59
Орынғазы Әбутәліп
біліктілік арттыру курсына
– на курсы повышения
квалификации
бірінші жарты жылдықтың аяғына
дейін
– до конца первого полугодия
денсаулығымның нашарлауына
байланысты
– в связи с ухудшением здоровья
дүйсенбіден бастап
– начиная с понедельника
еңбек шарты мерзімі аяқталуына
байланысты
– в связи с истечением срока трудово-
го договора
жалақысы сақталмайтын демалыс
беруіңізді сұраймын
– прошу предоставить мне отпуск
без сохранения зарплаты
кезектен тыс еңбек демалысы
– внеочередной трудовой отпуск
келесі жылдан бастап
– начиная со следующего года
осы жылдан бастап
– начиная с этого года
штаттық кестеге сәйкес
– согласно штатному расписанию
әлеуметтік көмек туралы өтініш
– заявление о социальной помощи
бірінші жартыжылдықтың аяғына
дейін
– до конца первого полугодия
шипажайлық-курорттық емделуге
жолдама беруіңізді сұраймын
– прошу дать путевку
на санаторно-курортное лечение
байқауға қатысуға жіберуіңізді
сұраймын
– прошу допустить меня к участию в
конкурсе
60
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
9-cабақ
АРЫЗ
Анықтамасы:
Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары
бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру туралы талап-тілек ай-
тылып, заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау мақсатында жазылатын
ісқағазы.
Дәлірек айтсақ, арыз – бұл жеке адамның қандай да бір ұйым басшы-
сына, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына немесе заңды
тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін
жазылатын құжат түрі.
Арыздың негізгі мақсаты – азаматтардың бұзылған құқықтарын
заңдық тұрғыда қалпына келтіруді талап ету. Арызда деректер нақты
көрсетілуі керек.
Арыз, көбінесе, жеке адам атынан жазылады. Сондай-ақ ұжымның
мүддесін көздейтін ұжымдық арыз түрлері де болады. Арыз белгілі бір
себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз
онда айтылған мәселені шешуге құқы бар лауазым иесіне жазылады.
Өтініш құжат ретінде кеңседе тіркеліп, тіркеу нөмірін алғаннан кейін
ғана ресми құжат болып есептелінеді. Арызда да өтініштегі сияқты ме-
кеме басшысының бұрыштамасы қойылады (Арыз тиісті орынға келіп
түскеннен кейін, оған бұрыштама қойылады. Мысалы: «Қаралсын», «Ко-
миссия құрылсын» т.б.).
Арыздың 3 түрі бар:
•
өтініш түрінде жазылатын арыз;
•
шағым түрінде жазылатын арыз;
•
түсініктеме түрінде жазылатын арыз.
Өтініш түріндегі арыз – белгілі бір тұлғаның бір нәрсеге риза бол-
май арыздануы. Бірақ арызданушы шара қолдануды емес, өзінің талап-
тілегінің орындалуын сұрайды. Мысалы: №377 дәрісхананың суық бо-
луына байланысты бірнеше студент суықтап ауырып, сол себепті басқа
дәрісханаға ауыстыруды сұрады.
Шағым түрінде жазылатын арыз – құқығының бұзылуына байла-
нысты шағымданып, шара қолдануын сұрау. Мысалы: Көрші бөлмедегі
Жұлдыз деген қыз музыканы түнгі 12-ден кейін дауысын өте қатты
шығарып қояды. Бізге сабақ оқып, демалуға кедергі жасайды. Бірнеше
рет ескертілді. Бірақ тыңдамады. Осы мәселеге байланысты шара
қолдануыңызды сұраймыз.
61
Орынғазы Әбутәліп
Түсініктеме түрінде жазылатын арыз – белгілі бір оқиғаға бай-
ланысты мәселенің дұрыс шешілмей, жәбірленушінің болған оқиғаны
нақты түсіндіре отырып қарсы арыздануы. Мысалы: Көліктердің
соқтығысуына байланысты, болған оқиғаға куәгерлерді тарту арқылы
нақты деректермен дәлелдеу.
Арыздың жазылу тәртібі:
Арыз А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағананың бойына кімге
жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып кімнің жазғаны және қағаздың
ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін
тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.
6
Құрылымы:
1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні,
дәрежесі / атағы).
2. Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).
3. Құжат атауы (арыз).
4. Негізгі мәтін.
5. Жазылған мерзімі.
6. Арыз иесінің қолы немесе арыз мазмұнымен келісушілердің қолы.
Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы,
«Менің сізге арыз беру себебім».
Ары қарай құжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған
негізгі мәселе сөз болады. Мәтін соңында күнделікті қызмет этикасын
сақтау сөздерін қолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі
жазылады. Мысалы,
«Айтылғандарды ескере отырып, шара қолдануыңызды сұраймын»,
«мәселені шешіп беруіңізді сұраймын» т.с.с.
Ескерту!
Ұжымдық арызда арыз мазмұнымен келісушілердің аты-жөні,
қолдары иерархиялық тәртіппен, я болмаса әліпби тәртібімен жазыла-
ды. Қол қоюшылар өте көп болатын болса, онда арызға қол қою парағы
тіркеледі.
Арыз мазмұнымен келісуші қолы қойылғанда, келісім туралы
қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, «Келісемін», «Қарсы емеспін».
Бұл жерде де күні жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
62
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
1-үлгі. Өтініш түрі
Халықаралық Бизнес Академиясының
Оқу ісі жөніндегі проректоры
Ж.Нүсеновке
ҚЭФ, 2 курс студенті
А. Ахметовадан
АРЫЗ
Менің сізге арыз жазу себебім, көктемгі семестрдегі сабақ кестемнің
қолайсыздығы өз кезегінде маған зиянын тигізіп, уақытымды тиімді
пайдалануға қолайсыздық тудыруда. Осы мәселеге байланысты сабақ
кестесін оңтайлы құруға көмектесуіңізді сұраймын.
22 мамыр, 2010 жыл. (қолы)
,
2-үлгі: Шағым түрі
Халықаралық Бизнес Академиясының
Жалпы мәселелер
жөніндегі проректоры
Е.Т. Жарлықасымовқа
ҚЭФ, 2 курс студенті
А. Әділханұлынан
АРЫЗ
Менің сізге арыз беру себебім, уақытымның басым бөлігі университет-
те өтуіне байланысты асханадан тамақтануыма тура келеді. Бірақ №1
асхананың қызмет көрсету дәрежесі төмен, тамақтарының сапасы на-
шар, бағасына сай емес, аспаздар өз қызметін дұрыс атқармайды. Асха-
на басшысына ауызша және жазбаша түрде де шағымдандық. Бірақ еш
нәтиже болмады. Осы мәселелерді ескере отырып, шара қолдануыңызды
сұраймыз.
28 қаңтар, 2009 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |