы шарикпен теріні өвдеңіз

Ескерту: Егу орнына спиртке батырылған зарарсыздандырылған мақтаны баспау қажет. Науқасқа егу орнына реакция анықталғанша су тамшыларын тигіздірмеуді ескертіңіз (егер егу диагностикалық мақсагга жасалынса).

Мақталы тампондарды зарарсыздандырып, шприц пен инені қолданылған материалдарға арналған қорапшаға тастаңыз.

Тері астына егу жүргізу.

Тері асты май қабаты қантамырлармен шырмалғандықтан дәрілік зат тез еру үшінтері асты егулер қолданылады. Әдетте бүл мақсатта тері асты клетчаткаға зиянын тигіздірмей тез сіңірілетін ерітінділер қолданылады. Тері астына аз мөлшердегі және 2 литр аралығында ерітінідін енгізуге арналады. Тері асты егулерді жүргізуге егу орнының жанында ірі қан тамырларымен жүйке бағаналарының болмауын ескеру қажет. Тері асты егуге арналған тері асты клетчаткасының қалыңдығына байланысты. Ең қолайлы орындарға иық, білекті ңшынтақ бөлімі, жауырын асты аймағы, қүрсақ қабырғасының іпетіндегі беткейі болып саналады. Бүл аймақтарда тері тез қатпарланады., және бүл аймақта қан тамырлар жүйке және сүйек бетін зақымдау қаупі болмайды. Сондай-ақ бүрын егу жасап қатайған немесе май клетчаткасы ісінген орынға жасауға тыйым салынады. Тері астына егу кезінде дәрілік заттардың сіңірілуі бүлшық етішілік немесе көктамырғ аегу жасағанағ қарағанда баяу өтеді. Бірақ олардың әсер ету уақыты үзаққа созылады. Перифириялық қан айналымның жетіспеупіілігі болғанда енгізілген ерітінділер нашар сіңіріледі. Тері астына егу кезідегі дәрілік заттардың әсері 20 минутган соң байқалады. Бүл дәрілік заттың үзартылған әсері қажет болғанда (адреналин, эфедрин) жасайды. Тері астына егу жасаудың артықшылығы - майлы ерітінідлерді (ритоболил, камфораның майдағы ерітіндісі) енгізу мүмкігшілігі бір уақытга тері астына енгізілетін дәрілі керітінділердің мөлшері 2 мл-ден аспау керек. Дәрілік затгардың көп мөлшерін ағынды енгізгенде тері астының клетчаткасының және қан тамырлардың қысылуы байқалады. Соған сәйкес дәрілі кзатгың баяу сіңуі мен асқынулардың дамуы байқалады.

Сулы ерітінділерді егу үшін жіңішке инемен, ал майлы ерітінділерді жасау үшін қалывдау инені пайдалынады. Сол қолдың 1 және 2 саусақтармен теріні және тері асты клетчаткасын қатпарға жинайды. Шприцті үстау және егудәі екі әдіспен жасауға болады: 1-ші әдіс — шприц цилиндрін 1-ші 3-ші және 4-ші саусақтармен үстайды, екінші саусақ ине муфтасында, 5- ші саусақ поршеньде жатады. Инені қатпардың ортасына астынан үстіне, дене бетіне 30 градус бағытпен енгізеді, Ине үшын теріге кіріп, май клетчаткасына жеткен соң, шприціі сол қолмен үстап, оң қолдың екінші және үшінші саусақтарына цилиндр сақинасын үстайды, ал 1-ші саусақпен поршень түтқасын ьасу арқылы ерітінді енгізеді. Одан кейін сол қолмен эфирге батырылған мақталы дөңгелекті егу жасалғаг орынға тақап, иені жылдам суырып алады. Дәрілік зат енгізілген жер жайлап уқаланады.

2-ші әдіс — толған ишрицті вертикаль бағытта инесін төмен қаратып үстайды. 5-іпі саусақ ине муфтасында 2-ші саусақ поршеньде орналасады. Инені жылдам енгізіп, екінші саусақты поршеньнің түтқасына ауыстырып, оны басу нәтижесінде дәрілік затты енгізеді, одан кейін инені алады.

Егу жасаудың кез-келген әдісінде ине тілігі жоғары қаратылып, ине үзындығының 2/3 бөлігі 1-2см. тереңдікке енгізілуі тиіс.

Қүрал — жабдықтар: тері асты егулерді жасау үшін көлемі 2 мм. шприц 4см үз.-ғы ине, пинцет, спиртк ебатырылған үш мақталы дөңгелекғ зарарсыздандырылған салфеткалар, залалсыздандырылған лоток, дәрілік ерітіндісі бар ампула, залалсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдыс.

Әдісі :

  • екі тампонмен теріні өндеген соң шприцті тері ішіне егуді жасаған секілді оң қолға алады

  • сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні тартуға мүмкіндік жасайтындай қатпар түзеді

  • пайда болған қатпардың ортасына 45 градус бүрышпен инені жылдам енгізеді.

  • инені 1,5-2см-ге артық енгізуге болмайды, иненің толық енгізілуін толық қадағалау қажет

  • тері бетінде ине үзындығының 0,5см. қалу қажет. Ине енгізген соң тері қатпарын босату, шприц цилиндрін оң қолмен фиксірлеп, сол қолмен поршеньді басу арқылы дәрілік ерітіндіні баяу енгізеді

  • ерітіндіні енгізгеннен кейінегу орнын спиртке батырылған мақталы тампонды басып, инені жылдам тартып алады

  • егу орнын біраз уақыт дәрілік зат жақсы сіңірілуі үшін жаймен уқалайды

Егуді дүрыс жасау кезінде асқынулар сирек байқалады.

Егу орынды терінің тығыздалуы мен қызаруы байқалса жылытатын сулы компресс жасап, грелка қойп, дәрігерге хабарлау қажет.

Асқынулардың келесі себебі - дәрілерді дүрыс енгізбеу. Егер ине дүрыс таңдалмаса үлпалардың шектен тыс зақымдалуы байқалады, гемаома пайда ьолып тығыздалады. Жедел қимыл нәтижесінде ине сынып, оның жартысы үлпада қалуы мүмкін. Иненің канюлясы мен стерженьнің қосылған жері сынуға бейім болатындықтан егу алдында инені мүқият тексереді. Сол үшін инені толығымен үлпаға енгізуге болмайды. Егер ондай жағдай байқалса бөгде денені ертерек алу мақсатында дәрігерге хабарлау керек.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелердің емшара бөлмесінде теріге, тері астына, бұлшықетке егуді үйрену.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1)Тері астына егулерді жасауға болмайтын дене аймақтары

а)иықтың сыртқы беткейі

б)санның сыртқы беткейі

в)санның ішкі беткейі

г)жауырын асты аймағы

2)Тері ішілік және тері астына егуге арналған ине үзындығы:

а)60,80 мм.

б)80, 100 мм.

в)15,20 мм.

г)40,60 мм.

д)20,40 мм.

3)Қандай жағдайда науқаста анафилактикалық шок болуы мүмкін?

а)егер дәрілік заттың сақталу мерзімі өтсе

б)егер дәрілік заттың әсері қатты болса

в)егер дәрі тым ащы болса

г)егер сынақ алынбаса

д)егер дәрілік зат ас акөп қолданылса



4) Спиртке батырылған мақталы шариігі қандай егудің орнына қоймайды?

а)тері астына егу

б)тері ішіне егу

в)бүлшықетке егу

г)көктамырға

5)Тері асты егулерді көп жағдайда қай аймаққа жасайсыз?

а)иықтың ішкі беткейі, жауырын асты аймағы

б)санның ішкі беткейі, қарын терісінің астына

в)самай аймағы, иық алды аймағы, санның алдыңғы беті

г)санның сыртқы беті, иықтың сыртқы беткейі

6)Қандай жағдайда тері бетінде «лимонды қабық» пайда болады?

а)тері ішлік егуді алдын ала йодтың ерітіндісімен өнделген аймаққа жүргізсе

б)цедраны теріге сівдірсе

в)сары ауру жағдайында

г)акрихинді қолданылғанда

д)лимонды үзақ уақыт бойы қолданылса

7)


8) Бұлшық етке инъекцияларды енгізудегі асқынуларға жатпайды

а) тромбоэмболия

б) иненің сынуы

в) анафилактикалық шок

г) абсцесс,инфильтрат

д) жүйке бағаналарының зақымдалуы

10) Бұлшық етке инъекцияны жүргізгенде инъекцияны қандай тереңдікке енгізеді

а) 1-2см.

б) 2-3см.

в) 3-4см.

г) 5-6см.

д) 8-10см.

Ситуациялық есептер:


  1. Науқасқа тері ішілік егу тағайындалған, науқас терісін манипуляцияға даярлау қажет. Егу үшін науқас терісін қалай дайындайды?

  2. Медбике ампула ішіндегі дәрілік ерітіндіні бұлшықетке енгізу қажет.
    Манипуляция кезіндегі медбикенің іс-әрекеті?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



16 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Венаға егу алгоритмі. Венаға дәрілік препараттарды тамшы түрінде енгізу алгоритмі.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға венаға егу, дәрілік препараттарды венаға тамшы түрінде енгізуді үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда венаға егу, венаға дәрілік препараттарды тамшы түрінде енгізу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

- тері астына егу жасауға болатын және көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

- бұлшық етке инъекцияларды енгізу үшін көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер

- бүл инъекцияларды егетін анатомиялық аймақтар

- тері ішіне, тері астына, бұлшық етке егу орындау техникасы

- қолданылған қүралдарды өңдеу



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • Венаға егуді өткізуге көрсеткіштер мен кері көрсеткіштер

  • Венаға егулер орындалатын анатомиялық орындар

  • венаға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер.

  • тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы.

  • тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препаратттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар.

  • тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.

Венаға егу жасау (венепункция).

Бұл процедураны жасау алдында:



  • Науқасты психологиялық тұрғыда дайындаңыз;

  • Ыңғайлы етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

  • Шынтақ астына кленкалы жастықшаны қойыңыз;

  • Венепункцияға белгіленген нүктеден шамамен 5 см жоғары қол қарына резенкалы жгутты байлаңыз (оның бос ұштары инъекция нүктесіне қарама - қарсы жаққа қарай бағытталуы керек). Жгуттың дұрыс байланғанын тексеріңіз: шыбық артериясында пульс өзгермеуі тиіс және жгут байланған қолдың төменгі бөлігі сәл көгеріңкі (цианозды) болуы керек;

  • Науқастан жұдырығын бірнеше рет ашып - жұмып, соңында қысып ұстауын сұраңыз. Шынтақтың бүгілу аймағындағы толықсыған қан тамырын ұстап табыңыз;

  • Қан тамыры үсті және айнала терісін спиртке батырылған тампонмен жақсылап сүртіңіз;

  • Инъекция нүктесінен 5 см төменірек көк тамырды және жұмсақ ұлпаны сол қолдың үлкен саусағымен өзіңізге қарай кере тартыңыз;

  • Инені 45° бұрышты бағытпен, кесіндісін жоғары қарата, көк тамыр бойымен венепункция белгіленген нүктеден 1,5 см қашықтықта ұстаңыз(№10 сурет);

  • Сұйықтықты инеден тамшылатып ағызып көріңіз (бұл ауаның жүйеден толық шыққандығын куәландырады, ауа эмболиясын болдырмау үшін керек). Сұйықтық құю жүйе қысқышын жабыңыз;

  • Инені тері астына енгізген соң, оның бұрышты бағытын кішірейтіп, теріге параллельге жақын бағытта инені көк тамырға бағыттап(№1сурет), ұзындығының 1/3 бөлігін тамырға енгізіңіз(№11б сурет). Түтікте қан көрінгеннен кейін қысқышты ашыңыз;

  • Жгуты шешіп, науқастан жұдырығын ашуын сұраныңыз;




11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)

бөлімшелердің емшара бөлмесінде венаға тамшылатып дәрі құюды үйрену.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Дәрі-дәрмекті парентеральді енгізудің басқа енгізулерге қарағанда артықшылығы:

А) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу

мүмкіншілігі

Б) қолданудың қарапайымдылығы

В) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы

2.Бір ретті қолданылатын шприцтер зауыттан қанша сыйымдылықта шығарылады:

А.1, 2, 5, 10, 20 мл

Б.1, 5, 10, 15, 20 мл

В.3, 5, 10, 15 мл

Г.2, 5, 10, 15, 20 мл

3.Шприц құралған:

А.корпус, конус, ұштықтан

Б.цилиндр конусымен, поршень

В.поршень, конус, ұштықтан

Г.ұштықтан, қалпақтан, цилиндрден

4.Люэр шприцінің сыйымдылығы:

А) 5-10 мл

Б) 15-20 мл

В) 10-20 мл

Г) 1-20 мл

5.Крафт-пакеттегі шприцті жинау тәртібі кезінде іс-әрекеттің кезектілігін келтір:

А)Шприцті жоғары қаратып поршенін жайлап итеріп ауаны шығарыңыз;

Б)Поршенді тұтқасынан ұстап, шприцтің цилиндріне енгізіңіз;

В)Дайын жиналған шприцті крафт-қалтаның стерильді іш жағындағы қалтасына салыңыз;

Г)Шприц асты конусқа ине канюлясын бұрай тығыз кигізіңіз;

Д)Крафт қалтаны ашып, шприцті алыңыз;

Е)Дәрілік затты сорып алу үшін инені канюлясынан ұстап, шприц асты конусына, ине ұшына қолыңызды тигізбей кигізіңіз;

6. Сәйкестікті келтір:

Инъекция: шприцтің сыйымдылығы:

1.тері астына А) 1,0 мл

2.бөксе бұлшықетіне Б) 2,0 мл

3.тері ішілік В) 5,0 мл

4.көк тамырға Г) 10,0 мл

7. Сәйкестікті келтір:

Инъекция: иненің ұзындығы:

1.тері астына А) 1,5 см

2.бөксе бұлшықетіне Б) 2,5 см

3.тері ішілік В) 6,0 см

8. Көк тамырға инъекция жасау үшін иненің ұзындығы

А) 60, 80 мм

Б) 80, 100 мм

В)15, 20 мм

Г) 40, 60 мм

Д) 20, 40 мм

9. Венаны абайсыз тесуде тері атында көкшіл дақ пайда болды. Не болды?

А) ваненың бітелуі

Б) венаның тесілуі

В) венаның қабынуы

Г) асептика және антисептиканы сақтамауы

Д) инфильтраттың пайда болуы

10. Медбике науқастың көк тамырына 10 % - ды кальций хлорид ерітіндісін енгізу барысында ерітінді тері астына кетті. Медбике не істеуі қажет?

А) венаны тауып, ерітіндіні енгізуді жалғастыру

Б) ерітіндіні енгізуді тоқтатып, науқасты палатасына алып бару

В) ерітіндіні енгізуді тоқтатып, новокаин ерітіндісімен блокада жасау,

қыздырма компресс қою

Г) науқасты тыныштандырып, ерітіндіні енгізуді жалғастыру

Д) ерітіндіні енгізіп, ауруын басатын ерітінді енгізу



Ситуациялық есептер:

  1. Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған. Науқас қолын манипуляцияға дайындау қажет. Науқастың қолын егуге қалай дайындайсыз?

  2. Науқасқа вена ішілік егу тағайындалған, манипулиция өткізуге медбике қолын қалай дайындауы керек?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



17 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Зертханалық зерттеулер үшін венадан қан алу. Пункциялар жүргізу кезінде дәрігерге көмекшілік ету.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға зертханалық зерттеулер үшін венадан қан алу, пункциялар жүргізу кезінде дәрігерге көмекшілік етуді үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды жұмыс істеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда зертханалық зерттеулер үшін венадан қан алу, пункциялар жүргізу кезінде дәрігерге көмекшілік ету қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Венаға егуді өткізуге көрсеткіштер мен кері көрсеткіштер

  • Венаға егулер орындалатын анатомиялық орындар

  • венаға тамшылатып енгізуге болатын көрсеткіштер және кері көрсеткіштер.

  • тамшылатып енгізетін дәрілерді енгізу жылдамдығы.

  • тамшылатып енгізуге арналған дәрілік заттар қан препаратттары, қан алмастырушылар және оларға қойылатын талаптар.

  • тамшылатып енгізуге арналған жүйені толтыру және жүргізу техникасы.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • Венадан қан алу көрсеткіштері

  • Венадан қан алу техникасы

  • Науқасты пункцияға дайындау.

  • Плевральді пункция үшін керекті жабдықтарды дайындау.

  • Абдаменальді пункция үшін керекті жабдықтарды дайындау.

  • Стернальді пункция үшін керекті жабдықтарды дайындау.

  • Люмбальді пункция үшін керекті жабдықтарды дайындау.

  • Науқастың күйін бақылау (қан қысымын өлшеу, пульсін, терісін бақылау)

  • Пункциядан кейін науқасты күту және бақылау

  • Қолданылған аспаптарды залалсыздандыру



Күре тамырдан қан алу.

Қажетті заттар: бір ретті қолданылатын шприц, залалсыздандырылған пинцет және тампон салынған лоток, резиналы жгут, салфетка (жгуттың астына қою үшін), 70% этил спирті, арнайы киім (залалсыздандырылған халат, маска, мед қолғаптар), штативке орнатылған таза пробиркалар.


кезеңдер

Ескертулер

Процедураға дайындау.

1.Тексеру мақсатын және барысын науқасқа түсіндіру және оның келісімін алу. Қажетті кезде инструктажды беру және процедураға науқасты дайындау бойынша памятканы құрау.

Күре тамырдан қан алуды дәрілік заттарды қабылдамай тұрып, аш қарынға, азанда жүргізіледі. Тексеру алдында майлы тағамдарды қабылдамау ұсынылады.

2.Қажетті заттарды дайындау, пробирканы және жолдаманы номірлеу.


Әр науқастың пробиркасы мен жолдамасы бірдей кезекпен номірленеді. Науқастың аты-жөні, тегі, жасы, жынысы, диагнозы және бөлімшесі жолдамада көрсетілуі тиіс.

3.Отырғызу немесе жатқызу арқылы венепункция үшін ыңғайлы отыруына науқасқа көмектесу.


Науқас жағдайының ауырлығына байланысты.

4.Қолды жуу және кептіру, арнайы киімді кию.


Жұмыс орнында медбикенің жеке қауіпсіздігі сақталынады.

5.Клеенкелі валикті науқастың шынтақ астына қою.


Шынтақ буынының максимальді жазылуы үшін.

6.Иықтың ортанғы үштен бір аймағына резиналы жгут қою және жгут ілмегі төмен бағытталған, ал бос соңы жоғарыда болу керек (жгуттың астына салфетка салу немесе көйлегінің жеңін қайыру қажет).

Жгутты байлаған кезде, ол қолдың терісін қыспау қажет, ал оның соңы венепункция кезінде өңделген аймаққа тимеуі қажет.

7.Қолын бір неше рет ашып жұмып, жұдырығын жұмуын науқастан сұрану. Қанға толы күре тамырды табу.

Қанға толы және фиксирленген күре тамырды пунктирлеген дұрыс.

8.Асептика ережесін сақтай отырып 70% спиртке батырылған салфетка немесе дөңгелектенген мақтамен (екі рет және алмастыра отырып сүрту) шынтақтың бүгілу аймағындағы күре тамырды өңдеу.

Асептика ережесін міндетті түрде сақтау.

Процедураны орындау.

1.Венепункцияны орындау.




2.Иненің күре тамырда екеніне көз жеткізу; поршеньді өзіңе қарай тарту.

«бос кеңістік»-ке түскен сезімді сезіну. Шприцке қан түсу қажет.

3.Поршеньді өзіңе қарай тартуды жалғастыру, жгутты шешпей отырып қанның қажетті мөлшерін жинау.

Қанның мөлшері анализдердің санына және түріне байланысты болады.

4.Күре тамырдан инені алмай тұрып жгутты шешу.

Пункция орнында гематома түзілуін болдырмау үшін.

5. 70% этил спиртіне батырылған, дөңгелектенген мақтамен (залалсыздандырылған) пункция орнын басу, инені алу. 1-2 мин бойы басып тұру, одан кейін дезинфицирлеуші ерітіндіге тастау.

Науқас қанымен бұлғанған дөңгелектенген мақтаны қалдырмау керек.

6.Пункция орнында дөңгелектенген мақтаны ұстай отырып, шынтақ буынын бүгуін науқастан сұрану.

Пункция орнындағы дөңгелектенген мақта күре тамырды қысады және инъекция орнынан қан кетуді тоқтатуды әрекеттейді.

7.Шприцтен инені алу, дез.ерітіндіге салу.

Бұны істемеуге де болады, бірақ мынаны ескеру қажет: ине арқылы шприцтен қанды ағызған кезде, эритроциттердің гемолизіне алып келеді.

8.Қанды штативте тұрған пробирканың шетінен жәй ағызу.

Қанды тез толтыру кезінде қанның көпіршіктенбеуін қадағалау. Пробиркада қанның гемолизіне алып келеді.

9.Шприцті дезинфекциялау үшін лотокқа салу.




Процедураны аяқтау.

1.Тұруына немесе ыңғайлы отыруына науқасқа көмектесу.

Науқас жағдайының ауырлығына байланысты.

2.Штативті контейнерге, мақта немесе поролонмен нығыздап содан соң бикске салу.




3.Клиникалық лабораторияға жолдама және қанды бикспен жеткізу.






Пункция (лат.punctio – тесу) – диагностика және емдеу мақсатымен қуысты, мүше және ұлпаларды инемен немесе троакармен тесу. Диагностикалық пункцияның көмегімен патологиялық орыннан материал (ұлпа, сұйықтық) алынып диагноз анықталып, дәлелденеді.

Емдеу мақсатымен пункция жасау арқылы дәрі- дәрмектерді қуыстарға, буындарға, тамырларға, ұлпаларға енгізіп, паталогиялық ошақтан ірің экссудат, тронссеудет, қан, газдарды шығарады.

Негізінде пункцияны жүргізуге кері көрсетілімдер жоқ, дегенмен науқастың пункциядан бастартуы, қимыл қозуы себеп болуы мүмкін.

Науқасқа алдын ала манипуляция турасында түсінік беріп, науқас әзірленеді. Пункция жасайтын орында түк болса, қырып тазартып, науқасты операция столына (таңу столы) жатқызады. Теріні 70% этил спиртімен, 5% йод ерітіндісімен (Танин, йодопирон, хлоргексидин) сүртеді. Пункция жасайтын орынды (тауып) фиксация жасап, жансыздандырады. Топографо – анатомиялық ерекшеліктерді ескере отырып инені патологиялық ошаққа (қуыс, мүше,) қажетті мөлшердегі тереңдікке енгізеді. Пункция жасайтын орынға ауа енбеу үшін, инені резеңке түтікшемен бекітіп, шприц жалғау алдында алады. Манипуляцияның соңында инені алып, пункция орнына антисептикалық препараттармен өңделіп, асептикалық таңу қойылады.

Пункция кезінде кейбір асқынулар пайда болуы мүмкін: жүректің, өкпе ұлпасының зақымдануы – плевра қуысына пункция жасағанда, тромбоэмболия, тамырлардың жарақаттануы, мүшелердің, нервтердің жарақаттануы. Бұл асқынулардың алдын – алу үшін, пункция жасалатын мүшелердің топогрофо анатомиялық ерекшеліктерін еске ала отырып, пункция жасау ережелерін қатаң сақтау қажет.

Барлық пункцияларды дәрігер жасайды. Пункция асептика және антисептика ережелерін қатаң түрде сақтап, операция, егу бөлмесі немесе таңу бөлмелерінде жүргізіледі.



Плевральді пункция

Плевра қуысына сұйықтық жиналғанда оны диагностика мақсатында пункция жасау керек. Көрсетілімдер: эксудатты, іріңді плеврит, пневмоторакс, гематорокс.

Сау адамның плевра қуысында 50 мл дейін сұйықтық болады. Өкпе және плевра ауруларында плевра қабатында су жиналады. Плевра қуысына жиналған сұйықтың мөлшері аз болса, ол кезде диагностика жасап, су алынып зерттеледі.

Пункция жасау алгаритімі:

Керекті жабдықтар:

1. 20 гр. шприц, ұзындығы

2. 7 – 10 см инее

3. 0,5% новакаин ерітіндісі

4. пробирка

5. спирт

6. йод


7. каллоид

8. пинцет

9. лоток

10. қысқыш



  1. Медбике барлық жабдықтарды, науқасты дайындайды, працедура кезінде дәрігерге көмектеседі

  2. Науқасты орындыққа теріс қарата отырғызып, қолын шынтақ буынынан бүгіп, пункция жасалатын жағынан қарсы жағына иілуін сұрайды.

  3. Дәрігер пункция жасалатын орынды таңдайды (7 – 8 қабырғалар арасында артқы қолтық асты сызығы - плевра қуысында сұықтық болса, 2-3 қабырға арасы, орта иық сызығы – плевра қуысында ауа болса)

  4. Операция алаңын залалсыздандырып тері, тері астына, қабырға астына 0,5% навокаин ерітіндісін (10 мл) енгізіп жансыздандырып пункция жасайды.

  5. Медбике процедура кезінде науқасты бақылап, оның терісін, пулсін, жалпы жағдайын қадағалап отырады.

  6. Пункция жасалынған орынға иод жағып, лейкопластыр жабыстырады.

  7. Алынған сұйықтықты шприцтен пробиркаға құяды, микроскопия үшін жағынды алады, соң жолдамамен лабароторияға жібереді.

Аппарат Потека (плевроаспиратор )

Абдоминальді пункция

Абдоминальді пункция – қарын қуысын емдеу және диагноз қою үшін тесу. Пункция таңу немесе процедура бөлмесінде жүргізіледі. Процедурадан 1 күн алдын науқасқа тазалау клизмасын жасайды, процедура алдында науқас қуығын босатады.

Керекті жабдықтар:


  1. Троакар

  2. резинке түтік

  3. шприц

  4. йод ертіндісі

  5. залалсыздандырылған салфетка, бинт

  6. лейкопластырь

  7. пробирка

  8. мақта

  9. сүлгі

  10. 0,5 % новокаин ертіндісі

  11. қысқыш

  12. тазик

  13. коллоид

Пункция жүргізу алгоритімі

  1. Науқасқа манипуляция турасында мәлімет беру

  2. медбике барлық керекті жабдықтарды дайындайды

  3. процедурадан 20-30 минут алдында науқастын терісі астына промедол 1 % - 1,0 ерітіндісі, атропин, 0,1 % - 0,5 мл ерітінділерін енгізеді.

  4. науқасты орындыққа отырғызып аяқтары арасына тазик қойылады

  5. пункцияны дәрігер жасайды, медбике науқастын иығын үстап, оның жағдайын бақылайды (терісін, тамыр соғуын, пульсін бақылап отырады)

  6. манипуляциядан соң науқасты зембілде, бөлмесіне алып барып, төсегіне жатқызады

Люмбальді пункция

Люмбальді пункция - диагностика және жулын сүйықтығын алу үшін жулын каналын тесу.

Процедураны дәрігер жүргізеді, медбике көмектеседі.

Керекті жабдықтары:


  1. 10 мл шприц, ине, залалсыздандырылған пробирка, тампондар,салфеткалар, йод, спирт, 0,5 % новокаин ертіндісі, төсеніш

Пункция жүргізу алгоритімі

  1. Медбике керекті жабдықтарды дайындайды.

  2. науқас сол жақ бүйіріне қарай жатады, басын алған қарата еңкейтіп, аяқтарын бүгіп ішіне қарай тартады.

  3. науқас зерттеу алдында тамақ жемеуі, қуығын босату қажет.

  4. қол және операция алаңын залалсыздандырады

  5. медбике дәрігерге 5 мл – 0,5 % новокаин ерітіндісі бар шприцті береді.

  6. медбике дәрігердің көрсетілімімен жылдамдықпен қажетті мөлшерді алу үшін кезек – кезек залалсыздандырылған пробиркаларды дайындап отырады. Процедураның соңында инені алып, пункция жасаған орынды йоданатпен сүртіп, асептикалық таңу қойып, үстінен желімдейді.

  7. науқасты жастықсыз, зембілде бөлмесіне алып барып, жатқызады. Науқас жастық қоймастан ет бетінен 2 сағат жатады.

  8. науқас 2-3 күн орында жату тәртібін сақтауы тиіс.

Стернальді пункция

Стернальді пункция (сүйектін іші) – қан ауруларын анықтау және емдеуді дұрыс ұйымдастыру мақсатымен қолданылады.



Керекті жабдықтары:

  1. Кассирский инесі, 10 немесе 20 мл шприц, 70 % этил спирті, эфир, 0,5 - 1% новокаин ертіндісі, таңу материалдары

Пункцияны орындау алгоритімі

  1. Манипуляция туралы науқасқа мәлімет беру

  2. Пункция алдында медбике 10 немесе 20 мл шприцті және Кассирский Инесін дайындап залалсыздандырады

  3. Дәрігер манипуляция алдында инені 70 % этил спиртімен жуып, эфир Ертіндісімен сүртіп құрғатады.

  4. Анестезия үшін шприцке 0,5 -1% новокаин ертіндісінен алады.

  5. Қолды және операция алаңын залалсыздандырады.

  6. Науқас шалқасынан жатады.

  7. Қызыл кеміршек ұйып қалмау үшін пункция кезінде лаборант қатысады және алған материалды тез арада тексеруі қажет.

  8. Процедурадан кейін пункция жасалған орынға стерильді таңу қойылады.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелердің емшара бөлмесінде венадан қан алуды үйрену, пункцияларда қатысу.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

  1. Пункция – бұл:

А) ұлпа, тамыр қабырғасын, мүше, қуыстарды инемен немесе троакармен тесу.

Б) ұлпаның бір бөлігін лабароториялық зерттеу үшін алу.

В) ұлпалар, тамыр қабырғасын катетермен тесу.

2. Пункцияға кері көрсетілімдерді анықтау.

А) инсульт

Б) қан кету

Е) жедел жұқпалы аурулар

Г) кері көрсетілімдер жоқ

3. Сәйкестікті табу:

1. диагностикалық пункция

2. емдеу пункциясы

А) материал алу

Б) іріңді қуыстан немесе ошақтан алу

В) дәрілік заттарды енгізу

Г) диагнозды анықтау немесе дәлелдеу

4. Пункция алдында теріні өңдейді

А) 5 % йод

Б) таниннің спирттегі ерітіндісі

В) 70 % этиловый спирт

Г) барлығы дұрыс

5. Пункцияда инені ... тереңдікке енгізеді

А) 1 – 2 см

В) 4-6 см

Г) 10 см


6. Пункцияда қандай дәрілік заттармен жансыздандырылады.

А) инсулин

Б) новокаин

В) гепарин

Г) атропин

7. Стернальді пункция науқастың қалпы.

А) қарынмен жатады

Б) жамбастан жатады

В) шалқая жатады

Г) орындықта отырады

8. Қай пункцияда жансыздандыру қажет емес?

А) венепункция

Б) лопороцентез

В) торакоцентез

Г) плевроцентез

9. Люмбальді пункция үшін қажетті заттар.

А) спирт, шприц, троскар

Б) ұзындығы 5-6 см инее, 0,25% новокаин, спирт, шприц, лейкопластор, залалсыздандырылған пробиркалар

В) таңу материалдары, және шприці, новокаин ерітіндісі, спирт, лотон, эфир, мандренді ине

Г) мандренді ине, йод, эфир, таңу материалдары, лоток

10. Стериальді пункцияны қандай ауруларда жасауға болмайды.

А) анемия

Б) лейкоз

В) тромбоцитопения

Г) миелом ауруы.

Ситуациялық есептер.


  1. Науқастың плевра қуысына диагностикалық пункция жасау керек. Плевральді пункция үшін қандай керекті заттарды дайындау керек?

  2. Таңу бөлмесінде дәрігер тораноцентез жүргізуде. Пункция өткізу кезіндегі медбикенің көмегі қандай?


13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау