Обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16167
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53

35 
жабдықтармен жабдықтау міндетті болып табылады.  
 
 
 
4-
сурет – Мектеп кітапханасының Интернет-залдары  
 
Мектеп медиатекасы дегеніміз әртүрлі нысандағы құжаттарды жинақтаған 
және  қажетті  арнайы  құрал-жабдықтармен  және  техникалық  құралдарды 
пайдалана  отырып,  оларды  пайдаланушыларға  жоғары  деңгейде  ұсынатын 
қазіргі  заманғы  озық  кітапхана.  Кітапхана  –  медиатека  мектептің  жергілікті 
жүйесінде бола отырып, әлемдік ақпараттар қорына шығуға жол ашады. Барлық 
кітапхана-медиатекалар  үшін  басты  медиаматериалдар  қорын  қалыптастыру 
ғана  емес  (бұл  жұмысты  осы  немесе  басқа  шамада  барлық  кітапханаларға 
жүргізу  керек  болады),  медиамәдениет,  медиасауаттылықты  дамыту  мен 
қалыптастыру  жұмыстары  да  тұр.  Бүгінгі  таңда  «кітапхана-медиатека», 
«кітапханалық медиаорталық» атауымен қатар «медиатека», «мультимедиялық 
оқу  орталығы»  ұғымы  бар.  Мектеп  кітапханаларында  компьютерлік  залдар, 
бейнетекалар  басты  қажеттілік  болып  отыр.  Оларды  құру  технологиясы  мен 
жұмысын  ұйымдастыру  әлі  қалыптасу  кезеңінде,  бірақ  олар  басқа  да 
кітапханалардың айнасына айналып оқырмандарды қызметтің жаңа түрлерімен 
жұмылдыруда.  
Мектеп кітапханашысының кәсібі өзгеруде. Кітапханашы-медиамаманның 
аудиовизуалды  және  электрондық  құжаттар,  жаңа  технологиялармен  жұмыс 
істеу қабілеті болуы қажет. Ақпараттық орталық кітапханашысы ақпараттарды 


36 
талдамалы-жинақтамалы  өндеу  және  оны  жасау  мен  тарату  әдістерін  игеруге 
міндетті,  педагог-кітапханашыда  педагог  кәсібіне  қатысты  барлық  дағдылар 
болуы  керек.  Мектеп  кітапханасы  үшін  жалпы  пайдаланушыларға  баспа  ғана 
емес,  сонымен  қатар  электрондық  ақпараттарды  тиімді  қолдану  дағдыларына 
үйрету  де,  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру  да  оның  қызметіне  жатады. 
Педагог-кітапханашы  белгіленген  біліктілік  сипатына  сәйкес  ақпараттық 
ресурстар  және  кітапхана  қорымен  жұмыс  жасауынан  басқа  педагогикалық 
жұмыс  міндетіне  ауысады.  Ол  бастауыш,  негізгі  және  жалпы  орта  білім  беру 
беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  қатысуы,  сонымен  қатар  білім 
алушылардың қосымша білім алуын жүзеге асыру, үйірме, клубтық және басқа 
да  жұмыс  формаларының  ақпараттық-кітапханалық  қызмет  түрлері  мен 
әдістеріне,  инновациялық  технологияларды  игеру,  сөйлем  және  ақпараттық 
мәдениетінің  дамуы,  әдебиетке  қызығышылығын  қолдау,  оқуының 
жоғарылауы, тәрбиеленушінің мәдени дамуына да байланысты болуы мүмкін.  
Мектеп кітапханасының болашағы әрбір нақты білім беру ұйымдары, білім 
беру  жүйесінің  ішкі  қажеттіліктері  мен  сыртқы  ортаның  өзгерістеріне 
бейімделу икемділігіне, инновацияларды меңгере алуына көп байланысты.  
Кітапханалық-ақпараттық  қызметтің  ортақ  міндеті  қоғам  мүшелерінің 
ақпараттық  қажеттігін  қанағаттандыру  болып  табылады.  Сондықтан 
ақпараттық  қажеттіліктер  ерекшелігін  зерделеу  кітапханалық-ақпараттық 
қызмет  жүйесін  жасаудың  негізі  іспеттес.  Ақпараттық  қажеттіліктер  туралы 
мәліметтер ақпарат қорын жасақтау мен сақтауды ұйымдастыруда, ақпараттық, 
ақпарат пайдаланушыларына кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсету 
процестерінде  және  тағы  басқа  ақпараттық-кітапханалық  қызмет  жүйесінің 
маңызды кезеңдерінде пайдаланылады.  
 
Мектеп кітапханасының негізгі бағыттары:  
• 
азаматтардың  конституциялық  құқығы  мен  кітапхананы  пайдалану 
нормаларына сәйкес ақпараттар алуына жағдай жасау;  
• 
кітапхананың  кітап  қорын  бүгінгі  заман  талабына  сай  деп  саналатын 
маңызды, құнды басылымдармен толықтыру;  
• 
жаңа  ғасырдағы  тұлғалардың  қалыптасуына,  адамзат  баласының  рухани 
дамуына, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу;  
• 
кітапхана  ісіндегі  ақпараттық  автоматтандыру  процестерін  жетілдіріп, 
ақпараттық ресурстар құру, дерек қорларды толықтыру;  
• 
жаңа  технологиялық  қызмет  көрсету,  электронды  құжаттар  жеткізу 
қызметінің белсенділігін арттыру.  
Кітапхана  саласын  жаңғырту  ақпараттық  қоғамның  жалпыәлемдік  даму 
тенденциялары  есебімен  жаңа  ақпараттық  технологиялар  негізінде  Қазақстан 
халқының  бәсекеге  қабілетті  ақпараттық-кітапханалық  қызмет  көрсетуін 
қалыптастыру  болып  табылады.  Қоғамның  интеллектуалды  бәсекеге 
қабілеттілігін  жетілдіру  мен  еліміздің  мәдени  және  ақпараттық  тұтастығын 
қамтамасыз етуде кітапхана рөлін нығайту, білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы, 
тұрғылықты  жеріне  қарамастан  Қазақстанның  әрбір  азаматына  әлемдік 


37 
ақпараттық  ресурстар,  демократиялық  мүмкіндіктеріне  қамтамасыз  ету 
маңызды.  
 
Мектеп кітапханасы саласын жаңғырту талаптарына келесідей міндеттерді 
орындауды қамтамасыз етеді: 
1) кітапхана ісінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; 
2) кітапханашылардың кәсіби дамуы мен кадрлық мәселелерді шешу; 
3)  кітапханалардың  ақпараттық,  электрондық  ресурстарын  біртұтас 
ақпараттық  жүйеге  біріктіру,  кітапхана  қызметін,  электрондық  ақпараттық 
ресурстардың өсуіне жәрдемдесу;  
4) мектеп кітапханасының кешенді дамуы үшін жағдай жасау.  
 
Кітапхана  қызметін,  электрондық  және  басқа  да  ақпараттық 
ресурстарды дамыту  
Ақпараттық  ресурстарды  интеграциялау  мәселесі  кітапханалардың  ары 
қарайғы  дамуының  негізгі  көзқарастары  тұрғысынан  мойындалуы  керек, 
біртұтас  ақпараттық  кітапханалық  компьютерлік  желіні  жасау,  Қазақстандық 
ұлттық электрондық кітапханалар және басым жобаларының болуы «Қазақстан 
кітапханалары»  мемлекеттік  электрондық  кітапхана  қорларының  қалыптасу 
перспективалары  дәл  осымен  байланысты  болады.  Халықтың  көп  бөлігіне 
ақпаратты  жеткізу  үшін  кітапхана  салаларын  жаңғырту  кезеңінде  өңірлік, 
ұлттық  кітапханалардың  толықмәтіндік  және  электрондық  библиографиялық 
ресурстарын бірыңғай жүйеге біріктіру қажет. Бұл еліміздің ауылдық, шалғай 
жерлерінің  тұрғындары  үшін  ақпараттарға  қолжеткізуге  неғұрлым  кең 
мүмкіндіктер  беру.  Кітапханалық  қызмет  көрсетуді  жетілдіру,  бүгінгі  күннің 
талабына  сай,  тақырыпты  электрондық  базалар  құру,  оқырмандардың 
сұранысын толығымен қанағаттандырады.  
Пайдаланушыларды  стационарлық  режимде,  сонымен  қатар  қашықтықта 
ақпараттарға  қолжеткізу,  азаматтардың  ақпараттық  теңсіздігін  жою 
мақсатында,  кітапхана  қорларына  есеп  жүргізу,  сақтау,  қалыптастыруды 
қамтамасыз  ету  мақсатында,  кітапхананың  корпоративтік  және  басқа  да 
автоматтандырылған  жүйесі  мен  технологияларын  енгізу  және  әзірлеу 
бойынша  жұмыс  жүргізетін,  кітапханалық  процестерді  автоматтандыру  және 
жаңа технологияларды енгізу орталықтарын жасауды жоспарлау қажет.  
 
Біріктірілген  ақпараттық  электрондық  қызметті  дамыту  үшін  басым 
бағыттар:  

«Қазақстан  кітапханалары»  мемлекеттік  электрондық  кітапхана 
қорларының ақпараттық-танымдық веб-порталы жобасын жасау;  

«Қазақстанның саржал беттері» журналын шығару (қазақстандық сайттар 
каталогы), «электрондық үкімет» порталына журналдың электрондық нұсқасы 
орналастыру;  

екі  шрифте  және  электрондық  нұсқада  «РБНСГ-Жарғысы»  газетін 
шығару;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау