О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет12/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69

40
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
10. Жеке куәлік нөмірі.
11. Мекенжайы.
12. Телефоны.
13. Оқу орнының атауы, орналасқан жері. Түскен жылы. Бітірген не-
месе шыққан жылы. Бітірмесе, қай курстан кетті. Қандай мамандық бо- 
йынша білім алды. Оқу орнын бітірген соң кім болып шықты, диплом не 
куәлік нөмірі.
14. Қандай шетел тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін білесіз 
(қандай дәрежеде).
15. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы.
16. Ғылыми еңбектері және жаңалықтары (өнертабыстары).
17.  Еңбек  жолы  (Келген  уақыты.  Кеткен  уақыты.  Күні,  айы  және 
жылы. Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, министрлік). Мекеме, ұйым, 
кәсіпорынның тұрған жері.
18.  Сайланбалы  орындарға  қатысуы  (Сайланбалы  органның  тұрған 
жері.  Сайланбалы  органның  атауы.  Кім  болып  сайланған.  Сайланған 
жылы. Шығарылған жылы).
19. Мемлекеттік марапаттары.
20. Әскери қызметке қатысы, әскери атағы (Құрамы. Әскер түрі).
21.  Жеке  іс  парағын  толтырған  кездегі  отбасы  жағдайы  (Отбасы 
мүшелерінің туған күні, айы, жылы).
22.Толтырылған мезгілі. 
23. Қолы.
Бұл мәліметтерді төмендегідей тәртіпте толтыруға болады.
1. Тегі, аты, әкесінің аты: қысқартусыз толық жазылады.
Мысалы, Жаңабаева Балауса Бөлекбайқызы.
2. Жынысы: ер немесе әйел деп көрсетіледі.
3. Туған күні, айы және жылы: ай аты толық көрсетіледі. 
Мысалы, 24 қазан 1980 жыл.
4.  Туған  жері:  құжатта  көрсетілген  мәліметпен  бірдей,  сол  кездегі 
ресми атауы өзгеріссіз көрсетіледі. 
Мысалы, Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қызылтаң ауылы.
5.  Ұлты:  жеке  куәлікте,  төлқұжатта  көрсетілген  мәліметпен  сәйкес 
жазылады. Мысалы, қазақ.
6. Білімі: Тек орта мектепті бітірген болса, орта, техникум, училище, 
колледж бітірген болса, арнаулы орта, институт, университет бітірген 
болса, жоғары деп көрсетіледі. Бітірген мектеп, арнаулы немесе жоғары 


41
Орынғазы Әбутәліп
оқу  орны  және  оның  тұрған  жері  туралы  мәлімет  толтырылған  кезде 
қазіргі атауы емес, сіз бітірген кездегі ресми атауы жазылады. 
Мысалы,  сіз  Қазақ  ұлттық  университетін  1986  жылы  бітірген 
болсаңыз,  С.М.  Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университеті, 
Алматы  қаласы  деп  сол  кездегі  атауын  көрсетіңіз.  Қандай  мамандық 
бойынша  білім  алғаны  диплом  немесе  куәлік  нөмірі  құжатқа  сәйкес 
көрсетілуі тиіс. 
Мысалы, филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, диплом 
МВ №114366.
7. Тіл білу дәрежесі: бұл пунктте алдымен ана тілі, содан кейін барып 
меңгерген қосымша тілдері туралы мәлімет жазылады. 
Мысалы, ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін, неміс 
тілінде оқып, түсінісе алу деңгейінде білемін немесе қазақ және орыс 
тілдерін  жетік  білемін,  ағылшын  тілін  ауызекі  сөйлеу  деңгейінде 
меңгергенмін.
8. Ғылыми дәрежеңіз, атағыңыз: ресми атауын жазасыз. 
Мысалы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
9. Ғылыми еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз: бұл пунктте тех-
ника, өнер т.б. салада ашқан жаңалығыңыз немесе қомақты еңбегіңіз жа-
зылады.
Мысалы,  2002  жылы  «Рауан»  баспасынан  шыққан  «Қазақша-
орысша сөздіктің» авторымын. Көлемі 10 баспа табақ.
10. Еңбек жолы тармағында: жоғары және арнаулы оқу орындарын-
да оқыған жылдары, Қарулы күштер қатарында болған жылдары және 
негізгі жұмысы мен қосымша істеген жұмыстары көрсетіледі. Оқу ор-
нын көрсеткен кезде түскен, бітірген уақыты, Қарулы күштер қатарында 
болған уақыты толық және жұмысқа орналасқан уақыты мен одан шыққан 
немесе басқа жұмысқа ауысқан уақытыңыз күні, айы және жылы жазы-
лады. Мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, жоғары және арнаулы оқу 
орындары, сол кезде қалай аталса, сол атауы жазылады. Әскери қызметі 
мен атағы, әскери округ сол кезде қалай аталса, сол бойынша жазылады. 
Мысалы, 30 тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы 
Қазақ  мемлекеттік  университеті  Филология  факультетінің 
студенті.
1 қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алма-
ты мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
3  қаңтар,  1990  ж.  –  1  шілде,  1992  ж.  Абай  атындағы  Алматы 
мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.


42
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Немесе  5  қазан,  1981  ж.  –  5  қараша,  1983  ж.  Совет  Армиясы 
қатарында болдым. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы 
№115 әскери округте қатардағы жауынгер, кіші сержант, сержант 
қызметін атқардым.
Еңбек  жолы  тармағындағы  мәліметтер  еңбек  кітапшасындағы 
мәліметпен немесе толтырушының еңбек жолын айғақтайтын басқа да 
құжаттарда көрсетілген мәліметпен бірдей болуы керек.
11.  Сайланбалы  органдарға  қатысуы:  бұл  тармақта  егер  жеке  іс 
парағын толтырушы республикалық, облыстық, қалалық, аудандық т.б. 
сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырыла-
ды. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын деп жазылады.
12. Мемлекеттік марапаттар: бұл тармақты марапатталғандар ғана 
толтырады. Бұл тармақта қашан және немен марапатталғаны көрсетіледі. 
Марапатталмаған болса, марапатталған жоқпын деп жазылады.
13.  Әскери  қызметке  қатысы:  бұл  пунктте,  ең  алдымен,  әскери 
қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады. 
Мысалы, әскери қызметке міндеттімін, әскери қызметке міндетті 
емеспін. Егер әскери қызметке міндетті болса, бұдан кейін әскери атағы, 
командалық, саяси, әкімшілік, техникалық құрамы, әскер түрі жазылады.
Мысалы, Алматы қаласы Калинин аудандық әскери комиссариат-
тан  берілген  әскери  билет  НС  №3361048.  Құрамы:  сержант.  Әскер 
түрі: командалық.
14.  Жеке  іс  парағын  толтырған  кездегі  отбасы  жағдайы:  бұл 
пунктте  әйел  адамдар  сол  кездегі  жағдайына  сәйкес  тұрмыстамын, 
тұрмыста  емеспін  деп,  ал  ер  адамдар:  үйленгенмін,  үйленбегенмін 
деп көрсетеді. Отбасы мүшелері туралы жазылатын тармақта өз отбасы 
болса, жолдасының, балаларының аты-жөні және туған жылы, ал жеке іс 
парағын толтырушы қызметкер үйленбеген немесе тұрмысқа шықпаған 
болса, ата-анасының, туған бауырларының аты-жөні, туған жылы жазы-
лады. 
Мысалы, Жолдасым – Асқаров Жәнібек Оралұлы 1962 жылы туған, 
Ұлым – Асқаров Айдын Жәнібекұлы 1990 жылы туған,
Қызым – Асқарова Айсәуле Жәнібекқызы 1992 жылы туған т.б.
15. Жеке іс парағының соңына да толтырушының мекенжайы, үй те-
лефоны, толтырылған күні көрсетіліп, қолы қойылады. 
Мысалы, Алматы қаласы, Ақсай-1 ықшамауданы, 4 үй, 34 пәтер. 
Үй телефоны: 2-24-54-68. 15 наурыз 2010 жыл.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау