Обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16167
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53

31 
Кітапхана  –  білім  іздеген  адамдардың  шаңырағы.  Шаңырақ  елдің  елдігін 
танытып,  берекесін  ұйытатын  басты  ұлттық  құндылықтардың  бірі,  бірлік  пен 
татулықтың  белгісі.  Алдына  мақсат  қойған  білім  алушылардың  басын  қосып, 
электронды  білімдерін  жетілдіру  мақсатында  оқу  курстары  мен  тренингтер 
ұйымдастыру арқылы өскелең ұрпақты кітапхана тартудың да маңызы ерекше 
болып отыр. Білім алушылар кітапханада компьютер және интернетпен жұмыс 
істеуді  үйренеді.  Электронды  білім  оларға  интернет  арқылы  жұмыс  орнын 
іздеуге,  әртүрлі  әлеуметтік  желілерді  және  электронды  үкіметтің  онлайн 
қызметтерін  пайдалануға  зор  септігін  тигізері  сөзсіз.  Кітапхана  саласында 
қолданылып  жатқан  жаңа  ақпараттық  технологиялар,  электрондық  ресурстар, 
пайдаланушыларға  қызмет  көрсетудің  жаңа  формалары,  кітапхана  қорларын 
электрондық  форматта  сақтау  –  бұл  бүгінгі  күннің  белесі.  Әлемдік 
ақпараттандандыру  және  қоғамды  компьютерлендіруге  деген  тенденция 
компьютерлік  сауаттылыққа  үйрету,  ақпаратты  қоғам  технологияларына, 
ақпараттық  ресурстар  мен  қызмет  көрсету  жүйесін  ұйымдастыру  және 
пайдалануда  әртүрлі  ақпараттарға  көп  аспектілі  және  жедел  түрде  кіруді 
қамтамасыз  ету  басты  мәселе.  Заманауи  мектеп  кітапханаларының  басты 
міндеті  біртұтас  электрондық  кітапханалық  жүйені  қалыптастыру, 
автоматтандыру жұмыстарын кеңейту.  
 
Электронды  каталог  –  ақпарат  іздеудегі  басты  құрал.  Электронды 
каталогты  қолдану  кітапхана  оқырмандарына  қызмет  көрсету  мүмкіндігін 
кеңейтеді,  сонымен  қатар  электронды  каталогты  пайдалану  арқылы  кітаптар, 
мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды 
жылдам тауып, табылған әдебиеттер тізімін басып шығаруға болады:  

электронды  каталог  (ЭК)  дәстүрлі  карточкалы  каталогпен  қатар 
жүргізіледі және кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі 
болып табылады;  

электронды  каталог  кітапхана  қорларының  ғылыми  және  толық 
мазмұнын ашады.  
Бүгінгі  мектеп  кітапханасының  материалдық  қорының  жағдайы, 
техникалық  жабдықтары,  Интернетке  қол  жетімділігі,  автоматтандырылған 
кітапханалық  бағдарламасының  болуы  (РАБИС,  ИРБИС  т.б.),  бағдарлама 
болған жағдайда электронды каталогтің болуы заңдылық. АИБС «МАРК-SQL» 
бағдарламасы  негізгі  кітапханалық  қызметтерді  кешенді  автоматтандыруды 
қамтамасыз  ететін  мектеп  кітапханаларына  арналған  бағдарлама.  АИБС 
«МАРК-SQL»  бағдарламасы  қорды  әдебиеттермен  толықтыру,  түскен 
басылымдарды  ғылыми  және  техникалық  өңдеуден  өткізу,  оқырмандарға 
қызмет  көрсету,  анықтама-ақпараттық  қызмет,  кітапхана  қорын  есепке  алу 
жұмыстарын жүргізеді [16].  
 
АИБС «МАРК-SQL» бағдарламасы
• 
кітапхана қорындағы кітаптардың, оқулықтардың және басқа да ақпарат 
көздерінің электронды каталогын құруға; 


32 
• 
қашықтықтағы деректер базасына кіру мүмкіндігі; 
• 
мектептің  құрылымы  және  әр  сыныптың  оқшылар  саны  жөніндегі 
мәліметтерді енгізу арқылы оқулықпен қамтылуын анықтауға; кітап беру есебін 
жүргізуді автоматтандыру; 
• 
кітапханаға  сыныптар  бойынша  кітаптарын  уақытылы  тапсырмаған 
оқушылардың есебін автоматты түрде анықтауға; 
• 
деректер  базасында  ұсынылған  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  тізімі 
бойынша оқулықтарға сұраныс дайындау; 
• 
оқушылардың оқу бағыттарын анықтау; 
• 
тақырыпқа  сай  қажетті  әдебиеттерді  электронды  каталогты,  кілт  сөздер 
тізімін  пайдалана  отырып  іріктеу;  Интернет  арқылы  қашықтықтағы  деректер 
базасынан толықмәтінді және мультимедиялық ресурстарға қол жеткізу; 
• 
АИБС «МАРК-SQL» бағдарламасы негізінен мектеп кітапханашыларына 
арналған. 
• 
мұғалімдер  мен  оқушылар  да  электронды  каталог  қызметін  пайдалана 
отырып қажет әдебиеттерін жедел түрде іздестіруіне мүмкіндік береді.  
Ғылым  мен  техниканың  ерекше  алға  басқан  қазіргі  кезеңінде  мектеп 
кітапханасының  қызмет  көрсету  ауқымы  электронды  ресурстармен  толығуы 
керек.  Заманауи  ақпарат  тасымалдаушы  технология  жүйесінде  де,  кітапхана 
маңызды буын болып саналады. Мектеп кітапхана ісін автоматтандыру жүйесі 
оқырмандарға  қажетті  электронды  ақпараттар  қорын  жинақтап,  оны 
компьютерлік желілер мен интернет жүйесі арқылы жеткізудің негізгі құралы 
екені анық.  
Заманауи  ақпараттық  кеңістікті  игеру,  санасын  ояту,  адамның  жетілуіне 
мүмкіндік  беретіні  белгілі.  Ауыл  кітапханаларын  жаңарту,  жаңғырту  үшін 
жергілікті  билік  органдары  мен  кітапхана  қызметкерлерінің  бірлескен  іс-
қимылы  қажет.  Кітапхана  жұмысын  жаңғыртуға  кітапхана  қызметкерлерінің 
белсенді  болуы  арқылы  және  мектеп  әкімшілігінің  оң  көзқарасы  жағдайында 
ғана кітапхананың – білім мен ақпараттың нағыз орталығына айналады.  
Қазіргі  уақытта  кітапханашының  қызметі  мүлдем  өзгереді  деуге  болады. 
Заман  ағымына  сай  мектеп  кітапханасы  қызметін  пайдаланушылардың 
интеллектуалды  деңгейі  мен  сұраныстары  өте  жоғары,  мазмұны  да  өзгерген. 
Бүгінгі кітапханашы – менеджер, ол – бағдарламашы, ол – психолог, бірнеше 
саланы  меңгерген,  дәлірек  айтқанда,  кітапхана  ісінің  дамуын  алға 
жылжытатын,  қызмет  көрсетудің  әдіс-тәсілін  қалыптастыратын  білікті  маман 
болуы  шарт.  Қоғамда  кітапханашы  беделі  жоғарылап,  мәртебелі  мамандық 
ретінде танылып келеді.  
Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, 
электрондық  ресурстар,  пайдаланушыларға  қызмет  көрсетудің  жаңа 
формалары, кітапхана қорларын сақтау – бүгінгі күннің белгісі.  
Библиографиялық  қызмет  көрсетудің  өзінің  қызмет  аясы  ретінде 
«библиографиялық  ақпарат  –  пайдаланушы»  жүйесі  бар,  мақсаты  – 
библиографиялық  ақпаратты  оқырманға  тиімді  жолмен  жеткізетін  жағдай 
жасау.  Оның  нәтижесі  ретінде  құжаттар  туралы  мәліметтерді  тарату 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау