3. Тестілеудің бірінші күні
Тестілеудің бірінші күнінде Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест өткізіледі (бұдан әрі – Қабілеттілікті бағалау тесті).
1-КҮН
|
ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ТЕСТІ
|
№
|
Бөлім
|
Тапсырма саны
|
Тестілеу уақыты
|
1
|
Математика
|
40
|
60
|
2
|
Сандық сипаттамалар
|
60
|
30
|
3
|
Жаратылыстану
|
20
|
30
|
Барлығы
|
120
|
120
|
Қабілеттілікті бағалау тестінің сұрақтары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім деңгейін анықтау арқылы функционалдық сауаттылықты бағалауға бағытталған:
- сандар арасындағы байланысты көру, сандарға математикалық және логикалық ойлау негізінде сүйену, сурет, график және диаграмма түріндегі деректерге түсінік беру қабілеттерін бағалау;
- жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру үшін жаратылыстану-ғылыми білімді меңгеру және қолдану, ғылыми зерттеулерді бағалау және деректер мен дәлелдерді ғылыми интерпретациялау.
|
«Математика» бөлімі бойынша тапсырма үлгісі
|
« ЭКСПО – 2017» көрме кешенінің басты нысаны – «Нұр Әлем» павильоны. Ол диаметрі 80 метр болатын шар формасында салынған. Шардың дизайны күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын күн панельдерінен тұрады.
Егер күн панельдері шардың жартысын жапқан жағдайда, оның ауданы қандай болады?
A) 10 048 м2
B) 20 096 м2
C) 40 192 м2
D) 80 384 м2
|
Дұрыс жауап: А.
|
«Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша тапсырма үлгілері
|
Әрбір сұрақ екі қатардан тұрады. А қатарында тапсырманың бірінші бөлігі орналасқан, ал
В қатарында тапсырманың екінші бөлігі орналасқан.
Сіз бірінші қатардағы тапсырманың мәні екінші қатардағы мәнге қарағанда үлкен немесе тең екенін, не болмаса берілген тапсырмаға жауап беру үшін ақпарат жеткіліксіз екенін көрсетуіңіз қажет.
Егер А қатарындағы мән үлкен болса, А жауабын,
Егер В қатарындағы мән үлкен болса, В жауабын,
Егер екі мән өзара тең болса, С жауабын,
Егер тапсырмаға жауап беру үшін ақпарат жеткіліксіз болса, D жауабын таңдаңыз.
|
№
|
А қатары
|
В қатары
|
1.
|
29 күн
|
Х айындағы күндер саны
|
2.
|
Фигураның периметрі
|
Фигураның периметрі
|
3.
|
(35 ∙ 50)
|
(35 ∙ 5) + (35 ∙ 10)
|
Дұрыс жауаптар: 1 – D; 2 – C; 3 – A.
|
«Жаратылыстану» бөлімі бойынша тапсырма үлгісі
|
Суретте қышқыл жаңбырдың пайда болу үрдісі көрсетілген.
Қышқыл жаңбыр ормандарға қалай әсер етеді?
A) Қышқыл жаңбыр орман өртін тудырады.
B) Қышқыл жаңбыр ормандағы топырақ құнарлылығын арттырады.
C) Қышқыл жаңбыр қоректік заттардың сіңірілуін шектейді.
|
Дұрыс жауап: С.
|
4. Тестілеудің екінші күні
Тестілеудің екінші күні тілдік тест өткізіледі. Бұл тест оқу сауаттылығы негізінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жазбаша мәтіндерді түсінуге және талдауға бағытталған.
2-КҮН
|
ТІЛДІК ТЕСТ
|
№
|
Бөлім
|
Тапсырма саны
|
Тестілеу уақыты
|
1
|
Қазақ тілі (бірінші тіл)
|
20
|
120
|
2
|
Орыс тілі (екінші тіл)
|
20
|
3
|
Ағылшын тілі
|
20
|
Барлығы
|
60
|
120
|
Тілдік тест тапсырмалары мәтіндермен және графикалық материалдармен жұмыс істеу қабілетін бағалауға, мәтіннен және оның интерпретациясынан ақпарат алу үшін оқу сауаттылығы дағдыларын меңгеру деңгейін тексеруге бағытталған.
|
«Қазақ тілі (бірінші тіл)» бөлімі бойынша тапсырма үлгісі
|
Адал ақша мен арам ақша
Бiр адам жалғыз сиырын сауып, соның сүтiн сатып, ақша жинайды екен. Соңғы кездері сүтке су қосып сатуды ойлап шығарыпты. Бiр қалта теңге жинаған әлгi кiсi кемеге мiнiп, бiр жағдаймен жолға шығады. Кемеде келе жатып ұйықтап кетедi. Сонда бiр маймыл оның теңге салған қалтасын ұрлап алып, кеме желкенiнiң ұшар басына шығып кетедi. Жолаушы оянып, ары-берi қараса, теңге салған қалтасы жоқ. Ары iздейдi, берi iздейдi. Бір кезде желкеннiң ұшар басында отырған маймылды көредi. Маймыл бiр теңгені алып мұның қолына лақтырады. Келесi теңгені алып теңiзге лақтырады. Сөйте-сөйте қалтаны босатады. Иесiне лақтырған теңге – таза пайда, ал теңiзге лақтырған теңге қулықпен жиналған екен. Осылайша маймыл табыстың тең жартысы суға тиесілі екендігінен хабардар еткен сияқты.
1. Кейіпкердің бойынан қандай қасиетті аңғаруға болады?
А) үнемшілдік
В) тапқырлық
С) пайдакүнемдік
D) іштарлық
2. Маймылдың қалтаны ұрлап әкетуінің себебі неде?
А) Қалтаны өзіне меншіктеп алғысы келді.
В) Ұйықтап қалудың зияндығын көрсеткісі келді.
С) Жолаушыға қалтаны іздетіп, ойнағысы келді.
D) Ақшаның жартысы арам екенін көрсеткісі келді.
|
Дұрыс жауаптар: 1 – С, 2 – D.
|
«Орыс тілі (екінші тіл)» бөлімі бойынша тапсырма үлгісі
|
П очему телевизор вытесняет книгу? Да потому, что телевизор заставляет вас не торопясь просмотреть какую-то передачу и отвлечься от повседневных хлопот. Но постарайтесь выбрать книгу, сесть с ней поудобнее, и вы поймёте, что есть книги, без которых нельзя жить. Я не говорю, чтобы вы перестали смотреть телевизор. Я говорю, чтобы вы смотрели его _1_ . Определите сами свой выбор, учитывая то, какую роль приобрела выбранная вами книга в истории человеческой культуры. Это значит, что в книге есть что-то существенное.
Может быть, это существенное для человеческой культуры окажется существенным и для вас?
1. Какие слова лучше вставить на место пропуска?
А) вместе с родителями
В) как можно больше
С) более осознанно
2. К какому типу речи относится текст?
А) к описанию
В) к повествованию
С) к рассуждению
|
Дұрыс жауаптар: 1 – С; 2 – C.
|
«Ағылшын тілі» бөлімі бойынша тапсырма үлгісі
|
Why cat clips rule the internet
1. Almost half of all original YouTube videos are of people's pets, and around 26 billion views are just for cats, making them the most popular category. A scientific study which came out earlier this year has proved that looking at videos of cats can improve your mood. Professor Jessica Gall Myrick asked 7,000 people how they felt _1_ watching videos of cats. The results found that people felt happier after watching videos of cats, and that they felt less anxious or sad.
2. The internet has also been responsible for creating a number of cat celebrities such as Grumpycat, Lil' Bub and Maru the cat. These cats became superstars after their owners posted their pictures online, and they were quickly shared by a lot of people. The famous pets have appeared on lots of TV shows, adverts and film festivals, _2_.
1. Which words are missing in paragraph 1?
A) before and after
B) from or where
C) less and worse
D) now or never
2. What is the most suitable end for the sentence in paragraph 2?
A) they even have their own brand of products.
B) they help to search the changes in people’s mood.
C) they prefer to be named funnily by their owners.
D) they show pleasure when people caress them.
|
Дұрыс жауаптар: 1 – А, 2 – А.
|
5. Жауап парақтарын толтыру
Әрбір үміткер тестілеудің әр күніне арналған екі жеке жауап парағын (1 және 2-қосымшалар) алады, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
- тестілеу атауы мен нұсқасы;
- үміткер құжат тапсырған мектептің нөмірі (1-сектор);
- тестілеу тілі (2-сектор);
- жынысы (3-сектор);
- тестілеу күні (4-сектор).
Жауап парағының 5-секторына үміткер өзінің қолын қоюы керек.
Қол қойылмаған жауап парағы ЖАРАМСЫЗ болып табылатынына назар аударыңыз!
Тестілеудің бірінші күнінде жауап парағының 6, 7 және 8-секторларында математика, сандық сипаттамалар және жаратылыстану бойынша жауаптар белгіленеді.
Тестілеудің екінші күнінде жауап парағының 6, 7 және 8-секторларында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бойынша жауаптар белгіленеді.
Тестілеу басталғанға дейін үміткерлер жауап парағын толтыру ережесімен танысады:
Жауап парағын толтыру ережесі
• жауап парағы қара сиялы қаламмен толтырылады; гельді немесе басқа да сиялы қалам түрлерін қолдануға тыйым салынады;
• сұраққа жауап беруден бұрын тапсырманы мұқият оқып шығыңыз;
• өзіңіз дұрыс деп есептейтін жауап нұсқасын белгілеңіз;
• жауабыңыздың ескерілуі үшін, жауап парағындағы дұрыс толтыру үлгісінде көрсетілгендей, қара түсті қаламмен тиісті дөңгелекшелерді бояу қажет. Дұрыс және қате толтыру үлгісіне назар аударыңыз:
Дұрыс толтыру үлгісі:
Қате толтыру үлгісі:
• өте мұқият бояңыз, тест бөлімдері секторларын шатастырып алмаңыз;
• жауаптың тек бір нұсқасы дұрыс болып табылады;
бір тапсырманың екі және одан көп жауабын бояған жағдайда, жауап есептелмейді;
• жауаптарды сызуға тыйым салынады;
• қарындаш пен түзететін сұйықтықтарды пайдалануға тыйым салынады;
• жауап парағын былғауға, бүктеуге, жыртуға, шимай парақ ретінде пайдалануға, жауап парағындағы тиісті секторлардан басқа бос орындарға жазуға болмайды.
|
6. Тестілеу кезіндегі үміткерлердің тәртіп ережесі
Конкурс кезінде тыйым салынады:
тест кітапшаларымен алмасуға, көшіруге;
шпаргалка, анықтамалық әдебиет, сөздік, сызғыш, қаламсауыт және басқа да анықтамалық ақпараттары бар құралдарды өзімен бірге әкелуге/пайдалануға;
ұялы телефон, смарт-сағат, калькулятор және басқа да ақпараттық-есептеуіш құрылғыларды өзімен бірге әкелуге/қолдануға;
уақыт аяқталғаннан кейін жауап парағын толтыруға, жауап парағы мен тест жинағын аудиториядан алып шығуға.
Жоғарыда көрсетілген ережелер бұзылған жағдайда, комиссия төрағасы тест үйлестірушісімен бірлесе отырып, үміткердің қатысуымен акт толтырады және үміткерді тестілеу аудиториясынан шығарады, тестілеу нәтижелері жойылады.
Сондай-ақ үміткерге:
аудиториядан рұқсатсыз әрі кезекшінің бірге алып жүруінсіз шығуға, басқа үміткерлермен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
жауап парақтарын қара сиялы қаламсаптан басқа гельді не басқа сия түрлерімен толтыруға, қарындаш пен түзетуші сұйықтықты пайдалануға;
бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауапты бояуға, жауапты жартылай бояуға (толық боялмаған немесе бір тапсырмада бір жауаптан артық боялған жағдайда жауап есептелмейді);
жауап парағындағы жауаптарды сызуға, жауап парағын былғауға, бүктеуге, жыртуға, шимай парақ ретінде пайдалануға, жауап парағындағы тиісті секторлардан басқа бос орындарға жазуға;
рұқсат қағазын шимай парақ ретінде пайдалануға тыйым салынады.
7. Конкурстық іріктеу нәтижелерін талдау
Тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін әр тапсырманың күрделілік деңгейін анықтайтын және пәндер бойынша қорытынды балдардың үлесін есептейтін нәтижелердің автоматтандырылған психометрикалық талдауы жүргізіледі. Нәтижелерді өңдеу Нидерландта Cito Педагогикалық өлшеулер институты тарапынан жүзеге асырылады. Аталған тәсіл нәтижелерді объективті және сенімді бағалауды қамтамасыз етеді және апелляцияны қажет етпейді.
Тестілеу нәтижелері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.nis.edu.kz сайтында және тестілеу өткізілген ғимаратта тестілеудің екінші күні аяқталған соң 40 күнтізбелік күннен кейін ілінеді.
Күн
|
Тест бөлімі
|
Тапсырма саны
|
Максималды балл
|
Шекті балл
|
Грант тағайындау
|
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІН БАҒАЛАУ БОЙЫНША ТЕСТ
|
Кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл
(максималды балл – 1500)
|
1
|
Математика
|
40
|
400
|
140 (35%)
|
Сандық сипаттамалар
|
60
|
300
|
120 (40%)
|
Жаратылыстану
|
20
|
200
|
-
|
ТІЛДІК ТЕСТ
|
2
|
Тілдер
|
60
|
600
|
-
|
«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына «Математика» бөлімі бойынша 35% (140 балл) және одан жоғары балл жинаған, «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша 40%
(120 балл) және одан жоғары балл жинаған үміткерлер жіберіледі.
Үміткерлердің жалпы балл саны тең болған жағдайда, мына пәндерден неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге басымдық беріледі:
Республикалық комиссияның шешімімен Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқыту тіліне байланысты бөлінген грант саны шегінде кешенді тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл (1500 балл) жинаған үміткерлерге грант тағайындалады. Грант иегерлерінің тізімі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның www.nis.edu.kz сайтында жарияланады.
1-қосымша
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тестінің жауап парағы үлгісі (тестілеудің бірінші күні)
2-қосымша
Тілдік тест бойынша жауап парағының үлгісі (тестілеудің екінші күні)
Достарыңызбен бөлісу: |