25
•
жаңа кітапханалық технологияны игеру және дәстүрлі технологияны
жетілдіру. Құжаттарға неғұрлым толық және тез қол жеткізуге мүмкіндік
жасау. Ақпараттарды алуда білім алушылар, ата-аналар, педагогтарға
әдістемелік консультациялық көмек беру;
•
оқушыларға шығармашылық ойлау, кітапхананы пайдалана білу, кітап
оқу мәдениеті, кітапқұмарлық, ақпараттық мәдинетін дамытуға тәрбиелеу.
Балаларға оқуға әдеттенуін қолдау және дамыту, оқу және одан қанағаттану.
Өздігінен оқуына ықпал ету;
•
барлық білім алушыларға коммуникацияның әртүрлі түрлерін қоса,
тасымалдағыш немесе форматтары, формасына қарамай ақпараттарды қолдану
мен дағдыларын практикада қолдану және иеленеуге қолдау білдіру;
•
ақпаратты өңдеу мен жинақтау, жинау және оны пайдаланушыға жеткізу.
Кітапханада бар ақпараттық деректер базасында кітапханалық іс-шаралар мен
сабақтан тыс жұмыстар өткізу;
•
оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету мақсатында мектеп кітапханасының
кітап қорын қалыптастыру;
•
қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, пайдаланушылар арасында
мазмұнды қарым-қатынастарын дамыту;
•
елімізде тұрып жатқан басқа халықтардың тілінде және мемлектеттік
тілдегі әдебиеттерді насихаттау;
•
кітап оқу қызығушылығын қалыптастыру;
•
әлеуметтілік және мәдени қабілеттілік пен білгірлігін жетілдіруге
мүмкіндік беру, іс-шараларды ұйымдастыру. Мектеп іс-шараларын өткізуде
АКТ пайдалану болып табылады.
Мектеп кітапханасының негізгі міндеті әдеттегі біз білетіндей, оқулықпен
қамтамасыз ету емес, әдеби дәстүрлер мен заманауи ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы тұлғаның жан-жақты, интеллектуалдық және
рухани дамуына жағдай жасау болып табылады.
Кітапхананы басқаша айтатын болсақ, мектептің оқу-тәрбие процесінің
өзегі, негізі деп айтуға толық болады. Қазақстандық білім беру мазмұнының
жаңаруы мектеп кітапханасының да оқу-тәрбие процесіне белсенді қатынасуын
талап етеді. Бүгінгі мектеп кітапханасы қоғамның ақпараттық орталығына
айналып отыр. Қазіргі уақытта кітап оқудың төмендеп, мектеп кітапханасына
деген қарабайыр көзқарастың қалыптасып отырғаны ешкімге де жасырын емес.
Мектеп кітапханасына оқушылардың тек ақпарат алу мақсатында ғана
жүгінетіні де ащы шындық. Бұл мектеп кітапханасының, мектеп
кітапханашысының беделін көтеру қажеттілігін көрсетіп отыр.
Кітапханашы қолында, ол арқылы мұғалімнің қолында осы жұмыстарды
орындау үшін бағасыз құрал – кітап қоры бар. Мұнда мектеп
кітапханашысының сезінетін басты рөлі бар, яғни ресурстар оқыту мен білім
беруде тек құрал, олар қара бастың қамы емес, тек мақсатқа жету амалы. Осы
мақсатқа жету қызықты да, сан қырлы кәсіп мектеп кітапханашысына тікелей
байланысты [13]. Жаңартылған білім жағдайында білім беру мекемесінің
дәстүрлі кітапханасын жаңғырту мәселесінің қазіргі белсенді дамып келе
26
жатқан қызметке айналуы өте көкейкесті. Кітапхана үдерістерін жаңғырту,
инновациялық үйлесу, автоматтандыру – кітапханашының күнделікті жұмысы
осылардың төңірегінде жүргізілуге тиісті.
Білім алушыларға патриоттық тәрбие беруде мектеп кітапханасы ерекше
маңызға ие. Кітапхананың жүйелі және басым жұмыстарына оқушылар мен
жеткіншектерге патриоттық сана-сезім, Отанға деген адалдық, азаматтық
борышы мен еліміздің мүддесін қорғауда конституциялық міндеттерін
қалыптастыруда бүгінгі күні ерекше талап етіледі. Отансүйгіштік сезімін
қалыптастыру «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде
жүргізіледі. Мектептегі кітапхана қазақстандық патриотизм, азаматтық
жауапкершілік, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу қажеттілігін сезінуге
септеседі.
Мектеп кітапханасы жұмысының технологиясы айтарлықтай өзгерістерге
душар болды. Бүгінгі таңда мектептердегі жаңа сапалы кітапханалық-
ақпараттық қамтамасыз ету деңгейіне жету жаңа ақпараттық коммуникациялық
технологияларды (КАКАЖ бағдарламасын енгізу – оқырмандардың
электрондық каталогын, кітап қорын және т.б. жасау) енгізумен байланысты.
Бұл жағдайда ақпараттық-білім беру ортасынан қол үзу мүмкін емес,
кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің дәстүрлі және инновациялық
әдістерін интеграциялау процесі үдей түседі.
Кітапхананы компьютерлендірудің басты мақсаты – мектепті толық, анық,
мерзімді ақпараттармен қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау. Мектеп
кітапханасы бірыңғай кітапханалық-ақпараттық медиа-кеңістікке кіруі керек.
Бұл бүгінгі таңда барлық, әсіресе ауыл-аймақтарда орналасқан мектептер үшін
қажеттілік болып отыр. Қазіргі кітапханашылар өз жұмыстарында жұмыс
жағдайларына қажетті мониторинг пен зерттеу жүргізуге қабілеттілік,
ақпараттық жұмысқа назар аудару, компьютерлік сауаттылық болып отырған
жаңа технологияларды қолдану керек. Сондықтан кітапханада құжаттарды
дұрыс жүргізу, мүмкіндігінше іс-шаралар мен көрмелер өткізу, ақпараттық
байланыстарды жүзеге асыру, іздеу және ресурстармен алмасуды іске асыруға
мүмкіндік беретін интернет желілері соншалықты маңызды. Мектеп
кітапханасының білім-дамыту функциясын кеңейту кітапханашыны
педагогтердің кәсіби қызметкері ретінде, ал кітапхана – білім беру мекемелері
педагогикалық жүйесінің маңызды компоненті ретінде есептеуіне мүмкіндік
береді [14].
ХХІ ғасырда балаларды барлық алды-артын орап алатын құмарлық-
инновациялық технологиялардан көңілін бөліп, оқу залдарына тарту қиындық
тудырып отыр. Кітапханашылар мен мұғалімдер қазіргі балаларды кітап оқуға
қызықтырудың қиындықтарын түсінеді, сондықтан да кітапхана қызметін
педагогикамен байланыстыру өте маңызды, оқушыларға кітап әлемінің
кереметін ашу, кітаптар мен оқулықтардың көрнекті тұлғасы емес, ақылшы-
тәлімгер болуда педагогтің шеберлігін ояту. Қазіргі кезде қоғамымыздың
дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, бейне, интернет жүйесі т.б.
арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып
Достарыңызбен бөлісу: |