Конкурстық іріктеуге қатысу үшін оқушының заңды өкілі Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
конкурсқа қатысу үшін өтініш;
толтырылған сауалнама;
үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, Зияткерлік мектептегі оқу сыныбының алдындағы үміткердің өткен оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы оқу үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек (ескерту: 6-сыныптың бірінші жартыжылдығын аяқтаған жағдайда 6-сыныптың бірінші жартыжылдығы бойынша табель ұсынылады).
Оқу бағдарламасы және білім беру деңгейлеріндегі айырмашылықтарға байланысты сыныптары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының сыныптарынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептердің оқушыларын қоспағанда, орта білім беру ұйымдарының 7-9, 11-сыныптарында оқитын үміткерлер келесі оқу жылында Зияткерлік мектептердің баламалы сыныптарында қайтадан оқуға үміткер бола алмайды.
Оқу бағдарламасы және бағалау шкалалары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу бағдарламары мен бағалау шкалаларынан ерекшеленетін шетелдік білім беру ұйымдары немесе халықаралық мектептерде оқитын үміткерлер оқу үлгерімі табеліне (бағалау транскрипті) оқитын мектебінен бағдарламаның мазмұны мен бағалау шкалаларын түсіндіретін ресми хаттарды қоса ұсынады.
көлемі 1Мб-тан (мегабайт) аспайтын графикалық файл түріндегі үміткердің 3×4 см өлшеміндегі сандық фотосуреті немесе қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде үміткерді фотосуретке түсіріп алуға болады.
Фотосурет міндетті түрде ашық фонда үміткердің тура қарсы алдынан түсіріледі. Үміткердің бет-әлпеті бейтарап жағдайда, аузын ашпай түсуі қажет. Фотосуреттің жалпы көлемінің шамамен 75 пайызында үміткердің бет-әлпеті көрінетіндей болуы керек. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді қолдануға болмайды. Фотосуретке түсу кезінде бас киім және көзілдіріктің болмағаны жөн. Үміткердің көзі ашық, анық, шашпен жабылмаған болуы қажет. Фотосурет көлемі 600 пиксель/дюймнен (dpi) кем емес анықтықпен 450×600 пиксельден аз болмауы керек.
Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |