Обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16167
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53

33 
мақсатында  жүзеге  асырылған  «шаралар»  жиынтығын  атауға  болады: 
орындалған  библиографиялық  тізімдер  саны,  әдебиеттер  тізімі,  мамандар 
күндері,  ұйымдастырылған  көрмелер,  әдебиеттер  шолуы  және  т.б.  Аталған 
барлық  нәтиже  көз  жетерлік,  есепке  алуға  жеңіл,  және  оған  қарап 
библиографиялық  жұмыс  ауқымы  мен  сапасы  анықталады.  Осы  процестер 
жиынтығы  –  библиографиялық  ақпаратқа  деген  сұранысты  қанағаттандыру 
міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
Мектеп  кітапханасының  кең  жолақты  Интернетке  (бұдан  әрі  –  КЖИ-ға) 
қосылу,  электрондық  білім  беру  жүйесі  үшін  жабдықтармен  қамтамасыз  ету 
және  жеткізушілердің  қызмет  көрсетулерін  таңдау  мемлекеттік  сатып  алу 
саласындағы  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес 
жүргізілетін болады [17].  
Әлемдік  инфрақұрылымды  өзгерткен  техникалық  жаңалық  гипермәтіннің 
жасалуы  болды.  Интернеттің  бар  мәліметтерінің,  яғни  барлық  Web-
парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. 
HTML  тілінде  Web-парақтарды  жасау  бағдарламалауға  ұқсас  болғанмен,  ол 
қарапайым  бағдарламалау  тілі  емес.  HTML  –  гипермәтіндік  белгілеу  тілі.  Ол 
кәдімгі  мәтіндерді  Web-парақтар  түрінде  бейнелеуге  арналған  ережелер 
жиынын анықтайды. Гипермәтін – өзара байланыс жасайтын кез келген жерге 
орналасқан  құжаттардың  арасындағы  байланыс.  Гипермәтін  немесе 
гипермәтіндік құжат басқа ресурстарға сілтеме бола алады, таңдалған жүйелілік 
ізімен мәтін элементін қолдана отырып, басқа құжатқа өте алады. Бүгінгі таңда 
Интернет  әлемдік  желілік  құрылымына  қолданушылардың  белсенді  қосылуы 
жүріп  жатыр.  Уақыт  кітапхананың  өз  ауқымында  өзіндік  қорларын  мың  есе 
арттыратын  толықмәтіндік  (гипермәтіндік)  базаларға  қол  жеткізуді 
ұйымдастыру  қажеттілігін  мәжбүрлеп  отыр.  Гипермәтін  мен  гипермедианың 
мүмкіндіктері  электрондық  ресурстар  жасауда  тиімді  қолданылып  келеді. 
Гипермәтіндік  басылымдардың  көптеген  түрлері  бар.  Олардың  бір  бөлігі  – 
білім беру мақсатында қолданылатын кәдімгі қағаз басылымдар дубликаты.  
World Wide Web (WWW) – 
Интернет  желісі  арқылы  ақпаратты 
қабылдауды  жеңілдететін  мәтін,  графикалық  иллюстрация,  дыбыстық 
фрагменттер  және  анимациялар  біріктірілген  құжаттармен  жұмыс  істеуге 
мүмкіндік  беретін  технологиялар.  Жалпы  алғанда,  WWW  Интернет  желісі 
қызмет ететін коммуникациялық негіз, ауқымды гипермәтіндік орта. Олардың 
көмегімен,  барынша  үлкен  қашықтыққа  ақпараттың  кез-келген  көлемін  жедел 
беруге, үлкен көлемді ақпараттарды компьютердің жадында оларды кез-келген 
уақытта  қағазға  шығарып  алу  мүмкіндігімен,  ұзақ  уақытқа  сақтауға, 
интерактивтік  байланыс  көмегімен  жедел  кері  байланыс  орнатуға,  Интернет 
желісінің арқасында түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге болады. Білім 
беруде  Интернет  желісінің  электрондық  пошта,  телеконференция,  жіберу 
тізімдері  (Mailing  lists),  электрондық  оқулықтар,  электрондық  кітапханалар, 
WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр.  
Электрондық пошта көмегімен берілген кез-келген қашықтықтағы адреске 
ақпараттың  барлық  түрлерін  жіберуге  болады.  Білім  беру  саласында 


34 
электрондық пошта көмегімен бір мақсатта білім алатын түрлі топтардың өзара 
байланысы жүзеге асырылады. Олар республиканың әртүрлі өңірлерінде немесе 
әлемнің түрлі елдерінде отырып, оқу, іздеу немесе зерттеу сипатындағы өзіндік 
жұмыстарын  жүргізе  алады.  Әлемдік  гипермәтіндік  орта  (WWW)  көмегімен 
білім  беру  ұйымдары  өз  қызметтері  жайлы  ақпараттарды  жариялай  алатын, 
WEB-
беттер  құру  арқылы  практикалық,  ғылыми,  әлеуметтік  потенциалдарын 
жариялау  мүмкіндіктеріне  ие  болады.  WEB-беттер  көмегімен  қажетті 
ақпаратты  іздестіруді  жүргізуге  болады.  WEB-технологиялар  Интернет 
желісінің  кез-келген  ресурстарына  жеңіл  қол  жеткізуді  қамтамасыз  етеді. 
Интернет,  телекоммуникациялық  желілер  медиатека  абоненттеріне  әлемдік 
ақпарат  ресурстарына  қол  жеткізуге,  электрондық  жәшіктер  –  елдегі  және 
шетелдегі  құрбыларымен  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндіктерін  береді. 
Осындай медиатека жұмыс тәжірибесі көптеген елдерде бар.  
Мәселен,  Польшада  кітапхана  атауы  өзгеруде:  мультимедиялық  ақпарат 
орталығы, кітапханалық-ақпараттық орталық, ақпараттық-білім беру орталығы, 
мектеп ақпараттық орталығы, медиатека, өздігінен білім алу, ақпарат орталығы, 
мектептің  кітапханалық-ақпарат  орталығы  немесе  ақпарат  қорлары  орталығы. 
Ең  маңыздысы  мектеп  кітапханасы  жаңа  сапада  мектептегі  оқу  процесінің 
нақты  тірегі  болып  отыр.  Олар  оқырманға  кітапхананың  дәстүрлі  құжаттары 
мен мультимедиялық оқу құралдарын, сонымен қатар ақпараттарға қол жеткізу 
мен Интернеттегі оқу материалдарын ұсына алады.  
Сондықтан  заманауи  мектеп  кітапханасына  Интернет-залдардың  болуы 
маңызды.  Кітап  қорында  жоқ  материалдарды,  қосымша  іздену  мақсатында 
интернет  желісі  қосылса  өте  орынды.  Интернет-зал  құрал-жабдықтармен, 
үзіліссіз  қорек  желісімен,  телефон  және  факсимилдік  аппараттармен,  телефон 
желісімен,  мини  АТС  және  жиһаздармен  жабдықталуы  қажет.  Электрондық 
ресурстар залы – бұл электрондық ғылыми ресурстарға қол жеткiзу мүмкiндiгi. 
Заман  ағымына  сай  еліміздегі  бірқатар  мектеп  кітапханалары,  қорларын 
электрондық  жүйеге  көшіріп  жатқан  болса  бұл  үлкен  жетістік.  Мектеп 
кітапханалары  бірнеше  халықаралық  электрондық  кітапханалармен  (АБИС 
ИРБИС,  SCOPUS),  каталогтармен  (Elsevier)  жұмыс  жасап  байланыса  алатын 
еді.  Өзінің  де  электрондық  қоры  ашық,  жалпыға  бірдей  қолжетімді  болады. 
Қорларды  пайдалану,  іздестіру  механизмдері  қазіргі  кітаптардың  каталогын 
жасау 
кезінде 
қолданатын 
параметрлерден 
тыс 
палеграфиялық, 
археографиялық,  кодикологиялық,  лингвистикалық  ерекшеліктерін  де  қамти 
алатын болады. Электрондық кітапханадан кітаптар, анықтамалықтар, сөздіктер 
мен  жұрналдарды  тегін  электрондық  түрде  жүктеп  алуға  болады. 
Навигацияның  ыңғайлы  болуы  үшін  авторлардың  алфавиттік  каталогынан 
басқа  шығарманың  алфавиттік  каталогына  қол  жеткізуге  болады,  яғни, 
кітаптарды  алфавиттік  тізімдер  (www.bookz.ru)  бойынша  іздеуге  болады. 
Мектеп  кітапханасы  Интернет  арналары  арқылы  оқырмандарға  кітаптардың 
электронды көшірмелеріне қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету керек (4-
сурет). Сондықтан да кітапхана міндеті мектеп қауымдастығына жедел ақпарат 
алуына  жағдай  жасау.  Кітапхана  жаңа  заманауи  озық  техналогиялық 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау