Сейсенбі, 20 қыркүйек 2016 жыл
oral_oniri@inbox.ru
5
мейРАм
Балнұр ҚЫДЫРБЕК,
Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:
- Астананың сахнасында өнер көрсету оңай емес. Неге десеңіз, бұл еліміздің
майталман өнерпаздарының ғана орталығы емес, мұнда шетелден келген,
әлемге әйгілі өнер иелері де бар. Сондықтан осындағы көрермен қауымның
да өнерге қатысты ой-пікірлері қалыптасып қалған. Соған қарамастан Ба-
тыс Қазақстаннан келген өнер иелері өте жоғары деңгейдегі орындаушылық
шеберліктерін көрсете білді. Маған, әсіресе, ұнағаны – Еркін Нұрымбетов
дирижерлік еткен халық аспаптар оркестрі мен Александр Шевелев дирижер-
лік жасаған эстрадалық-симфониялық оркестрдің қатар шығып, жарыса өнер
көрсетуі болды. Шығармалары жоғары деңгейде өңделген және оған негізделген
билер де ерекше үйлесім тапқан.
Ақ Жайық өңірі
Батыстың дәстүрлі әндерінің
шеруін Ғ. Құрманғалиевтің «Сә-
лем, Қазақстан!» әнімен паш еткен
Асхат Қажығалиев, Күләш Қуаныш-
қалиева және Мирас Бақтығұлов-
қа көрермен ықыласы ерекше
болды.
Құрманғазының «Бұлбұлын»
домбыра үнімен жеткізген «Құр-
мет» орденінің иегері, белгілі күй-
ші Ермек Қазиевтің өнері таңдай
қақтырып, халықтың сұрауымен
дәулескер күйшінің орындауын-
да тағы бір күй тартылса, халық-
аралық «Серпер», «Жұбанов көк-
темі» фестивальдерінің лауреаты
Дәулеткерей атындағы қазақ ха-
лық аспаптары оркестрінің орын-
дауындағы (көркемдік жетекшісі
әрі бас дирижері – «Дарын» мем-
лекеттік жастар сыйлығының ие-
гері, мәдениет саласының үздігі
Еркін Нұрымбетов) Құрманғазы-
ның «Серпері» тыңдармандарын
жігерлендіре түсті.
Оркестрдің сүйемелдеуімен ән
шырқаған «Құрмет» орденінің ие-
гері, Қазақстанның еңбек сіңірген
әртісі Қанатқали Қожақов, Мұқан
Төлебаевтың «Біржан – Сара»
операсынан «Естайдың термесін»
орындаған Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері Қатимолла
Бердіғалиев сынды өнер майтал-
мандарына қошемет зор болды.
Батыс Қазақстан облысы әкім-
дігінің эстрадалық-симфониялық
оркестрі де айшықты өнер көр-
сетті.
Азаттықпен бірге ұлттық рухы-
мызды асқақтатып, мәдениетіміз-
ді мәңгілік құндылыққа айналдыр-
ған егемен елдің тәуелсіздік тойы-
на керемет тарту-таралғы жасаған
батысқазақстандықтардың өнер
кеші ойшыл ақын Қадыр Мырза
Әлінің сөзіне жазылған белгілі
сазгер Ескендір Хасанғалиевтің
«Атамекен» әнімен аяқталды.
Озық өнер үлгісін көрсеткен
өнер шеберлеріне Батыс Қазақ-
стан облысының әкімі Алтай
Көлгінов пен Астана қаласының
әкімі Әсет Есекешовтің атынан
ықылас гүлдері табыс етілді.
Ертай БИМҰхАНОВ,
Астана қаласы
суреттерді түсірген
Нұртас сАФУЛЛИН
Қажығали МҰХАМБЕТҚАЛИҰЛЫ,
жазушы, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты,
Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері:
- Қасиетті Тәуелсіздігіміздің 25 жыл-
дық мерейтойына байланысты еліміздің
әр облысының күндері өтуде. Соның
бірі ретінде бүгін батысқазақстандық
азаматтар осында келіп жатыр екен.
Тәуелсіздік дегеніміз - ең қасиетті ұғы-
мымыз. Оралдық ағайын экономика
мен ауыл шаруашылығының өсіп өркендеуін, өнер саласы-
ның дамуын Астанаға келіп көрсетіп жатыр. Ұйымдастырыл-
ған көрмелермен таныстық. Көптен кездеспеген оралдық
ағайындарды көріп, бір жасап қалдық.
Ілия ЖАҚАнОв,
жазушы, композитор,
Қазақстанның және Қырғызстанның
еңбек сіңірген өнер қайраткері:
- Жан-жүрегімізді тебіренткен өте
қуанышты күн, салтанатты күн. Мен
оралдық бауырларымның арасында
жиі болып, елді көп аралаймын. Өңірдің
жан-жақты өркендеп, дамуын көріп
шаттанып, қуанып жүремін. Тәуелсіздік
мерейтойына орайластырылған мере-
келік шарада оралдық ағайынды шын
жүректен құттықтап, ертеңгі күндеріңіз, жалпы болашағымыз
нұрлы болсын демекпін. Батыс Қазақстан облысы өзінің
сан-салалы дамуымен, өркендеуімен Тәуелсіз Қазақстанның
күш-қуатын, мәдениетін жан-жақты әлемге танытатын бір бе-
рекелі өңір болсын деп тілеймін.
Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ,
тележурналист:
- Сарыарқа төрінде өтіп жатқан Ба-
тыс Қазақстан облысының күндерінен
үлкен әсер алдық. Еліміздегі 14 облыс-
тың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі
бар. Әйтсе де, өнер өлкесінде Ақ Жайық
жұртшылығы өзіндік қолтаңбаға ие. Бұл
өңір қашанда өнер майталмандарына
бай. Бүгін әуелеген әнді, күмбірлеген
күйді де тыңдадық. Үлкен тебіреніспен
отырдық. Қатимолла ағамызды сахна-
дан көріп, жақыннан барып қолын алғандай күй кештік. Ба-
тыс Қазақстан облысы шикізат көздеріне бай екені белгілі.
Ондағы ауыл шаруашылығы саласының да үлкен қарқынмен
дамып келе жатқаны кешегі және бүгінгі бағасы қолжетімді,
бірақ сапасы жоғары азық-түлік жәрмеңкесінен байқалды.
Осындай шараны ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысы-
ның өкілдеріне алғысымыз шексіз.
нұрлыбай ҚАЖЫҒАЛИЕв,
Астана қаласының тұрғыны
(Батыс Қазақстан облысының
тумасы):
- Бүгінгі Батыс Қазақстан және Аты-
рау облыстарының жәрмеңкесінен өте
ерекше әсермен тарқап бара жатырмыз.
Өзім Ақ Жайық өңірінің тумасымын.
Астанада тұрып жатқаныма он жыл бол-
ды.
Жерлестеріміз ұйымдастырған жәр-
меңкеге келіп, төмен бағаға сауда жа-
садық. Атыраудың балығынан, Оралдың етінен алдық.
Жерлестерімізге дән ризамыз, табыс тілеймін. Астанаға
жиірек келіп тұрғанын қалаймыз. Туған өлкені әр кез сағына-
мыз. Дұғай сәлем жолдаймыз.