Обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16167
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53

45 
мектеп  кітапханалары  ақпараттар  мен  құжаттарға  сұранысты  орындау 
қашықтық  пен  сұраныстағы  ақпараттың  орналасқан  жеріне  тәуелсіз, 
пайдаланушылардың барлығына дерлік қолжетімді болу керек.  
Мектеп кітапханасының материалдық-техникалық базасын жабдықтау мен 
жаңарту  оны  жаңғыртудың  басым  бағыттары  болуы  тиіс.  Халықаралық  және 
отандық  тәжірибе  көрсеткендей,  заманауи  техникамен  жақсы  жабдықталған 
мектеп  кітапханасы  қорларын  жинақтау,  кітапхананы  қолданушыларға 
уақытылы  неғұрлым  толық  қолжетімделігін  қамтамасыз  ету,  қашықтықтан 
оқытудың  едәуір  қолдауына  ие  болған  мектеп  кітапханасы  мектептің  нағыз 
ақпараттық  орталығына  айналады.  Мектеп кітапханасын  заманауи  ақпараттық 
қоғамның дамуы мен қалыптасу жағдайында ресустарды интеграциялау үрдісін 
қамтамасыз ету мақсатында неғұрлым маңызды болып отыр.  
Мектеп  кітапханасының  кітап  қорын  каталогтау  мен  жүйелеу  олардың 
ақпараттық  ресурстарын  біріктіру  ақпараттық-кітапханалық  қызметтің 
жылдамдығын көтереді, ұсынылатын қызметтің саласын кеңейтеді, ақпараттық-
кітапханалық  процестердің  жұмыс  ауқымдылығын  және  оның  жүзеге  асыру 
шығындарын  төмендетеді.  Осы  мақсатта  автоматтандырылған  ақпараттық-
кітапханалық жүйенің заманауи үйлесімділігін орта білім беру ұйымдарына кең 
түрде  енгізілуі  қажет.  Оқырмандардың  оқу-іздену  барысында  қажетті 
ақпаратпен  жедел  түрде  қамтамасыз  етудің  бірден-бір  жолы  –  кітапханада 
электронды  каталогтар  дерекқорының  (ЭКДҚ)  болуы.  Электронды  кітапхана 
электронды ресурстарын  құру  мақсатында оқулық,  оқу  құралдарының  сандық 
жүйеге  көшіру  жұмысын  жүргізу.  Бұл  электрондық  каталогтар  білім 
алушылардың  оқу-іздену  үрдісіне  тигізетін  үлесі  зор,  өйткені  ол  кітапхана 
қорындағы  бар  құжаттар  туралы  мәліметті  жедел  алуға,  тақырып  бойынша 
керекті  оқулықтардың  тізімін  іріктеуге,  жаңа  түскен  кітаптар  мен  газет-
журналдарда  жарияланған  мақалалар  туралы  мәліметті  жылдам  тауып  алуға 
мүмкіндік береді және оқырманның уақытын үнемдейді.  
Орта  білім  беру  ұйымдарының  заманауи  білім  беру  нәтижесіне  жетудің 
негізгі шарттары әрбір білім беру ұйымдарында ақпараттық – білім беру (АБО) 
ортасының  болуы  –  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  негізінде 
білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған жағдайларын қамтамасыз ететін 
құралдар мен ресурстар жүйесі.  
Орта білім беру ұйымдарының ақпараттық-білім беру ортасына:  
• 
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (компьютерлер, басқа 
да  АКТ  жабдықтары,  коммуникациялық  арналар)  техникалық  құралдарының 
жиынтығы;  
• 
ақпараттық  білім  беру  ресурстарының  кешендері,  сонын  ішінде  баспа 
және сандық (электрондық) білім беру ресурстары (Интернет желілерінде және 
ауысымды оптикалық тасымалдағыштарда);  
• 
заманауи  білім  беру  ортасына  оқытуды  қамтамасы  ететін  заманауи 
педагогикалық технологиялар жүйесі жатады.  
Орта білім беру ұйымдарының АКЖ (ақпараттық коммуникациялық жүйе) 
мектеп  қауымдастығының  барлық  мүшелеріне  (әкімшілік,  педагогтер,  білім 


46 
алушылар және олардың ата-аналары) жасалып:  
1) 
білім  беру  процесін  ақпараттық-әдістемелік  қолдау,  сонын  ішінде  оны 
ресурстық қамту мен жоспарлауды;  
2) 
білім  беру  процесінің  нәтижесін  және  барысын  тиянақтау  және 
мониторинг жүргізуді;  
3) 
білім алушылардың денсаулығының мониторингісін;  
4) 
ақпараттарды  ұсыну  мен  сақтау,  өңдеу,  талдау,  жинау,  іздеу,  құрудың 
заманауи тәртіптері;  
5)  барлық  білім  беру  процесіне  қатысушылардың  (білім  алушылар  мен 
олардың  ата-аналары  (заңды  өкілдері),  педагог  қызметкерлер,  білім  беру 
саласындағы  басқару  органдары,  қоғамдастық  қашықтықтан  өзара 
әрекеттестігі, сонын ішінде қашықтан білім беру аясында;  
6) 
Білім  беру  ұйымдарының  басқа  да  әлеуметтік  салалары:  өмір 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  жұмыспен  қамту  қызметтері,  демалыс,  спорт, 
денсаулық  сақтау,  қосымша  білім  беру  ұйымдары,  мәдениет  мекемелерімен 
қашықтан өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді.  
АКЖ  негізгі  қызметінің  бірі  білім  беру  процесін  ұйымдастыру  мен  оны 
іске асырудың шарттарын, жоспарланған нәтижелеріне жету, негізгі білім беру 
бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  байланысты  барлық  білім  беру  процесіне 
қатысушыларын  тұрақты  түрде  негізгі  білім  беру  бағдарламаларын  іске 
асыруды оқу-әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп 
кітапханасын қызметінің білім беру процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық 
тұрғыдан қамтамасыз ету деңгейі біртіндеп мектептің ақпараттық-кітапханалық 
орталығына ауысатын жағдайына айналуда.  
Мектеп  кітапханасының  қызметінде  қорларды  (ақпараттық-кітапханалық 
орталықтар) жинақтау бойынша екі құрауышты бөліп алуға болады:  
1) баспа басылымдары қорын қалыптастырушы;  
2) электрондық басылымдар қорын қалыптастырушы.  
Сонымен  бірге  мектеп  кітапханаларының  оқу  жоспарындағы  барлық 
пәндерден  электрондық  баспа  және  ақпараттық-білім  беру  ресурстарымен: 
оқулықтар, сонын ішінде белгілі білім беру ұйымдарының оқыту тіліне қарай 
құрылтайшыларының жалпы білім берудің негізгі білім беру бағдарламалары, 
барлық  оқу  пәндерінен  материалдар,  оқу-әдістемелік  әдебиеттер,  құрамдас 
бөліктері, 
қосымша 
әдебиеттер 
т.б. 
оқулықтардың 
электрондық 
косымшаларымен толықтырылуы керек. Қосымша әдебиеттер қорына: отандық 
және  шетелдік  классикалық  және  заманауи  көркем  әдебиеттер;  ғылыми-
көпшілік  және  ғылыми-техникалық  әдебиеттер,  Бейнелеу  өнері,  музыка,  дене 
шынықтыру  мен  спорт,  қоршаған  орта,  жолда  жүру  ережесі  қауіпсіздігі 
бойынша 
баспалар, 
анықтамалық-библиографиялық 
және 
мерзімді 
басылымдар, сөздіктер жинақтары, білім алушылардың кәсіби және әлеуметтік 
өзін-өзі анықтау бойынша әдебиеттер жатады.  
Заманауи  электрондық  білім  беру  контентінің  маңызды  сипаттамасына 
оны  құрылымдау,  біріктіру  және  ұсынудың  әртүрлі  тәсілдері  мүмкін  болатын 
әртүрлі  ақпараттар  түрлерінің  синтезі  ретінде  түсіне  отырып  дыбыстық  және 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау